Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет


Аудиторлық Келісімдер бойынша Келісу



бет10/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65

Аудиторлық Келісімдер бойынша Келісу

Аудиторлық Келісім Шарттары туралы Келісіп Жүру (Сілт: Пар. 9)

A21.  Субъект үшін аудиторлық келісім шарттары туралы келісулер бойынша басшылық пен өкілеттік берілген адамдардың рөлдері субъекттің басқару құрылымына және байланысты заңнамаға немесе нормативті актілерге тәуелді болып отыр.



Аудиторлық Келісім Хат немесе Жазба Келісім Басқа Нысаны75 (Сілт: Пар. 10-11)

A22. Аудитке қатысты қате түсінулерді болдырмауға көмектесу үшін аудит басталуына дейін аудитор аудиторлық келісім хатты жіберуі тиіс екені субъекті мен аудитор мүдделері болып есептіледі. Кейбір елдерде, дегенмен, аудит мақсаты мен ауқымы және басшылық пен аудитор жауапкершіліктері заңнамамен лайықты түрде орнатылуы мүмкін; олар 10 параграфта баяндалған мәселелерді анықтайды. Сондай жағдайларда 11 параграф аудиторға байланыста заңнама немесе нормативті актілер қолданылуына және 6(b) параграфта көрсетілгендей басшылық жауапкершілігі туралы білуіне қатысты дерекке тек сілтемені келісім хатқа енгізуге рұқсат берсе де, аудитор 10 параграфта баяндалған мәселелерді келісім хатқа басшылық ақпараты үшін енгізу лайықтылығын қарастыра алады.

Аудиторлық Келісім Хат Нысаны мен Мазмұны

A23. Аудиторлық келісім хат нысаны мен мазмұны әрбір субъект үшін ерекшелене алады. Аудитордың жауапкершіліктері бойынша аудиторлық келісім хаттарға енгізілген ақпарат АХС стандартына 200 негізделуі мүмкін.76 Бұл АХС 6(b) және 12 параграфтары басшылықтың жауапкершіліктерін сипаттауға қатысы бар. 10 параграфпен талап етілген мәселелерге қосылып, аудиторлық келісім хат сілтеме мындарға жасауы мүмкін:

• Аудиттің ауқымын өндеу, қолданыстағы заңнамаға, нормативті актілерге, АХС стандарттарына және аудитор қатысы бар болуы кәсіби субъекттер әдептану және басқа мәлімдемелерін қоса алғанда.

•   Аудиторлық келісім нәтижелері туралы басқа хабарлау нысаны.

•  Аудит лайықты түрде жоспарланған және АХС стандарттарына сәйкес орындалған болса да, ішкі бақылау бөлінбес шектеулері қосылып, аудиттің бөлінбес шектеулері болғандықтан, елеулі бұрмалау анықтай алмау сөзсіз тәуекелдігі болуы мүмкіндігі туралы дерек.

•   Аудитті жоспарлау мен орындауға қатысы бар келісімдер, аудиттің жасағы құрамын қоса алғанда.

• Субъект басшылығының жазбаша ұсыныстарды беруіне қауіптер (A13 параграфқа қараңыз).

•  Аудиторға аудитті ұсынылған мерзімге сәйкес аяқтауға көмектесу үшін кез-келген қосымша ақпаратқа және қаржылық есептілік жоспары қол жетерлік болуы туралы басшылық келісулері.

•  Басшылық аудитордың есебі күнінен бастап қаржылық есептілік шығарылған күніне дейін мерзім ішінде бұл туралы білуі тиіс қаржылық есептілікке әсер тигізуі тиіс деректер туралы аудиторды хабардар ету туралы басшылықтың келісімі.

•  Гонорардар есептелу тиісті негізі және кез-келген есеп-шоттарды шығару бойынша келісімдер.

• Басшылыққа аудиторлық келісім хатты қабылдауды растауға және анау жерде көрсетілген келісім шарттары туралы келісулеріне сұраныс.

A24.  Керек болғанда, келесі пункттер аудиторлық келісім хатта жасалуы мүмкін:

•   Аудиттің кейбір аспектілерінде өзге аудиторларды және сарапшыларды тарату бойынша келісімдер.

• Ішкі аудиторлар мен субъекттің басқа қызметкерлері шақырылуына қатысты келісім.

• Егер сондай болса, бастапқы аудит жағдайында, алдағы аудитор жасауы тиісті келісімдер.

• Сондай мүмкіндік бар болса, кез-келген аудитордың міндетін шектеу.

• Аудитор мен субъект арасындағы кез-келген кейінгі сілтеме.

• Басқа тараптарға аудиторлық жұмыс құжаттарын беру бойынша кез-келген міндеттер.

Аудиторлық келісім хатқа мысалы 1 қосымшада көрсетілген.

Құрамдас Бөлімдердің Аудиті

A25. Бас компанияның аудиторы тағы басқамен құрамдас бөлім аудитор болғанда, құрамдас бөлімге жеке аудиторлық келісім хатты жіберу қажеттілігін шешуге әсер тигізетін факторларды қамтиды:

• Кім компонентті аудиторды тағайындаған;

• Жеке аудитордың есебі құрамдас бөлім бойынша шығарылуы тиіс болды ма;

• Аудитке тағайындаларға қатысы бар заңды талаптар;

• Бас компанияның меншігі деңгейі; және

• Бас компаниядан компонентті басшылықтың тәуелсіздігі деңгейі.

Заңнамамен немесе Нормативті Актілермен Көзделген Басшылықтың Жауапкерліктері (Сілт: Пар. 11-12)

A26.  Егер аудитор А22 және А27 параграфтарда көрсетілген жағдайларда да аудиторлық келісім хатқа аудиторлық келісім белгілі бір шарттарын құжаттауы қажет емес екені бойынша шешім қабылдаса, аудитор 11 параграфқа сәйкес 6(b) параграфта көрсетілген жауапкершіліктері бар болуын біледі және растайды деп басшылықтан жазбаша келісім алуы тиіс. Бірақ 12 парагафқа сәйкес сондай жазбаша келісім заң немесе реттеуші акті тұжырымы бар болуы мүмкін, егер заңнама немесе реттеуші актілер басшылық үшін 6(b) параграфта баяндалған жауапкершілікке қарсы баламалы жауапкершілікті енгізеді. Бухгалтерлік кәсіп, аудиттің стандарттарын орнатушы, немесе юрисдикцияда аудиторлық реттеуші заңнамадағы немесе реттеуші актілердегі сипаттамы эквивалентті болуына немесе болмауына берілген нұсқаулық бар.

Мемлекеттік сектордағы субъекттерге тән Ой-пікірлер

A27. Мемлекеттік сектордағы аудиттер қызметтерін реттейтін заңнама немесе нормативті актілер жалпы алғанда мемлекеттік сектордағы аудитор таңайындалуына рұқсат береді және мемлекеттік сектордағы аудитордың жауапкершіліктерін және әдетте құзыреттерін, субъекттің жазуларына мен басқа ақпаратына кіруді рұқсат етілуіне қатысы бар құзыреті қосылып, белгілейді.

Заңнама немесе нормативті актілер аудиторлық келісім шарттарын егжей-тегжейлеп анықтап қалса, мемлекеттік сектордағы аудитор 11 параграфқа сай аудиторлық келісім-хат шығарылуы артықшылығы бар болуын қарастыра алады.

Тізбектік Аудиттер (Сілт: Пар. 13)

A28. Аудитор əр кезеңге жаңа келісім-хат жібермеуі шешімін қабылдайды. Бірақ мына факторлар жаңа хат құруға негіз бола алады:

• Клиент аудиттің мақсаты мен масштабын дұрыс түсінбеудің кез келген нышаны.

• Аудиторлық келісімнің кез келген қайта қарастырылған немесе арнайы шарттары.

• Субъектінің жоғарғы басшылығының құрамындағы ағымдағы өзгерістер.

• Меншік құқығындағы маңызды өзгерістер.

• Субъект жұмысының сипатындағы немесе масштабындағы елеулі өзгерістер.

• Заң талаптар жəне нормативтік - құқықтық актілер.

• Қаржылық есептілікті дайындаудағы өзгерістер.

• Басқа есеп беру талаптарындағы өзгерістер.



Аудит бойынша Келісімдердегі Өзгерістерді Қабылдау

Аудиторлық Келісім Шарттарындағы өзгерістерді Қабылдау (Сілт: Пар. 14)

A29. Клиенттің аудиторға келісімді өзгерту туралы өтініші қызмет көрсетуге қажеттілігіне ықпал ететін жағдайлардың өзгерісінен, бастапқы сұралған аудит сипатын немесе ілеспе қызмет сипатын дұрыс түсінбеуден немесе келісім ауқымының субъект басшылығы қойған, болмаса жағдайларға байланысты болған шектелуінен туындауы мүмкін. 14 параграфпен талап етілгендей аудитор өтінішке берілген себепті, оның ішінде келісім ауқымының шектелуінің жүзеге асырылуын мұқият қарастырады.

A30. Субъект талабына немесе бастапқыда сұралған қызмет сипатын дұрыс түсінбеуге ықпал ететін жағдайлардың өзгерісі əдетте келісімдегі шартты өзгерту өтінішінің дұрыс себептері ретінде қарастырды.

A31. Жəне керісінше, өзгерту дұрыс деп қарастырылмайды, егер ол анық емес немесе қанағаттанарлық емес ақпаратқа қатысы болса. Оған мысал, аудитор дебиторлық қарызға қатысты жеткілікті тиісті аудиторлық дəлелдер ала алмайды, ал клиент аудит бойынша келісім шартын өзгертуді сұрайды жəне ережесі бар аудиторлық пікірді немесе пікір айтудан бастартуды болдырмас үшін оны шолу жүргізумен ауыстыруды өтінеді.

Шолуға немесе Ілеспе Қызметке Өзгеріске Өтініш (Сілт: Пар. 15)

A32. Аудит бойынша келісімді ілеспе қызметке және шолуға өзгерту келісіміне дейін АХС-на сəйкес аудитті жүргізуге шақырылған аудиторға, A29-A31 параграфтардағы мәселелерге қоса алғанда, мұндай өзгертудің кез келген заңды немесе келісімді нəтижелерін қосымша қарастыруы керек.

A33. Егер аудитор аудиторлық келісім шолуға немесе ілеспе қызметке өзгертілуі тиіс деген қорытындыға келсе, өзгерістер күнінде орындалған аудиттің жұмысы қайта құрылған келісімге сай болады; бірақ, орындалуы тиісті жұмыс және шығарылуы тиісті есеп қайта құрылған келісімге сай келетін болады. Есеп беруді түсіну үшін, оған мыналарға сілтеме қосылмайды:

(а) бастапқы аудиторлық келісімге; немесе

(b) бастапқы келісім кезінде орындалатын кез келген шаралар, қоспағанда, орындалған шараларды орындау бойынша келісімге өзгертулерді және орын орындалған шараларға сілтеме есеп берудің қарапайым элементі болып табылады.

Келісімді Қабылдау бойынша Қосымша Ой-пікірлер

Заңнамамен немесе Нормативті-Құқықтық Талаптармен Анықталған Қаржылық Есептілік Стандарттары (Сілт: Пар. 18)

A34. Кейбір жағдайларда, заңнама немесе нормативті-құқықтық талаптар қаржылық есеп беру стандарттарын мойындалған немесе анықталған стандартты орнатушы ұйым арқылы қаржылық есептілікте дайындауға қатысы бар қосымша талаптармен толықтыра алады. Анау юрисдикцияларда, қолданыстағы қаржылық есеп беру жүйесі АХС –ын

қолдану мақсатында анықталған қаржылық есеп беру жүйесін және сондай қосымша талаптарды қамтиды, егер олар анықталған қаржылық есеп беру жүйесімен қақтығысқа келмесе. Мысалға, заңнама немесе нормативті-құқықтық актілер, қаржылық есептілік стандарттармен талап етілгендерге қосылып, ашылымдарды белгілей отыратын жағдайда да, немесе қаржылық есеп беру стандарттары ішінде жасалуы мүмкін қолданыстағы таңдаулары қатарын тарылтайтын жағдайда да, бұл болуы мүмкін.77

Заңнама немесе Нормативті-Құқықтық Талаптар Анықтаған Қаржылық Есеп Жүйесі—Басқа Ықпал Тигізетін Мәселелерді Қарастыру (Сілт: Пар. 19)

A35. Заңнама немесе нормативті-құқықтық актілер бойынша аудитордың пікірінің тұжырымы «барлық елеулі қатынастарда, әділ түрде ұсыну» немесе «әділ және адал көріністі беру» деген сөздер қолдануы тиіс, егер заңнамамен немесе нормативті-құқықтық актілермен белгіленген қолданыстағы қаржылық есеп беру жүйесі өзге түрде сәйкес емес болатын екен деген аудитор қорытындыға келсе. Мына жағдайда да, белгіленген тұжырымы шарттары АХС талаптарынан елеулі түрде ерекшеленеді (21 параграфты қараңыз).



Заңнамамен немесе Нормативті-Құқықтық Талаптармен Анықталған Аудитордың Есебі (Сілт: Пар. 21)

A36. Аудитор аудитке қатысы бар АХС барлығына сәйкес келгенше, аудитор АХС –ына сәйкестікті ауыстырмайды деген АХС талап етеді.78 Егер заңнама немесе нормативті-құқықтық актілер АХС талаптарынан елеулі түрде ерекшеленетін насанындағы немесе жағдайларындағы аудитордың есебі тұжырымын немесе құрылымын белгілей отырса және аудитор аудитордың есебіндегі қосымша түсіндіру ықтимал дұрыс түсінбеуді жеңілдету мүмкін емес деген қорытындыларға келсе, аудитор аудит АХС –ына сәйкес емес орындалатын екені бойынша мәлімдемені аудитордың есебінде енгізуді қарастыруы тиіс. Аудитор АХС –ына сәйкес орындалатын аудитті сипаттауға рұқсат етілмесе де, аудитор АХС –ын, сонымен қатар аудитордың есебін реттейтін АХС-ын, тиісті деңгейге дейін қолдануға мадақталады.



Мемлекеттік Сектордағы Субъекттерге Тән Ой-пікірлер

A37. Мемлекеттік секторда арнайы талаптар аудиттің мандатын реттейтін заңнама ішінде бар болуы мүмкін; мысалға, аудитор тікелеі түрде министрге, заң шығарушы өкіметке, немесе, егер субъект аудиттің көлемін шектеуге тырысса, клиенттерге хабарлауы тиіс.



Қосымша 1

(Сілт: Пар. A23-24)



Аудит бойынша келісім-хат мысалы

Келесі Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына сәйкес дайындалған жалпы сипаттағы қаржылық есептілік аудиті үшін аудит бойынша келісім-хатқа мысалы. Бұл хат АХС-да көрсетілген қарастыруларға сай нұсқау ретінде пайдалануды жəне жеке талаптар мен жағдайларға сəйкес өзгереді. Бұл жеке талаптарға және жағдайларға сәйкес өзгереді. Бұл Қаржылық есеп беру кезіндегі қаржылық есептілік аудитін сипаттауға құрылған және, егер тізбектік аудиттерге қолданылуы күтілсе, жетілдірулерін талап етеді (бұл АХС 13 параграфын қараңыз). Кез-келген келісім-хат лайықты екен деген заңды кеңесті іздеуі тиісті болуы мүмкін.

***

АВС компанияның директорлар кеңесіне немесе субъектінің жоғарғы басшылығының тиісті өкіліне:79



[Аудиттің мақсаты мен масштабы]

Сіз80 бізге аудит 20X1 жылғы 31 желтоқсанындағы АВС компанияның бухгалтерлік баланс жүргізуге жəне де оған байланысты табыстар мен шығындар жөнінде, көрсетілген күнде аяқталатын есеп беру жылындағы ақша қозғалысы туралы есеп беруді және маңызды бухгалтерлік саясаттар мен басқа түсіндірмелі ақпарат туралы есеп беруді жүргізуге өтініш жасадыңыз. Біз бұл келісімді қабылдап, түсінгенімізді растауға қуыныштымыз. Аудитті қаржылық есеп беру бойынша пікір білдіру мақсатында жүргіземіз.

[Аудитордың жауапкершіліктері]

Аудитті Аудиттің Халықаралық Стандарттарына (АХС-ы) сай жүргіземіз. Бұл стандарттар біз аудитті әдептану талаптарына сәйкес келуіміз екеніне толық сенімді болу үшін жоспарлап, жүргізуімізді талап етеді. Аудит қаржылық есептіліктегі сомаларды жəне ондағы ақпаратты растайтын дəлелдерді таңдап тексеруден тұрады. Алаяқтық немесе қате себебімен қаржылық есептіліктегі елеулі бұрмалау тәуекелдіктерін бағалауды қоса алғанда, таңдалған іс-шаралар аудитордың пікіріне тәуелді болады.

Сонымен қатар, аудит басшылықпен қолданылған бухгалтерлік саясаттардың тән болуын және басшылық жасаған бухгалтерлік бағалар дұрыстығын бағалауды, соның ішінде қаржылық есептілік жалпы сипаттағы ұсынылуларын бағалауды қамтиды. Ішкі бақылауға тән объективті шектеулерді қоса алғанда, аудит процессіне тән объективті шектеулер балғандықтан, сондай-ақ

бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылаудың кез келген жүйесіне тəн шектеулерге орай, кейбір тіпті елеулі ауытқулар көзге түспей қалу тəуекелділігі бар.

Тәуекелдіктерді бағалауда, біз, жағдайларға тән аудиторлық шараларды дамыту мақсатында, субъекттің ішкі бақылауы тиімділігі бойынша пікір білдіру мақсатында емес, субъекттің ішкі бақылауды қаржылық есептілік даярлауына тән болуын есептеп отырмыз. Бірақ, біз аудит барысында анықталған ішкі бақылау жүйелеріндегі елеулі кемшіліктерге қатысты бөлек хат жіберуді жоспарлап отырмыз.

[Басшылықтың жауапкершіліктері мен қолданыстағы қаржылық есеп беру жүйесінің анықталуы (мынау мысалдың мақсаттары үшін,заңнама мен нормативті-құқықтық актілер тиісті жағдайларға тәнжауапкершіліктерді белгілеп отырмайды деп аудитор анықтаған жоқ; бұл АХС 6(b) параграфындағы сипаттама қолданылады )]

Біз аудитте бұл жауапкершілікті қабылдап, түсінгенін растау негізінде [басшылық, немесе керек болғанда өкілеттік берілген тұлғалар]81 жүргіземіз:

(a)  Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына Сәйкес қаржылық есептілік әділ түрде ұсынылсын және дайындалсын; 82

(b)  Сондай ішкі бақылау [басшылық] сияқты алаяқтық немесе қате себебімен елеулі ауытқулар көзге түспей қалған қаржылық есептілікті даярлауды қамтамасыз ету қажеттілігін шешім қабылдайды; және

(c)  Бізге келесіні беруіңіз керек:

(i)   Басшылық түсініп, жазуларды, құжаттаманы және басқа мәліметтерді қоса алғанда, қаржылық есептілікті даярлауға тән барлық ақпаратқа кіруді рұқсат етілсін;

(ii)   Аудит мақсатында басшылыққа өтінішімізді жібереміз деген қосымша ақпарат; және

(iii)  Біз аудиторлық дәлелдерді аулымыз қажеттілігін шешім қабылдап отырмыз деп субъекттің ішіндегі тұлғаларға шектеулі емес түрде кіруді рұқсат етілсін.

Біз аудиторлық үдерістің бір бөлігі ретінде субъект басшылығынан және керек болғанда, өкілеттік тұлғалардан аудитке қатысты ұсынулар бойынша жазбаша түрде растауды сұраймыз.


Біз аудит барысында сіздердің қызметкерлеріңізбен тығыз ынтымақтастыққа қуаныштымыз.

[Басқа тән ақпарат]

[Басқа ақпаратты, гонорарлар бойынша келісімдерді, есеп-шоттарды шығару бойынша келісімдерді және керек болғанда, басқа тән шарттарды енгізіп қосыңыз.]

[Есеп беру]

[Аудитордың есебінің күтілген нысанына және мазмұнына тән сілтемені енгізіңіз]

Біздің есебіміз нысаны және мазмұны біздің аудиторлық ақпарат мәнмәтінде қайта қарастырылуын қажет етуі мүмкін.

Берілген хаттың көшірмесін біз жүргізген қаржы есебінің аудитінің шартына қатысты түсінгеніңізге сай растауыңыз ретінде қол қойып, қайтаруыңызды өтінеміз.

Комапания XYZ & Co

АВС компаниясының атынан расталды

(қолы)


……………………….

Аты – жөні, лауазымы

Күні

Қосымша 2

(Сілт: Пар. A10)



Заңнамамен немесе Нормативті-Құқықтық Актілермен Белгіленген Қаржылық Есеп Беру Жүйелері жоқ немесе Стандарттау бойынша Мойындалған және Расталған Ұйымы жоқ Жалпы Сипаттағы Жүйелердің Заңды Құзырлы Аймақтардың Қолданысын Шешу

  1. Бұл АХС А10 параграфында белгіленгендей, субъект стандарттау бойынша мойындалған немесе расталған ұйымы жоқ юрисдикцияда жазылып қойылатын болса немесе қызмет етсе, немесе қаржылық есеп беру жүйесі қолданысы заңнамада немесе нормативті-құқықтық актілерде көрсетілген жоқ болса, басшылық қолданыстағы қаржылық есеп беру жүйесін анықтайды. Әдетте, сондай юрисдикциялардағы тәжірибесі бұл АХС А8 параграфында сипатталған ұйымдардың біреуімен белгіленген қаржылық есеп беру стандарттарын қолдану.

  2. Керісінше, анау юрисдикцияда қызмет ететін белгілі бір субъекттер дайындаған жалпы сипаттағы қаржылық есептілік үшін қаржылық есептілік беру жүйесі ретінде әдеттегідей мойындалған белгілі бір юрисдикциядағы бухгалтерлік келісім-шарттар жасалуы тиіс.
    Сондай қаржылық есеп беру жүйесі қолданылғанда, бұл АХС 6(b) параграфына сәйкес аудитор бухгалтерлік келісім-шарттар коллективтік түрде жалпы сипаттағы қаржылық есептілік үшін қолданыстағы қаржылық есеп беру жүйесін құруы мүмкін екені қажеттілігін шешімін қабылдауы тиіс. Бухгалтерлік келісім-шарттар кеңінен белгілі бір юрисдикцияда қолданылатын болғанда, анау юрисдикциядағы бухгалтерлік кәсіп аудиторлардың атынан қаржылық есеп беру жүйелері қолданысын қарастыруы мүмкін. Керісінше, аудитор бухгалтерлік келісім-шарттар әдеттегідей қолданыстағы қаржылық есеп беру жүйелері көрсететін нышадары бар-жоғын қарастыру (3 параграфты қараңыз) арқылы немесе бухгалтерлік келісім-шаттарды қолданылатын болып есептілетін (төмен 4 параграфты қараңыз) ағымдағы қаржылық есеп беру жүйесінің талаптарымен салыстыру арқылы шешім қабылдай алады.

3. Кәдімгідей, қолданыстағы қаржылық есеп беру жүйелері болжамды қолданушылар үшін пайдалы қаржылық есептіліктегі ақпаратқа ықпал тигізетін келесі нышандарды көрсетіп жатыр:

(a) Әдетте бұл қажеттіліктер қаржылық лауызымды, қаржылық қызметті және бизнес субъектінің ақша қозғалысын ұсыну арқылы қанағаттандырылады. Қаржылық есептіліктегі ақпарат субъекттің сипатына және қаржылық есептіліктердің мақсатына тән деген сәйкестік. Мысалға, жалпы сипаттағы қаржылық есептіліктерді дайындайтын бизнес субъекті жағдайларында, сәйкестік экономикалық шешімдер қабылдау кезінде жалпы қаржылық ақпаратқа қолданушылардың көбі қажеттіліктерін қанағаттандыруы қажет ақпарат ретінде бағаланады.

(b)  Көзге түсіп қалған қаржылық есептіліктерге негізделетін қорытындыларға ықпал тигізіп алуы мүмкін болатын транзакциялар және жағдайлар, бастапқы сальдолар және ашылымдар толықтығы.

(c)   Қаржылық есептіліктегі ақпарат сенімділігі:

(i)  Керек болғанда, олардың заңды нысанын емес, жағдайлар мен транзакицялар экономикалық мағынасын сипаттап отыр; және

(ii) Сол сияқты жағжайларда қолданылғанда, дұрыс түрде тоқтаусыз бағалау, өлшеу, ұсыну және ашу деген нәтижелері.

(d)   Жалған қаржылық есептіліктегі ақпаратқа үлес қосу деген бейтараптылық.

(e)   Қаржылық есетіліктегі ақпарат анық және жан-жақты және елеулі түрде бөлек түсіндірілуі жоқ деген түсініктілік.

4.  Аудитор қолданыстағы болып есептелетін ағымдағы қаржылық есеп беру жүйесінің талаптарын бухгалтерлік келісім-шарттармен салыстыруды шешім қабылдай алады. Мысалға, аудитор бухгалтерлік келісім-шарттарды ХҚЕС-ымен салыстыруы мүмкін. Кішігірім субъекттің аудиті болса, аудитор бухгалтерлік келісім-шарттарды стандарттау бойынша мойындалған немесе расталған ұйыммен сондай субъекттер үшін дамытылған қаржылық есеп беру жүйесімен салыстыруын шешім қабылдай алады. Аудитор сондай салыстырғанда және айырмашылықтар анықтағанда, қаржылық есептілікті даярлау кезінде енгізілген бухгалтерлік келісім-шарттар қолданыстағы қаржылық есеп беру жүйесі бола ма деген шешім айырмашылықтар себептерін қарастыруды қамтиды, және бухгалтерлік келісім-шарттар қолданысы немесе қаржылық есептіліктегі қаржылық есеп беру жүйесінің сипаттамасы жасанды қаржылық есептілікке ықпал етуі мүмкін болды ма деген шешім бар.

5.    Жеке артық көрулерге сәйкес келу үшін дамытылған бухгалтерлік келісім-шарттар жинағы жалпы сипаттағы қаржылық есептіліктерге арналған қолданыстағы қаржылық есеп беру жүйелері емес. Бұл толығымен белгілі бір заңды құзырлы аймақтарда дайындаушылар және қолданушылар назарына салғанша, сол сияқты сәйкестік жүйесі қолданыстағы қаржылық есеп беру жүйесі болмайды.



220 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Қаржылық есептілік Аудитінің Сапасын Бақылау

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың

15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)

МАЗМҰНЫ

Параграф


Кіріспе

Бұл АХС ауқымы .........................................................................................................1

Сапаны Бақылау Жүйесі және Жоба бойынша Жұмыс Істейтін Топтар Рөлдері ……………………………………………………………………………...2-4

Күшіне Ену Күні...........................................................................................................5



Мақсаты ......................................................................................................................6

Анықтамалар ............................................................................................................7

Талаптары

Аудиттің Сапасы үшін Басшылықтың Жауапкершілігі. .........................................8

Байланысты Әдептану Талаптары ........................................................................9-11

Клиентпен жəне өзіне тəн аудиторлық келісімдермен қарым-қатынасты қабылдау жəне жалғастыру..................................................................................12-13

Жоба бойынша Команданы Тағайындау .................................................................14

Келісімді Орындау ...............................................................................................15-22

Мониторинг ................................................................................................................23

Құжаттама .............................................................................................................24-25



Қолданбалы Және Басқа Түсіндірме Материал

Сапаны Бақылау Жүйесі және Жоба бойынша Жұмыс Істейтін Топтар Рөлдері .................................................................................................................A1-A2

Аудиттің Сапасы үшін Басшылықтың Жауапкершілігі ........................................A3

Байланысты Әдептану Талаптары ....................................................................A4-A7

Клиентпен жəне Өзіне Тəн Аудиторлық Келісімдермен Қарым-Қатынасты Қабылдау жəне Жалғастыру ..............................................................................A8-A9

Жоба бойынша Команданы Тағайындау.......................................................A10-A12

Келісімді Орындау ..........................................................................................A13-A31

Мониторинг .....................................................................................................A32-A34

Құжаттама ................................................................................................................A35


«Қаржылық Есептілік Аудитінің Сапасын Бақылау» 220 Аудиттің Халықаралық Стандарты «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу» АХС 200 стандартымен бірге оқылуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет