Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Экономика кафедрасы
6М051100 – Маркетинг мамандығы бойынша магистратураға
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Павлодар
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
|
Бекітемін
С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры
___________ А. Өрсариев
(қолы) (Т.А.Ж.)
20__ж. «___»_____________
|
6М051100 – Маркетинг мамандығы бойынша
(мамандықтың коды және атауы)
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАННЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген
Құрастырушы/лар: ___________ аға оқытушы Н.М.Шеримова
(қолы) (қызметі, ғылым дәрежесі, атағы, аты-жөні)
Кафедра Экономика
(кафедра атауы)
Экономика кафедрасы отырысында ұсынылған,
2015 ж. «___» ____________ № ___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________________ С.К. Кунязова 20__ж. «____» ________
(қолы) (Т.А.Ж.)
____________________________ факультеті оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған
2015 ж. «___» ____________ № ___ хаттама
ОӘК төрағасы ___________ А.Е. Жакишева 20___ ж. «___» __________
(қолы) (Т.А.Ж.)
КЕЛІСІЛДІ:
Факультет деканы ___________ Т.Я. Эрназаров 20___ ж. «___» __________
(қолы) (Т.А.Ж.)
МАҚҰЛДАНДЫ:
АҚБД директоры ___________ Р.Ж. Нургожин 20___ ж. «___» __________
(қолы) (Т.А.Ж.)
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20___ ж. «___» ____________ № ___ хаттама
1 Жалпы жағдайы
Емтиханның мақсаты болып экономикалық мамандықтар бойынша оқу барысында ЖОО түлектері алған білімдерін тексеру мен бағалау табылады. «6М051100-Маркетинг» бағыты бойынша магистратурада оқу жоғары білім жүйесіндегі жалғасы болып табылады және дайындықтың типтік оқу жоспарымен қарастырылған пәндерді білуге негізделеді.
2 Емтиханды өткізу тәртібі
Емтихан бітірушінің 5В051100-Маркетинг мамандығы бойынша бекітілген бағдарламасымен сәйкес бес пән бойынша тестілеу (екі пән) мен жазбаша (үш пән) сұраудан тұратын біріктірілген нысанда өткізіледі.
Тестілеуді ТБ өткізеді. Тесттік тапсымалардың нұсқалары екі пән бойынша 30 сұрақты қосады, бұл сұрақтар 200 сұрақты қосатын еркін тәртіпте құрастырылған жалпы базадан құралған. Тестілеу уақыты – 60 минут.
Жазбаша емтиханды 4 адамнан тұратын етихандық комиссия өткізеді. Билет мемлекеттік емтихан бағдарламасындағы ұш пән бойынша жалпы санынан еркін тәртіпте таңдалған 3 сұрақтан тұрады. Жазбаша емтиханды өткізу уақыты – 2 сағат.
Егер магистрант 90 балдан 100 балға дейін жинаса, онда оған «өте жақсы» деген баға қойылады.
Егер магистрант 75 балдан 89 балға дейін жинаса, онда оған «жақсы» деген баға қойылады.
Егер магистрант 50 балдан 74 балға дейін жинаса, онда оған «қанағаттанарлық» деген баға қойылады.
Егер магистрант 49 және одан төмен балл жинаса, онда оған «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.
3 Емтиханға шығарылатын пәндер тізімі
6М051100 – Маркетинг мамандығының бастапқы емтиханда келесі оқу пәндері бойынша сұрақтар шығарылады: тестілеу - «Микроэкономика», «Макроэкономика», жазбаша - «Маркетинг», «Маркетингетингтік зерттеулер», «Маркетингті басқару».
4 Пәндер бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтарының тізімі:
Макроэкономика
Макроэкономикалық теорияның басты сұрақтары. Негізгі ұғымдары. Экономикалық теориялар мен үлгілер. Экзогенді және эндогенді айнымалылар. Экономикадағы ағындар мен қорлар. Статистикалық ақпарат.
Жалпы ішкі өнімді қосылған құн бойынша, шығыстар бойынша және кірістері бойынша есептеу. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). Атауы және нақты айнымалылар. ЖҰӨ дефляторы және баға индекстері. Ұлттық есепшоттар жүйесінің өзге көрсеткіштері. Таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, қолда бар табыс. Кірістер мен шығыстардың ауыспалы толассыз айналымы. Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік.
Жабық экономикадағы жиытық сұраныс (АD) және оның анықтауыш факторлары. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары. Жиынтық ұсыныс: классикалық және кейнсиандық үлгілері. Икемді еңбек ақы. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік. Қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі. Тұрақтандыру саясаты.
Өндіріс факторы. Өндіріс функциясы. Нақты жалақы және нақты капитал бағасы. Өндіріс факторлары арасында ұлттық табысты бөлу. Еңбек нарығы. Еңбекке деген сұраныс. Жиынтық ұсыныс қисығын тұрғызу. Жиынтық ұсыныс: классикалық және кейнсиандық көзқарас. Икемсіз еңбек ақы. Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі.
Тұтыну функциясы. Тұтынуға деген шекті бейімділік. Пайыздық мөлшерлеме және инвестициялық функция. Мемлекеттің кірісі мен шығысы.
Жоспарланған және нақты шығындар. Кейнстік крест. Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Табыстың тепе-теңдік деңгейі. Кейнстің мемлекеттік шығыстар мультифликаторы мен салық мультифликаторы. Игіліктер нарығындағы тепе-теңдік. Игіліктер нарығы және IS қисығы. Салық-бюджет саясатының әсері.
Ақша функциясы. Ақша агрегаттары. Ақшаның сандық теориясы. Ақша айналысының жылдамдығы. Ақша нарығы. Нақты және атаулы пайыз бағамдары. Фишер теңдеуі.
Ақшаға сұраныстың кейнсиандық және классикалық теориялары. Өтімділікті қалау теориясы. Ақшаға деген сұраныс функциясы. Баумоля-Тобин үлгісі. Ақша массасы және ақша базасы. Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультифликаторы. Ақша саясатының құралдары. Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LM қисығы.
Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі. Жиынтық сұраныс қисығын шығару әдісі. AD-AS және IS-LM үлгілері арасындағы байланыс. Инвестицияны ығыстыру нәтижесі. Кейнстік тұтыну механизмі. Салық-бюджет саясаты және оның IS-LM үлгісіне ықпалы. IS-LM үлгісіне салық-бюджет саясаты және қаржы-несие саясатының салыстырмалы тиімділігі. Жабық экономикадағы жиынтық сұранысқа макроэкономикалық саясаттың ықпалы.
Экономикалық циклдер және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы. Инфлияция және ұсыныс тітіркенімдері. Бағалар серпіні. Жұмыссыздық нысандары және оның табиғи деңгейі. Оукен заңы. Нақты жалақы және жұмыссыздық деңгейі. Эмпирикалық байқаулар және Филлипс қисығы.
Сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы. Күтілген және күтілмеген инфляция. Бейімді және ұтымды күтулер. Бюджеттік тапшылық және оны қаржыландыру. Салық түсімдерінің жиыны үшін Лаффер қисығы. Сеньораж және инфляциялық салық.
Шағын ашық экономика. Төлем балансы. Ағымдағы есепшот, капитал қозғалысының есепшоты, ресми резервтер. Айырбас бағамы. Сатып алу қабілетінің паритеті.
Ашық экономикадағы жиынтық сұраныс. Экспорт пен импорт тәуелділіктері. Сіңісу және сауда балансы. Ашық экономика үшін IS-LM үлгісі. Капитал жұмылдырылғыштығы. Айырбас бағамы мен басқа факторлардың IS және LM қисықтарының орналасуына ықпалы.
Айырбас бағамдары тіркелген жағдайдағы ашық экономикадағы тепе-теңдік. Капитал жинақылығының икемділігі. Толық капитал жинақылығы жағдайындағы бюджет және ақша саясаты.
Айырбас бағамы құбылмалы жағдайдағы ашық экономика. Жиынтық сұраныс қисығын тұрғызу. Фискалдық экспансия мен ақша саясатының өндіріс пен айырбас бағамына ықпалы. Айырбас бағамдары тіркелген және құбылмалы жағдайлардағы макроэкономикалық саясатты салыстыру. Күту және айырбас бағамының динамикасы.
Экономикалық өсу түсінігі мен әсер ететін факторлар. Солоудың ұзақ мерзімді өсу үлгісі. Ауқым қайтарымдылығы. Экономикалық өсу үлгісінің сызбалық бейнесі. Жинақ ақша қорлары мен инвестициялар. Капиталдың қорлануы. Тиімді еңбек бірлігі. Қорлану мөлшері берілген жағдайда капиталмен қамтамасыздандырудың тұрлаулы деңгейі. Қорланудың «Алтын ережесі». Экономикалық жағдай және капитал қорының деңгейі. Халық санының өсуі мен технологиялық ілгерлеушіліктің ықпалы.
Микроэкономика
Микроэкономика пәні, Микроэкономикалық теорияның мақсаты мен міндеттері. Ресурстардың шектеулілігі мәселесі және оларды таңдау қажеттілігі. Адамдардың қанағатының шексіздігі. Экономикалық ресурстар. Адамдардың тиімді іс-әрекеті туралы гипотеза. Экономиканың негізгі үш мақсаты. Нарық туралы түсінік. Нарық субъектлері. Позитивті және нормативті талдау. Тиімді және өлшемді модельдер.
Құндылық туралы түсінік және бағалар. Сұраныс. Сұраныс функциясы. Сұраныс көлемі. Сұраныс қисығы. Сұраныс өзгеруі. Сұраныс көлемінің өзгеруі. Сұранысқа әсер ететін факторлар. Тауарлар мен қызметтер ұсынысы. Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Ұсыныс қисығы. Ұсыныс өзгеруі. Ұсыныс қисығының өзгерісі. Нарықтық тепе-теңдігінің қалыптасуы. Сұраныс және ұсыныс заңдары. Гиффен парадоксы. Веблема нәтижесі. Нарықтық тепе-теңдік.
Икемділік туралы түсінік. Сұраныстың бағалық икемділігі. Сұраныс қисығының икемділігі. Нүктелік икемділік. Доғалық икемділік. Өте икемді және өте икемсіз сұраныс. Сұраныстың икемділігі және түсім өзгеруі. Сұраныстың бағалық икемділігіне әсер факторлар. Сұраныстың қиылысқан бағалық икемділігі. Сұраныстың табыстық икемділігі. Сұраныстың табыстық икемділігіне әсер факторлар. Энгель заңы.
Пайдалылық ұғымы. Пайдалылықтың сандық теориясы. Пайдалылықтың реттік теориясы. Шекті пайдалылық. Госсеннің бірінші заңы – шекті пайдалылықтың азаю принципі. Тұтынушының пайдалылықты максималдау шарттары. Тұтынушы талғамын максималдау шарттары. Госсеннің екінші заңы. Реттіліктің толық жаңа аксиомасы. Транзитивтілік аксиомасы. Тойымдылық аксиомасы. Тұтынушының тәуелсіздік аксиомасы. Талғамсыздық қисығы. Талғамсыздық қисықтарының қасиеттері. Бірін-бірі толық ауыстыратын тауарлар үшін алмастырудың шекті нормасы (MRS). Алмастырудың кемімелі шекті нормасы. Бюджет сызығы. Бюджет сызығының теңдеуі. Бюджет сызығының көлбеуі. Тұтынушының тепе-теңдік шарты. Бұрыштық тепе-теңдік. Салыстырмалы статика және сұранысты талдау. «Баға-тұтыну» қисығы. Нарықтық және жеке сұраныс. «Табыс-тұтыну» қисығы. Сапалы және сапасыз тауарлар. Эйнгель қисығы. Кәдуілгі тауарлар, сапасыз тауарлар және Гиффен тауарлары үшін табысжәне тұтыну тиімділіктері.
Өндіріс туралы түсінік. Өндіріс факторлары. Өндіріс технологиялары. Өндіріс функциясы және оның қасиеттері. Изокванталар картасы. Шекті өнімділіктің азаю заңы. Тұрақты және айнымалы өндіріс факторлары. Өндірістің айнымалы факторларының жалпы, орташа және шекті өнімдері. Қысқа және ұзақ уақыт мерзімдері. Орташа және шекті өнім арасындағы байланыс. Өндіріс стадиялары. Технологиялық алмастырудың шекті нормасы (MRTS). Өндіріс факторларының шекті өнімдерінің өзгеруінің MRTS-ке тигізетін әсері. Капиталды еңбекпен ауыстыру мысалдары. Қолданылатын өндіріс факторларының арасындағы белгіленген пропорция кезіндегі изокванта. Өндіріс факторлары бірін-бірі толық алмастыра алатын жағдайындағы изокванта. Кобб-Дуглас функциясы. Технология өзгерісінің изоквантаға әсері. Өндіріс масштабының тиімділіктері
«Шығындар» туралы түсінік. Өндіріс шығындары және балама шығындар. Айқын және айқынсыз шығындар. Шығындар функциясы. Ұзақ және қысқа мерзімді шығындар. Бухгалтерлік және экономикалық пайда. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Кәдуілгі пайда. Изокоста. Шығындарды төменгі деңгейге жеткізу шарты. Қысқа уақыт мерзімдегі шығындар. Тұрақты және айнымалы шығындар. Орташа айнымалы, орташа жалпы және шекті шығындар. Олардың арасындағы қатынас. Қысқа уақыт мерзіміндегі барлық шығындар түрінің қисықтары. Шекті шығын және шекті өнімділік арасындағы байланыс. Изокванталар және ауқымнан әртүрлі берілу мүмкіндігіндегі ұзақ мерзімдегі шығындар қисықтары. Ұзақ мерзімдегі орташа және шекті шығындар. Қысқа және ұзақ мерзімдегі шығындар арасындағы байланыс. Ұзақ мерзімдегі шығындар қисығының қысқа мерзімдегі шығындар қисығымен ұқсастығы.
Нарық құрылымдарының алуан түрлілігі. Нақты және идеал құрылымдар. Жетілген бәсекелестіктегі нарық модельдеріне қойылатын шектеулер. Қысқа уақыт мерзіміндегі пайданы мейлінше арттыру. Қысқа уақыт мерзіміндегі шығындарды минималдау. Қысқа уақыт мерзімінде шығындарды азайту азайту үшін өндірісті тоқтату. Қысқа уақыт мерзіміндегі фирманың ұсыныс қисығы. Қысқа мерзімдегі өндіріс саласының ұсыныс қисығы. Ұзақ уақыт мерзіміндегі бәсекелес фирманың тепе-теңдігі. пайдасын мейлінше арттыру. Фирманың ұзақ мерзімді кезеңдегі ұсыныс қисығы. Ұзақ уақыт мерзіміндегі ұсыныс икемділігі. Тұрақты, өспелі және кемімелі өндіріс шығындары бар өндіріс саласы. Тұтынушы және өндіруші ұтымдарына талдау.
Монополия түрлерінің алуандығы. Таза монополия. Салаға кіру үшін тосқауылдар. Монополия өніміне деген сұраныс. Монополистің Монополистің шекті түсімі. Монополистің максималды пайда нүктесі. Қысқа мерзімдегі монополиялық тепе-теңдікті графикалық талдау. Сұраныстың бағалық икемділігі және монополиялық тепе-теңдік. Баға белгілеудегі «бас бармақ» ережесі. Лернер коэффиценті. Ұзақ уақыт мерзімінде пайданы максималдау. Бәсекелестік тепе-теңдік пен монополиялық тепе-теңдікті салыстыру. Монополиялық биліктің әлеуметтік шығындары. Монополиялық биліктің болуының тиімділігі. Жоғары деңгейдегі шектеулі баға орнату. Өндіретін өніміне салық салынуына монополияның реакциясы. Монополияның субсидияға реакциясы. Бағалық дискриминация. Бағалық дискриминация моделі. Әділдік және бағалық дискриминация
Жетілмеген бәсеке және өнімді сараптау. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Қысқа мерзімдегі баға мен өнім көлемін анықтау. Ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсекелес фирманың тепе-теңдігі. монополиялық бәсекелес фирманың шығыны. Өндірістің қуат артықшылығы. Таратылым шығындары және бағаға байланыссыз бәсекелестік.
Олигополияның негізгі сипаттамалары. Олигополиялық баға қақтығыстары. Курно моделі, Штакельберг моделі, Бертран моделі. Курно және Штакельберг тепе-теңдігін салыстыру. Әсер сызықтары. Баға шектелімінің формуласы. Баға тұрақтылығы және сұраныстың сынық сызығы. Салаға енуді шектейтін баға тағайындау. Салаға кіруге тосқауыл болатын баға белгілеу. Ойындар теориясының элементтері. Басқару шешімдерінің нәтижелері матрицасы. Тұтқындар дилеммасы. Нэш және Парето тиімділіктері. Келісім мүмкіндігі. Картель құру. Тұрақтылық мәселесі.
Өндіріс факторлары туралы түсінік. Өндіріс факторларының нарығындағы сұраныс және ұсыныс. Экономикалық ресурстардың ұсыныс қисығы және оның икемділігі. Ресурстардың икемділігіне әсер ететін факторлар. Тауарлар мен қызметке деген сұраныстың туындысы ретіндегі ресурсқа деген сұраныс. Еңбектің ұсыныс қисығы. Еңбектің нарықтық ұсынысы. Ресурсқа деген шекті шығын қисығы. Жұмыс және демалыс арасындағы таңдау. Еңбекақы өзгеруі нәтижесінде табыс өзгертуі және ауыстыру тиімділігі. Еңбектің кемімелі ұсыныс қисығы. Еңбекке деген фирманың сұраныс қисығы. Өндіріс факторларының нарығындағы тепе-теңдік. Өндіріс факторларының нарығындағы монопсондық билік.
Маркетинг
Маркетинг түсінігі және оның принциптері. Маркетинг функциялары мен мақсаттары. Маркетингті басқару концепциялары. Ұйым қызметінің маркетингтік ортасы. Тұтыну тауарларының нарықтарын сегменттеуінің принциптері. Нарықтың мақсаттық сегменттерін тандау. Позицияландыру. Өнеркәсіптік тауарлардың нарықтарын сегменттеу принциптері. Маркетингтік ақпараттар жүйесі. Маркетингтік зерттеулер жүйесі.
Бөлу каналдарының функциялары. Дәстүрлі бөлу каналдары. Вертикалдық маркетингтік бөлу жүйелері. Горизонталдық және көп каналдық бөлу жүйелері. Маркетинг жоспары. Маркетинг бюджетін әзрлеу. Маркетингті бақылау. Ұйымның нарықтық мүмкіндіктерін талдау. Коммуникация үрдісінің тоғыз құрылымы. Өтімді ынталандыру кешенің құру. Жарнама саласындағы негізгі шешімдер. Тұтынушы нарықта сатып алушыларға әсер ететін факторлар.Өнеркәсіптік бағыттағы тауарлардың тұтынушыларына әсер ететін негізгі факторлар. Тауар қозғалысы. Бөлшектік сауда. Көтерме сауда. Маркетингтің ұйымдастыру қызметінің жүйесі. Маркетинг-Микс. Өнеркәсіптік бағыттағы тауарларды сатып алу түрлері. Тауарларды классификациялау. Тауарлық стратегиялары.
Маркетингетингтік зерттеулер
Маркетингтік зерттеулердің мәні және маңызы. Маркетингтік зерттеулердің мақсаты, міндеттері объектілері және пәні. Маркетингтік зерттеулерді жүргізу қажеттіліктері. Маркетингтік зертеудегі тұтынушылар құрылымы.
Маркетингтік зерттеулерді зерттеу бағыты, қолдану аумағы, зерттеушілік дизайны, белгіленген мақсаттардың түрлері мен зерттеулер типтері, қолданылатын ақпарат көздері, алынатын нәтижелер сипаты, мәселені қамту ауқымының дәрежесі, зерттеулерді жүргізу жиілігінің дәрежесі, қызығушылықтар саны, территориялық қамтуы, зерттеулерді жүргізудің, ұйымдық нысандары сияқты көрсеткіштер бойынша жіктелуі. Маркетингтік зерттеулерді жүргізу қағидалары.
Маркетингтік зерттеулердің бағыттары және жалпы сипаттамасы. Маркетингтік зерттеулердің ішкі және сыртқы бағыттары. Бағыттарына сәйкес маркетингтік зерттеулердің негізгі түрлері: нарықты, тұтынушыларды, бәсекелестерді, нарықтың фирмалық құрылымын, тауарларды, бағаны, тауар қозғалысын және сатуды, жылжыту жүйесін, кәсіпорынның ішкі ортасын зерттеу.
Маркетингтік зерттеулерде қолданылатын көрсеткіштер жүйесі: нарық жағдайын талдау көрсеткіштері (жалпы экономикалық жағдайды, сұраныс пен ұсынысты, тұтынушылардың тауар/қызметке талабын және тұтынушылық талғамдарды); нарық субъектілері саудасының нысаны мен әдісі көрсеткіштері (жабдықтаушы-фирмалар, бәсекелес-фирмалар, әлеуетті сатып алушы-фирмалар және т.б.); фирманың шаруашылық қызметі нәтижесін талдау көрсеткіштері (экономикалық әлеует, шаруашылық қызметтердің жалпы нәтижелері, шаруашылық субъекті қызметінің тиімділігі және қаржылық жағдайы); өнімнің бәсекеқабілеттілігі көрсеткіштері; шаруашылық субъектінің нарықтағы бәсеке қабілеттілігін талдау көрсеткіштері; шаруашылық субъектінің бәсекелік мүмкіндіктерін бағалау көрсеткіштері.
Маркетингтік ақпараттың мәні және құрамдастары. Маркетингтік ақпараттың қалыптасу мақсаттары. Маркетингтік ақпараттың ерекшеліктері. Маркетингтік ақпараттың қалыптасу қағидалары.
Маркетингтік ақпараттың жіктелуі. Ақпараттың түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы.
Маркетингтік ақпараттың көздері. Екінші және бірінші ретті ақпарат: анықтамасы, артықшылықтары мен кемшіліктері. Екінші ретті ақпараттын жіктелуі. Сыртқы және ішкі екінші ретті ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктері. Маркетингтік ақпарат көздерінің салыстырмалы сипаттамасы.
Маркетингтік ақпараттық жүйе. Маркетингтік ақпараттық жүйенің қалыптасу тұжырымдамасы. Маркетингтік ақпараттық жүйелердің жіктелуі. Маркетингтік ақпараттық жүйені жобалау және оны құру алгоритмі. Ф. Котлердің үсынған маркетингтік ақпараттық жүйесі және оның құрамдастары.
Шешім қабылдауды қолдау жүйесі және оның бөлімшелері. Маркетингтік ақпарат жүйесінің салыстырмалы сипаттамасы және шешім қабылдауды қолдау жүйесі.
Маркетингтік зерттеулер жоспарларынның жіктелуі.
Маркетингтік зерттеулер типтеріне байланысты зерттеушілік дизайндар сипаттамасы: анықтамасы, мақсаттары, басты параметрлері, алынған ақпараттар сипаты, зерттеулер нәтижелері, қолданылатын маркетингтік зерттеулердің әдістері.
Маркетингтік зерттеулер типтерінің өзара байланысы. Маркетингтік зерттеулерді жүргізу шараларын тұрақтандыру.
Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің негізгі кезеңдері: зерттеулер тұжырымдамасын әзірлеу; зерттеулер жоспарын құру; ақпараттарды жинау; ақпараттарды әзірлеу және талдау; есептемені әзірлеу және презентациялау.
Зерттеулер тұжырымдамасын әзірлеу. Мәселені айқындау: анықтамасы, негізгі көздері және оны айқындау ыңғайлары. Мәселені айқындау тізбектілігі: белгілерін анықтау (зерттеушінің басшылықпен немесе шешім қабылдаушы тұлғамен кездесуін ұйымдастыру, басшылар мен мамандардан эксперттік пікір сұрау), басшылық мәселесінің маркетингтік зерттеулер мәселесіне түрленуі. Басшылық мәселесі және маркетингтік зерттеулер мәселесі. Маркетингтік мәселелердің типтері.
Маркетингтік зерттеулердің әдістемесін жоспарлау. Талдаулық моделдерді құру. Талдаулық моделдердің нысаны: вербалды, графикалық және математикалық.
Маркетингтік зерттеулердің, мақсаттарын анықтау және жұмыс гипотезасын әзірлеу. Маркетингтік зерттеулердің мақсаттары: іздеу, сипаттаушы, себеп-салдарлық. Жұмыс гипотезасын әзірлеу үрдісі.
Маркетингтік зерттеулердің релевантты сипаттамаларын бөліп көрсету және міндеттерді белгілеу.
Маркетингтік зерттеулердің жоспарын құру. Маркетингтік зерттеулердің жоспарының жіктелуі. Маркетингтік зерттеулер типтеріне байланысты зерттеушілік дизайндар сипаттамасы: анықтамасы, мақсаттары, басты параметрлері, алынған ақпараттар сипаты, зерттеулер нәтижелері, қолданылатын маркетингтік зерттеулердің әдістері.
Маркетингтік зерттеулер типтерінің өзара байланысы. Маркетингтік зерттеулерді жүргізу шараларын тұрақтандыру.
Іріктеме, шкалалауды жоспарлау және бюджетті құру түсініктері.
Ақпаратты жинау. Далалық зерттеулер персоналын даярлау. Таңдау. Далалық зерттеулер персоналының жұмысын бақылау нысаны. Далалық зерттеулер персоналының ақпаратты жинау және бақылау.
Дайындық, ақпаратты талдау түсінігі және маркетингтік зерттеулердің нәтижесі бойынша есептемесін әзірлеу.
Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің ұйымдық нысандары: өзіндік маркетинг бөлімімен, маркетингтік зерттеулерді жүргізу қызметтерін ұсынатын тәуелсіз зерттеу фирмалары мен компанияларын жұмылдыру.
Маркетингтік зерттеулерді өзіндік маркетинг бөлімімен жүргізудің нысандары: жоғарғы басшылық деңгейінде құрылатын мәселелік топтарға маркетинг мамандарын бөлу; фирманың бөлімі құрамында маркетингтік зерттеулер бөлімшелерін ұйымдастыру (орталық маркетинг бөлімінде, өндірістік бөлімдерде, өткізу аппаратында, жобалау топтарында және т.б.). Маркетингтік зерттеулерді өзіндік маркетинг бөлімімен жүргізу кезіндегі қызметтер сипаты.
Маркетингтік зерттеулерді жүргізу қызметтерін ұсынатын тәуелсіз зерттеу фирмалары мен компанияларын жұмылдыру: әмбебап бейінді зерттеушілік компаниялар мен фирмалар және олардың қызметтерінің түрлері (синдикативті, стандартталған, тапсырыстық, Internet-қызметтер); шектеулі қызметтерді ұсынатын зерттеушілік компаниялар (далалық зерттеулерді жүргізу, мәліметтерді кодтау және еңгізу қызметтері, талдау қызметтері, фирмалық бағдарламалар негізінде маркетингтік зерттеулерді жүргізу).
Маркетингтік зерттеулерді жүргізу үшін тәуелсіз зерттеу фирмалары мен компанияларын таңдау критерийлері.
Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің ұйымдық нысандырының құн, зерттеулерді жүргізу тәжірибесі, объектінің ерекшеліктерін білу, нәтижелердің объективтілігі, техникамен жабдықталуы және ақпараттардың құпиялылығы критерийлері бойынша артықшылықтары мен кемшіліктері.
Маркетингтік зерттеулерге қатысушыларының қарым-қатынасы: қоғам, респондеттер, зерттеушілер, клиенттер (тапсырыс берушілер). Маркетингтік зерттеулер қатысушылары қарым-қатынасының этикалық мәселелері. Маркетингтік зерттеулерге қатысушы тұлғалардың функционалдық міндеттемелері.
Маркетингтік зерттеулердің этикалық кодекстері: ESOMAR, Америкалық маркетинг ассоциациясы және т.б. Қазақстандағы маркетингтік зерттеулер нарығы.
Кеңселік зерттеулер әдісі: анықтамасы, негізгі көздері, қолдану шарттары, артықшылықтары мен кемшіліктері. Кеңселік зерттеулерді жүргізу кезіндегі ақпаратты талдау түрлері: дәстүрлі (классикалық) және ақпаратты-мақсаттық. Дәстүрлі талдау: құжаттарды ішкі және сыртқы бақылау. Ақпаратты-мақсаттық талдауды жүргізу алгоритмі: мәтін мазмұнымен танысу; мәтіндегі хабардың түйінді мақсатын білдіретін сөйлемді, сөз тіркесін немесе абзацты бөліп көрсету; жалпы мазмұн шегінде негізгі элементтерді белгілеу (бірінші, екінші, үшінші деңгей бойынша); жалпы мазмұн шегінде қосымша (екінші дәрежелі) элементтерді белгілеу (иллюстрациялар, қосымша мәліметтер); бөліп көрсетілген мәтіннің мағыналық тізбегі құрылымының сызбалық бейнесі; мәтіннің артық ақпарат коэфициентін анықтау; жұмыс нәтижелерін есептеме түрінде рәсімдеу. Ақпаратты дәстүрлі және ақпаратты-мақсаттық талдаудың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Нарықты нақты орнында (далалық) зерттеу, сынама сатулар, жеке іскерлік байланыстар: мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері.
Бақылау ұғымы және оны қолданудың жағдайлық сипаттамалары. Бақылаудың негізгі түрлерінің жіктелуі: бақылаудың стандартталу деңгейі (құрылымдық және құрылымдық емес), жасырын дәрежесі және бақыланатын құбылыстар сипаты (ашық және жасырын (тікелей, жанама), зерттеулерді жүргізу сипаты (жасанды, табиғи, зертханалық-далалық), бақылауды жүргізу жиілігі (жүйелі, эпизодты, бір ретті, кездейсоқ), бақылау объектісін қабылдау тәсілі (жеке, механикалық).
Бақылау әдістерінің жіктелуі. Жеке бақылау: түсінігі, бақылауды тіркеу карточкасын әзірлеу. Механикалық бақылау: анықтамасы және қолданылатын механикалық құрылғылар. Бақылаудың респондеттің қатысуын/қатыспауын талап ететін техникалық құрылғылары. Контент-талдау: түсінігі және талдау объектілері. Іздер талдауы (трес-талдау).
Бақылауды жүргізу кезеңдері. Дайындау кезеңі: мақсаттарды анықтау, міндеттерді қою, объектіні және зерттеу пәнін белгілеу; бақылау орны мен уақытын тандау, бақылау ортасына еркін кіруді қамтамасыз ету; бақылаудың нысаны мен әдісін таңдау; бақылау бірліктері мен шектерін анықтау негізінде оны жүргізу тәртібін әзірлеу; техникалық құжаттарды (карточкалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері; бақылаушыларға арналған нұсқау) және механикалық құрылғыларды дайындау және тексеруден өткізу; бақылаушыларды нұсқамамен таныстыру және дайындау. Далалық кезең: бақылау нәтижелерін жинау және тіркеу; бақылаушылардың жұмысын бақылау (бақылауға қатысушылармен әңгімелесу; бақылаудың жұмыс құжаттарын талдау; өзіндік бақылау нәтижелерін, басқалармен салыстыру; қайта бақылау жүргізу). Талдау кезеңі: бақылау нәтижелерін өндеу және бақылау нәтижелерін есептеме түрінде рәсімдеу. Бақылау нәтижелерінің сенімділігін бағалау коэффициенті.
Бақылау әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Бақылау әдістерін салыстырмалы бағалау.
Маркетингтегі себеп-салдарлық тұжырымдама. Эксперимент түсінігі және сипаттамасы.
Экспериментті жобалау. Эксперименнті жүргізудің сенімділігі: ішкі және сыртқы. Эксперименттің сенімділігіне әсер ететін факторлар.
Экспериментті жүргізу үрдісін бақылау және кезеңдері. Дайындау кезеңі: эксперименттің мақсаттарын анықтау және міндеттерін қою; тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды, оларды бағалау әдістемесін таңдау; эксперимент гипотезасын дәлелдеудің қисынды құрылымын анықтау; экспериментті жүргізудің сызбасын таңдау; эксперимент гипотезасын дәлелдеудің қисынды құрылымына сәйкес объектісін қалыптастыру. Далалық кезең – эксперементтік шараларды жүргізу және көрсеткіштерді өлшеу. Талдау кезеңі: айқындалған байланыстарды талдау; эксперимент нәтижелерінің ішкі және сыртқы сенімділігі; экспериментті жүргізу туралы есептеме әзірлеу.
Экспериментті жүргізудің жіктелуі және олардың нысандары. Зертханалық және далалық эксперименттер.
Сынама нарық және сатулар (нарықты тестілеу) түсінігі. Нарықты тестілеу түрлері: стандартты сынама нарық, бақыланатын сынама нарық, электронды сынама нарық, еліктемелік сынама нарық. Сынама маркетингті жүргізу кезеңдері. Сынама маркетингті жүргізуден кейінгі қолданылатын стратегиялар. Сынама маркетингті жүргізудің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Пікір сұрау жүргізу түсінігі. Респондеттерден пікір сұрау жүргізу кезіндегі ақпараттарды жинау тәсілдері. Пікір сұрау жүргізудің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Пікір сұрау жүргізу нысандарының жіктелуі. Пікір сұрау жүргізу әдістерінің жіктелуі: телефон арқылы, жеке, пошталық және электрондық. Пікір сұрау жүргізу әдісін таңдау факторлары. Пікір сұрау жүргізу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Сауалнаманы әзірлеу үрдісі. Сауалнама және оның ққрылымы (кәсіпкерлік, негізгі және реквизиттік бөлімдер). Сауалнаманы әзірлеудің кезеңдері: қажетті ақпаратты анықтау, пікір сұрау жүргізу әдісін таңдау, нақты сұрақтар мазмұнын анықтау, сұрақтарды, респонденттің жауап беруіне мумкін емес және бас тартатын сұрақтардың болмауындай құру, сұрақтардың құрылымын анықтау (ашық, жабық, тікелей және жанама сұрақтар; құрылымдық және қүрылымдық емес сұрақтар, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері), әрбір сұрақтың сөздік құрамын анықтау, сұрақтардың тізбектілігін анықтау (сұрақтардың орналасу стратегиялары: туннельдік және воронкотәріздес), сауалдаманың нысаны мен орналасуын анықтау, сынама пікір сұрау жүргізу (іріктеме мақсаты және көлемі).
Іріктемені жоспарлаудың басты ұғымдары: бас жиынтық, жиынтық элементтері, іріктеме (іріктемелік жиынтық), іріктеме бірлігі, іріктеме шектері (контуры).
Іріктемені жоспарлау үрдісінің кезеңдері: бас жиынтықты анықтау; іріктеме шектерін әзірлеп, іріктеме әдісін таңдау; іріктеме көлемін анықтау, іріктеме үрдісін жүзеге асыру.
Іріктеме әдісін таңдау. Іріктемені құру тәсілдерінің сипаттамасы: байестерді/дәстүрлі ыңғай, қайталама (қайта оралу)/ қайталаусыз іріктеме, ықтималды (кездейсоқ)/детерминацияланған (кездейсоқ емес) іріктеме.
Іріктеме әдістері: ықтималды және ықтималды емес. Ықтималды іріктеме әдістері: қарапайым кездейсоқ, жүйелік, стратификацияланған, кластерлік және т.б.
Ықтималды емес іріктеме әдістері: презентативті емес, үстірт, квоталық, «аққала» қағидасы бойынша іріктемелер. Іріктеме әдістерін таңдауға жақсы жағдай жасау. Іріктеме әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Іріктеме көлемін есептеу әдістері: еркін, дәстүрлі және статистикалық, Іріктемеде кездесетін қателіктер.
Сандық және сапалық зерттеулер: анықтамасы және салыстырмалы сипаттамалары. Сандық/сапалық маркетингтік зерттеулерді таңдаудың тартымды жағдайлары.
Контент-талдау - екінші ретті сандық ақпаратты бір нысанға келтіру арқылы талдау әдісі. Контент-талдауды жүргізу алгоритмі. Бірінші ретті ақпаратты сапалық зерттеулер негізінде жинау әдістері: бір нысанға келтірілген пікір сұрау, бақылау және эксперимент. Бір нысанға келтірілген бірінші ретті ақпаратты сапалық талдау әдістері: ақпаратты өндеудің статистикалық әдістері, көп өлшемді әдістер, регрессиялық және корреляциялық әдістер, имитациялық әдістер, статистикалық шешімдер қабылдау теориясы әдістері, детерминацияланған әдістер, гибридті әдістер.
Сапалық зерттеулердің әдістері. Сапалық зерттеулер әдістерінің жіктелуі: тікелей (фокус-топтар, тереңдетілген сұхбат), жанама/проекциялық (ұқсату әдісі, құбылыстың аяқталуы, құрастыру және сөйлемдер).
Фокус-топ: анықтамасы, мақсаты және қолдану аумағы. Фокус-топтардың негізгі сипаттамалары: топтағы адамдар саны, құрамы, жүргізу шарттары, ұзақтығы, таспаға жазып алу, модератор.
Тереңдетілген сұхбат; мазмұны мен әдістері («лэддеринг», нәтижесі жасырын пікір сұрау, символикалық талдау).
Проекциялық әдістер: мәні және психология мен маркетингтегі қолдану ерекшеліктері. Ұқсату әдістері: сөздерді ұқсату арқылы сынау жүргізу (вербалды ұқсатулар және сөздік ұқсату әдістері және ұқсату жөніндегі әңгімелер (вербалды және вербалды емес ұқсатулар. Құбылыстың аяқталуы әдістері: сөйлемдер мен хикаялардың аяқталуы және т.б. Құрастыру әдісі: суреттер бойынша жауп беру, анимациялық тесттер, жобалық сұрақтар, және т.б. Сөйлемдер (бейнелеу) әдісі: ролдік ойындар, үшінші түлға әдісі және т.б.
Маркетингтегі сапалық зерттеулердің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Фокус-топ әдісінің даму тарихы. Фокус-топ түсінігінің басты анықтамалары. Фокус-топ анықтамаларына әр түрлі көзқарастар.
Фокус-топтарды өткізу әдістемелері. Фокус-топтарды өткізу кезеңдері: дайындау кезеңі, далалык зерттеулер, мәліметтерді талдау және нәтижелерді көрсету кезеңдері.
Фокус-топтарды өткізудің дайындау кезеңі. Зерттеушілік команданы даярлау. Респонденттер жиынтығы. Гайд жазу.
Фокус-топтарды өткізудегі далалық зерттеулер. Фокус-топтарды өткізу. Фокус-топтарды өткізу кезіндегі мәліметтерді және нәтижелерді талдау. Белгілерді ажыратуды талдау. Алдын-ала әзірленген есептемені қарастыру. Түпкілікті есептемені жазып, тапсырыс берушіге ұсыну.
Фокус-топтық зерттеулердегі негізгі бағыттар. Фокус-топтардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Зерттеудің панелдік әдісі ұғымының басты түсініктерін анықтау: панель, панель қатысушысы, панель сипаттамасы, панелдік зерттеулер. Панелдерді ұзақтылығына, зерттеу мәселесінің сипатына (зерттеу пәні), панель мүшелерінен ақпарат алу әдістеріне, зерттеу мақсаттары мен сұрақтарының тұрақтылығына, зерттелінетін бірліктер сипатына қарай жіктеу.
Панель түрлері, зерттеулер объектілері, мақсаттары және нәтижелері: тұтынушылық, сауда, өндірістік сипаттағы тауарлар нарығының кәсіпорындары, арнайы нысан панелдері (мамандар/эксперттер топтары, қызмет көрсету кәсіпорындары)
Синдикативтік қызметтердің жіктелуі: тұтынушылар панелі (пікір сұраулар (психографика және өмір сүру бейнесі, тұтынушылардың мінез құлқын зерттеу, жарнаманы бағалау), күнделіктік панелдер (сатып алулар бойынша, медиа-панелдер); электрондық сканерлеу (бақыланатын сканерлік мәліметтер, кабелдік теледидарды пайдаланатын сканерлік күнделіктік панелдер); сауда панелі (бөлшек және көтерме компанияларының аудиті); салалық кәсіпорындар панелі (өнеркәсіптік кәсіпорындар, қызмет көрсету кәсіпорындары (анықтамалық бюролар, резюмеленген ақпараттар, корпоративтік есептемелер)).
Аудиториямен байланысы бойынша панелдің артықшылықтары мен кемшіліктері: тұтынушылар панелі (пікір сұраулар, пошталық күнделіктік панелдер), электрондық сканерлеу қызметтері, салалық кәсіпорындар панелі.
Статистикалық процедуралар банкі. Мәні және мақсаты. Статистикалық процедуралар банкінің ақпаратты талдауда қолданатын негізгі әдістері. Статистикалық процедуралар банкіндегі талдаулардың негізгі түрлері.
Банк үлгісін қолданудың мәні және мақсаты. Үлгілердің негізгі типтері. Үлгілердің жіктелуі.
Эксперттік бағалау түсінігі. Эксперттік бағалаудың түрлері. Эксперттік бағалауды жүргізу кезеңдері. Дельфи әдісі. Дельфи әдісінің алгоритмы.
Трендтерді экстрополяциялау. Экстрополяция түрлері. Қарапайым экстрополяция. Факторларды ескеретін экстрополяция.
Математикалық статистикаға негізделген болжау. Математикалық үлгілеу әдісі.
Жүргізілген зерттеу жөнінде есептемені дайындау. Қорытынды есептеменің құрылымы. Есептеме дизайны.
Маркетингті басқару
Курстың объектісі, пәні. Маркетингті басқарудағы қолданылатын әдістер. Курстың мақсаты мен міндеті. Оның басқа пәндермен байланысы, маркетинг концепциясының эволюциясы жәнеоның қызметі.
Зерттеу ерекшелігі, курстың құрылымы, мәні. Ұсынылатын әдебиеттер.
Бәсекелі ортада талпыну шарттары. Фирманың бәсекелік позициясы. Ұзақ кезеңдегі фирманың жағдайы. Қалаулы жағдайға жету. Жедел және стратегиялық басқарудың ерекше белгілері. Стратегиялық бизнес бірлігі (СББ), оның мәні. Сегменттеу критерилері. СББ құрылымы. Стратегиялық шешім деңгейі және стратегия типтері.
Фирманың табысты басқару жағдайы. Объектіні таңдау және басқару мақсатын анықтау. Фирма миссиясы. Фирма миссиясының философиясы. Фирма жұмысшылары тобының қызығушылығы.
Стратегиялық бағытты анықтау және оған әсер етуші факторлар. Корпоративтік стратегиялық мақсат. Мақсат типтері. «Мақсат ағашы». Мақсатты анықтаушы сипаттамалар. Мақсатқа қойылатын талаптар. Фирма әрекетін жоспарлау және оның кезеңдері.
Фирма миссиясын ағымдық нақтылау. Үш деңгейдің біліктілігі мен икемі және оны бағалау.
Ұйымдастыру мәдениеті және оның мазмұны. Ұйымдастыру мәдениетінің белгілері және оның деңгейі. Объективті және субъективті ұйымдастыру мәдениеті. Ұлтты ынталандыру және оның түрлері. Ұйымдастыру мәдениетін идентификациялау параметрлері. Фирмадағы мәдениет қызметі. Ұйымдастыру мәдениетінің типі. Ұйымдастыру мәдениетінің сипаттамасы. Субмәдениет. Контр мәдениет.
Басқару үрдісін ұйымдастыру. Өкілеттілікті бөлу. Қызметкерлер әрекетін бақылау. Басқару тәсілі. Ынталандыру жүйесі. Еңбекті ынталандыру.
Өндіріс үрдісін ұйымдастыру. Шығын тиімділігі және оған әсер етуші факторлар. Бәсекелестік артықшылықты құрудың негізгі төрт бағыттары. Фирма жұмыс тәжірибесіндегі СББ талдау көздері және фирма әрекетін қаржылық бағалау көрсеткіштері. Есептеу формулалары.
СББ маркетингтік әрекетін бағалау көрсеткіштері, талғамсыздық нүктесі және оны анықтау формуласы.
Фирманың сыртқы ортасын талдаудың стратегиялық шешімдер баламаларын және фирманың стратегия портфелін құруындағы мәні, мақсаты және алғышарты.
Сыртқы ортаны маркетингтік талдаудың деңгейлері.
Мезоортаны талдау, оның мазмұны. Потенциалды нарықты талдау және бағалау. Фирма нарығын алдын-ала бағалау. Фирманың мақсаты және потенциалды нарығы. Ақшалық өлшемдегі нарық потенциалын анықтау. Тауар-туыстық жобалау.
Бәсекелестер, тауарлар – түр бойынша бәсекелестер, тауарлар белгі бойынша бәсекелестер. Сұраныс деңгейлері, оның сипаты және оған әсер ететін факторлар. Рыноктың басым үлгісін анықтау. Рыноктың кіруші, шығушы кедергілер. Салалық бәсекелестік. Тұтынушылардың саудаласу күші. Жабдықтаушылардың саудаласу күші. Бәсекелестік күшінің өзгеруіне әсер ететін факторлар.
Мегаортаны талдау, оның мазмұны. Экономикалық конъюнктураны қалыптастырушы факторлар және оларды талдау.
Бәсекелестердің күшті және осал жақтарын бағалау. Негізгі бәсекелестер. Бәсекелес фирмалардың стратегиялық топтарының белгілері. Бәсекелестердің стратегиялық топтарын және олардың рыноктық стратегияларын анықтау. Фирманың бәсекелестік артықшылығына жету және оның негізгі стратегиялары.
Фирманың бәсекелестік артықшылықтарын талдау. Фирманың рыноктағы стратегиялық орнын талдау. Фирманың мүмкіншілігін талдау барысында Лейкерт шкаласының негізінде эксперттік әдістерді қолдану.
Фирма қызметінің стратегиялық мақсатты параметрлерін таңдау. Фирманы дамытудың баламалы стратегияларын таңдау үшін СВОТ-талдау әдісін қолдану. Фирманың ішкі және сыртқы орталарының жағдайын бағалау параметрлері. СВОТ-талдау әдісінің мәні және талдау процедурасы. Фирманы дамыиу мақсатын келісу және оған жету стратегиялары.
Маркетингтік жоспарлау – жалпы корпоративтік жоспарлаудың құрамдас бөлігі. Маркетинг жоспарлаудың мәні және маңызы. Маркетинг жоспарының топтастырылуы. Маркетинг жоспарының құрылымы. Маркетинг жоспарын жасау негіздері. Стратегиялық және жедел маркетингтік жоспарлаудың ерекшеліктері. Жоспарларды жасау реті. Жоспарлау әдістері.
Стратегиялық жоспарлау мәні және маңызы. Маркетингтің стратегиялық жоспарлаудың міндеттері мен үрдістері. Стратегиялық жоспарлау үлгілері.
Маркетингті жедел жоспарлаудың міндеттері. Маркетинг бағдарламасын жасау сатылары. Жедел жоспарлауды ұйымдастыру аспектілері. Интегралданған маркетинг жоспарын жүзеге асыру механизмі.
Фирманы басқару жүйесінің түсінігі. Оны дамыту сатылары. Жаппай өндіріс. Жаппай өткізу. Постиндустриалды мерзім.
Маркетингті басқару мәні. Маркетингті басқару субъектісі мен объектісі. Маркетингті басқару технологиясы, мақсаты және әдістері. Маркетингті басқару үрдісінің технологиясы және басқару үрдісі.
Маркетингті басқарудың стратегиясы, тактикасы және функциялары.
Маркетингті басқару принциптері. Құндылыққа бағытталған принциптер. Концептуалды реттеуші принциптер. Тактикалық талдау және жобалау принциптері.
Маркетинг қызметінің ұйымдық құрылымдары. Маркетингті басқару құрылымдары. Кәсіпорындағы маркетингтің функционалдық байланыстары. Маркетинг қызметі жөніндегі типтік ережелер. Маркетинг қызметін ұйымдастыру формалары. Міндеттерді бөлу картасы.
Маркетингтік зерттеулер, оларды жүргізу әдістері. Бақылау. Сауалнама жүргізу. Сұрау. Экспертті-аналитикалық әдістер. Математикалық әдістер.
Экономикалық көрсеткіштерді болжамдау әдістері. Өткен уақыттағы мәліметтер динамикасының негізіндегі болжамдары. Казуалды болжам. Сапалық болжам («ми шабуылы» әдісі, «Дельфи» типіндегі әдістер, «мақсат ағашы», жағдайлық талдау).
Маркетингті басқарудағы шешім қабылдау. Маркетингтік шешімдерді қабылдаудың үздіксіздігі. Тиімді бәсекелестік теориясы.
Фирманың нарықтық қызметіндегі стратегияны талдаудағы қалыптасқан көзқарастар. Олардың сипаттық түрлері, артықшылықтары мен кемшіліктері. Рыноктағы фирманың мінез-құлқы стратегиясын жасаудың негізгі әдістері. Ірі, орта және шағын фирмаларды дамыту стратегияларын таңдау ерекшеліктері.
Базистік (эталонды) стратегиялар және фирманы өсіру мен дамытуға төрт көзқарас. Шоғырландырылған өсу стратегиясы. Интегралдандырып өсу стратегиясы. Диверсификацияландырылған өсу стратегиясы. Қысқарту стратегиясы.
Фирманың бәсекелестік стратегиялары. Шабуыл стратегиялары. Қарсыластың күшті жақтарына шабуыл. Қарсыластың осал жақтарын пайдалану. Кең көлемді шабуыл.
Аралас стратегиялар. Бос аумақтарды жаулап алу стратегиялары. «Құпиялы соғыс» стратегиялары. Соққыларды белсенді залалсыздандыру стратегиясы. Бәсекелестік артықшылықтарды сақтау стратегиясы.
Диверсификация стратегиясы. Диверсификацияны бағалау критерилері. Ұқсас салаға, бизнестің жаңа салаларына, бизнестің ұқсас емес салаларына диверсификациялау стратегиялары.
Бизнестің орнын алу стратегиялары. Оларды таңдауға әсер ететін факторлар. Рыноктың көшбасшысы. Екінші рөлдегі фирмалар. Тікелей бәсекелестіктен қашатын фирмалар. Дағдарыс жағдайлардың себептері және оларды жою жолдары.
Фирманың корпоративті стратегияларын таңдау. СВОТ-талдау әдісінің маңызы. Саланың жағдайы және фирманың саладағы орыны. Фирма мақсаттары. Фирма басшыларының мүдделері мен олардың қарым-қатынасы. Қаржы ресурстары. Жұмысшылардың біліктілігі. Рынок қызметтерінің алдыңғы сатылары бойынша фирманың міндеттемелері. Рыноктық ортаға тәуелділік дәрежесі. Мерзімдік фактор. Стратегияларды бағалау.
Мақсатты рынокты таңдау және позициялау стратегияларын басқару.
Рынокты және сатып алу уәжін сегменттеу. Сатып алу уәжіне тәуелді факторлар. Рынокты сегменттеу принциптерінің рыноктық қызмет түріне тәуелділігі.
Стратегиялық әдістің үш нұсқасы негізінде мақсатты рынокты таңдау. Дифференциалданбаған маркетинг стратегиясы. Шоғырланған маркетинг стратегиясы. Дифференциалданған маркетинг стратегиясы.
Мақсатты рынокты портфельді талдау әдісі арқылы талдау. Д. Абельдің үш мөлшерлі матрицасы. Фирма үшін рынок тартымдылығын анықтау критерилері.
Позициялау стратегиялары. Позициялау картасы және бәсекелестік ортадағы дифференциациялау әдістері. Позициялау мақсаты және оған жетудің шарттары. Тауардың өмір сүру стратегиясын пайдаланудың мәні мен мақсаттары.
Тауарды ертудің жеке кешені. Тауарлы сызық. Маркетингтің өнім стратегиясын жасау реті.
Матрицалық портфельді талдау. Рынок мүмкіндіктерімен фирманың ішкі потенциалын салыстыру нұсқалары. Фирманың өнімдік портфелін бағалаудың интегралды көрсеткіштері. «Рыноктық тартымдылық – табыс өлшемі» екі өлшемді матрица.
БКТ матрицасы. Тауарлар қозғалысының траекториясы. БКТ матрицасының артықшылықтары мен кемшіліктері.
«Бизнес экраны» матрицасы (GE-MacKinsey).
Тауарлы стратегиялар. Стандарт/мамандандыру. Қажетті тауар сапасын қамтамасыз ету. Интегралды көрсеткіш негізінде тауар белгісін бағалау. Тауар сапасын қамтамасыз етудегі стратегиялық әдістер. Жаңа тауар туралы шешім. Тауар туралы шешім. Тауарлы тізбектің өзгеруі. Белгі және белгі стратегиялары.
Баға стартегияның жасау үрдісі. Баға құру мақсаттары. Сұраныс концепциясы. Ұсыныс заңы. Рыноктық баға құру заңы. Баға құрудың негізгі стратегиялары.
Тауар бағасын анықтау. Бастапқы бағаны анықтау. Рыноктық факторларды ескеру. Тауар құндылығы және оның динамикасын баға құруда ескеру әдістері. Бөлшек бағаларды бақылау және делдалдар бағаларына әсер ету әдісі. Бағаның фирманың мақсатына сәйкес келуі және оны тексеру әдістері. Шығынсыздықты талдау.
Тарату мәні және маңызы. Тарату арналары. Тарату функциялары. Тарату арналарының қызметі. Арна деңгейі. Арна ұзақтығы. Арналар типі. Тарату статегиясын жасау.
Тарату мақсаттары. Инвестициялық мақсаттар және оның тарату мақсатымен өзара байланысы. Арналарға қатысты стратегиялық шешімдер.
Тұтынушыларды қамту қарқындылығын анықтау. Қарқынды тарату. Эксклюзивті тарату. Селективті тарату. Тарату қарқындылығының типін таңдауға әсер ететін факторлар. Ағымдағы интенсивтілік. Сауда торының сапасы және оны бағалау.
Тарату арнасының ұзақтығын анықтау. Арна қатысушылары. Көтерме сауда фирмалары. Агенттер мен брокерлер. Филиалдар мен өкілеттіліктер. Тарату арнасын таңдауға әсер ететін факторлар.
Арнаның ұйымдастыру нысандарын таңдау. Көлденең маркетингтік жүйе. Тік маркетингтік жүйе. Мәжбірлеу стратегиясы. Қозғау стратегиясы. Дүкен түрлері.
Коммуникациялар жүйесі және олардың шешетін мақсаттары. Жылжыту мақсаттары.
Тұтынушылардың мінез-құлқы. Маркетинг концепциясын құрудың негізгі алғы шарттары. Тұтынушы маркетинг тұрғысынан. Тұтынушылар мінез-құлқысының үлгілері. Тұтынудың негізгі төрт сатысы. Тұтынушылардың сатып алу туралы шешім қабылдауының үлгілер кешені. Тұтыну стилі.
Жылжыту міндеттері мен құралдары. Сұраныстың сипаттары мен құрамдас бөліктері. Фирманың тұтынушылармен коммуникациялық байланыс құру және қолдаудағы маркетинг құралдары. Жарнама. Жеке сату. Өткізуді ынталандыру. Паблисити. Паблик рилейшнз. Коммуникациялық стратегияны жасау сатылары.
Жылжыту бюджетін анықтау. Жылжыту бюджетін жасау әдістері. Жылжытуға кеткен шығындардың құрылымы.
Маркетингті басқарудағы бақылау мәні және маңызы. Бақылау түрлері. Маркетингтік іс-әрекетті бақылау және түзеу. Маркетинг жоспарының жүзеге асырылуын бақылау. Маркетингтің мақсатты көрсеткіштер жүйесі.
Жедел бақылау. Сатуды бақылау және ауытқулар бойынша рынок үлесін бақылау әдісі, сатуды және рынок үлесін «80-20» қағидасы бойынша бақылау әдісі, тұтынушылардың адалдығын бақылау әдісі.
Фирманың қаржы нәтижелерін бақылау. Пайдалылықты бақылау. Маркетингтік шығындарды бақылау әдісі. Тауарлардың тікелей пайдалылығын бақылау әдісі.
Коммуникативті тиімділікті бақылау. Тұтынушылардың маркетинг күштеріне әсер түрлері. Танымдық, эмоционалды және мінез-құлықтық әсерлерді өлшеу әдістері.
Стратегиялық бақылау. Стратегиялық бақылау әдістері. Стратегиялық тұрақтылықты талдау әдісі (Дж. Дэя), стратегиялық осалдықты талдау әдісі (Ж.-Ж. Ламбен), стратегиялық бейімділікке тест-талдау (Ф. Котлер), стратегиялық тиімділікті бағалау әдісі (Г. Ассэль).
Маркетинг аудиті. Маркетинг аудитінің мәні мен ерекшеліктері. Маркетинг аудитінің аясы мен объектілері. Сыртқы және ішкі маркетинг аудиті. Сыртқы маркетинг аудиті.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
-
Микроэкономика: оқулық / Ж. Ғабит. - 2- басылым өңделген және толықтырылған. - Алматы : Print S, 2012. - 424 б.
-
Микроэкономика: оқулық: [техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына ұсынады] / А. Б. Молдахметова, М. Ө. Өтебаев. - 2-басылым. - Астана: Фолиант, 2010. - 245 б.
-
Макроэкономика: оқулық / А. Н. Доғалов, Н. С. Досмағанбетов. - 2- басылым өңделген және толықтырылған. - Алматы: Дәуір, 2012. - 416 б.
-
Макроэкономика: оқу құралы / Б. М. Мұхамедиев, Р. Т. Дуламбаева, Д. Ж. Рахматуллаева. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 220 б.
-
Маркетинг : экономика мамандықтарының студенттеріне арналған пәннің оқу кешен жинағы / құраст. А. К. Мұстафина. - Павлодар : Кереку, 2011. - 166 б.
-
Сатыбалдыұлы, С. С. Маркетинг және менеджмент негіздері : оқулық / С. С. Сатыбалдыұлы, Б. Байтанаева. - 2- басылым. - Астана : Фолиант, 2011. - 320 б.
-
Беляевский И.К. Маркетинговые исследования: информация, анализ, прогноз. – М.: Финансы и статистика, 2011. – 320 с.
-
Черчилль, Гильберт А. Маркетинговые исследования. – СПб.: Питер, 2007. – 699 с.
-
Голубков Е.П. Маркетинговые исследования: теория, методология и практика. – М.: Издательство «Финпресс», 2009. – 416 с.
-
Дюсембекова Ж.М. Маркетинговые исследования. – Алматы. : Экономика, 2005. – 320 с.
-
Каменева Н.Г., Поляков В.А. Маркетинговые исследования:.-М.:Вузовский учебник,2012.-367 с.
-
Г. Моосмюллер, Ребик Н.Н. Маркетинговые исследования.-М.:ИНФРА-М,2012.-199 с.
-
Лашкова Е.Г., Куценко А.И. Маркетинг : практика проведения исследований:учебное пособие для вузов по спец. "Реклама".-М.:Академия,2008.-240 с.
-
Дюсембекова Ж.М. Маркетинговые исследования: учебник.-Алматы:Экономика,2013.-472 с. Юбилейный выпуск к 50-летию КазЭУ им. Т. Рыскулова. 1963-2013 гг.
-
Н. И. Ивашкова Управление маркетингом:учебное пособие для сред. проф. образования.-М.:ФОРУМ,2010.-175 с.
-
Т. П. Данько Управление маркетингом:учебник для экон. спец. вузов.-3-е изд., перераб. и доп..-М.:ИНФРА-М,2012.-363 с.
-
Л. В. Кузнецова, Ю. Ю. Черкасова Основы маркетинга:учебное пособие для вузов по спец. 080111 "Маркетинг".-М.:Вузовский учебник,2010.-138 с.
-
Ф. Котлер Основы маркетинга.-4-е европейское изд..-М.:Вильямс,2010.-1199 с.
| -
В. А. Алексунин Маркетинг:[учебник для образовательных учреждений сред. проф. образования по экон. спец.].-5-е изд., перераб. и доп..-М.:Дашков и К,2010.-214 с.
| -
Морозов, Ю. В. Основы маркетинга:учеб. пособие.-6-е изд., испр. и доп..-М.:Дашков и К,2009.-147 с.
| -
В. И. Беляев Маркетинг: основы теории и практики:[учебник для вузов].-4-е изд., перераб. и доп..-М.:Кнорус,2010.-676 с.
|
Қосымша:
-
Котлер Ф. Маркетинг менеджмент. – СПб.: Питер Ком, 2009. – 896 с. (Серия «Теория и практика менеджмента»)
-
Березин И.С. Маркетинг и исследования рынков. – М.: Русская деловая литература, 2007. – 416 с.
-
Романова А.Н. Маркетинг.- М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2009.
-
Энджел Д., Блэкуэлл Р., Миниард П. Поведение потребителей. - СПб.: Питер, 2009.
-
Герчикова И.Н. Менеджмент. Практикум. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2008. – 355 с.
-
Калюжнова, Н.Я. Маркетинг: общий курс:учеб. пособие для вузов по направлению "Экономика".-4-е изд., стер..- М.: Омега-Л,2010.-476 с.
-
Григорьев, М. Н. Маркетинг.- М.: ЮРАЙТ,2010.-366 с.
-
Завьялов П.С. Маркетинг в схемах, рисунках, таблицах:: учебник пособие.-М.:ИНФРА-М,2012.-495 с.
-
Ф. Котлер. Основы маркетинга.-4-е европейское изд..-М.:Вильямс,2010.-1199 с.
-
Годин А.М. Маркетинг: учебник для экон. спец. вузов.-8-е изд., перераб. и доп..- М.: Дашков и К,2010.-672 с.
-
Басовский Л.Е. Маркетинг: учебное пособие.- М.:ИНФРА-М, 2010.-133 с.
Достарыңызбен бөлісу: |