Қазақ тілі
|
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:
қазақ тілінде айтылған сөздерді мұқият тыңдауды, сондай-ақ осы сөздерді дұрыс айтуды және еске сақтауды; қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айтуды үйрету;
сөйлеу тілін және артикуляциялық аппаратты дамыту.
Сөздік қор:
қоршаған ортада жиі қолданылатын сөздер туралы білімді кеңейту;
таныс сөздерді күнделікті өмірде қолдануды үйрету.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымы: 2-3 сөзден тұратын қарапайым сөйлемдерді түсінуді және сөз тіркестерін құруды үйрету;
сөйлеуде зат есімдердің жекеше және көпше түрін қолдану дағдысын қалыптастыру;
Байланыстыра сөйлеу.
Сұрақтарға қарапайым сөйлемдермен жауап беруді үйрету. Қысқа шығармаларды тыңдауды, түсінуді, тақпақтар оқуды үйрету.
|
Математика негіздері
|
Жиын: Балаларға жиын, оның әртүрлі түстегі, пішіндегі, өлшемдегі заттардан тұратындығы туралы түсінік беру.
Сан, санау.
2-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, сандарды реті бойынша атауға «нешінші?» сұрағына жауап беруге және қорытынды санды атауға, «барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету.
Екі қатарда орналасқан заттар тобын салыстыруды үйрету, теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру.
Шама: Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.
Ұзындығы, ені бойынша екі затты салыстыру
Геометриялық фигуралар.
Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) танып атай білуге үйрету.
Кеңістікті бағдарлау.
Кеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтау, берілген бағытта қозғалу (алға-артқа, оңға-солға, жоғары-төмен).
Уақытты бағдарлау.
Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері туралы ұ.ымдарын кеңейту.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |