Бейорганикалық химия практикумы


Атомарлы сутекпен калий перманганатының тотықсыздануы (бөліну кезіндегі)



бет48/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

5.Атомарлы сутекпен калий перманганатының тотықсыздануы (бөліну кезіндегі).
Сұйытылған күкірт қышқылының ерітіндісіне бірнеше тамшы КМnО4 ерітіндісін қосып, қоспаны екі сынауыққа бөліңдер. Оның біреуіне мырыш түйіршігін салып, екіншісіне Кипп аппаратынан сутек жіберіңдер. Сынауықтардағы ертінділердің түсінің өзгеру жылдамдықтарын салыстырындар. Түстерінің өзгеру жылдамдықтарының айырмашылықтарын түсіндіріңдер. Реакция жылдамдығының теңдеуін жазыңдар.
ғ 15 жұмыс. Сутек пероксиді



Қажетті-құрал жабдықтар мен реактивтер: 100 мл химиялық стакан, 5 % H2SO4, суытқыш қоспа (қар немесе мұздың NaCl мен қоспасы), барий пероксиді, термометр, сұйытылған K2Cr2O7 ерітіндісі, этил эфирі, сынауықтар, газ өткізгіш түтігі бар тығын, MnO2, шырақ, сұйытылған КМnО4 ерітіндісі, KІ ерітіндісі, метилоранж, NaOH ерітіндісі.

1. Сутек пероксидін алу. Сыйымдылығы 50 мл химиялық стаканға 20 мл 5 % H2SO4 құйыңдар да оны суытқыш қоспаға (қар немесе мұздың NaCl мен қоспасы) орналастырыңдар. 1 г барий пероксидін суытылған H2O2 ерітіндісіне араластыру арқылы аз мөлшермен қосыңдар. Мұнда ерітіндінің температурасы 00С-дан жоғары болмау керек (не себепті?). Суытуды тоқтатпай түзілген тұнбаны (оның құрамы қандай?) тұндырыңдар да, мөлдір ерітіндіні бөліп алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған H2O2 ерітіндісін келесі тәжірибелерге сақтап қойыңдар.
2. H2O2 ашу реакциясы.
Сынауыққа 3 мл су құйып, оған 2-3 тамшы K2Cr2O7 ерітіндісін және 2-3 тамшы сұйытылған H2SO4 ерітіндісін қосыңдар. Оған 1 мл этил эфирін және 1-2 мл алдыңғы жұмыста алынған H2O2 қосыңдар. Сұйықтықтарды жақсылап араластырыңдар. Эфир қабатының көк түске боялғанын бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет