Бейорганикалық химия практикумы



бет196/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Кадмий оксидін алу. Отбақыраштың қақпағына кадмий нитратының бірнеше кристалын (1 г) салыңдар да, бастапқыда абайлап, сонан соң қатты қыздырыңдар. Не байқалады? Түзілген оксидтің түсі қандай? Кадмий оксидіне дистилденген судың, қышқылдар мен сілті ерітінділерінің әсерін тексеріңдер. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Кадмий гидроксидін алу және оның қасиеттері.

  1. мл кадмий нитраты ерітіндісіне натрий гидроксидінің

1 н ерітіндісін қосыңдар. Түзілген заттың құрамы қандай? Кадмий гидроксиді тұнбасын декантация әдісімен дистилденген сумен жуып, сүзіп кептіріңдер. Кадмий гидроксидіне тұз қышқылының 2 н ертіндісінің, эквивалентті және артық алынған натрий гидроксидінің және 25% аммиак ерітінділерінің әсерлерін тексеріңдер. Не себептен кадмий гидроксиді аммиактың артық мөлшерінде ериді? Калий гидроксидінің толық тұнбаға түсуі қандай жағдайда жүреді? Байқалатын құбылыстарды түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
4. Кадмий сульфиді. 1-2 мл кадмий сульфаты немесе хлориді ерітіндісіне аммоний сульфиді ерітіндісін құйыңдар. Түзілген тұнбаның түсін анықтаңдар. Кадмий сульфидіне 1 н тұз, күкірт және азот қышқылдарының әсерін тексеріңдер. Реакция теңддеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.


ғ 134 жұмыс. Сынап және оның қосылыстары
Ескерту: Сынаппен және оның қосылыстарымен жұмыс жасағанда мына ережелерді еске ұстаған жөн:

  1. Құрамында сынап бар барлық аспаптар мен ыдыстарды темірден жасалған тұғырыққа қою керек.

  2. Сынаппен тәжірибелерді осындай тұғырықта тартқыш шкафта жүргізу керек.

  3. Сынаптың қалдықтарын және сынаптың қосылыстары бар ерітінділерді "Нg қалдықтары" деп жазылған арнайы шынысауытқа жинап, лаборантқа өткізу керек.

  4. Сынаппен жұмыс істегеннен кейін қолдарыңды сабынмен жуыңдар!

  5. Кездейсоқ шашылып кеткен сынап тамшыларын дереу мыс сымымен жинап алыңдар. Жинап алынған сынапты ластанған сынапқа арналған арнайы ыдысқа салыңдар. Сынап шашылған жерге күкірт себіңдер. Сынапты және олардың тұзын ешуақытта қол жуғышқа төгуге және тастауға болмайды!






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет