1. Шығындар есебімен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің мәні. Шаруашылық субъектісінің өндірістік қызметін басқарудың жүйесін қайта ұйымдастыру (немесе құру) отандық өндірістік есебіне, яғни «өнімнің өзіндік құнының калькуляциялаумен өндіріске кеткен шығындар есебіне» ұғымдық жағынан принципиалды жаңа талаптар қойылады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындарының есебі бойынша нормативтік құжаттар, сондай-ақ арнайы әдебиеттер, калькуляциялаумен шығындар есебінің әдістеріне жеткілікті және анық ұғымды бермейді, ал көптеген танымал авторлардың берген ұғымы бір-біріне ұқсас болып келеді. Шығындар есебіні мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау негізгі өндірісте де аласуы мүмкін.
Өнімнің өзіндік құнының калькуляциялау мен өндірістік шығындары есебінің әдістері деп өнімнің нақты өзіндік құнының, сондай-ақ өнім бірлігіне келетін шығындарын, анықтауын қамтамасыз ететін, өндірістік шығындарын көрсетуімен құжаттау тәсілдерін жиынтығы түсіндіріледі.
Экономикалық әдебиеттерде жиі калькуляциялауды өнімнің (жұмыс, қызмет) жекелеген түрлері бойынша есептейтін экономикалық жүйесі ретінде санайды.
Сондықтан, өнімнің түрлеріне және оны өңдеуге технолгиялық процестерінің типтеріне тәуелді болып келетін калькуляцилаудың әртүрлі әдістерін қолданылады.
Калькуляциялау мен шығындар есебінің әдісін ШС дербес тандайды, өйткені олар мынадай жеке факторларға, атап айтсақ: қандай салаға жататындығына, көлемдеріне қолданылатын технологияларына, өнім ассортименттеріне, ШС индивидуалды ерекшеліктері тәуелді болып келеді. Сондықтан әдістерінің әр қайсысы не нақты, не орташа, не жоспарлы шығындарды, сондай-ақ олардың толық немесе ішінара есептері кезінде есептеу үшін қажет. Калькуляциялау әдісі калькуляциялаудың бір түрімен шектелмейді. Өйткені, бүгінге дейін калькуляциялаумен шығындар есебінің жалпы қабылданған жіктемесі жоқ.