Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет330/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   348
18.08.2023 dis

СҰМПАЙЫ сын. Сұмырай, жексұрын, сүйкімсіз. Бәрімізге ортақ қызмет етіп жүрген 
«Атсыз» журналының бейтарап беттерінен сұмпайының сұр жебесін атып отырсыз (М. 
Шоқай, Таңд.). Екі жасқа өшіккен бір сұмпайы жандар қыз жаққан отты өшіріп тастап
аралды таба алмай шаршаған жігіт суға кетіп өледі (I.Омаров, Шабыт). – Балажаным-ау, 
жұртта қалған тазыдай әлгі бір сұмпайы кім, ноғай ма өзі, шүршіт пе (Ә. Сәрсенбаев, 
Теңіз). Күлгеннен танауына өткізген жіңішке ұзын зәресі селкілдеп, билеп, түрін 
бұрынғыдан бетер сұмпайы қып жіберді (Ж.Аймауытов, Шығ.). 


305
896. 
СҰРАНБАҚ сын. Үнемі сұрана беретін, сұраншақ. Пұлы өтсе, үміті бар қуанбақтан, 
Еңбегім жанды ғой деп жұбанбақтан. Абай кетсе, осы елде кім қалады, Не табамыз 
наданнан сұранбақтан? (Ш. Құдайбердиев. Шығ.) 
897. 
СҰРАНШАҚ сын. Үнемі сұрана бергіш, тілемсек. Ұлпан сұраншақтардың соншама 
көптігіне ыза болып, кейде Есенейдің бар байлығын таратып бергісі де келеді 
(Ғ.Мүсірепов, Ұлпан). Сөзіне естіген жан болсын құмар, Көңіліне тоқып, бойына қылсын 
тұмар. Түртіншек сұраншақ боп пайда іздесе, Ақындық қайыршыдай кімге ұнар 
(Қ.Тәкежанов, 
Қария.). 
Пай-пай-пай-ай! 
Осы 
молда-екеннің 
сұраншағы-ай! 
(Ж.Аймауытов, Шығ.).  
898. 
СҰРҚИЯ сын. Оңбаған, залым, сұмырай. Қазақтан қалмай партия, Көбейді сұм мен 
сұрқия, Келген жастар ел тия, Қабыл алып өсек сөз (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Сұрқия тілін 
жалдайды, Момын мен аңқауды алдайды. Қанды қақпан бар құрған, Түсірер болса 
қандайды. (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Салдың жара кеудеге сұрқия жау, Кетпес естен қан 
қырғын, талау-тонау: Сенің арам сүйегің шірігенше Біздің ауыр жарамыз жазылар-ау (Қ. 
Аманжолов, Шығ. жин.). 
899. 
СҰСТЫ сын. Түсі суық, зілді, қаһарлы. Молданың қабағы тым түксиіп, қарауытқан өңі 
кешегісінен де сұсты сияқтанды («Қаз. әдеб.»). Самайына ақ кірген толқынды қою шашы 
сұсты түріне қара галстукті қардай аппак, көйлегімен, көмірдей қара тройка костюмі қалай 
келіскен десеңдерші (I. Есенберлин, Алтын құс). 
900. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет