БАҒдарламасы қарағанды мазмұны №


Шағын және орта кәсіпкерлік



бет5/20
Дата04.03.2016
өлшемі2.51 Mb.
#41413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Шағын және орта кәсіпкерлік

2010 ж. 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалада тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5662 бірлікті құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштен (5245 бірлік) 8%-ға артық болып табылады. Оның ішінде: заңды тұлғалар – 1367 бірлік, жеке кәсіпкерлер – 4295 бірлік. 2004 ж. шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3656 бірлік болған, оның 75% – жеке тұлғалар және 25% – заңды тұлғалар.

Белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2009 ж. 4807 бірлікті құрастырды (2008 ж. салыстырғанда 111,9 % – 4295 бірлік).

Шағын және орта бизнесте қызмет ететін адамдар саны 14,1 мың адам болды, бұл өткен жылдың деңгейінен 104%-ға (13,6 мың адам) артық және экономикалық белсенді халықтың 15,4 % құрастырады.

Шағын бизнес кәсіпорындарында қызмет ететін адам санын экономикалық қызмет түрлері бойынша талдау бойынша адамдардың басым бөлігі – 38,6% саудамен айналысатынын, 14,7% – құрылыста қызмет істейтінін, 8,2% – өнеркәсіпте қызмет істейтінін, 10,7% - көлікте қызмет атқаратынын, 27,8% – басқа салада қызмет атқаратынын көруге болады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім (көрсетілген қызметтер мен істелген жұмыстар) көлемі 15170,0 млн. теңгені құрастырды, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 2,2 %-ға артық болып есептеледі (14850,0 млн. тенге).

Өндірілетін өнім көлемінің 31,5% сауда саласында қызмет жасайтын кәсіпорындардың үлесіне тиеді, 22,0% – өнеркәсіп саласының үлесінде, 21,2% – құрылыс саласының үлесінде және 25,3% – басқалар.

Теміртау қ. бойынша өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі шағын кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім (жұмыс, қызмет) үлесі 5,3% құрастырды.

2009 ж. қалада сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыс саласында 80 объект іске қосылды және қазіргі таңда қала аумағында 467 азық-түлік дүкендері, 227 өнеркәсіптік дүкендер, 222 қызмет саласының объектілері және басқа да объектілер қызмет көрсетіп жатыр.

2010 ж. 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қаланың 32 кәсіпорнында ИСО 9000; 14000 сериясының сапа менеджментінің халықаралық жүйесі енгізілген, көбінесе, бұл шағын және орта бизнес өкілдері болып табылады.

2006 ж. бастап Теміртау қ. Кәсіпкерлер Қауымдастығы қызмет жасайды, Эксперттік Кеңес құрылды.

2009-2010 жж. «Бизнес-Ақылшы» жобасын жүзеге асыру аясында жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін оқыту тренингтері өткізілді, сертификаттар берілді. Мақсаты – халықты бизнес-ойларды өңдеп, іске асыруға, бизнесті мемлекеттік органдарда тіркеу процедураларына, кәсіпкерліктің құқықтық негіздеріне, салық салу негіздеріне, несиелеуге және бизнес-жоспарларды жасауға үйрету. Оқытудан 200 астам адам өтті.

Мемлекеттік Үдемелі Индустриалды-Инновациялық Даму Бағдарламасы аясында Теміртау қ. бойынша жүзеге асырылу мерзімі 2011-2014 жж. жоспарланған 17 инвестициялық және инновациялық жобадан тұратын база құрылды, оның ішінде «Бизнестің Жол Картасы – 2020» Бағдарламасы аясында 5 жоба қарастырылған:

1. «Фолти» ЖШС- Полиэтиленді пленкалар мен пакеттер өндірісін кеңейту. Жоба құны: 217,6 млн.теңге.



  1. «ДАТ TS» ЖШС – Автобус паркін жаңарту және жөндеу базасын кеңейту. Жоба құны: 162,0 млн.теңге.

  2. «Ast Etalon Crown» ЖШС – Литография және лакталған ақ темір өндірісін кеңейту. Жоба құны: 275,9 млн.теңге.

  3. «ЗемДорстрой» ЖШС – «Жүктерді тасымалдау үшін қозғалмалы құрамды жаңарту». Жоба құны: 70,0 млн.теңге.

  4. «NORD пром НС» ЖШС – «Бетонды теміржол шпалдары үшін жаңа технологиялық линияны іске қосу». Жоба құны: 1081,0 млн.теңге.

Қазақстанның қарқынды дамуын анықтайтын факторлардың бірі ретінде дамыған кен-металлургиялық кешеннің болуын атап өтуге болады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Металлургия-Металл өңдеу» республикалық пилоттық кластер құрылды. Теміртау қ. бойынша кластер құрамына шағын және орта бизнестің 16 кәсіпорны кірді.

Теміртау қ. әкімшілік бөгеттерді азайту мақсатында кәсіпкерлік сұрақтары бойынша рұқсат беруші процедураларды (құжаттарды) түгендеу және қайта қарастыру жұмыстары жүргізілді.

Түгендеу нәтижесінде қала бойынша ауданның мемлекеттік мекемелері орындайтын рұқсат беруші процедуралардың 39 түрі анықталды, оның ішінде 23-і немесе 59% оңтайландырылды.

Теміртау қ. кәсіпорындары сауда шараларына, көрмелер мен Форумдарға үнемі белсенділік танытып, қатысады.

Жергілікті тауар өндірушілердің тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесін арттыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.

Нарықтық шеберліктің жеткіліксіздігі, бизнестің инновациялық құрамын жеткіліксіз пайдалану және аймақтық қызмет субъектілерінің арасындағы тұрақсыз қарым-қатынас себептерінен бәсекеге қабілетті дайын өнім немесе жартылай фабрикаттар өндірісі сауда қызметіне қарағанда аз дамыған. Бұл жағдай Теміртау қ. шағын кәсіпкерліктің дамуының негізгі мәселесі болып табылады. Бұдан кәсіпкерлік саласындағы тағы да бір мәселе туындайды: қаржылық көмектің болмауы (жеңілдіктер арқылы несиелеу), әсіресе, өзінің ісін бастамақ ойлары бар ұсақ жеке кәсіпкерлер үшін. Кәсіпкерлердің көбінде меншік және айналмалы қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін қаржылық ресурстары жеткіліксіз.


Қызмет көрсету саласы

2009 ж. Теміртау қ. жалпы сомасы 66651,6 млн. теңге көлемінде қызмет көрсетілді, бұл 2004 ж. қарағанда 2,3 есе артық, ал 2007 ж. қарағанда 39%-ға артық болып табылады.

2009 ж. көрсетілген қызметтердің ең жоғарғы өсім қарқындары келесідей қызмет түрлерінде байқалды: жылжымайтын мүлікпен операциялар 2004 ж. салыстырғанда 2,8 есе, ал 2007 ж. салыстырғанда 1,3 есе артық; кәріз, қалдықтарды жою, санитарлық өңдеу бойынша қызметтер 2004 ж. қарағанда 4 есеге, ал 2007 ж. қарағанда 2 есеге өсті; басқа да тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер 2004 ж. салыстырғанда 3,6 есе, ал 2007 ж. салыстырғанда 1,6 есеге артты.

Бөлшектік тауар айналымының жалпы көлемі 2009 ж. 22892,3 млн. теңгені құрастырды, бұл көрсеткіш 2004 ж. қарағанда 1,9 есеге, ал 2007 ж. қарағанда 1,5 есеге артық болып табылады.

Көтерме тауар айналымы 2009 ж. 40859,8 млн. теңгені құрастырды, бұл көрсеткіш 2004 ж. қарағанда 2,6 есеге, ал 2007 ж. қарағанда 1,3 есеге артық болып табылады.
Туризм

2009 ж. көрсетілген туристтік қызметтердің жалпы көлемі 2005 ж. салыстырғанда 2 есеге артып, 321,45 млн. теңгені құрастырды. 2004 ж. салыстырғанда ішні туризм бойынша туристтік ағым 5,25 есеге өсіп, 2009 ж. 16787 адамды (2004 ж. – 3199 адам) құрастырды. Кіру туризмі бойынша туристтік ағым 2008 ж. 2,1 есе өсіп, 3427 адам болатын болса, 2009 ж. 1,5 есе өсіп, 2456 адам (2004 ж. – 1634 адам) болды.

Қалада 10 демалыс базасы қызмет жасайды, сондай-ақ тау шаңғы кешені бар. Онда екі тау шаңғы трассасы бар: біреуі – 605 метрлік, екіншісі – 278 метрлік. Онда 300 адам қабылдауға болады. Қаланың мейманханалық желісі 20 мейманханадан (482 төсек-орын) тұрады, бұл объектілердің көрсеткен қызметтерінің көлемі 2009 ж. 314,2 млн. теңгені құрастырды.

2009 ж. бастап қалада туристтік қызметпен 11 туристтік фирма айналысады.


Сауда

Сауда экономикалық қызметтің ірі салаларының бірі болып табылады.

Теміртау қаласында дамыған желісі бар 9 супермаркет және облыста шығарылмайтын азық-түлік тауарларын (жарма, қант, сұйық май, тұз, шай, сыр) жеткізетін 5 көтерме жеткізушілер жұмыс жасайды. Ең ірі супермаркеттер қатарына: «Аян-Пассаж», «Раушан», «Меркурий», «Гросс», «Парадиз», «Алекон», «Любимый» жатады.

2005-2009 кезеңіндегі бөлшек тауар айналымы 1,8 есеге артты, ал көтерме тауар айналымы 1,4 есеге артты.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 2009 ж. 2,4 млрд. теңгені құрастырды, бұл 2008 ж. салыстырғанда 17,5%-ға артық болып табылады.

Бөлшек тауар айналымының басым бөлігі жеке кәсіпкерлікпен айналысатын және базарларда сауда жасайтын жеке тұлғалардың үлесіне тиеді, олардың қызметтерінің тауар айналымы 15,4 млрд. теңге (бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 84,2%) құрастырды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі бойынша Теміртау қаласы облыста Қарағанды қаласынан кейінгі екінші орынды алады. Қаланың тауар айналым көлемінің облыстық көлеміндегі үлесі 7,9%-ға тең.

Көтерме тауар айналымының жалпы көлемі 2009ж. 1,4 млрд. теңгені құрастырды, өткен жылмен салыстырғанда 10,0%-ға төмендегі байқалады.

Сауда саласындағы жұмысшылардың саны 2009 ж. 7,3 мың адам болды, бұл жалпы жұмыс істейтін адамдардың 8,2% құрастырады.

2010 ж. 9 айындағы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 18,3 млрд. теңгені құрастырды, өткен жылмен салыстырғанда 27,2%-ға артқандығын көруге болады, ал көтерме тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 7,1%-ға төмендеп, 2009 ж. 11,4 млрд. теңгені құрастырды.

Орта және ірі кәсіпорындардың жалпы сату көлеміндегі қазақстандық өнімнің үлес салмағы 80,4% болды.

Тауар айналымын ұлғайту және қала халқын жергілікті тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жәрмеңкелер өткізіледі. 2009 ж. 5 жәрмеңке өткізілген, нарықтық бағадан төмен бағамен жалпы сомасы 25,4 млн. теңге көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.


Қаланың экологиялық мәселелері

Қаланың өнеркәсібінің жеткілікті деңгейде дамуы салдарынан қоршаған ортаға антропогенді әсердің артуы орын алған. Қарағанды облысының экологиялық мәселелері реестрінде қалаға тікелей қатысы бар 3 жергілікті мәселе тіркелген. Жергілікті экологиялық мәселелер қатарына келесілер жатады:

- қоқыс өңдейтін зауыттың болмауына байланысты қатты тұрмыстық қалдықтарды жою;

- улы қалдықтарды көму үшін полигонның болмауына байланысты улы қалдықтарды қауіпсіз сақтау және жою мәселесі;

- Теміртау қ. тазартқыш құрылғыларын қалпына келтіру.

Қала бойынша атмосфераға лақтырылатын қоқыстар көлемі әлі де көп болып қалуда. Қаланың 1474 кәсіпорындарының ішінде 723 кәсіпорын мен кәсіпкерлік қызметімен айналысатын жеке тұлғалар атмосфераға лақтырылатын улы заттармен, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен және ағын су қалдықтарымен қоршаған ортаны ластаушылар болып саналады. 145 астам кәсіпорын қоршаған ортаға қалдық шығаруға рұқсат алған, оның ішінде 4 ірі кәсіпорын Қоршаған ортаны қорғау министрлігінен рұқсат алған. Олар: «АрселорМиттал Темиртау» АҚ, «ТЭМК» ЖШС, «Bassel Group LLS» ЖШС, «ЦентралАзия Цемент» АҚ.

Атмосфераға лақтырылатын залал заттардың көлемі 2004 ж. – 338,0 мың тонна, 2009 ж. – 308,87 мың тонна болды. Жыл сайын шығарылатын қалдықтардың 95-97% «АрселорМитталТемиртау» АҚ, «BasselGroupLLS» ЖШС, «CentralAsiaCement» АҚ, «ТЭМК» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Жалпы қала бойынша, 2009 ж. жалпы қылдықтар көлемі 2003 ж. салыстырғанда 12,2 % азайды.

Су бөгендерін ластаудың алдын алу және су ресурстарына жағымсыз әсер етуді азайту мәселелері, қазіргі кезде, жаңа конструктивтік әдістерді қолдануды талап етеді.

Қаланың экологиялық мәселелерінің бірі – қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) мәселесі, әсіресе, оларды жою және өңдеу бойынша. Қазіргі уақытта барлық қатты тұрмыстық қалдықтар сұрыпталмаған, өңделмеген күйінде қоқыс үйінділеріне апарылады. Теміртау қ. әкімінің бекітуімен қатты тұрмыстық қалдықтардың орташа жылдық жиналуы 1 тұрғынға шаққанда – 2005ж. 1,3 м3 болды. 2009 ж. қоқыс үйінділеріне 115511 м3 қоқыс апарылды.

Теміртау қ. қоқыс шығару бойынша қызмет көрсететін 5 жеке фирма бар. Олар: ЖШС фирма «777», ЖК Зиненко, ЖК Агинский, ЖК Чулков, «Гордорсервис-Т» ЖШС. Соңғысы қоқыс шығарумен қатар қатты тұрмыстық қалдықтарды жоюмен де айналысады. Қоқыс шығару қызметінің құны 1 адамға – 100-120 теңге болады, 0,75 м3 – 550 теңге.

Теміртау қ. қоқыс өңдеуші зауыт салу есебінен осы мәселені шешу бойынша жұмыстар бірнеше жыл бойы жүргізіліп жатыр. Бірақ, инвесторлар мен қаржыландырудың болмауы себебінен қоқыс өңдеуші зауыт салу мәселесі әлі де шешілмеген күйінде қалып отыр.

Тағы бір маңызды экологиялық мәселе – бұл улы өндіріс қалдықтарының жинақталуы. Жоғары деңгейдегі улы қалдықтар мәселесін шешу үшін улы және химиялық қауіпті қалдықтарды залалсыздандыру және көму мақсатында полигон салу қажет болып табылады. 2009 ж. ондай улы қалдықтардың көлемі 8616,967 мың тоннаға жетті. Қазіргі таңда қаржыландыру мәселесі шешілмеген, инвесторларды іздестіру жұмыстары жалғасуда.


Жер ресурстары

2000 ж. Теміртау қаласының бағалық зоналануы жүргізілді. Қала 25 бағалау зоналарына бөлінді, соған сәйкес белгілі бір жер үлескісінің кадастрлық (бағалау) құны анықталады.

Сонымен қатар, жер үлескілерін рәсімдеу барысында Теміртау қаласының жерлерін зоналау жобасы негізінде жерлерді мақсатқа сәйкес пайдалану классификаторының болмауы нәтижесінде әр түрлі мәселелер туындайды.

Тұрғын үй құрылысы бойынша бағдарламалар мен инновациялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында, сонымен қатар, едәуір қаржылық қаражаттарды қажет ететін мемлекеттік және әлеуметтік объектілерді салу мақсатында Теміртау қаласының аумағындағы және қала маңындағы елді мекендердегі жер үлескілерін алдын ала резервке қою сұрақтары маңызды болып табылады.

Жер ресурстарының сандық есебі бойынша мәліметтер беру мақсатында қазіргі кезде қызмет жасап жатқан мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (МЖК ААЖ) жер-кадастрлық ақпараттың екі түрі қолданылады – атрибутты (текстілі) және графикалық, бұларды сәйкестендіру қажет.

Аталған мәселелерді шешу үшін үйлестірілмеген жер үлескілерін межелеу қажет, яғни жер үлескілері шекараларының бұрылу нүктелерін құралдар арқылы үйлестіру бойынша далада геодезиялық жұмыстар жүргізу, кадастрлық құжаттама бойынша оларды заң негізінде сәйкестендіру, мәліметтерді МЖК ААЖ-нің графикалық базасына енгізу.

Жер ресурстары саласындағы аталған мәселелерді шешу жер ресурстарының сапалық және сандық жағдайы туралы дұрыс ақпарат беруге мүмкіндік жасайды.

Қала аумағында өнеркәсіптің дамуы бұзылған жерлердің көптеп пайда болуына әкеліп соқтырды, ал олардың рекультивациялану қарқыны, соңғы кездері, өте төмен болып табылады. Теміртау қаласы бойынша бұзылған жерлердің жалпы ауданы 1543 га құрайды, оның 68 га – өңделген.

Жер қатынастары саласында жүргізілетін қолданбалы ғылыми зерттеулер қоныстандыру жұмыстарын, мемлекеттік жер кадастрын және жердің мониторингісін жүргізуге, сонымен қатар, «Салық төлеушілер мен салық салу объектілерінің реестрі», «Адрестік регистр», «Жылжымайтын мүлік реестрі», мемлекеттік мәліметтер базасы «Жеке тұлғалар» және т.б. сияқты «электронды үкімет» құрамына кіретін жалпы мемлекеттік ақпараттық жүйенің негізгі құрам бөлігі болып табылатын жер туралы мемлекеттік ақпараттық ресурсты қалыптастыруға негіз бола алады.

Жерді экономикалық бағалауды жүргізу «Нұр Отан» ХДП саяси платформасының қағидаларының біріне сәйкес келеді. Оған сәйкес жерді есептеу және экономикалық бағалау жүйесін жасау қажет болып табылады.

Осылай, нарықтық экономика шарттарында экономикалық үрдіске қатысушылардың жер нарығының даму болашағы туралы объективті және дұрыс ақпарат алуға деген қызығушылығы артуда. Сондықтан, шектелген қаржылық мүмкіндіктерді есепке ала отырып, Мемлекеттік жер кадастрын қалыптастыратын барлық мәліметтерді кешенді түрде талдау жүргізу дұрыс болып саналады. Себебі, уақытында дұрыс мәлімет алу белгілі бір жағдайда тиімді басқару шешімін табу үшін маңызды ақпараттық көз болып табылады.
Демографиялық әлеует

Теміртау қаласы облыста халық саны бойынша Қарағанды қаласынан кейінгі екінші орынды алады, тұрақты халық саны 01.01.09 ж. 176012 адам. Қаладағы халық саны 2002 ж. бастап 2009 ж. дейінгі аралықта 5982 адамға артқан. 2004 ж. бастап қала халқы жыл сайын 1000 адамға өсіп отыр (Сурет 1 қосымшалар).

Қарастырылып отырған кезеңде халық санының өсуінің оң сальдосы 2008 ж. анық байқалды, себебі, осы жылдан бастап туу көрсеткіштері өлім көрсеткіштерінен басымырақ болды (Сурет 2 қосымшалар). 2004 ж. бастап туудың жағымды тенденцияларының болуына қарамастан, 2007 ж. өлім көрсеткіштері туу көрсеткіштерінен жоғары болды, ал 2008 ж. бастап табиғи өсім коэффициентінің оң мәні қалыптасты, ол 3 промиллеге тең болды.

Көші-қон сальдосы оң мәнге ие және оның шамасы тұрақты түрде 1000 адамнан артық болып табылады, бірақ, соңғы 2007-2009 жж. сыртқы көші-қон теріс мәнге айналды, оның ішінде халықтың ТМД елдеріне (көбінесе Ресейге) кетуі ерекше көзге түседі, бұл жағдай жалпы облыс бойынша байқалады. Аймақтық және аймақаралық көші-қон оң мәнге ие, бірақ, халықтың басқа аймақтардан келуі көбірек байқалады (сурет 3, 4, 5 қосымшалар).


Денсаулық сақтау

Бұл қалада жеткілікті медициналық мекемелер бар. Оған 27 медициналық ұйым кіреді. Оның ішінде 16 мемлекеттік медициналық ұйым, 4 қалалық аурухана (оның екеуі мемлекеттік), 1 балалар ауруханасы, 1 инфекционды больница, 1 перзентхана, 4 диспансер (оның ішінде туберкулезге қарсы диспансер), 5 емхана (1 жеке меншік), 7 жеке меншік тіс емханалары, сонымен қатар 6 тіс емдейтін кабинет, 1 ЖИТС орталығы, 1 облыстық СӨСҚ орталағының филиалы, 1 ЖЖС, 1 облыстық қан орталығының филиалы, 1 шипажай. Меншік түрі бойынша ауруханалық мекемелердің құрылымында мемлекеттік мекемелер басым болып келеді. Олардың үлесі 81,8 % құрайды. Ал амбулаторлық-емхана құрылымда керісінше, ең көп үлесті жеке меншік медициналық мекемелер алады. Олардың үлесі 2009ж. соңында 61,5 % құрады.

Медициналық мекемелердің дәрігерлермен толық қамтылуы қалада 2004-2009ж. 4,8% өсті, яғни кезең аяғында 81,8% құрады. Осы кезең ішінде орташа медициналық персоналмен қамтылу көрсеткіші өсті, яғни 100% құрап отыр.

Талданып отырған кезең ішінде қалада денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 1,6 есеге өсті, яғни 2009ж. соңында бір тұрғынға шаққанда 13,6 мың теңгені құрады. Сонымен бірге, қаладағы медициналық мекемелердің материалды-техникалық базасы жағдайының соңғы медициналық жабдықтармен толық қамтылмауы (62%), медициналық объектілер ғимараттарының тозуы (69,1%), негізгі құрал-жабдықтардың тозуы (65,2%) анықталып отыр.

Қала бойынша медико-демографиялық көрсеткіштер жоғарылау үстінде. 2009ж. туу 15,55 жалпы өлім 12,67, табиғи өсім 2,88 құрады. 2010ж. табиғи өсімнің жағамды қозғалысы байқалып отыр. Ол -1,1 құрады.

Зерттеліп отырған кезең ішінде бала өлімінің көрсеткіші жағымсыз өзгерісі орын алған. Олар 2006 және 2009ж. соңында өсім көрсеткіші 29,79 % және 89,17 % құраса, 2009ж. соңында бала өлімінің көрсеткіші 1000 тылғанға шаққанда 19,9 деңгейіне дейін төмендеді (ДДҰ бойынша туу мен өлімді тіркеуге ауысуға байланысты алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 12,3 % құрады). Сонымен бірге, талданып отырған кезеңдегі бұл көрсеткіштердің қозғалысының жағымсыз екенін айта кету керек. 2004-2009ж. бала өлімінің өсуі 4,5 промиллені құрайды. (өсім 29,2%). 2009ж. қалада ана өлімі жоқ.

Қалада туберкулезбен ауратындар мен қайтыс болғандардың көрсеткіші төмендеуде. 2004-2009ж. туберкулезбен ауратындар мен қайтыс болғандар көрсеткіші 77,8 және 100 мың тұрғынға шаққанда 24,3 құрады. Яғни 2009ж.соңында 92,3 және 100 мың тұрғынға шаққанда 21,2 құрады (өсім - 45,7 және сәйкесінше- 53,4%).

Зерттеліп отырған кезең ішінде онкологиялық аурулармен ауратын және қайтыс болғандар көрсеткіші 60,7 және 100 мың тұрғынға шаққанда 15,3 төмендеді. (өсім -20,8 % және сәйкесінше -8,9%). Яғни 2009ж.соңында 231,6 және 100 мың тұрғынға шаққанда 156,0 болып отыр. Қалада ВИЧ/ЖИТС ауруымен ауратындар мен қайтыс болғандар көрсеткіші керісінше, 2004-2009ж. 100 мың тұрғынға шаққанда 38,0 % өсіп отыр. Яғни, 3 жағдай тіркеліп отыр (өсім 9,2 % және сәйкесінше 4,3 %).


Білім

Мектепке дейінгі білім

Теміртау қаласында балаларға арналған 18 мектепке дейінгі мекемелер қызмет көрсетеді –100% (18 бірлік).

Балаларға арналған мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелердің құрылымында 2 арнайы балабақша бар: көру қабілеті нашар балаларға арналған және сөйлеу және ойлау қабілеті нашар балаларға арналған.

Балаларды екі тілде тәрбиелеп, оқытатын мектепке дейінгі мекемелердің үлесі – 50%. 2004-2009 жж. мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санының өсуіне қарамастан, мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалар саны 0,2 мың адамға азайып, 2009 ж. 3,9 мың адамды құрастырды. Бұл, өз кезегінде, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткішіне әсер етті, яғни қамту көрсеткіші осы кезеңде 4,5%-ға азайып, 01.01.2010 ж. 55 % құрастырды.

Бұл көрсеткіштің төмендеуі балабақшалардағы топтардың шамадан тыс толу мәселесін шешумен және оны мектепке дейінгі білім стандарттарына сәйкестендірумен байланысты екенін атап өту қажет.

Балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметтерімен қамту деңгейінің төмен болу мәселесін шешу мақсатында 2010 ж. №1 ОМ базасында 75 орынға арналған, №3 ОМ базасында 100 орынға арналған, №12 ОМ базасында 100 орынға арналған, қыз балаларға арналған гимназия базасында 50 орынға арналған шағын-орталықтар құрылды; 9 ықшамауданда 320 орынға арналған балабақша салынды; жасөспірімдер үйі 140 орынға арналған балабақша ретінде жөнделінді.

2010 ж. Облыстық білім басқармасы концессиялық негіздегі мемлекеттік-меншіктік серіктестік жүзінде Теміртау қаласында 4 балабақша салу жөнінде «Қарағанды облысының аймақтық мемлекеттік-меншіктік серіктестік орталығы» АҚ-на өтініш тастады. 2 балабақшаны салу жұмыстары 2011 ж. IV тоқсанында басталмақшы.

Балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің білікті мамандармен қамтамасыз етілу деңгейі қарастырылып отырған кезеңде бірқалыпта қалуда, яғни ол 100% құрастырады.

Мектепке дейінгі білім объектілерінің құрылғылармен, спорттық мүлікпен және қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етілу деңгейі 62% құрастырады, ал балабақшалардың 72%-да жүзу бассейндері жоқ.

Орта білім

Қала аумағында 30 жалпы білім беретін мектеп және 2 жеке меншік мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 17 мектеп немесе 56,6% оқытуды орыс тілінде жүргізеді, 4 мектеп немесе 13,4% – қазақ тілінде, ал қалған 9 мектеп немесе 30% аралас мектеп болып табылады.

Қала бойынша барлық жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылар саны қарастырылып отырған кезеңде 2182 оқушыға азайып, 01.01.2010 ж. 18935 оқушыны құрады.

Мектептердің білікті мамандармен қамтылу деңгейі осы уақыт аралығында өзгеріссіз 100% деңгейінде қалып отыр.

Орта білім саласын қаржыландыру көлемінің жыл сайын артуы (бүкіл қарастырылып отырған мерзімде қаржыландыру көлемі 3 есеге дейін өскен) және мектептердің өтініштерді 100% деңгейінде қабылдауы мектептердің материалдық-техникалық базасының жоғары болуына септігін тигізді: мектептердің 100% деңгейінде құрылғылармен, спорттық мүлікпен, әдебиетпен қамтылуы, мектептердің 100% деңгейінде кең тарапты Интернет желісіне қосылуы.

Бірақ, мектептерді 12-жылдық білім бағдарламасына ауыстыру аясында мектептерді жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықтау жұмыстары әлі аяқталмаған. Осылай, қаладағы мектептердің осындай кабинеттермен жабдықталуы келесідей болады: физика кабинеттерімен жабдықталуы – 53,3% (29 бірлік), химия кабинеттерімен жабдықталуы – 53,3% (16 бірлік), биология кабинеттерімен жабдықталуы – 43,3% (13 бірлік).

Мектептердегі 1 компьютерге шаққандағы оқушылар саны қарастырылып отырған кезеңде жағымды өзгеріске енді, бірақ, әлі де қанағаттандырарлықсыз деңгейде қалып отыр: 2009 ж. 9 адам болды. Қала мектептерінің 50% ғана мультимедиялық құрылғылармен қамтылған.

Қаладағы орта білім мектептерінің ғимараттарының және басқа да объектілерінің тозу дәрежесі осы мерзімде 3,8%-ға жоғарылап, 2009 ж. аяғына қарай 40,6% құрастырды.

1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту деңгейі 77% болды, оның ішінде 7361 оқушы (100%) – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан.

Қосымша білім

Қалада балаларға арналған төрт қосымша білім беру мекемелері қызмет жасайды, оның ішінде біреуі Ақтау поселкесінде. Қосымша білім беру мекемелерінде оқитын оқушылар үлесі оқушылардың жалпы санының 37% құрастырады.

Балаларға арналған қосымша білім беруге балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту бағдарламасы енеді. Балалардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі көрсете білуінің тұлғалық дамуы үшін, балалардың шығармашылық еңбегінің дамуы үшін, олардың қасиеттерін іске асыру үшін, қоғамдағы өмірге даярлау үшін, азаматтық түйсігін қалыптастыру үшін, жалпы мәдениетін дамыту үшін, салауатты өмір салтын ұстануы үшін және бос уақытын дұрыс ұйымдастыру үшін қажетті шарттармен қамтамасыз ету қажет.

Кәсіптік және техникалық білім

Қала аумағында кәсіптік және техникалық білім саласында қызмет көрсететін 11 бастауыш және орта кәсіптік білім беру объектілері бар. Оның 4 – кәсіптік лицейлер, 7 – коллдеждер. Мамандарды дайындау саласында колледждерде, негізінен, техника мамандары басым.

Осылай, 2004-2009 жж. аралығында ТКББ объектілерінде оқитын оқушылардың жалпы саны 1697 мың адамға артып, 2009 ж. 5606 мың адамды құрады (кесте 6 қосымшалар).

ТКББ мектептерінің оқытушылық құрамы қарастырылып отырған кезеңде 195 адамға артып, 2009 ж. 542 адамды құрастырды. Мекеме түрлері бойынша алып қарағанда, оқытушылар құрамында колледж оқытушыларының үлесі – 69,4%. ТКББ мекемелерінің білікті мамандармен қамтылу деңгейі өзгеріссіз 100% деңгейінде қалуда.

Колледж және КЛ оқушылары тәжірибеден өту орындарымен 100% қамтылған, бұл ТКББ мекемелерінің кәсіпорындармен – жұмыс берушілермен қарым-қатынасының кеңеюіне және олармен жасалған меморандумдар санының артуына байланысты.

ТКББ мекемелерінде пайдаланылатын негізгі құралдар бойынша жоғары тозу деңгейі байқалады, 2009 ж. тозу деңгейі 88-100% құрастырды.



Жоғарғы білім

Жоғары білім саласында қала аумағында Қарағанды мемлекеттік индустриалды университет (РГП «ҚМИУ») қызмет көрсетеді.

2009 ж. аяғында студенттердің жалпы саны 1836 адамға жетті, олардың 46% - күндізгі оқыту түрі бойынша білім алады, ал 51% - сыртқы оқыту түрі бойынша және 3% - кешкі оқыту түрі бойынша білім алады.

Студенттердің тәжірибеден өту орындарымен қамтылу деңгейі осы қарастырылып отырған кезеңде 100% құрастырды. Сонымен қатар, жұмысқа орналасқан студенттердің үлесі 2004-2009 жж. аралығында 25%-ға азайып, 2009 ж. аяғына қарай 75% болды.

Жаратылыстану-техникалық мамандықтар бойынша материалдық- техникалық жабдықталу деңгейі университетте қарастырылып отырған кезең бойы жоғары деңгейде қалуда, яғни 100%.

РГП «ҚМИУ» жалпы аумағы 37,08 мың шаршы метр болатын 6 оқу ғимараттарынан тұрады. Оларда оқу аудиториялары, мамандандырылған кабинеттер мен зертханалар, ақпараттық-есептеу орталықтары, 20 компьютерлік сынып бар. Спорттық кешеннің құрамында 2 ойын залы, күрес залы, ауыр атлетика залы, мамандандырылған медициналық зал, теннис залы, сонымен қатар, шағын-футбол мен ашық ауадағы жағажай волейболына арналған тегіс алаңдар бар. Университеттің оқу-зертханалық ғимараты оттегі конвертері, индукциялық, доға пештері, Тамман пештері, агломерациялық құрылғы, ұсақ сортты стан, пресс сияқты қолданыстағы жартылай өнеркәсіптік және өнеркәсіптік металлургиялық агрегаттармен жабдықталған. РГП «ҚМИУ» базасында инженерлік типтегі зертхана ашылды, ол зертхана үшін наноқұрылымдық материалдарды зерттеуге мүмкіндік беретін JEOL фирмасының JEM2100 электронды жарық түсіргіш микроскопы сатып алынды. РГП «ҚМИУ» қарамағында 3 ғылыми орталық жұмыс істейді. 2006 ж. бастап университет сапа менеджменті жүйесін енгізді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет