Байыту жабдықтарының өнеркәсіптік қауіпсіздігінің жалпы салалық талаптары 1 – тарау. Жалпы талаптар


– параграф. Ірі ұсау конусты ұсатқыштары



бет6/9
Дата13.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#132689
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3 – параграф. Ірі ұсау конусты ұсатқыштары
469. Ұсатқыштарды монтаждау кезінде шегендік плиталардың өңделген үстіңгі беттері бір көлденеңдік жазықтықта орналасады, көлденеңдіктен 1 м-ге 0,1 мм-ден артпайды.

470. Плита табаны мен шеген арасындағы саңылау 50 мм-ге тең болады.

471. Шегендік плиталарды тексеруге арналған сыналар өлшемдері 300х300 мм және қалыңдығы 20-25 мм металдық төсемдерге орнатылады.

472. Шегенді құйылған қабатқа тығыз емес отырғызуға және онда бос кеңістіктердің болуына рұқсат етілмейді.

473. Шегендік плиталар мен тұғырықтың төменгі өңделген қапталы арасында өтпелі саңылаудың болуына рұқсат етілмейді.

474. Жетектік рамалардың цементтік құймалары астында қалдырылатын саңылау 30 мм-ге тең болады.

475. Траверс және ұсатқыштың ортаңғы бөлігі арасындағы саңылау шеңбердің ұзындығы бойынша бірдей болады. Саңылаудың ең үлкен айырмашылығы 0,5 мм-ден артпайды.

476. Ұсатқышты алғашқы монтаждаудан кейін іске қосу келесі ретте жүргізіледі:

1) жетектік білікті кранның немесе монтаждық шығырдың көмегімен 1 айналымға бұру;

2) ұсатқыштың бос жүрісте 8 сағат бойы жұмыс істеуі;

3) ұсатқыштың жүктемемен 72 сағат бойы жұмыс істеуі.

Түсіру саңылауы гидравликамен реттелетін ұсатқыштар үшін ұсатқышты іске қосу алдында оның ұсатқыш конусын санақтық көтеру және түсіруді жүргізу қажет, содан соң номиналдық түсіру саңылауы бекітіледі.

477. Ұсатқыштың жұмысы келесі көрсеткіштерге қол жеткізген жағдайда қанағаттандырарлық деп есептеледі:

ұсату өнімін ҚНжЕ 6937-91. Конусты ұсатқыштар. Жалпы техникалық талаптарға сәйкес шығару;

2) ұсату тораптарында тықылдың болмауы;

3) ұсату конусының тықылсыз бірқалыпты және тұрып қалмай теңселуі.

478. Конусының диаметрі 500 мм ірі ұсату ұсатқышын іске қосу жүктемесіз жүргізіледі; конусының диаметрі 900 мм және жоғары ірі ұсату ұсатқыштарын іске қосу материал үйіндісін салу арқылы жүргізіледі.

479. Конусы зауыттық нұсқаулықта көрсетілген жаққа кері бағытта айналатын ұсатқыштардың жұмыс істетуіне тыйым салынады.

Жұмыстық кеңістіктің кептелісін жою үшін қысқа уақытқа ұсатқышты кері бағытта іске қосуға рұқсат етіледі.

480. Ұсататын конустың өз осінде бос жүрісте айналыс жиілігі минутына 4 айналымнан артпайды.

481. Материалды ұсатқышқа тиеу траверс қабырғасына жүргізіледі.

482. Материалдың траверс қабырғасынан тік сызықпен өлшенген, рұқсат етілетін максималдық құлау биіктігі 6 м артпайды.

483. ККД ұсатқыштарын бастапқы тиелетін материалда кеңістігінде күмбез түзетін кесектер болмаған жағдайда үйіп толтырылған ұсатқышты іске қосуға рұқсаттама беріледі.

484. Ұсатқышты пайдалану кезінде машинист ұсатылған кеннің түсіру саңылауында кептеліп, тығыздалып қалуын болдырмау үшін, оның толық әкетіліп отыруын қадағалайды.

485. Ұсатқышты тоқтату жұмыстық кеңістігі босатылған соң жүргізіледі.

486. Қызмет көрсететін адам технологиялық регламентте көрсетілген конустық ірі ұсату ұсатқыштарының болуы мүмкін ақауларын және оларды жою жолдарын біледі.

487. Қалпағының тозуы қабырғасы қалыңдығының 40 % -нан артпайды.

488. Төменгі сауытының өңделген беті отырғызу бетіне тығыз отыруы тиіс, доғаның 300 мм ұзындығы бойынша 0,3 мм артық емес саңылауға рұқсаттама беріледі. Жалпы жанаспау отырғызу беті шеңберінің 1/3 ұзындығынан артпайды.

489. Конус корпусы мен сауыттың ішкі диаметрі арасындағы саңылау 8 мм аз болмайды.

490. Корпус сауытын мырышпен құюды тартылған күйде жүргізеді. Суу барысында сауыттың бекіту гайкаларын тартып, бұрауды жүргізеді.

491. Табақшалары сауыттарын қайта шегендеу үшін гидродомкраттармен жабдықталған ұсатқыштарда, соңғыларының түйіскен жері гидродомкраттарға қарсы орналасады.

492. Ұсатқыштарды іске қосуды табақша мен сауыт арасындағы саңылауды 500 маркалы цементтік ерітіндімен құйған соң 24 сағат өткеннен кейін рұқсат етіледі.

493. Конустық тісті парда радиальдық саңылау 0,2 - 0,4 модулі шектерінде болады.

Екі жетектік механизмдері бар ұстағыштарда радиальдық саңылаулардың айырмасы 1,5 мм артпайды.

Радиальдық саңылаудың нақты мәні тістерінің із-таңбасы бойынша анықталады.

494. Радиальдық саңылауды реттеу эксцентрик-білікті және жетектің корпусының төсемдерінің қалыңдығын өзгерту есебінен жүргізілуі тиіс.

495. Конустық пардың тістерінің қапталдары үлкен модуль жағынан бір жазықтықта жатады.

496. Конустық пардың бастапқы шеңдер диаметрі бойынша тістерінің тозуына оның қалыңдығының 25 % шектерінде рұқсаттама беріледі.

497. Эксцентриктің сырғанау мойынтіректерінің үйкелістегі беттерінің жанасуы бояуы бойынша тексеріледі және 2 см2-қа бір дақтық дәлдікпен орындалады.

498. Теңселі мойынтірегі бар эксцентрикті монтаждау кезінде тұғырық стақанының тіректік шеті мен металдық реттегіш төсеме арасында міндетті түрде резіңке төсеме орнатылады.

499. Эксцентриктің жоғары шеті мен келте құбырдың соққылау беті арасындағы саңылау ККД-500/75, ККД-900/130 ұсатқыштары үшін 5 мм, ККД-1200/150, ККД-1500/180, ККД-1500/300 ұсатқыштары үшін - 10 мм мәндерінде қамтамасыз етілуі тиіс.

500. Кесінділік сақина 3 және жетек корпусының май жинағышы 5 қақпағының шеті немесе конус тәрізді тегершік пен жез төлке арасындағы осьтік саңылау 0,8 мм-ден артық болмайды.

501. Жетек біліктерінің осьтерінің бір сызықпен орналасуы жылына бір рет тексеріледі. Жетек және шкив біліктерінің радиальдық жылжуы 0,5 мм-ден; электрлік қозғағыш және шкив біліктерінікі - 0,15 мм-ден артпайды.

502. Ұсатқыш саңылауларын тарту және конустың іліну тораптарын жөндеу кезінде сыналық шпонканы конус салмағымен кесілу гайкасын қысқан соң орнатады.

503. Кесулік гайканың кесілген жерінде саңылауы жоқ ұсатқыштарды пайдалануға тыйым салынады. Сығылған күйдегі ең кіші саңылауы 5 мм-ден кем болмайды.

504. Сақина және кесулік гайканың қапталдық беттерінің жанасуына рұқсаттама берілмейді. Беттердің арасындағы саңылау 15 мм-ден кем болмайды.

505. Тіректік шайбаның тозуы оның бастапқы биіктігінің 10 %-нан артпайды. Конустық төлкенің бетімен жанасатын бетінде іліктер кедір-бұдырлардың болуына рұқсаттама берілмейді.

506. Конустық төлкенің шайбамен жанасатын шеткі беті ұсататын конусты әрбір ұсатқан кезде шаблон бойынша тексеріледі. Көрсетілген бетте іліктер (задира) кедір-бұдырлардың болуына рұқсаттама берілмейді.

507. Қозғалмайтын бөлігінің белдік сауыты сенімді түрде сыналанған болады. Сауыттың сыналануының сапасын тексеру бақылау тұлғасының қатысуымен жүргізіледі.

508. Конустық төлкелердің тиектік қосылыстардың түйісу беттерінде бұзылулар аңғарылған жағдайда конустың жоғары ілмесін толық бөлшектеп, барлық сынықтардан тазартып, қатардан шыққан бөлшектерді жаңасына ауыстырмай тұрып, ұсатқышты ары қарай пайдалануға тыйым салынады.

509. Эксцентриктің баббиттік құймасын баббиттің сырқы және ішкі беттерінде 400х400 мм артық емес ауданы қабатталып бүлінген жағдайда жергілікті балқыту, соңынан шаблонмен шабровка жасау әдісімен қалпына келтіруге рұқсаттама беріледі.

510. Жинақталған эксцентрикті тасымалдауды тек тісті дөңгелектеріндегі құйылған ұстағышы арқылы тасымалдауға рұқсаттама беріледі.

511. Ұсататын конусты көлденең күйінен рым - болт арқылы тік көтеру, оның қабырғасы міндетті түрде көтеру бағытымен сәйкес келген жағдайында рұқсаттама беріледі.

512. Конусты көтеру гидроорталығына май айдап толтыру ұсатқыш бос жүрісте жұмыс істеген кезде немесе ұсатқыш тоқтап тұрған кезде жүргізіледі.

513. Ұсатқыш апаттық қарысып сыналанып қалған соң оның жоғары ілгіші, эксцентриктік торабы, тісті ілінісу, жетектік білігі және төменгі түйгіштік тірегінің тетіктерін толық ревизия жасамай ары қарай жұмыс істеуге тыйым салынады.

514. Станина корпусының цилиндрлік төлкенің осі бойынша өлшенетін тік сызықтық күйден ауытқуы 1 м биіктігіне 0,5 мм артпайды.


4 – параграф. Конусты орташа және майда ұсату ұсатқыштары
515. Орташа және майда ұсату ұсатқыштарын монтаждау кезінде екі шегендік плиталардың да өңделген беттері бір көлденең жазықтықта орналасады, плитаның өңделген жоғары бөлігінің ұзындығы бойынша плиталар арасындағы ауытқулары 0,3 мм артық емес.

516. Станинаның дұрыс орнатылуын тіректік табақшаның өңделген орнату орнының бетінде орнатылған деңгейі бойынша тексеріледі. Цилиндрлік төлкенің тік сызықтық күйінен ауытқуы 0,3 мм артпайды.

517. Шегендік плиталар мен станина табанының арасында өтпелі саңылау болуына рұқсаттама берілмейді. Жергілікті саңылаулардың мәні 0,3 мм артпайды.

518. Жетектік білік пен электрлік қозғағыш білігінің параллель еместігі 0,2 мм артық емес, ал біліктердің қисаюы 1 м-ге 0,5 мм артпайды.

519. Табақшаның тығыз отырғызылуын көлденең қосылысқан жері бойынша қуыс бұрғымен тексеріледі. Жалпы ұзындығының 0,1 мм дейін, шеңберінің 25 % артық емес жергілікті саңылауларға рұқсаттама беріледі.

520. Ұсатқышты бос жүрісте сынауға дейін, ұсатқыштың бүкіл шеңбері бойынша серіппелерінің тартылуының біркелкілігі және қисаймағандықтары тексеріледі.

521. Ұсатқыштарды алғашқы монтаждау немесе күрделі жөндеуден кейін іске қосу келесі ретте жүргізіледі:

ұсатқыштың бос жүрісте 8 сағат бойы жұмыс істеуі;

ұсатқыштың жүктемемен 72 сағат бойы жұмыс істеуі.

Келесі нәтижелер алынған жағдайда сынақ қанағаттандырарлық деп есептеледі:

1) ҚНжЕ 6937-91. Конусты ұсатқыштар. Жалпы техникалық талаптарға сәйкес ұсату өнімін алу;

2) ұсату тораптарында тықылдың болмауы;

3) ұсату конусының тықылсыз бірқалыпты және тұрып қалмай теңселуі;

4) тісті іліністің мерзімдік соққысынсыз, жұлқусыз және қатты шусыз бірқалыпты жұмыс істеуі;

5) тіректік сақинаның орнықты күйі.

522. Орташа және майда ұсату ұсатқыштарын іске қосу жүктемесіз жүргізіледі.

523. Ұсату конусының айналу жиілігі бос жүрісте минутына 10-14-тен артпайды.

524. Орташа және майда ұсату ұсатқыштары конустарының жұмыстық режімде айналуы конус басының тартылу бағытына қарама-қарсы болады.

525. Тікелей КСД және КМД ұсатқыштарындағы майдың қысымы 0,08-0,1 МПа (0,8-1 кгс/см2) шектерінде болады.

526. Шаңға қарсы тығыздауға арналған су эксцентриктік торапқа шаңның түсуінен сенімді қорғауды қамтамасыз ететін мөлшерде беріледі.

527. Шаңға қарсы тығыздау құбырларының ақаусыздығы төгу құбырынан шығатын судың шығыны бойынша анықталады.

528. Ұсатқышты тоқтатуға тек ұсату кеңістігін кеннен толық тазартқан соң рұқсаттама беріледі.

529. Қызмет көрсететін құрам кеннің тарату тарелкасының ортасы бойынша берілуін қамтамасыз етеді. Ұсатқыш жұмысының тиімділігін арттыру үшін кенді механикалық тиегішті пайдалану ұсынылады.

530. Шаңға қарсы тығыздағышы іске қосылмаған немесе жарамсыз, сынатәрізді белдіктері әлсіз тартылған, реттеу сақинасы сыналанбаған, тоқтатқыш құрылғысы жарамсыз орташа және майда ұсату ұсатқыштарын іске қосуға тыйым салынады.

531. Ұсатқыштың тығыздалып қалуын жоюды түсетін білігін жүк көтеру механизмдерінің көмегімен айналдыру арқылы жүргізуге рұқсат берілмейді.

532. Қызмет көрсетушілер орташа және майдалап ұсату ұсатқыштарының технологиялық регламентте келтірілген болуы мүмкін ақауларын және оларды жою әдістерін біледі.

533. Сауыттардың отырғызу белдігі және конус корпустары және реттеу сақиналары арасындағы саңылау ұзындығы 300 мм доғаға 0,2-0,3 мм шектерінде рұқсаттама беріледі.

Сауыттың кейбір учаскелердегі жалпы жанаспауы толық периметрі бойынша отырғызу бетінің шеңберінің ¼ бөлігінен артық шамаға рұқсаттама берілмейді.

534. Қозғалмалы конус сауытының ішкі беті мен оның корпусы арасындағы саңылау 7 мм кем болмайды.

535. Цилиндрлік төлкенің ішкі беті мен эксцентрик және ұсатқыш конус пен конустық төлкенің арасындағы саңылау кестеде келтірілген мәндерден үлкен болмайды.


Эксцентрик білігі торабының шекті саңылауы


Саңылау

Қозғалмалы конустың диаметрі, мм

1200

1750

2200

1

2

3

4

Цилиндрлік төлкенің ішкі беті мен эксцентрик білігінің арасындағы саңылау

3,0

3,2

4,0

Конустық төлкенің ішкі беті мен ұсатқыш конустың үлкен диаметрі бойынша білігінің арасындағы саңылау

2,6

3,2

3,6

1

2

3

4

Сол сояқты, кіші диаметрі бойынша

8,0

8,2

8,4

536. Баббиттік балқымасы бұзылған цилиндрлік және конустық төлкелерді пайдалануға рұқсат берілмейді.

537. Тісті берілісте бүйірлік саңылау кестеде келтірілген шектерде ұсталады.

Тісті іліністердегі бүйірлік саңылау


Ұсатқыштың өлшемі

Бүйірлік саңылау, мм

1

2

Конусының диамерті 600-900 мм ұсатқыштар

0,8

Сондай, диаметрі 1200 мм

1,2

Сондай, диаметрі 1750-2200 мм

1,6

538. Конустық пардың ілінісіндегі радиальдық саңылау 0,2-0,3 модуль шектерінде болады.

Радиальдық саңылауды реттеуді эксцентриктің тіректік дисктерінің астындағы орталық стақанға орнатылатын төсеммен жүргізеді.

539. Конустық шестерняның шет жағы мен жез төлке осьтік саңылау арасы 0,8 мм артық болмайды.

Осьтік саңылау жетек білігінде тіліктік сақинамен анықталады.

540. Амортизаторлық торапты алдын-ала қысу серіппелердің шет жақтарының ара қашықтығымен анықталады және бақыланады және кестеде елтірілген мәндерге тең болады.



КСД және КМД ұсатқыштары серіппелерінің тартылу биіктігі


Ұсатқыштың типтік өлшемі

Топтағы серіппе саны

Бір ұсатқыштағы серіппе саны

Тартылуы Н, мм

Тартуға рұқсатта-ма, мм

Серіппе топтары

Барлық серіппе

1

2

3

4

5

6

КСД-600

5

4

20

310

±1

КСД-900

6

6

26

377

±1

КСД-1200

5

12

60

497

±1

КМД-1200

5

12

60

490

±1

КСД-1750

5

12

60

488

–2

КМД-1750

5

12

60

680

–2

КСД-2200Гр

5

16

80

680

–2

КМД-2200

5

16

80

686

–2

541. Ұсатқыш конустың білігінің артқы жағы дайындауға рұқсаттама берілетін мәнге тең немесе одан екі есе үлкен шамада тозған жағдайда қалпына келтіріледі.

542. Тіректік табақша тек табақша корпусындағы балқытылып құйылған ұстағыштардан ұстатылып тасымалданады.

543. Конустық төлкені эксцентрикке монтаждау кезінде эксцентриктің қалыңдатылған жағы шеңберінің жартысында үлкен диаметрі бойынша саңылаулардың болуына рұқсаттама берілмейді, шеңбердің басқа бөлігінде және кіші диаметрлі шеңбер бойынша жалпы ұзындығы шеңбердің 0,25 ұзындығынан артық емес 0,1 мм үлкен емес жергілікті саңылаулардың болуына рұқсаттама беріледі.

5 – параграф. Електер
544. Осы Талап инерциялық және өздігінен теңгерімдік електерге таралады. Әрбір елек алғашқы монтаждан кейін қабылдау-тапсыру сынақтарынан өтеді. Қабылдау-тапсыру сынақтары бос жүрісте 2 сағат бойы және жүкетемемен 4 сағат бойы жұмыс ітеуден тұрады. Бұл кезде теңселу амплитудасы және теңселу жиілігі тексеріледі.

545. Белгіленген режімде қораптың бүйірлік теңселу ауқымы (қос амплитуда) 1 мм артпайды.

546. Қаттылық арқалықтарымен амортизациялық төлкелер арқылы жалғанған електердің оң және сол жақтарының борттық қабырғаларының теңселу амплитудаларының айырмашылығы 0,5 мм артпайды.

547. Електің тік немесе бойлық осі айналасында көлденең теңселу немесе айналдыра теңселістердің пайда болуына рұқсаттама берілмейді.

548. Ауысымды қабылдау кезінде келесілер қосымша тексеріледі:

тордың күйі және оны бекіту тетіктері;

електің дірілді бөліктерінің болттық қосылыстарының күйі;

жетектік құрылғының ақаусыздығы;

мойынтіректердің температурасы және оларды майлағыштың болуы;

амортизаторлық құрылғылардың күйі, олардың бекітілуі.

549. Ұсатқышпен бірге жұмыс істейтін електі іске қосу және тоқтатуды ұсатқышты іске қосу және тоқтату технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

550. Тордың үстінде електен өткізілетін материал болған жағдайда електі іске қосуға және тоқтатуға рұқсаттама берілмейді.

551. Електі іске қосуды елеу өнімдерін қабылдау құрылғысын іске қосқан соң қосу керек.

552. Материалды елекке беруге елек тұрақталған діріл жиілігіне жеткен кезде рұқсаттама беріледі.

553. Електі еріксіз тоқтату кезінде үйіліп тиелген електі іске қосуға тек тіректік серіппелер орамдары арасында саңылау болған жағдайда рұқсат етіледі, ал болмаған жағдайда тордан еленетін материалды алып тастағанша електі іске қосуға рұқсат берілмейді.

554. Инерциялық електерді дірілдеткіштердің айналу бағыты дайындаушының пайдалану басшылығына сәйкес болады; өздігінен теңгерімдік електерді іске қосқан кезде электрлік қозғағыштардың әртүрлі бағыттарда айналуы қамтамасыз етіледі.

555. Електерді пайдаланған кезде осы Талаптың 556, 557 тармақтарын басшылыққа алады.

556. Електерді пайдалану кезінде келесілер қадағаланады:

торлардың ақаусыздығы;

торлардың бүтіндігі бұзылған жағдайда електі жұмысқа қосуға тыйым салынады;

бастапқы материалдың тордың ені бойынша бірқалыпты берілуі;

жұмыс өнімділігі мен тиімділігінің елеудің режімдік картасына сәйкестігі;

тордың жеке учаскелерінде резонанстық теңселістерінің болмауы;

елек торындағы материалды жуу құрылғысының күйін (сулы елеу кезінде).

557. Електерді пайдалануға тыйым салынады:

дірілдеткіштің айналыс жиілігі електің төлқұжатында көрсетілгеннен жоғары болған кезде;

дебаланстардың салмақтары мен геометриялық өлшемдері үлкен болған кезде;

әрбір дірілдеткіштегі саусақтардың саны әр түрлі болғанда немесе олар бірдей орналаспағанда;

беріліс белдіктері сырғып шығып кететін жағдайда.

558. Елекке ірі кесекті материалдың құлау биіктігі 350 мм артпайды, биіктік үлкен болған жағдайда қосымша қорғаныстық құрылғы орнатылады.

559. Қызмет көрсетушілер електердің технологиялық регламентке сәйкес келтірілген ақауларын және оларды жою жолдарын біледі.

560. Елейтін беттер торлардан ҚНжЕ 3306-70. Қырланған болат сымнан жасалған текше ұяшықты торлар. Техникалық шарттар бойынша, жаймалық торлар ҚНжЕ 11187-65. Дөңгелек ұяшықты торлар бойынша болат құймалардан дайындалады. ГСТ 61 және ГСТ-81 електері үшін елейтін беттер Х25Н12ТЛ маркалы болаттан немесе 2 айдан кем емес жұмыс істеуді қамтамасыз ететін басқа ыстыққа төзімді, жоғары легірленген, тозуға төзімді болаттан жасалады. Елейтін беттерді олар қызмет ету мерзімі бойынша көрсетілгендерден кем болмайтын шартта басқа материалдардан жасауға рұқсаттама беріледі.

561. Сымнан жасалатын торлар ҚНжЕ 9389-75. Серіппелік көміртегілі болат сым. бойынша II және III класты көміртегілі серіппелік болат сымдардан жасалады.

562. Тордағы сымның бетінде жарықшалар болмайды.

563. Тордағы жеке сымдардың еркін орын ауыстыруы және бұралуына рұқсаттама берілмейді.

564. Торда үзілген сымдар болмайды. Сымдардың ұштарын айқастырып немесе үстіне ұзындығы бойынша 3 ұяшықтан кем емес қосымша кем емес салып дәнекерлеп жалғауға рұқсаттама беріледі. Айқастырып немесе үстіне салу арқылы жалғаулар тордың 1 м2-да біреуден артық болмайды.

565. Сымдарының диаметрлері 5 мм кем емес тордан жасалған елейтін беттер ҚНжЕ 3306-70. Қырланған болат сымнан жасалған текше ұяшықты торлар. Техникалық шарттар бойынша толық ауданы бойынша бірыңғай тартылады.

566. Тордың тозуы барысында елейтін беттер тесіктерінің өзінің номиналдық өлшемінен келесі мәнге ұлғаюына рұқсаттама беріледі:

1) цилиндрлік және саңылау түріндегі тесіктер болғанда – 15 %;

2) трапеция түріндегі тесіктер болғанда – 30 %.

Тексеру арнайы шаблонмен жүргізіледі. Тексеру мерзімділігі технологиялық регламентпен анықталады.

567. Дірілдеткіш білігінің мойынтірегін майлау қою майлағышпен жүргізіледі. Майлау мерзімділігі – ауысымына бір рет.

568. Өздігінен теңгерілетін електердің дірілдеткіштерін картерлік майлау кезінде ҚНжЕ 20799-75. Жалпы мақсаттағы индустриалдық май. Техникалық шарттар бойынша 12 индустриалдық май қолданылады. Майды толық ауыстыру жылына екі рет жүргізіледі.

569. Ерекше ауыр жағдайларда жұмыс істейтін електерді майлау айналымдық сұйық майлау жүйесінен жүргізіледі.

570. Эксцентрлік білік мойнының бұрыштық ығысуы және өздігінен теңгерілетін електердің дірілдеткіштері біліктерінің параллелдік еместігі 30'артпайды.

571. Серіппелі тіректердің амортизаторлық серіппелерінің және ілмектердің қаттылығындағы айырмашылық 10 % артық болмайды.

572. Дебаланстар салмақтарындағы айырмашылық пайдаланушы нұсқауларында көрсетілгеннен артық болмайды. Бір түрдегі және маркалы әртүрлі електердің дебаланстарын олардың жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексермей тұрып пайдалануға рұқсат берілмейді.

573. Қорап және дірілдеткіштің бөлшектерінде жарықтар және басқа да көрінетін ақаулар болмайды, оларды дәнекерлеп, пісіру арқылы жөндеуге рұқсаттама берілмейді (құйылған болат бөлшектерден басқалары).

574. Беріктілігі жоғары болттар мен гайкалар уақытша кедергісі 11 - 13 МПа (110-130 кгс/см2) болаттан дайындалады. Көрсетілген бөлшектердің қаттылығы Нв 320-340 болады.

575. Қораптардың корпусы механикалық қасиеттері 10ХСНД маркалы ҚНжЕ 19282-73. Әмбебап кеңтілімді қалыңжаймалы төмен легірленген болат. Техникалық шарттар болаттан төмен емес материалдардан жасалады.

Қораптарды физикалық-химиялық қасиеттері тек ГС, ГСС, ГИТ-31, ГИТ-41 типті електер дайындалатын ҚНжЕ 380-71. Әдеттегі сападағы көміртегілі болат бойынша Ст. 3 маркалы болатқа қарағанда төмен емес материалдардан дайындауға рұқсаттама беріледі.

Қораптар, беріктілігі жоғары болттар және гайкаларға арналған материалдың сапасы сертификатпен расталады.

576. Металдық конструкцияның дәнекерленіп, пісірілген тігістерінде жарықтар, шалапісірім жері, дәнекерленбеген ойықтар, күйдірілімдер, жабысқан балқымалар, кеуектер және қож қосындылары, кесілуі және дәнекерленіп, пісірілетін жерінің ығысуы болмайды.

577. Дәнекерлеу тігісінің сапасын сырттай қарап, тексеру және ҚНжЕ 3242-69. Дәнекерлеп, пісірілген қосылыстар. Сапасын бақылау әдістері бойынша өлшенуі арқылы бақыланады.

578. Дірілдеткіш мойынтірегін жуу 3 айда бірден кем емес ретте жүргізіледі.

579. Жөндеу кезінде қорап және тор салмағын өсіруге кеңес берілмейді. Оларды өсіру қажеттілігі туған жағдайда дірілдің талап етілетін амплитудасын сақтау мақсатында қозғалмалы жүйені реттеу жүргізіледі.

580. Корпусқа және дірілдеткіштің білігіне мойынтіректерді отырғызу технологиялық регламентке сәйкес келеді.

581. Құрғақтай елеу үшін қолданылатын електердің саңылаусыз жабылған бүркеніші және шаңбасу құрылғысы болады.

Қымтама бүркеніштің есікшелері мен люктері ашық електерді іске қосуға тыйым салынады.

582. Дірілдейтін тор үстінде тұруға тыйым салынады.

583. Електерді қолмен майлау елек толық тоқтап тұрған кезде жүргізіледі.

584. Тор үстілі өнімге арналған қабылдау құйғысының ұрылатын қабырғасы одан кен кесектерінің сыртқа лақтырылуын болдырмайтындай биіктікте болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет