2 1890-1917 жылдардағы Қазақстанның Батыс Қытаймен шекарасындағы кедендік жүйенің жеке сала ретінде қалыптасуы мен дамуы
2.1 Семей кедендік аймағының құрылымдарын қаржылық және материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері
Семей кедендік аймағының тарихы отандық тарихнамада аз зерттелген мәселелер қатарына жатады. Бұл ретте мәселенің әртүрлі тұстарын қарастыру қажеттілігі туындайды. Олардың қатарына кедендік аймақтың құрылымдарын, дәлірек айтсақ аймақтың кеңсе басқармасын, кеден учаскелерін, кедендерін, кедендік бекеттерін, өтпелі пункттерін қаржылық, техникалық қамтамасыз ету де жатады. Мәселенің аталған тұстарын зерттеу Ресейдің өлкедегі кедендік салада саясатының келбетін, оның жалпыресейлік протекционисттік саясатындағы орнын, рөлін ашуға мүмкіндік береді. Кедендік құрылымды материалдық-техникалық және материалдық қамсыздандыру мәселелеріне:
-
кедендердің мекемесі үшін қажет баспана салып алуға, құруға, жөндеуге, қызмет етуіне қажет қаражаттандыру;
-
аймақтың құрылымдарын қажетті материалдық-техникалық, кәсіби құралдармен қамтамасыз ету;
-
кедендік құрылымдардың шенеуніктерін, қызметкерлерін, күзетшілердің жалақысын, қосымша іс-сапарлық шығындарының өтемақысын белгілеу жатады.
ХІХ ғасырдың 80-ші жылдары Ресей капиталының Орта Азия мен Шығыс Түркістанға енуіне, ресейлік мануфактура тауарларының Батыс Қытайдағы кең таралуына, нәтижесінде екіжақты сауда көлемінің, әсіресе шай саудасының ұлғайуына үміт артқан Қаржы Министрлігі тәжірибе ретінде кедендік салада аймақтық бақылау жүйесін енгізу қажеттігін сезінді. Кедендік аймақтың құрылуына дейін Батыс Қытаймен шекаралас Жетісудағы кедендік іс уақытша 1886 жылы Түркістан өлкесіне аттандырылған Қаржы Министрлігінің Түркістан өлкесіндегі кедендік істер бойынша ерекше тапсырмалар шенеунігіне жүктеліп, оған болашақтағы құрылуы тиіс кедендік жүйе жобасын дайындау ұсынылды. 1889 жылдың 20 шілдесіндегі Жетісу әскери губернаторына жолдаған қызметхатында Түркістан өлкесіндегі кедендік бөлім бойынша Қаржы Министрлігінің ерекше тапсырмалар бойынша шенеунігінің жоба нұсқасы болашақтағы Жетісудың Батыс Қытаймен шекарасындағы құрылуы тиіс кедендік бақылауды ұйымдастырудың қағидасын айқындап берді. Әрине, ұзақ шекаралық қашықтықты қамтыған бұл кедендік учаскелердегі 7-8 күзетшілер мен 2-3 салт атты бақылаушылар үзіліссіз, толыққанды кедендік шепті ұйымдастыру екіталай болатын. Сондықтан, ерекше тапсырмалар шенеунігінің жобасы бойынша кедендік посттарды тек сауда қолданысын тауып жатқан жолдарда ғана ұйымдастыру ойластырылды. Екінші жағынан, жобадағы шығындарды қысқарту және оның нәтижесінде әлсіз бақылау орнату талпынысы Қаржы министрлігінің ұстанымы мен нұсқауынан да туандауы мүмкін. Әрине, бұл пікірге нақты, дәйекті дәлел - 1890 жылғы Семей кедендік аймағын ұйымдастыру барысында аталған ұстаным айқын байқалды. Онда: «Как видно из прилагаемого перечня (Қ.Б - 3 кесте), штат вновь устанавливаемых учреждении предполагается ограничить пределами лишь крайне необходимости, таможенный же надзор на границе иметь не непрерывный, а только в местах наиболее доступных для переъезда и, по преимуществу, населенных», - делінді [149, 9п.].
Жетісудың Батыс Қытаймен шекарасын қамтыған Түркістан кедендік аймағын құру жобасын Түркістан өлкесіндегі Қаржы министрлігінің кедендік істер бойынша ерекше тапсырмалар шенеунігі Мемлекеттік кеңеске 1890 жылдың көктемінде ұсынды. Алайда, Батыс Қытаймен шекараның ұзақтығы, ыңғайлы қатынас жолдарының жоқтығы, бар жолдардың қанағатсыз жағдайы Түркістан өлкесіндегі Қаржы министрлігі ерекше тапсырмалар шенеунігі тарапынан кедендік учаскелерді тікелей басқару мүмкіндігін жоққа шығарды. Аталған факторларға байланысты Батыс Қытаймен шекара бойында Түркістан кедендік аймағынан жеке кедендік құрылымдар жүйесін құрудың қажеттігі туындады. Осы кезеңде Ресейдің кедендік саласында шекара бойымен істі біршама жүйелеу үшін аймақтық принцип негізінде құру тәжірибесі қолданылған болатын [163, 243 б.]. Нәтижесінде, 1890 жылдың 12 маусымында Қаржы министрлігінің Кедендік алымдар департаментінің ұсынуымен Мемлекеттік кеңестің қаулысының негізінде Батыс Қытаймен шекарада Семей және Түркістан кеден аймақтары құрылды [109, 445 б.]. Жетісу шекарасында екі кедендік аймақтар арасында шекараны белгілеу мәселесі Қаржы министрінің қарауына беріліп, нәтижесінде жоғарыда аталған шенеуніктің жобасында ұйымдасуы ұсынылған Жаркент және Бақты учаскелері Семей кедендік аймағына, ал Жетісудан оңтүстіктегі шекара бойындағы Нарын және Ыссықкөл учаскелері Түркістан кедендік аймағына қосылды [108, 2 б.].
Аймақтың басқару үшін құрамында аймақ бастығы, аймақтық кедендік ревизор, ерекше тапсырмалар шенеунігі және кеңсе қызметкері бар Семей кедендік аймағының басқармасы құрылды. Басқармаға шайды өткізу үшін баждарды жинау және шайды таңбалау Қытайдан әкелінетін және Қытайға айдалатын тауарларды тіркеу, контрабандағы қарсы кедендік бақылау орнату міндеткершіліктері жүктелді. Қаржы министрінің шешімі негізінде Семей кедендік аймағы бес кедендік учаскелерге бөлінді және кеден мекемелерін келесідей мекендерде ұйымдастыру ұйғарылды: 1) Томск губерниясының Бийск округінде, Қос-ағаш маңында; 2) Семей обылысында – Қатон-қарағай мен Алқабек өзені бойындағы өтпелі пунктісі бар Зайсанда; 3) Жетісу облысында – Бақты қамалдында және Хоргос қаласындағы өтпелі пунктісі бар Жаркент қаласында [184, 3п.] (қосымша А). Осы қосымшадағы карта негізінде әрбір кедендік мекеме белгілі бір сауда бағытына қызмет көрсетіп, бақылау орнату мақсатында құрылғаны анық байқалады. Аталған мекендердің кедендік пункттер ретінде таңдалуы осы кездегі орыс-қытай саудасының бағыттарына және барысына тікелей байланысты болған еді. Мысалы, Н.Н. Балкашкинның пікірінше, Түмен мен Семей арасындағы жедел су қатынасы, Семей-Сергиополь пошта тракті бойынша арбалы тасымалдың ыңғайлығы, Ұржардан азық-түліктің ірі көлемін алу мүмкіндігі және Шәуешектегі нарықтарға өзінің жақындығы тұрғысынан Бақты қамалы Батыс Сібірдің Батыс Қытаймен сыртқы саудасы үшін ең ыңғайлы орын болып келді [136, 115 айн.-116 пп.]. Жаркент қаласында кедендік мекеменің ашылу себебі – Жаркент қаласының Құлжаға жақындығы және Жетісу мен Түркістан өлкелері Батыс Қытаймен сауда байланыстарындағы орыны еді.
Семей кедендік аймағының қарамағындағы Батыс Қытаймен шекарада кедендік сала бойынша бақылау орнату, кедендік құрылымдарды ұйымдастыру істері біршама қиындықтар тудырды. Аймақ қарамағындағы шекараның ұзақтығы, қоныс-мекендердің аздығы, географиялық-климаттық жағдайлар сауда көлемінің шағын болуымен толастады. Сондықтан, Ресей билігі тарапынан аймақты еуропалық деңгейдегі кедендерге сәйкес қаржыландыру мәселелері сауданың сипатына қарай шығын көлемдерін ақтауы екіталай деп танылды. Аймақты қаржыландыру қазынаның мойнына ауыр түспеуі үшін аймақтың кедендік құрылымдарын ұйымдастыру барысында:
-
кедендік учаскелер, кедендер, кедендік бекеттер санын, кадрлық қамсыздандыруды мүмкіндігінше минимумдық қажеттілік деңгейіне қысқартып ұйымдастыру;
-
кедендік посттарды шекара бойымен емес, тек қолданысқа ие сауда жолдарында ғана ұйымдастыру шешілді.
Мемлекеттік кеңес аймақтағы кедендік құрылымдарды ұйымдастыру бойынша шығындардың есебін бекітті. Шығындар есебін Қаржы министрлігінің Кедендік алымдар департаменті бастығының кедендік учаскелерді ұйымдастыру туралы Семей кедендік аймағының бастығына жолдаған мәлімдемеден көруге болады:
3-кесте – Семей кедендік аймағының кедендік құрылымдарын ұйымдастыру бойынша шығындардың есебі
Аймақ құрылымдарының штаттары
|
Жылдық жалақы көлемі
|
Семей кедендік аймағының басқармасы
|
Аймақ бастығы
|
4800 рубль
|
Оның іс-сапарларына
|
1500 рубль
|
Аймақтық ревизор
|
2950 рубль
|
Оның іс-сапарларына
|
1200 рубль
|
Ерекше тапсырмалар шенеунігі
|
1750 рубль
|
Оның іс-сапарларына
|
800 рубль
|
Кеңсе шенеуніктерін жалдауға, кеңсе және шаруашылық шығындар үшін аймақ бастығының жұмсауына
|
3000 рубль
|
|
Барлығы
|
16000 рубль
|
Қос-Ағаш учаскесі
|
Меңгеруші
|
2000 рубль
|
Оның іс-сапарларына
|
500 рубль
|
Көмекші
|
1200 рубль
|
3 кестенің жалғасы
|
Аймақ құрылымдарының штаттары
|
Жылдық жалақы көлемі
|
Кеңсе шенеунігі
|
480 рубль
|
Күзет бақылаушысы
|
480 рубль
|
Салт атты бақылаушы (саны – 2 адам)
|
600 рубль
|
Күзетшілер (саны - 8 адам)1
|
1440 рубль
|
|
Барлығы
|
6700 рубль
|
Қатон-қарағай учаскесі
|
Меңгеруші
|
2000 рубль
|
Оның іс-сапарларына
|
500 рубль
|
Көмекші
|
1200 рубль
|
Кеңсе шенеунігі
|
480 рубль
|
Күзет бақылаушысы
|
480 рубль
|
Салт атты бақылаушы (саны – 2 адам)
|
600 рубль
|
Күзетшілер (саны - 8 адам)
|
1440 рубль
|
|
Барлығы
|
6700 рубль
|
Зайсан учаскесі
|
Меңгеруші
|
2000 рубль
|
Оның іс-сапарларына
|
500 рубль
|
Көмекші
|
1200 рубль
|
Ал-Кебек өтпелі пунктісіндегі көмекші
|
1200 рубль
|
Кеңсе шенеунігі
|
480 рубль
|
Күзет бақылаушысы
|
480 рубль
|
Салт атты бақылаушы (саны – 2 адам)
|
600 рубль
|
Күзетшілер (саны - 8 адам)
|
1440 рубль
|
|
Барлығы
|
7900 рубль
|
Бақты учаскесі
|
Меңгеруші
|
2000 рубль
|
Оның іс-сапарларына
|
500 рубль
|
Көмекші
|
1200 рубль
|
Кеңсе шенеунігі
|
480 рубль
|
Күзет бақылаушысы
|
480 рубль
|
Салт атты бақылаушы (саны – 2 адам)
|
600 рубль
|
Күзетшілер (саны - 8 адам)
|
1440 рубль
|
|
Барлығы
|
6700 рубль
|
Жаркент учаскесі
|
Аймақ және Жаркент кеденінің меңгерушісі
|
2000 рубль
|
Оның іс-сапарларына
|
500 рубль
|
Көмекші
|
1400 рубль
|
Хоргос өтпелі пунктісіндегі көмекші
|
1200 рубль
|
Кеңсе шенеунігі
|
480 рубль
|
Күзет бақылаушысы
|
480 рубль
|
Салт атты бақылаушы (саны – 2 адам)
|
600 рубль
|
Күзетшілер (саны - 8 адам)
|
1440 рубль
|
|
Барлығы
|
8100 рубль
|
Ескертпе - Торговые связи Семипалатинского Прииртышья (ХУІП-ХХ вв.): Сборник документов. - Управление архивами Восточно-Казахстанской области, Центр документации новейшей истории Восточно-Казахстанской области. – Семипалатинск: 2004. – 241-242бб.
|
Осы кесте негізінде Мемлекеттік кеңестің аймақтағы кедендік құрылымдарды ұйымдастырудың шығындар есебі бойынша 5 кедендік учаскенің әрбір меңгерушісі ай сайын шамамен 167 рубль көлемінде, оның көмекшісі - 100 рубль көлемінде, учаскелердегі кеңсе шенеунігі мен күзет бақылаушысы - 40 рубль көлемінде, салт атты бақылаушылар - 25 рубль көлемінде, күзетшілер - 15 рубль көлемінде жалақы алатын болды. Кедендік қызметкерлердің, әсіресе күзет қызметкерлерінің жалақы көлемі күзетті атқарудың жергілікті жағдайларына сәйкес келмеді [149, 19-20пп.]. Аймақ шенеуніктері мен күзет өкілдерінің арасындағы жалақының әртүрлі көлемі бірден анық байқалады.
Осы шығындармен қатар аталған құрылымдар және Түркістан кедендік аймағына қарасты Нарын, Ыссықкөл кедендік учаскелерінде кеңсе және шаруашылық шығындарға - 2100 рубль, мекемелерді жалдау, жылыту және жарықта ұстау үшін - 2400 рубль көлемінде қосымша қаражат бөлу жобаланды. Нәтижесінде Семей кедендік аймағы құрылымдарының жыл бойына тұрақты қызмет етуіне 56600 рубль көлеміндегі қаражат шығындау көзделді [149, 6-7пп.].
Мемлекеттік кеңестің шешімімен аймақ учаскелерінің қызмет ете бастауының мерзімдері белгіленген болатын. Бұл мерзім 1891 жылдың мамыр айына жобаланды. Томск губерниясының Бийск округіндегі Қос-ағаш учаскесі 1891 жылдың 16 мамырында, Семей облысында Қатон-қарағай учаскесі - 9 мамырда, Алқабек өзені бойынша өтпелі пунктісі бар Зайсан учаскесі - 1 мамырдан, Семей облысында Бақты учаскесі - 29 сәуірде, Хоргоста өтпелі пунктісі бар Жаркент учаскесі - 3 мамырда ашылды [60, 52 б.].
Белгіленген жыл сайынғы жалақы және қосалқы шығындармен қатар кедендік істі ұйымдастырудың келесі бір күрделі мәселесі – кедендік құрылымдарды мекемемен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге де назар аударылды. Осы орайда 1890 жылы Түркістан өлкесі мен Жетісу облысындағы мекемелерді сатып алу, құру және жөндеуге 18204 рубль несие бөлініп, 1891 жылдың желтоқсанына дейін пайдаланылуы тиіс болатын. Қаржы министлігінің Кедендік алымдар департаменті Семей кедендік аймағының меңгерушісіне Түркістан кедендік аймағының меңгерушісімен келісіп, қажет шығындардың есебін беруді талап етті. Осы мәселе төңірегінде 1891 жылдың Семей кедендік аймағы меңгерушісінің хаттамасын келтіруге болады: «Имею честь донести, что, как уведомил меня г. Начальник Туркестанского Таможенного Округа, из находящегося в распоряжении Департамента кредита по §10 ст. 1 смете Департамента 1890 г. 18204 р. 85 к., предназначаемого для покупки, постройки и ремонта здании в Туркестанском крае и Семиречинской области для таможенных учреждении вверенного ему округа потребуется только 5200 рублей; следовательно для таможенных учреждении вверенного мне округа могут быть употреблены остальные 13004 рублей 85 копеек. По полученным мною от Управляющих Бахтинской, Джаркентской и Зайсанской таможень приобретение в пунктах расположения таможень здании может быть сделано по следующим ценам:
1) в Джаркенте - от войскового старшины Путинцева за 900 рублей; хотя этот дом в общем и отвечает необходимым требованиям для помещения таможни и частью чинов ее, но в данное время он находится в таком виде, что потребует значительного ремонта и приспособления пакгаузов, что обойдется, примерно в 1500 рублей, так что приобретение здания в Джаркенте будет стоить 2400 рублей;
2) в Бахтах - от находящегося в запасе армии полковника Петрова за 1500 рублей. По заявлению Управляющего Таможней на ремонт этого дома и приспособление его потребуется кроме того еще до 2000 рублей, так что стоимость его определиться в 3500 рублей;
3) в Хоргосе нельзя приобрести готовый дом и нужно строить новый, для чего потребуется приблизительно до 3000 рублей;
4) в Зайсане можно приобрести дом от отставного чиновника Красильникова за 1700 рублей, но дом этот потребует ремонта, примерно, от 500 до 600 рублей, так что в общем будет стоить 2200-2300 рублей.
Таким образом, если приобрести в казну в указанных четырех местах означенные, единственно подходящие для таможень, дома местного типа и исправить их ремонтом и надлежащим приспособлением, то на все это потребуется 11200 рублей» [152, 17-18 пп.].
Бақтыдағы жалға алынып отырған мекеме иесінің өзге тұлғаға мекемені сатуына байланысты осы мекемеде Бақты кедені келісім бойынша 1892 жылдың мамырына дейін орналасып, Бақты учаскесінің меңгерушісі жеткізгендей, «Бақты бекінісінде кеденнің орналасуына сәйкес келетін, яғни ыңғайлы, ал ең бастысы үй иесінен орналасуынан бос үйдің болмауына байланысты жаңа мекемені жалға алуда қиыншылық туындады» [152, 30п.]. Тәжірибеде меңгерушілер кеден үшін мекеме құру кезінде үй құрумен щұғылданған азаматты жалдау кең таралған еді. Учаске меңгерушісінің есебі бойынша кеден мен оның пакгаузын құру үшін 3500 рубль көлемінде қаражат қажет болып, оның құрылысын казак Куцевалов мойнына алып, оның кепілдеушісі Сергиополь көпесі Дремин болды [158, 2-3пп.]. Бақтыдағы кедендік мекеме құру кезінде біршама қиыншылықтар туындады. Бұл Бақты мекеніндегі кедендік мекеменің орналасу орынын анықтауға байланысты еді. Бақты кедендік учаскесінің меңгерушісі жобасы бойынша кеден мекемесін Бақты өзені арқылы көпірдің жағалауында орналастыру Бақты жолы арқылы сауда барысын бақылауға мүмкіндік берді. Алайда, аталған шешімге жергілікті әскери әкімшілік қарсылық білдірді, оның басты себебі – кеден мекемесінің құрылысы әскери бекіністің қорғаныс талаптарына сәйкес болмауы еді. Әскери әкімшіліктің басты дәлелі – шабуыл жағдайында аталған мекеме бекіністі қоршау барысында қарсыластың берік негізіне айналу қауіпі болды [158, 30п.]. Мекеме құру үшін қажетті қаражаттар бөлінген соң, 1892 жылдың аяғында кеден мекемесі Захаровка деревнясынан Ұржар станицасына кірер жолда салынды (қосымша Б, В). Бірақ жаңа орында да кеден мекемесін орналастыру бойынша кедендік және әскери әкімшілік арасындағы қарама-қайшылықтар туындады. 1892 жылдың жазында көтерілген мәселе бірнеше жылға созылып, Дала генерал-губернаторы мен кедендік аймақ басшылығы арасындағы теке-тіреске әкелді. Осы жайт Дала генерал-губернаторының Қаржы министріне кедендік аймақтың жеке қызметінің ыңғайсыздығы туралы мәлімдеуіне негіз болды [158, 66п.]. Ал кедендік аймақ бастығы жоғары кедендік әкімшілікке жергілікті биліктерден қолдау таппайтыны туралы шағым жасады. Соңында тек Қаржы министрі С.Ю. Виттеның ара түсуімен шешіліп, кеден мекемесін орнында қалдыру туралы шешім қабылданды [158, 73п.].
1892 жылдың наурызында Зайсанда кеден мекемесі үшін жобаланғандай Красильниковтың үйінің орнына көкпектілік көпес С.П. Неустроевтың үйін 2300 рубльге сатып алынды [152, 95-97пп.]. Ал Жаркент кедені үшін көпес Юлдашевтың үйі 2000 рубльге сатып алынды. Семей кедендік аймағының бастығы 1892 жылы Жаркент учаскесінің бастығына жолдаған қызметтік хатында: «Находя необходимым выстроить или приобрести в Хоргосе для переходного пункта и поста жилое помещение предлагаю Вам представить мне приблизительное исчисление и свои соображения о том, во что может обоитись постройка дома в Хоргоссе из 4-5 комнат с забором вокруг двора и необходимыми постройками на дворе. Причем желательно было-бы чтобы, по крайней мере, жилое помещение было построено из дерева, так как глинобитные постройки, каковые там имеют обыкновенно возводить, не отличаются крепостью и часто требуют ремонта», - деген еді [185, 1-2пп.]. Алайда, кеден мекемелерін құру және жөндеу үшін шығындалған қаражаттардың жетіспеушілігіне байланысты кедендік пункттерге жоспарланған қаражаттарды учаске кедендерін құруға немесе сатып алуға шығындау тиімді деп табылды. Хоргостағы кедендік пункт мекемесін салу үшін жобаланған 3000 рубль көлеміндегі қаражаттарға байланысты Қос-ағашқа іс-сапарынан кейін аймақ бастығы: «В настоящее время практика выяснила, что уже с открытием таможни в Джаркенте прежняя роль Хоргосса, как головного пункта для внешней торговли в том крае, перешла к таможне, а потому нет настоятельной нужды в постройке здания для Хоргосского переходного пункта, который легко может помещаться в наемной квартире. Между тем наиболее деятельной в округе – Ондугайской таможне приходиться ютиться в нанятом убогом и неудобном помещении за невозможностью в миссионерском стане Ондугае по малочисленности нанять подходящий для таможни дом, почему постройка там казенного здания для таможни является крайне необходимой», - деп, Хоргос өтпелі пунктісіне бағытталған қаражаттарды Оңдұғай кеденін құру үшін жұмсауды жөн көрді [152, 106пп.].
Хоргостағы кедендік құрылым жалға алынған үйде орналасты, үйдің иесі Жаркент учаскесінің тұрғыны, ұйғыр Уәлиақын Алиев, кейін Верный қаласының көпесі Уәлиақын Юлдашевтер болды. Кедентік пункт ретінде осы үй 1897 жылға дейін айына 10 рубльге жалға алынып тұрды [186, 87-88пп.]. Осы жылы мекемені губерниялық хатшының әйелі Жеребъятева алған соң, кедендік иелікке сатуға келісім беріп, учаске меңгерушісінің қолдауымен 800 рубльге сатып алынды (қосымша Г, Д). Жаркент учаскесінің меңгерушісі: «Дом этот представляет собой большое удобство и в том отношении, что расположен он возле самой дороги из г. Джаркента в китайские пределы и что при самом таможенном учреждении заведываюший им чиновник, который обязан находиться на нем почти весь день безотлучно будет иметь свою квартиру, а также и помещение для стражников», - деп, өзінің дәлелдерін келтірді [187, 14-15пп.].
Мекеме мәселесінің шешілуі оларды қажет құрал-жабдықтармен қамсыздандыру мәселелеріне назар аударуына мүмкіндік берді. 1891 жылдың басында Семей кедендік аймағының бастығы Кедендік алымдар департаментіне өзіне жүктелген кедендік құрылымдарды жедел түрде қажет заттармен қамтамасыз етуді өтінді: «При открытии таможенных учреждении, вверенного мне округа потребуется немедленно же снабдить их необходимыми предметами: мебелью, соответствущей присутствию правительственного учреждения, весами, флагами и значками, револьверами для объездчиков и стражников, прошу ассинговать 2102 рублей кредита, невозможно купить флаги, портреты, револьверы в Семипалатинске и прошу выслать их и ассинговать только за мебель» [150, 1п.].
Аталған себепке байланысты Семей кедендік аймағының мекемелері қызметі үшін қажетті заттар есебі де бекітілді (4-кесте):
4-кесте - Семей кедендік аймағының мекемелеріне қажет заттар есебі
Кедендік мекеме атауы
|
Заттардың атауы
|
Әрбір мекемеге қажет саны
|
Барлық мекемеге қажет саны
|
Әрбір заттың бағасы (рубль)
|
Барлық заттардың құны (рубль)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
| -
5 кеден үшін:
Қос-ағаш
Қатон-қарағай
Зайсан
Бақты
Жаркент
|
1) Икона
|
1
|
5
|
5
|
25
|
2) Мемлекеттік елтаңбасы және Жоғары жарлығы бар бекітілген үлгідегі елтаңба
|
1
|
5
|
25
|
125
|
3) Тәж киген билеуші Императордың портреті
|
1
|
5
|
25
|
125
|
4) Қабырға сағаты
|
1
|
5
|
20
|
100
|
5) Мәуіті бар үстел
|
1
|
5
|
20
|
100
|
6) Орындық
|
12
|
5 комплект
|
45
|
225
|
7) Темір қапталған сандық
|
1
|
5
|
6
|
30
|
8) Шкаф
|
1
|
5
|
15
|
75
|
9) Кеңсе үшін үстел
|
1
|
5
|
10
|
50
|
10) Белгі түймесі (2-уі – салт атты бақылаушылар үшін, 8-і – күзетшілер үшін)
|
10
|
50
|
Бағасы белгісіз
|
11) жалау
|
1
|
5
|
Бағасы белгісіз
|
4-кестенің жалғасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
12) 30 пұттық салмақ көтеретін десятиналық таразы
|
1
|
5
|
70
|
350
|
13) Мойынтұрықты таразы
|
1
|
5
|
15
|
75
|
14) револьвер
|
10
|
50
|
Бағасы белгісіз
|
15) қылыш
|
10
|
50
|
Бағасы белгісіз
|
2) Өтпелі пункттер үшін:
Алқабек
Хоргос
|
1) Икона
|
1
|
2
|
5
|
10
|
2) Тәж киген билеуші Императордың портреті
|
1
|
2
|
25
|
50
|
3) Кеңсе үшін үстел
|
1
|
2
|
10
|
20
|
4) Орындық
|
6
|
12
|
45
|
45
|
5) Шкаф
|
1
|
2
|
15
|
30
|
6) Темір қапталған сандық
|
1
|
2
|
6
|
12
|
7) 30 пұттық салмақ көтеретін десятиналық таразы
|
1
|
2
|
70
|
140
|
8) Мойынтұрықты таразы
|
1
|
2
|
15
|
30
|
9) жалау
|
1
|
2
|
Бағасы белгісіз
|
3) Аймақ бастығының кеңсесі үшін
|
1) Икона
|
1
|
1
|
10
|
10
|
2) Тәж киген билеуші Императордың портреті
|
1
|
1
|
50
|
50
|
3) Кресло
|
4
|
4
|
10
|
40
|
4) Кеңсе үшін үстел
|
2
|
2
|
15
|
30
|
5) Мәуіті бар жазба үстел
|
2
|
2
|
30
|
60
|
6) Шкаф
|
2
|
2
|
15
|
30
|
7) Орындық
|
24
|
24
|
45
|
90
|
8) 30 пұттық салмақ көтеретін десятиналық таразы
|
1
|
1
|
70
|
70
|
9) Мойынтұрықты таразы
|
1
|
1
|
15
|
15
|
10) Темір қапталған сандық
|
1
|
1
|
70
|
70
|
11) Қабырға сағаты
|
1
|
1
|
20
|
20
|
Ескертпе - ҚР ОММ, Қор 800, Тізбе 1, Іс №5 – «Об ассинговании кредита на первоначальное обзаведение таможенных учреждении. О высылке вооружения таможенной страже», 1891-1893жж., 2-5пп.
|
Нәтижесінде, кедендік алымдар департаменті кедендік мекемелерге қажет аталған заттарды: жиһаз, сағат, икона және таразыны сатып алу үшін кедендік аймақ бастығына 1752 рубль көлемінде қаражат бөліп, 5 мемлекеттік елтаңбасы және Жоғары жарлығы бар бекітілген үлгідегі зерцало, 8 тәж киген билеуші Императордың портреті, 7 жалау, 50 дана револьвер, 50 қылыш жібереді [150, 8п.].
Кедендік аймақтың күзеті үшін киім-кешек формасы да бекітілді:
«Для объездчиков. Мундир темнозеленого сукна, двубортный, застегивающийся на шесть медных гладких пуговиц; спинка цельная гладкая; по бокам, ниже тальи, карманы с клапанами; воротник отложной, с клапанами; обшлага, воротник и клапаны одного цвета с мундиром; поверх обшлагов, по сторонам и по верху клапанов на воротнике выпушка светло-зеленого сукна; на обшлагах, под выпушкою, унтер-офицерский галун; на плечах вместо погон, светлозеленые шерстяные шнуры с медною гомбочкою; длина мундира, по спине, от воротника до низу 1 арш. 1,5 вершка, на средний рост. Шаровары суконные, одного цвета с мундиром, в сапоги с высокими голенищами. Плащ серый, суконный, солдатского образца, с клапанами на воротнике и плечевыми шнурами, как на мундире. Папаха серая, мерлушковая, с темнозеленою тульею и солдатской кокардой. Летом полотянник одной формы с мундиром и белая фуражка с козырьком и солдатскою кокардою на тулье.
Для стражников. Вся форма сходна с формой для объездчиков, но без галуна на обшлагах мундира и гомбочек на плечевых шнурах: папаха мерлушковая черная, с солдатскою кокардою» [108, 39 б.].
Кедендік алымдар департаментінің 1895 жылдың 28 тамызындағы Қаржы министрлігінің Семей кедендік аймағына қарасты ауданда қазыналық және кедендік құрылым бар жерде шай саудасымен айналысатын саудагерлердің үйлерінде шайды жеке салу мекемелері ашылуы туралы бұйрығына сәйкес Жаркентте, Зайсанда, Бақтыдағы кедендер тұсында және Семей кедендік аймағының басқармасы орналасқан мекемеде шайды жеке салу мекемелері ашылды. Алайда, бұл мәселе тек кедендер тұсындағы мекемелерді ашумен шектелмеді, өлкедегі шай саудасының басым бөлігін өз қолдарында ұстаған Семей саудагері шайды жеке салу мекемелерін ашуға ынталы екендігін білдірді. Нәтижесінде, Семейде – көпес көмекшілері Своровский мен Суторехинның мекемесі, көпес Молчановтың мекемесі ашылды [188, 11-12пп.].
1897-1899 жылдардағы Семей кедендік аймағын ұйымдастыруға қатысты талқылаулар мен 1899 жылғы кедендік істі қайта құру барысында кедендік күзеттің қызметін жақсарту қажеттілігі мойындалды. 1891 жылы Кедендік алымдар департаменті белгілеген шығындар есебінен кедендік құрылымдарды сатып алу мен жөндеуге бөлінген 18204 рубль көлеміндегі қосымша қаражат Түркістан кедендік аймағына қарасты Жетісу облысындағы кедендер мен Семей кедендік аймағының кеден мекемелерін сатып алуға шығындалса, шекара бойымен ұйымдастырылған бекеттер үшін мекеме құруға немесе сатып алуға қаражат қарастырылмады. Сондықтан, 1899 жылғы аймақтағы қайта құрулар нәтижесінде босаған қаражаттардың бір бөлігі кедендік бекеттерді мекемемен қамсыздандыру үшін бөлінді. 1898 жылы Жаркент учаскесі бойынша кедендік бекеттерді құруға 550 рубль көлемінде қаражат шығындалды. Нәтижесінде, бекеттер үшін мекеме жоспары жасалып, Қолжат, Карантинный, Бестөбе, Алмалы бекеттері құрылды [196, 33п.]. Аталған бекеттер үшін мекеме құруға жер бөлу үшін жергілікті әкімшіліктер жер үлесін бөлді (қосымшалар Е, Ж, И, К). Бұл бекеттерді құру үшін шығындардың шағын көлеміне қарамастан, кедендік күзет қызметіне қажет жағдайларға жол ашатын бекет және баспана қамтамасыз етілді. Кеден мекемелерін құру үшін қосымша қаражаттардың қарастырылмауына байланысты бұл шығындар Қатон-қарағай учаскесін тарату мен қызметкерлер көлемін қысқартулар есебінен босаған қаражаттардан алынды. Шығындар есебі бойынша әрбір кедендік бекетке келесідей қаражат көлемі қарастырылды:
5-кесте – Жаркент кедендік учаскесі бойынша кедендік бекеттерді құру бойынша шығындар есебі
№
|
Бекеттер
|
Бекеттер құнының шын көлемі, рубль
|
Бөлінген несие құны, рубль
|
1
|
Қолжат
|
65 рубль
|
60 рубль
|
2
|
Қарантинный
|
189 рубль 92тиын
|
180 рубль
|
3
|
Бестөбе
|
140 рубль
|
125 рубль
|
4
|
Алмалы
|
190 рубль
|
185 рубль
|
|
Барлығы
|
584 рубль 92 тиын
|
550 рубль
|
Ескертпе - дерек көзі – ҚР ОММ, 126 қор, 1 қосымша тізбе, №54 іс – О постройке кордонов для таможенной стражи, 1898-1899гг., 33п.
|
Кесте негізінде бекеттерді құруға шығындардың шағын көлемі көзге анық байқалады. Алайда, кедендік бекетте күзетшілер үшін барлық жағдайлар жасалды. 2-3 бөлмеден тұрған баспана, қойма, қоршалған аула, жылқы қамауы болды [185, 36п.].
Ресей империясының Батыс Қытаймен шекарасының басым бөлігін қамтыған Семей кедендік аймағының құрылымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерінің негізгі тұстарын сараптай отырып, келесідей қорытынды жасауға болады:
-
біріншіден, Семей кедендік аймағындағы қаржылық қамсыздандыру мәселесі қиын жағдайда болды, себебі кедендік бас басқарма – Кедендік алымдар департаменті өлкенің құрылымдарын қаржыландыруда шектеулі қажеттілік деңгейінде қамтамасыз етіп, кедендік құрылымдарды тек саудасы жанданған мекендерде ұйымдастыру қағидасын ұстанды;
-
екіншіден, шекара бойымен құрылған кедендік мекелемерді (кедендер, өтпелі пункттер) көлемі өлкедегі сауда барысын бақылау талаптарына жауап бермеді;
-
үшіншіден, Семей кедендік аймағының кедендерін қажетті баспанамен қамсыздандыру ісі біршама объективті қиыншылықтарға тап болды, оларға шекараға жақын мекендерде қажет дайын баспананың көптеген жағдайда болмауы, кедендік басқарма талаптарына сәйкес келетін баспаналардың жоқтығы, кеден мекемесін құру үшін шығынның үлкен көлемі жатады;
-
төртіншіден, Батыс Қытаймен шекаралас өлкедегі кедендік бақылау эксперименттік жоба ретінде орнатылып, Семей кедендік аймағының тағдыры, жалпы ресейлік кедендік жүйедегі орны мен рөлі, кедендік аймақтың құрылымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесі аймақтағы сауда байланыстарының даму үрдісіне тікелей тәуелді болды деп мәлімдеуге толық негіз бар.
Достарыңызбен бөлісу: |