«Демалыста» рөлдік ойыны.
Ойынға қатысушылар: Отбасы мүшелері, олардың достары.
Қатысымдық жағдаят: Бір жексенбіде бос уақыттарын бірге өткізуге тырысқан әке-шешесі мен есейіп қалған балаларының тағы да әдеттегідей бірге демалу мүмкіндігінің болмауы.
Сөйлеу ниеттері: ұсыныс, талап, кеңес, шақыру, келісу немесе келіспеу, бас тарту, рұқсат беру немесе тыйым салу, кешірім сұрау, алғыс пен кешірімге жауап беру, оқиға мен әрекеттің уақыты, орны, себебі жайлы мәлімдеу, ұсыныс, шақыру, деректер мен оқиғалар, тұлғалар мен заттарға қатысты сұрақтар қою, баға беру т.б.
Ойынның барысы:
1. Жексенбілік таңғы ас үстінде отбасы мүшелерінің демалысты бірге өткізу туралы сұхбаты.
2. Отбасы мүшелері әрқайсысы өз достарымен, таныстарымен телефонмен сөйлесіп, басқа жоспарлар құруы.
3. Кешкі ас үстінде бәрінің қайта жиналып, қалай демалғандары туралы әңгімелесуі.
«Әкімшілік» ойыны. Оқушылар Ақтөбе қаласының әкімі, облыс әкімі, мектеп директорлары, зауыт бастықтары, депутат, білім министрі, экология министрі т.б. рөлдерге бөлінеді. Тапсырма: қаланың көкейкесті мәселелерін шешу: экологиялық, білім беру, жол. Мақсаты: ойыншылар өз рөлдеріне ене отырып, өлкенің қазіргі жағдайына үңіле отырып сөйлеу әрекетіне итермелеу.
IV. Іскерлік ойыны
«Банкте» іскерлік ойыны.
Ойынға қатысушылар: Банктің бастығы, бөлім бастығы, хатшы, мамандар.Қатысымдық жағдаят: қызмет істейтіндер арасында қайта қаржыландыру мәселесі бойынша шұғыл түрдегі жиналыс өтеді. Күн тәртібінде клиенттердің қаржылық мәселелері. Сөйлеу ниеттері: талап ету, үгіттеу, дәлелдеу, тілек, өтініш, ұсыныс, шақыру, келісу немесе келіспеу, бас тарту, рұқсат беру немесе тыйым салу, кешірім сұрау, көңіл аударту, қайталауын өтіну, қайталап сұрау, кінәлау, аяу т.б.
Ойынның барысы:
1. Бастықтың шұғыл жиналыстың өтуі туралы хатшысына хабарлауы
2. Бөлім бастығы мен мамандардың сұхбаты: Мамандардың жиналыста не туралы айтатындықтары туралы талқылауы.
3. Мамандардың хатшы қыздан келіп құжаттарды алуы.
4. Жиналыстың барысы: сұхбат, банк клиенттерінің ұсыныстарын оқу, пайыздық мөлшерді түсіру мәселесі туралы айту
5. Бөлім бастығы мен бастықтың, хатшының сұхбаттары.
6. Пайызды түсіру немесе түсірмеу туралы мамандардың сұхбаты: келісу, келіспеу, түсініктеме беру, сөздерін дәлелдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |