21
географиялық кеңітілген трассалары бойынша өтетін үш жолды қамтамасыз
еткен жағдайда біріншілік желінің байланысқан топологиясын құру;
сақиналық құрылымдарды құру; әртүрлі операторларға
тиесілі желілерді
жалпы түйіндерді және байланыс желілерін ұйымдастыру арқылы желілерді
жалғау; басқару және мониторинг жүйелері желілерін қамту.
Біріншілік желі құрылымы. Біріншілік желі – желілік түйіндердің,
желілік станциялардың және жіберудің және топтық жолдардың стандартты
каналдарының желісін түзетін жіберу желілерінің жиынтығы. Ауылдық аудан
немесе қаланың аумағымен шектелетін біріншілік желі бөлігі жергілікті
біріншілік желі деп аталады. Аймақ ауданын қамтитын және осы аймақтың
ішінде әртүрлі жергілікті желілер арасында
жалғауды қамтамасыз ететін
біріншілік желінің бөлігі аймақішілік біріншілік желіні түзеді. Осылай аймақ
шегінде жергілікті желілер арасында байланыс ұйымдастырылады. Аймақтың
шекаралары әкімшілік-аумақтық бірліктер шекарасымен сәйкес келеді.
Аймақішілік желіге сонымен қатар қала шегінде аумақтық орналасқан, бірақ
АҚАТС арқылы байланысты ұйымдастыруға арналған жіберу желілері
жатады. Елдің бүкіл аумағында магистралды жіберу желілері көмегімен
әртүрлі аймақішілік желілерді өзара жалғастыратын біріншілік желі бөлігі
магистралды біріншілік желіні құрайды (5.1 суретті қара). Желілік түйін – бұл
стандартты жіберу каналдарын және топтық жолдарды ұйымдастыру үшін,
сонымен қатар оларды тасымалдау үшін арналған техникалық құралдардың
кешені.
5.1 сурет – Біріншілік желі құрылымы
Желілік станция – бұл стандартты жіберу
каналдарын және топтық
жолдарды ұйымдастыру үшін, сонымен қатар осы каналдарды және жолдарды
екіншілік желілерге ұсыну үшін арналған техникалық құралдардың кешені.
Магистралды аймақішілік және жергілікті біріншілік желілерде өзіндік
желілік түйіндер және станциялар бар [3]. Магистралды желілік түйіндер
жіберудің магистралды желілерінің қиылыстарында жасалады. Магистралды
желілік станциялар магистралды біріншілік желінің жіберу тізбегінің соңында
22
орналасады. Аймақішілік желілік түйіндер аймақішілік жіберу желілерінің
қиылыстарында, ал аймақішілік желілік станциялар осы желілердің соңғы
тармақтарында орналасады. Жергілікті желілік түйіндер жергілікті жіберу
желілерінің қиылыстарында орналасады. Жергілікті
желілік станциялар
жергілікті біріншілік желінің жіберу желілерінің соңғы тармақтарында
орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: