БИЯЗЫЛАУ ауыс. Сыпайылау, әдептілеу. Бұлардың үшіншісі – аққұба,
биязылау кісі – оқу комиссары екен (Д.Әбілев, Арман.).
134.
БҰЙДАЛАҒАН ТАЙЛАҚТАЙ Біреудің айтқанына бас шұлғып, көніп, еріп
жүре беретін тізе бүккіш, тіл алғыш, мойынсұнғыш. Ол көнсе, ол бастаса бұл елде
ешкім шылбырынан кетпейді. Бұйдалаған тайлақтай ереді (Д.Әбілев, Ақын.). Жәнібек
қасына барып, арқасынан қағып, қолынан жетелеп еді, Ержан бұйдалаған тайлақтай
ырқына көніп жүріп кетті (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті). Жап-жас және ақылды деп
санайтын қызы бұйдалы тайлақтай елпілдеп, Сақаға неге ере қалды? (С.Мұқанов,
Шығ.). Туған ел, туған жерімнің, Бұйдалы тайлақ секілді, Дәм мен тұзы тартады.
Батаңды бер, жан ата, Шөберең сырын сарқады (Дулат Бабатайұлы, Змана.).
135.
БҰЙЫҒЫ МІНЕЗ 1. Көп сөйлемейтін, тұйық, өтесалмақты мінез. Баяғы
студент күнгі білімге құмарлығым, күш-жігерім қайта оралды. Елдегі бұйығы мінез
қалды (З.Шашкин, Доктор.). 2. Мінезі тұйық, көп сөйлемейтін, өтесалмақты адам.
Бұрын-соңды мұндай жиындардың алдына көп шықпаған бұйығы мінез, қанша
шығайын десе де, қалыпты арнаға қайта айналып соға беретін сияқты («Лен. жас»).
Смағұл аз сөйлейтін, бұйығы мінезді адам еді (С.Мұқанов, Есею жыл.). Шырынкүл
бұйығы мінезді, тұйық қыз емес (Сауыншы шамшырақ.).
136.
БҰЙЫҒЫ сын. Тұйық, сөзге сараң, ұяң (адам). Өмірде аттан басқа қызығы да,
қуанышы да жоқтай көрінетін бұйығы шалдың осы бір дыбыссыз жай күлкісі есімде
қалды (С.Бақбергенов, Мен сізді сүйемін). Баяғы бұйығы Сережа қазір соқтандай жігіт,
әйгілі бір заводта цех бастығы, инженер (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек). Үлгішілердің
мінезі салмақты, именшек, бұйығы келеді. Олар өзі үшін істегенді сүйеді, жариялауды
жаратпайды, құпияны, оңашаны ұнатады (Ж.Аймауытов, Шығ.).
137.
БҰҚЫЛ сын. жерг. Сырын айтпайтын, сырға берік (адам). Менің секретарым
– бұқыл адам (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі).
138.
БІЛГІР сын. Көп білетін, өте жетік, білімдар. Бұл адамдардың бәрін ол
жұрттан асқан шешен, ер жүректі қаһарман, теңдесі жоқ білгір жандар деп түсінетін
(X.Есенжанов, Ақ Жайық). Менің кешегі жәрдемшім, оқушым десең де болады, Нұрке
Әжімов ақылды, білгір адам, сөз жоқ зерттеу әдісін ол дұрыс тапқан болу керек
(I.Есенберлин, Айқас). Шешем байғұс жан еді сөзге білгір, Сөйлесерлік кім оған кез
келіп жүр? Мұңын басып, ғаріптің көңілін ашып, Әңгіме айтып берсеңдер өздерің біл
(М.Мақатаев, өмір-өзен).
139.
БІЛГІШ сын. 1. Әр нәрседен хабары бар, білімді, білгір. Атақты Атымтай
жомарт алғашқы кезде, бір жұмада өңкей білгіш шешендерді қонақ қылып, келер
жұмада жастарды қонақ қылып, ендігі жұмада қаріп-қасерлерді қонақ қылады екен
161
(Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Бұлар келіп, халықты қара ағартсын, Білмегендер білгіш
болып тағы артсын. Әр алуан ғылымнан алып үлесті, Шын көңілден халқына сүйген
тартсын, Бұл хабар қуандырар елді байтақ, Керегін матбуғаттың келген байқап
(М.Дулатов, Шығ.). – Халайық, сіздің ең жақын қамқорыңыз және білгіш, ақын
досыңыз Абай деп біліңіз (М.Әуезов, Абай жолы). 2 . экспр. жағымсыз. к ес к і н. Бәрін
білгенсіп, дандайсыған, менмен. Көбелек жауыз екен! – деп, Айтса оны, бекер деп, Бет
бақтырмас көп «білгіш» өткенге тек өкініш (Ғ.Қайырбеков, Қосбасар). Іздестіріп жер-
көктен қарайын да, Керемет бір теңеуді табайын да, Білгішіме берейін не дер екен, Ақ
қағазға ақ бояу жағайын да (М.Мақатаев, Жырлайды жүрек). Кісімсіп белгілі, білгіш,
Біреуге сондай-ақ күлгіш. Бұлықсып, бұлданып босқа, өзімшіл, оңбаған шерміш (Абай,
Тол. жин.).
140.
Достарыңызбен бөлісу: |