Бағдарламасы «Жалпы психология»


І-МОДУЛЬ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҒЫНЫҢ СҰРАҚТАРЫ



бет6/6
Дата30.06.2016
өлшемі380.5 Kb.
#168555
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

3.1 І-МОДУЛЬ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҒЫНЫҢ СҰРАҚТАРЫ
1 семинар сабағы. Психология ғылым саласы ретінде (1 сағат)

Мақсаты:

Психология ғылымының дербес ғылым саласы ретіндегі мәнін аша атырып, қазіргі заман психологиясының негізгі мәселелерімен психолог-студенттерді таныстыру.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Психология – психика механизімі мен оның заңдылықтарын зерттеуші ғылым саласы ретінде.

  2. Психиология ғылымында қарастырылатын негізгі мәселелер.

  3. Қазіргі заман психологиясында қарастырылатын жалпы түсініктер.

  4. Қазіргі заман психологиясының оқыту және тәрбиелеуге байланысты арнаулы салалары.

Әдістемелік нұсқау:

Психологияның ғылым саласы ретінде даму перспективасына сараптама жасай отырып, негізгі қарастырылатын ұғымдарға студенттердің өз түсініктерін беруі көзделеді.



Әдебиеттер:

  1. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М., 2003

  2. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - А., 2005

2 семинар сабағы. Психологияның пәні, міндеттері мен зерттеу әдістері

(1 сағат)

Мақсаты:

Психологияның теориялық (пәні, міндеті) және методологиялық негіздерінің (зерттеу әдістері) мәнін ашу, олардың танымдық роліне көз жеткізу.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Психологиялық зерттеу әдісінің негізгі мәселелері.

  2. Психологиялық зерттеу әдістері тарихынан мәліметтер.

  3. Бақылау, өзін-өзі бақылау, олардың танымдық ролі.

  4. Психологиядағы моделдеу, сауалнама, эксперимент, психологиялық тесттер.

Әдістемелік нұсқау:

Психологияның теориялық және методологиялық негіздерін талдау. Зерттеу әдістерінің қалыптасу заңдылықтарына көңіл аударып, психиологиядағы зерттеу әдістерінің өзіндік жетістіктері және кемшіліктеріне сараптама жасаңыз.



Әдебиеттер:

  1. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М., 2003

  2. Жарықбаев Қ. Психология. – А., 2001

3 семинар сабағы. Психологияның жаратылыстану-ғылыми негіздері

(2 сағат)

Мақсаты:

Психология ғылымының пайда болу тарихын түсіну негізінде оның жаратылыстық ғылыми негіздерін теориялық әрі практикалық маңызын көрсету.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі және қасиетіне сипаттама.

  2. Ми қыртысының негізгі өрістері және қызметтері. Ми қыртысы, жартышарлар, гипоталамус, гипофиз.

  3. Орталық жүйке жүйесіндегі жағдай, ролі және ретикулярлық формацияның қызметі.

Әдістемелік нұсқау:

Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі және қасиет-сапаларына анатомиялық-физиологиялық сараптама жасаңыз.



Әдебиеттер:

  1. Гамезо М.В., Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003

4 семинар сабағы. Адам миы және психика: байланыс принципі және жалпы механизмі (2 сағат)



Мақсаты:

Психиканың пайда болуы туралы теориялармен таыстыру, психика мен жоғары жүйке жүйесінің байланысын көрсету.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Психикалық процестердің адам миының жұмысымен байланысы.

  2. Қозғалысты реттеудегі психиканың қатысуы туралы Н.А.Бернштейннің ілімі.

  3. Әрекет-қылықты реттеудегі психикалық және физиологиялық құбылыстардың өзара байланыс моделі ретінде П.К.Анохин бойынша функционалдық жүйе концепциясы.

  4. А.Р.Лурия зерттеулері бойынша мидың негізгі функционалды блоктары.

  5. Ырықты зейіннің физиологиялық механизмі туралы Т.Рибоның теориясы.

Әдістемелік нұсқау:

Адам миы мен психиканың байланыс қызметінің приципін ашыңыз. Психикалық құбылыстарды ми қызметі жұмысымен салыстыра отырып, бұл бағыттағы орыс физиологтарының еңбектері мен олардың ұсынған концепцияларын талдау жасаңыз.



Әдебиеттер:

  1. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003

5 семинар сабағы. Психика мен әрекет-қылықтың төменгі формаларының қалыптасуы (2 сағат)



Мақсаты:

Психиканың пайда болуын материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіре отырып, психикалық бейнелеу ерекшіліктерімен таныстыру.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері.

  2. Жүйке жүйесінің пайда болуы және оның психиканың дамуындағы ролі.

  3. Жануарлар тәртібі мен психикасының даму деңгейінің стадияларын талдау(А.Н.Леонтьев, К.Э.Фабри бойынша).

Әдістемелік нұсқау:

Психиканың шығу тегін материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге көңіл аударыңыз. Бұл екі бағыттың ұсынатын аргументтерінің жағымды және жағымсыз жақтарын зерделеңіз.



Әдебиеттер:

  1. Гамезо М.В., Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003

  3. Столяренко Л.Д. Основы психолоии. – Ростов-на Дону, 1996

6 семинар сабағы. Адамның жоғары психикалық функцияларының дамуы (2 сағат)



Мақсаты:

Адам және жануар психикасының даму заңдылықтарын түсіндіру, салыстыру негізінде жоғары психикалық қызмет дамуының заңдылықтарын көрсету.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жоғары психикалық функция туралы түсінік.

  2. Жоғары психикалық қызметтің дамуының негізгі көздері мен алғышарттары.

  3. Таным процестерінің жоғары психикалық функция ретінде даму ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқау:

Жоғары психикалық қызметтің дамуының негізгі көздері мен алғышарттарына (белгілер жүйесіне, материалдық заттар және рухани мәдениеттің қалыптасуына) талдау жасаңыз. Адам және жануарлар психикасының дамуын кесте жұмысы арқылы салыстырыңыз.

Әдебиеттер:

  1. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003

  2. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 2004

  1. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - А., 2005

  1. Столяренко Л.Д. Основы психолоии. – Ростов-на Дону, 1996

7 семинар сабағы. Сананың пайда болуы және дамуы. Бейсана

(2 сағат)

Мақсаты:

Сананың негізгі белгілерімен, оның қалыптасуының алғышарттарымен таныса отырып, сананың – психика дамуының жоғары формасы екендігіне көз жеткізу. Сана және бейсана арақатынасын көрсету.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Сананың негізгі белгілері.

  2. Сана адамның шындықты бейнелеуінің формасы ретінде.

  3. Сананың қалыптасуының алғы шарттары.

Әдістемелік нұсқау:

Сананың фило-онтогенетикалық даму бағыттарына талдау жасай отырып, адам санасының мүмкіндіктеріне мысалдар келтіріңіз. Оларға психологиялық талдау жасаңыз. Адам әркет-қылығындағы, психикалық процестер кейіп және қасиеттеріндегі бейсаналылықтық көрінуін түсіндіруге байланысты қалыптасқан психологиялық ағымдардың тұжырымдамаларына көңіл аударыңыз.



Әдебиеттер:

  1. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003

  2. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 2004

  3. Столяренко Л.Д. Основы психолоии. – Ростов-на Дону, 1996

8 семинар сабағы. Психология және адам туралы ғылымдар (1 сағат)



Мақсаты:

Психологияның басқа ғылымдармен байланысын көрсету және басқа ғылымдар жүйесінде алатын орнын белгілеу.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Психология ғылымының тарих, философия арасындағы қалыптасқан байланыстар.

  2. Әлеуметтану ғылым салаларымен байланысы,олардың өзара толықтырулары.

  3. Психология және педагогика одағының дәстүрлілігі.

Әдістемелік нұсқау:

Психология ғылымының тарих, философия және педагогика ғылымдарымен өзара байланысын тарихи және қазіргі заман тұрғысынан түсіндіріңіз. Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесін шешудегі педагогика мен психологияның бірігуінің объективті және субъективті мәселелерін қарастырыңыз.



Әдебиеттер:

  1. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003

  2. Крысько В.Г. Психология и педагогика в схемах и таблицах (Учебно-методическое пособие). – М., 2000

9 семинар сабағы. Психологияның дамуының тарихи кезеңдері (1 сағат)



Мақсаты:

Психологияның дербес ғылымға айналу процесінде әр заманның бұл ғылымға тигізген әсерін көрсету негізінде маңызды тарихи кезеңдерге теориялық талдау жасау.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Психологиялық білімдердің пайда болуы,оған деген қызығушылықтың ежелгілігі.

  2. Қайта өрлеу дәуірінен XIX-ғасырдың ортасына дейінгі психологияның дамуы.

  3. XIX-ғасырдың ортасынан XX-ғасырдың екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің дамуы.

Әдістемелік нұсқау:

Психологияның дамуының тарихи кезеңдеріне хронологиялық сараптама жасаңыз. Психологияның дамуына өз үлестерін қосқан негізгі ғылыми жаңалықтарға (Р.Декарттың рефлекс туралы ілімі; Эмпиризм және сенсуализм; Интроспекция әдісінің пайда болуы; Психофизиологияның, эксперименталды психологияның қалыптасуы; Психологияның жеке ғылым саласына айналуы; Осы кезеңдегі психологиядағы дағдарыстың себептері; Бихевиоризм, гештальтпсихология, фрейдизм бағыттарының қалыптасуы) тезаирус жасаңыз.

Әдебиеттер:

  1. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003

  2. Ждан А.Н. История психологии: От античности до наших дней. – М., 1990

10 семинар сабағы. Кеңестік психологияның қалыптасуы және қазіргі психологияның жағдайы (1 сағат)



Мақсаты:

Кеңестік психологияның қалыптасуы және қазіргі психологияның жағдайына теориялық талдау жасап, маңызды кезңдерді көрсету.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. ХХ-жылдардағы кеңес психологтарының ғылыми-зерттеудің негізгі бағыттары.

  2. С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, Д.Н.Узнадзенің жаңа ғылым мектептерінің ашылуы.

  3. Қалыптасқан негізгі бағыттардың қарастыратын мәселелері.

Әдістемелік нұсқау:

Қазіргі заманғы психологиялық ғылымдардың дамуының негізгі тенденцияларына талдау жасаңыз. Қазақстанда психология ғылымының дамуына байланысты мәліметтер жинақтаңыз.



Әдебиеттер:

  1. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003

  2. Жарыкбаев К. Психологическая наука в Казахстане. - А., 2002



5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

5.1 СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.



Берілген тақырыпты конспектілеу

Негізгі талаптар:

  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

  1. Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

  2. Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

  3. Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

  4. Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

  5. Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

  6. Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

  7. Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

  8. Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет