Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет220/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   348
18.08.2023 dis

БАЛПЫЛДАҚ сын. Көп сөйлейтін, мылжың. Қалибек бір өзі “Қыз ұзатудағы” 
бажылдақ кемпір мен балпылдақ шалды, қызсың суын, бұзаудың мөңірегені мен иттің 
үргенін, қасқырдың ұлығанын – бәрін де айнытпай шебер бейнелеп, көркем шығаратын 
(“Қаз.әдеб.”). 
179. 
БАРЫЛДАҚ сын. Көп айғайлайтын, барылдауық. Қайда да серт бергіш-ақ Митрофан 
барылдақ. Алайда бір ер құсап, Шыға алмайды орындап (Қ.Мырзалиев, Алуан.). Аппас 
барылдақ дауысты адам еді (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). 
180. 
БАСБҰЗАР сын. 1. Тентек, содық, бұзақы. Бұлардың сойыл соғар, басбұзар, 
сотқарлары күндіз істемесе, түн жамылып істейтін қастық аз емес қой (М.Әуезов, Шығ.). 
Әкесінің байлығының арқасында Күшіген қиянатшыл, басбұзар болып өсті 
(Қ.Бектұрғанов, Қатерлі.). Қаншама басбұзар, сотқар болсақ та жуасытпай қоймайды 
(Ш.Хұсайынов, Үкілі Ыбырай). // Тентектік, содырлық жасаушы, бұзақы, төбелесқор 
адам. Түйесін тартып алған мен бе екем, өкіметім алып берді емес пе? Ой, басбұзар 
әумесер күшік! Өзіңде ой дегеннен түк жоқ екен ғой (Р.Райымқұлов, Бұрылыс). Қылмысты 
кісі өлтірген байдың ісін, Қысқартып деді енді ешкім тергемесін. Алаауыз, әпербақан, 
басбұзарлар, Сен ғана Демесінге тең келесің (Д.Еркінбеков, Шығ.). Біз екі елдің 
арасындағы мемлекеттік шекараға мұқият болуымыз керек, өйткені ертеңгі күні тиісті 
орындар оқиғаға кінәлілерді іздей бастағанда басбұзарлар бізге қарай безуі мүмкін 


239
(«Егемен Қазақстан»). // Бүлікші, арандатушы. Түркістан қазақтары мен Арқа қазақтары 
қосылса міне, сонда солақай басбұзарлар азшылық болып қалады да, басшылықтан кетеді, 
– деді Ермекбай Теміржанға (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). 
181. 
БАСКЕСЕР зат. Қаныпезер, жауыз, кісі өлтіргіш. Текестегі баскесерлерді былай 
қойғанда, Бұғы руындағылардың өзі де бұзыла бастады (Ш.Уәлиханов, Мақала. хат.). 
Қыршын өміріне қатер төнсе де, ол қару кезеген баскесерлерді машинаға қарай адым 
аттатпады (Ш.Әмірәлиев, Жақсы мінез.).  
182. 
БАСПАҚЫЛ сын. Алды-артын ойлап, аңысын аңдап жүретін қулау. Жекен баспақыл 
қу жігіт екен. Қайырбек пен Сарбасовты егестіре, жел бересөйлеп қояды (Қ.Кемеңгеров, 
Алтын.). 
183. 
БАТЫЛСЫЗ сын. Батыл емес, жасқаншақ, именшек. Гүлнарға баруға талай оқталып, 
талай тартындым. «Неге осынша батылсызбын» деп, оңашада өзіме мықтап кейіп те 
аламын (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). // Именшектеп, жасқаншақтап, әрең-әрең 
оқталып. Кенет, ол, Ақбала бір мұздай қолдың өз қолынан батылсыз ұстағанын сезіп, аяз 
қарығандай денесі дір етті (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Кішірек көздері Әлимаға жаудырай 
қиыла қарап имене, батылсыз жыпылықтайды (С.Мұратбеков, Дос іздеп.).  
184. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет