Бейорганикалық химия практикумы



бет54/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Тәжірибенің орындалуы. 31-суретте көрсетілгендей құрылғы жинаңдар. Жоғарғы жағына орнатылған резеңке түтік арқылы ашық жағынан өлшеуірді нөлдік белгіге дейін сумен толтырыңдар.



Шүмекті жауып реакциялық құтыдан газ өткізгіш түтікті өлшеуірдің астына енгізіңдер. Алдымен 30 мл 0,2 % K2Cr2O7 ерітіндісін өлшеуіш цилиндрмен өлшеп, оны реакциялық құтыға құясыңдар. Осыған 5 мл 2% H2O2 ерітіндісін құйып, тез газ өткізгіш түтікке қосасыңдар. Тәжірибенің температурасы тұрақты болу керек, ол үшін реакциялық құтыны сулы астаушаға орналастырасыңдар. 5 мин бойы әрбір 30 сек сайын H2O2 катализдік ыдырау нәтижесінде бөлінген оттектің көлемін

31-сурет. Гетерогенді реакция жылдамдығын анықтауға арналған құрал

өлшеп отырыңдар. Әр өлшеудің алдында реакциялық құтыдағы сұйықтықты шайқап отыру керек. Осындай тәжірибені K2Cr2O7 ерітіндісінсіз жасаңдар, бірақ су көлемі сондай болу керек. Алынған көрсеткіштерді кестеге жазып, катализатормен және катализаторсыз реакцияның салыстырмалы

жылдамдығын есептеңдер.
Кесте

Уақыт,
сек

30

60

90

120

150

180

210

240

270

300

V(O2),мл































V*(O2),мл































(катмен/
(кат-сыз

































Тапсырма: Алынған мәліметтерді абцисса өсіне уақытты, ордината өсіне-бөлінген оттекті сала отырып, график түрінде суреттеңдер. K2Cr2O7 қандай роль атқарады? Реакция кезінде оның түсінің өзгеруі нені білдіреді? Реакция аяқталған соң оның түсі өз қалпына келе ме? Катализатор қатысында реакция жылдамдығы неше есе жоғарылайды?
2. Катализатор ретінде 1 мл 3% FeCl3 ерітіндісін ала отырып, реакциялық құтыға 15 мл 2% H2O2 ерітіндісін құйып, 1-ші тәжірибені қайталаңдар.
3. Гетерогенді катализ. Катализатор ретінде 0,1 мг MnO2 немесе PbO2 ала отырып, 1-ші тәжірибені қайталаңдар.
4. Автокатализ. Реакция өнімдерінің біреуі көбінесе осы реакцияның жүруін тездететін катализатор болып табылады. Жүйеге арнайы катализатор енгізілмей, сол реакция өнімінің өзі катализатор болып табылатын катализдік реакциялар автокатализдік реакциялар деп аталады.
Жұмыстың орындалуы. Сынауыққа 5 тамшы 5% қымыздық қышқылын Н2С2О4 және 2 тамшы 2 н күкірт қышқылын құйыңдар да, қоспаны араластырыңдар. Тамшуырмен калий перманганатының сұйытылған ерітіндісін алып, оны қымыздық қышқылымен қышқылданған сынауыққа тамшылатып қосыңдар. Секундомер арқылы қосылған бірінші, екінші, үшінші және т.б. тамшыдан түссіздену уақытын белгілеңдер. Кезекті тамшыны алдындағы түс кетіп қалғаннан кейін тамызыңдар.
Тәжірибені қымыздық және күкірт қышқылдарының қоспасына 4 тамшы марганец сульфатын қоса отырып басқа сынауықта қайталаңдар. Тәжірибе нәтижелерін жұмыс дәптерлеріңе жазып отырыңдар. Реакция теңдеулерін жазып, неліктен екінші жағдайда реакция тез жүреді де, біріншісінде біртіндеп жылдамдайтынын түсіндіріңдер.


ғ 19 жұмыс. Беттік ауданның гетерогендік химиялық реакция жылдамдығына әсері


(Студент өз таңдауы бойынша 3 тәжірибенің біреуін орындауы керек).

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: тұрғы, бөлікті өлшеуір, 50 мл өлшегіш цилиндр, газ өткізгіш түтік, кристаллизатор, 50 мл жазық түпті құты, түйіршік немесе ұнтақ түріндегі мырыш (немесе темір), кесек және ұнтақ түріндегі мәрмәр, сұйытылған күкірт және тұз қышқылдары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет