Бейорганикалық химия практикумы



бет147/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

4. Кальций оксалаты. Сынауыққа 1-2 мл СаСІ2 ерітіндісін құйыңдар да, оған аммоний оксалаты (NH4)2С2О4 ерітіндісінің аздаған мөлшерін қосыңдар. Не байқалады? Кальций оксалатының сірке және тұз қышқылдарына әсерін тексеріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. НСІ, СН3СООН және Н2С2О4 диссоциациялану дәрежесінің әртүрлілігін ескере отырып, алынған мәліметтерді түсіндіріңдер.
5. Кальций, стронций және барий тұздарымен жалынның боялуы. Таза платина сымын кальций, стронций және барий тұздарына (кезекпен) батырып алып, оны спирт шамының жалынында жағып көріңдер. Жалынның түсін байқаңдар. Оқытушы берген тұздардың (Са, Мg, Sr немесе Ва тұзы) ерітіндіде қайсысы болатынын анықтаңдар.


ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН СИНТЕЗДЕР



  1. Барий пероксидін алу және оның қасиеттерін зерттеу.

Тітіркендіргіш әсері бар, денсаулыққа қауіпті. Абайлаңдар! Барий тұздары улы. Жұмыс жасап болған соң қолдарыңды сабынмен жуыңдар. Тұздардың қалдықтарын лаборантқа тапсырыңдар.



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: химиялық стакан, цилиндр, шыны таяқша, сүзгіш қағаз, құйғы, көлемі 100 мл конус тәрізді құты, кәрлен табақша, кептіргіш шкаф, кәрлен қалақша, шынышақша, технохимиялық таразы, сынауықтар, барий хлориді, сутек пероксидінің 30% ерітіндісі, концентрлі аммиак ерітіндісі, 1% күміс нитраты, 10% калий хроматы, 2 н тұз қышқылы, шырпы, калий иодидының 2 н ерітіндісі, 2 н күкірт қышқылы, 1% крахмал.

Көлемі 30-40 мл стаканда ВаСІ2L2H2O 2,5 грамын 6,5 мл суда ерітіңдер де, сутек пероксидінің 30 % ерітіндісінен (“пергидроль”) 5 мл қосып, шыны таяқшамен араластырыңдар. Оған 5 мл 25% аммиак ерітіндісін қосып, тағы да араластырыңдар. Тұнба әбден шөгіп болғанан кейін ерітіндіні бөлек құйып алыңдар да, тұнбаны декантация әдісімен 2-3 рет суық сумен жуыңдар. Тұнбаны сүзіп, сүзінді суда хлорид ионының әлсіз реакциясына дейін суық сумен жуыңдар (күміс нитратының ерітіндісіне 1-2 мл сүзінді қосқанда оның аздап лайлануы болады).
Тұнбаны кәрлен табақшаға салып, 50-700С кептіргіш шкафта кептіріңдер. Тұнба үгілгіш массаға айналған кезде температураны 75-800С дейін арттырып, тағы да 30-40 минут кептіріңдер. Кептірілген барий гидроксидін шынышақшаға салып өлшеңдер. Шығымды пайыз есебімен есептеңдер. Түзілген заттың қасиеттерін зерттеу үшін ВаО2 аздаған мөлшерін (0,2 г) екі сынауыққа салыңдар да, біреуіне аздап су, ал екіншісіне 2-3 мл 2 н НСІ құйыңдар. Не байқалады? Бөлінген газды тұтанған шырпы арқылы тексеріңдер. Екі сынауықтағы газдың бөліну қарқындылығын салыстырыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Үшінші сынауыққа 2 мл 2 н КJ ертіндісін құйып, 2-3 мл 2 н Н2SO4 қосыңдар да, үстіне барий пероксидін (0,2 г) салыңдар. Не байқалады? Ерітіндіге 1-2 мл крахмал қосыңдар. Не болады? Реакция теңдеуін жазыңдар.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет