БАҒдарламасы мазмұны кіріспе



бет6/17
Дата04.03.2016
өлшемі5.58 Mb.
#41340
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Агроөнеркәсіптік кешен


Ауыл шаруашылығы Жамбыл облысының халықты маңызды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі сала болып табылады. Облыстың табиғи-климаттық жағдайы дәнді, жемдік, көкөніс-бақша дақылдарын және қант қызылшасын өсіруге, сондай-ақ, жайылымдарды жыл бойы жемдік база ретінде пайдалануға қолайлы.

Агроөнеркәсіп кешенінде облыстың еңбекке жарамды халқының 34,3%-ы жұмыспен қамтылған. Облыстың ЖӨӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 2011 жылы 9,5%-ды құрады.

Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы жерлері 14,4 млн.га жерді құрайды, 2011 жылы 637,8 мың гектары егілген.

2012 жылдың 1 қаңтарына облыстың ауыл шаруашылық өнімін өндірушілері меншіктің барлық түрлеріндегі 16,9 мың кәсіпорыннан құралады, оның ішінде 0,6 мың ауыл шаруашылық кәсіпорындары және 16,3 мың шаруа қожалықтары.

2007-2012 жылдары агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бір келкі болмады. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің өсімі байқалған, 2011 жылы ол 89,4 млрд. теңгені (НКИ - 106,8%), оның ішінде егін шаруашылығының өнімі – 45 млрд. теңгені (111,6%), мал шаруашылығының өнімі – 44 млрд. теңгені (102,6%) құрады. 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда көлемдердің 3,1%-ға төмендеуі байқалады және 94,4 млрд.теңгені құрады (1 кесте).

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымында өсімдік шаруашылығының (50,4%) және мал шаруашылығының (49,3%) үлесі бірдей болып келеді.



Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

1 кесте






2007

2008

2009

2010

2011

2012

млн.

теңге


млн.

теңге


млн.

теңге


млн.

теңге


млн.

теңге


млн.

теңге


Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

45680,2

56656,8

68356,9

68461,6

89360,3

94393,8

НКИ %

104,3

92,6

122,7

99,6

106,8

96,9

оның ішінде:

егін шаруашылығы


20903,7

25645,6

35196,9

33062,4

45002,7

42787,5


НКИ %

105,2

80,3

147,6

96,5

111,6

90,9

мал шаруашылығы

24638,3

30879,6

32861,2

35036,3

44033,7

51353,3

НКИ %

103,5

103,1

101,7

102,7

102,6

103,2

қызмет көрсету

138,2

131,6

298,8

362,9

323,9

253,1

НКИ %

119,4

88,3

196,5

95,1

74,4

70,5

2007-2012 жылдардағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі нақты есептеуде 2,1 есеге артты.

Мал шаруашылығының өндірісі егін шаруашылығына қарағанда тұрақтылығымен сипатталады, бұл ауа райының қолайсыздығынан дәнді дақылдарды өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру

2 кесте




2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011

жыл


2012

жыл


мың тонна

мың тонна

мың тонна

мың тонна

мың тонна

мың тонна

Өсімдік шаруашылығы өнімдері

Дәнді және дәндібұршақты дақылдар

425,9

152,5

553,3

372,6

393,4

229,5

Қант қызылшасы

0,2

9,0

17,3

60,4

111,3

40,1

Күнбағыс

4,8

5,4

5,0

4,0

3,4

4,0

Картоп

103,4

104,8

108,8

116,5

152,7

173,6

Көкөністер

359,5

362,5

349,8

395,9

449,8

443,1

Бақша дақылдар

127,0

147,0

148,3

147,7

193,6

193,9

Мал шаруашылығы өнімдері

Тірі салмақтағы ет

83,2

86,1

87,2

90,3

93,3

97,0

Сүт

260,7

266,9

269,1

273,8

279,3

281,8

Жұмыртқа (млн. дана)

96,0

99,7

109,6

114,1

118,4

112,3

Жүн

5,3

5,4

5,5

5,7

5,9

5,8

Егін шаруашылығының дақылдарына ерекше көңіл аударылады. Егін шаруашылығының және өсімдік шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесіп тұқым шаруашылығын дамыту бойынша мақсатталған жұмыстар жүргізілуде. Элиталық тұқымдар, жемiстi көшеттер өндірісімен барлығы 31 шаруашылық айналысады, оның ішінде 2 оригинатор-шаруашылық, 8 элиталы тұқым шаруашылықтары және 21 шаруашылық I, II және III репродукциялық тұқым шаруашылықтары болып табылады.

Машина-тракторлық паркті техникамен жарақтандыру өсуде. 2010-2012 жылдары ауыл шаруашылық өндірушілерімен лизинг бойынша 86 дана ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды.

Өсімдік шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізу, ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу және ауыл шаруашылығы айналымына тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 485 мың га пайдананылмай жатқан жер анықталып, оның ішінде 115,3 мың га егістік жерлер. 2012 жылы 103,4 мың га егістік жерлер ауыл шаруашылығы айналымына тартылған.

Ылғалды үнемдеу технологиялары 1770 гекторда (тамшылап суару – 870 га, жаңбырлатып суару – 900 га) пайдаланылуда, бұл өткен жылғыдан 540 га-ға артық.

2012 жылы ылғалды үнемдеу (нөлдік және минималдық) технологиялары 23,0 мың га алқапта енгізілген.

Облыста жалпы сыйымдылығы 61412 тоннаны құрайтын 62 көкөніс сақтау қоймалары жұмыс істейді, 27,2 гектарда 405 жылыжай жұмыс істейді, оның ішінде ағымдағы жылы 6 га-да 101 жылыжай соғылған.

Мал шаруашылығында жыл сайын ет, сүт, жүн өндіру, мал саны мен өнімділігі өсуде. Облыста асыл тұқымды мал шаруашылықтары және қолдан ұрықтандыру пунктері санын ұлғайту арқылы селекцияны өрістету есебінен малдың генетикалық әлеуетін жоғарылату бойынша жүйелік жұмыс жалғасуда.

Жалпы облыста 118 қолдан ұрықтандыру пункттері (2011 жылдың тиісті кезеңінен 14 бірлікке артық) және 2300 МІҚ-ны бордақылау пунктері бар.

Жамбыл облысындағы асыл тұқымды малдың жоғары өнімділігінің үлесі МІҚ мал бойынша – 10,3%-ды (республикада 3 орында), қой – 19,5%-ды (республикада 4 орында), шошқа – 48,5%-ды (республикада 2 орында), жылқы – 21,8%-ды (республикада 1 орында), түйе бойынша – 42%-ды (республикада 2 орында) құрайды.

Облыстың экспорттық әлеуетін дамытуға бағытталған «Сыбаға» мемлекеттік бағдаламасының шеңберінде 2011 жылы облыстың "Ауыл шаруашылығын каржылай қолдау қоры" АҚ мен "Аграрлык несиелік корпорация" АК 88 ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 715,0 млн тенгеге 4456 бас мал (4357 сиыр және 99 бұқа) сатып алынды, 2012 жылы 84 шаруа қожалықтарына 727,5 млн.теңге сомасында несие берілді, ол қаржыға ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 3826 бас мал (3607 сиыр және 219 бұқа) сатып алынды.

2012 облыстық бюджет есебінен 18 мал сою пунктері соғылды, нәтижесінде олардың жалпы саны 65 бірлікті құрады.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің арасында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және сауда серіктестігін кеңейту мақсатында облыста жыл сайын асыл тұқымды мал көрмелері-аукциондары өткізілуде.

Облыста ветеринарлық биологиялық препараттарды пайдалану бәсекелес ортаға берілген, емдеу-сауықтыру шараларын 350 ветринар дәрігерлер іске асырады. Облыс аумағында малдың 25 жұқпалы аурулары бойынша алдын-алу шаралары жүргізіледі, ол республикалық бюджеттен қаржыландырылады, басқа аурулар бойынша шаралар мал иелерінің өз қаржылары есебінен жүргізіледі. Облыста 163 ветеринарлық пунктері бар 11 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар жұмыс істейді.

Облыста ауылдық несиелік серіктестіктерді дамыту бағдарламасы мен ауылдағы шағын несиелеу бағдарламасы дамуда. Ауылдық несие серіктестіктерімен 2009-2011 жылдары ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне 691,2 млрд. теңгеден астам несие берілді. Облысың барлық аудандарында 10 ауылдық несие серіктестері (АНС) құрылып, жұмыс істеуде. Олармен 2012 жылы 577,2 млн. теңге сомасында жобалар қаржыландырылған.

Жыл сайын мемлекеттік қолдау көлемі өсуде. Агроөнеркәсiптiк кешенiн қолдауға 2011 жылы 2,3 млрд. теңге субсидия, оның iшiнде республикалық бюджеттен 0,9 млрд. теңге, облыстық бюджеттен - 1,4 млрд. теңге бөлінді, 2012 жылы - 5,1 млрд. теңге, оның iшiнде республикалық бюджеттен - 3,8 млрд. теңге, облыстық бюджеттен - 1,3 млрд. теңге, оның ішінде 2,7 млрд. теңге субсидия бөлінді.

ҮИИДМБ-ның шеңберінде ауыл шаруашлығы өнімін қайта өңдеуде 2010-2013 жылдары 6,0 млрд. теңгеден астам сомаға 7 инвестициялық жоба іске асырылды, 640 жұмыс орыны құрылды («Жасұлан және К» ЖШС, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС, «Куликовский молочный продукт» ЖШС, «Kaz-Ir-Agro» ЖШС, «Та-Мак» ЖШС, «Үміт Қордай» ЖШС, «Алкопищепром» ЖШС).

АӨК-ң негізгі мәселелері: еңбек сыйымдылығы жоғары үдерістерді механикаландырудың әлсіздігі, а/ш техникалары тозуының жоғары деңгейі, мал шаруашылығында, жоғары өнімді генетикалық материалдық және өсімдік шаруашылығында элиталы тұқым үлесінің төмендігі, мал шаруашылығы шикізатын әзірлеу, сақтау мен бастапқы өңдеу және көкөніс сақтау бойынша ифрақұрылмының болмауы.

Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымында қосалқы шаруашылықтар үлесінің көп болуы, шикізат сапасының төмендігі саланың дамуына кедергі жасайды, ал қайта өңдеу өндірістерінің технологиялық жабдықталуының төмендігі өнімнің сапасына әсер етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ өнім шығаруы ірі масштабты селекциялық-тұқымдастыру жұмысын жүргізуге, ғылыми – негізделген егін егу айналымын сақтауға, заманауи технологиялырды кеңінен пайдалануға, өндіріс процестерін механизациялауға және автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.

Сонымен қатар, көкөніс сақтау бойынша қуаттың шектеулігіне байланысты көкөніс өсіру үшін қолайлы табиғи-климаттық жағдайды толық пайдалану мүмкін болмай отыр.
Тамақ өнімдерін өндіру

Азық-түлік өнеркәсібі облысты дамытуда болашағы бар салалардың бірі болып табылады, бұл шикізат өндірісінің, өндіріс қуаттарының шекаралық аудандарда шоғырланғандығына, өнімнің экологиялық таза болуы Қырғызстанның өткеру нарығының жақын орналасуына негізделген.

Тамақ өнімдерін өндірудің үлесі облыстың өңдеу өнеркәсібінде көшбасшы позициялардың бірінде болып 32,1%-ды, ал облыстың жалпы өндірісінде 25%-ды құрады және 9 түрлі кіші саладан тұрады. 2011 жылы облыстың жалпы экспорт көлемінде қайта өңдеу өнімі 17%-ды құрады. Облыстан негізі ұн, пияз, көкөніс, техникалық тұз экспортталуда, ал облысқа сүт өнімдері, картоп, алма, қант шикізаты, сары және өсімдік майы т.б. импортталуда.

Салада өнеркәсіп өнімінің көлемі 2009 жылы 45,1 млрд. теңгені (НКИ – 76,2%), 2010 жылы – 35,3 млрд. теңгені (91,0%), 2011 жылы – 46,4 млрд. теңгені (85,0%), 2012 жылы – 34,0 млрд.теңгені (72,4%) құрады.

2011 жылы ет өңдеу көлемінің 9,3%-ға (сиыр, қой, жылқы, шошқа еттерінің орташа 280 теңгеге қымбаттауынан), консервіленген жеміс және көкөніс – 15,1% (отандық өнімге сұраныстың төмендеуі, сонымен қатар Кедендік одақ шеңберінде консервіленген өнім импорты көлемінің артуы есебінен), сүт өнімін өндіру 19,4%-ға және өсімдік және мал майы 52,8%-ға (шикізаттың тұрақсыз жеткізілуінен) қысқарғаны тіркелген. 2010 жылмен салыстырғанда шұжық өндіру 1,7%-ға, ет – 18,1%-ға, күнбағыс майы – 42,5%-ға, сүт – 17,5%-ға, сары май – 10,1%-ға, ірімшік және сүзбе – 38,8%-ға, қант – 18,3%-ға төмендеген.

Алайда, әлеуметтік маңызды тамақ өнімдерін өндіруші сала өнімдеріне сұраныс тұрақты, ол 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы ұн өнімдерін өндіру өнеркәсібінде өндірістің 14,9%-ға, бөлішке нан және ұн өнімдерін өндіру 7,1%-ға, балықты, шаян тәрізділерді және былқылдақ денелілерді өңдеу және консервілеу - 2,1 есеге өскен.

2012 жылы ет өнімдерінің 21,4%-ға, қант-шикізатының 24,3%-ға (шикізат жеткізудің тұрақсыздығына байланысты) төмендеуіне байланысты азық-түлік өнімдерін өндіру көлемдері 27,6%-ға төмендеген. Бірақ, ет өндіруде көлемдердің - 6,7%-ға, мақта майы – 2 есеге, сафлор майы – 3,4 есеге, сүт - 1,3%-ға, сары ірімшік пен сүзбе - 14,2%-ға, ұн - 7,8%, ұн өнімдері – 1,6 есеге өсуіне қол жеткізілген.

Экономикалық дағдарыс азық-түлік саласының кәсіпорындарына да өз әсерін тигізді, бұл айналым қаржыларының жоқтығынан болды. Консервіленген және алкогольдік өнімдер, клейковина, қышқыл сүт өнімдері өндіретін кәсіпорындар («Концерн Азия Қазақстан» ЖШС, «Зар-Замин» ЖШС, «Фудмастер-Қордай» ЖШС) толығымен және жартылай тоқтап тұрды. Консервіленген және алкогольдік өнімдер шығаратын ірі өндірушілер («Тараз» ЖШС, «БМ» ЖШС) сот істеріне байланысты өз жұмыстарын тоқтатқан.

Сондай-ақ, аталмыш салада өндірістің төмендеуінің негізгі себебтерінің бірі соңғы жылдары шетелден шикізаттың (қант-шикізаты) тұрақты жеткізілмеуінің және басшылықтың ауысуы салдарынан «ОАҚК» ЖШС филиалдары Тараз және Меркі қант зауыттарында өндірістің тоқтауы, «Бурный ірімшік зауыты» ЖШС кәсіпорынын жетілдіру болып табылады.
Тараз қаласындағы тамақ өнеркәсібінің негізгі кәсіпорындары
Кесте 3



Компания

Негізгі өндірілетін өнім

1.

«Қант» АҚ

Қант өндіру

2.

«Та-Мак» ЖШС

Макарон өнімдерін өндіру

3.

«Салангани» ЖШС

Макарон өнімдерін өндіру

4.

«Зар Замин» ЖШС

Ұн өндіру

5.

«Галеника» ЖШС

Сүт өнімдерін өндіру

6.

«Дәнегүл» ЖШС

Сүт өнімдерін өндіру

7.

«Астана Самсон» ЖШС

Сүт өнімдерін өндіру

8.

«Төлебай Май 2007» ЖШС

Өсімдік майын өндіру

9.

«Палванов» ЖК

Өсімдік майын өндіру

10.

«Надыров» ЖК

Нан-бөлішке өнімдерін өндіру

Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында, негізінен, шағын кәсіпорындар жұмыс істейді, олар ыңғайластырылған жайларда орналасқан, бұрын пайдаланылған, физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген өндірістік және технологиялық жабдықтармен жабдықталған немесе толық қолданылмайды, бұл ауыл шаруашылығынды шикізатының жетіспеушілігіне байланысты. Әлсіз материалды-техникалық база, тез бүлінетін шикізат пен азық-түлікті мұздатып өңдеудің және тасымалдаудың, сақтаудың дамымаған инфрақұрылымы бастапқы шикізатты кешенді қайта өңдеу және сақтау үшін оңтайлы жағдай құруға мүмкіндік бермейді, бұл қосымша шығындарға, қауіпсіздік пен сапаның төмендеуіне әкеліп соғады. Сондай-ақ, елдің Кедендік одаққа кіруі жағдайды күрделендіре түсірді, өйткені отандық өнімдер Ресей және Беларусь елдерінен әкелінетін өнімдермен салыстырғанда бәсекеге қабілетті емес.



Ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлік өндірісін дамыту мәселесін шешу, ішкі сұранысты қамтамасыз ету және экспорттық ресурстар қалыптастыру, агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға экономикалық жағдай және механизмдер құру, агроөнеркәсіп кешені өнімін өндірушілерге қолдау көрсету, экпортта өз орнын басу үшін бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығару және заманауи инфрақұрылым дамыту үшін 2010 жылдан бастап «Аграрлық қайта өңдеу логистикалық орталық құрылысы» жобасы бойынша жұмыстар басталды (ары қарай – АҚЛО). Аталмыш жоба облыстың басымды жобаларының бірі болып табылады. АҚЛО-тың басты миссиясы Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп өнімінің экспорттық әлуетін дамыту болып табылады.

Өңірдің агроөнеркәсіп кешеніндегі мәселелері

  • жеке қосалқы шаруашылықтардың жоғары үлесі;

  • ирригациялық жүйелер сапасының төмендігі;

  • миниралды тыңайтқыштарды қолдану деңгейінің төмендігі;

  • инжинерлік жүйе және құрлыс құрылымдары тозуының жоғары деңгейі;

  • жемдік қордың тапшылығы;

  • еңбек көп жұмсалатын үрдістерде механизациялау деңгейінің төмендігі;

  • ауыл шаруашылығы техникасы тозуының жоғары деңгейі;

  • мал шаруашылығында жоғары өнімді генетикалық материалдардың және егін шаруашылығында асыл тұқымды дәннің төмен үлесі;

  • мал шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау, алғашқы өңдеу және көкөністі сақтауға арналған инфрақұрлымдық объектілерінің тапшылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет