«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімі
«Ертеңінді ойласаң, есірткіге жолама»
Оқу тобы: ББ-Б-22, ББ-А-22 Топ жетекшісі: А.А.Жетилгенова
«Ертеңінді ойласаң, есірткіге жолама» Тәрбиелік іс-шараны ББ-А-22 оқу тобының студенттері көрініспен бастайды . «Болашағыңды ойла» бейнеролик(экранға назар аударылады) https://yandex.kz/video/preview/5076314301265175804 Шараға қаитысушылар, біз бүгін Сіздермен «Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама» тақырыбында жаман әдеттерден сақтандыру, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру
жөнінде ой тұжырымдаймыз.
І жүргізуші:Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз.
Қазақпын мен жетті жұтты өткерген,
Аман - есен өтіп келген өткелден.
СПИД деген аждаһа бар, сақ болайық,
Дүниені орап келер беткейден.
Обасы ол ХХІ ғасырдың
Айырмаған досың менен қасың кім?
Мың - миллиондап жеп келеді жегіқұрт,
Қиылуда қыршынынан жасыл гүл.
Солардың бірі – сол құрдымға бастаған,
Маскүнемдік, нашақорлық теңеу барма басқа оған дей келе Сіздерге бізге қонақ болып келген сала мамандарымызбен таныстырып өтейік:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ІІ жүргізуші:Есірткі - бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез - құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді. Есірткінің негізгі түрлеріне: апиын, кокаин, көкнәр, гашиш, марихуана жатады. Мұның барлығы адам ағзасына өте зиянды. Алғашында дәмін көруге үйретеді де, кейін өзіне тәуелді
етіп қояды, табылмаған жағдайда ұрлыққа, адам өлтіруге дейін барады. Есірткінің 25 пайызы Ауған елінен келеді екен. Есірткі өлім тамшысы. Ендігі кезекте сала мамандарына сөз кезегін берейік____________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
І жүргізуші: Жалпы есірткі заттар адамзатқа өте ертеден белгілі және оны емдік және еліктіргіш құрал ретінде өткен ғасырлардың өзінде-ақ қолданған. 60-жылдары капиталистік елдерде кең тарады. Кейбір Орта Азия, Кавказ елдері негізгі ошаққа айналды. Көптеген жастар есірткі бойды балқытып, ләззат алғандай алдамшы күйге түсетін күшін қызық көріп әуестенемін депкүндердің күнінде онсыз омір сүре алмайтын жағдайға жеткенін сезбей қалады. Рас наша немесе марухуаннаның дәмін бір-екі рет татқан адам, одан қайтып құтыла алмай, дәрменсіз күйге түседі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.