Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы


Ынтымақтастық педагогикасы. Ш.А.Амонашвилидің гумандық-тұлғалық технологиясы



бет39/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49
399017333 (1)

2. Ынтымақтастық педагогикасы. Ш.А.Амонашвилидің гумандық-тұлғалық технологиясы.
Ш. Амонашвилидің « Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілік дарыта алмайды. Тек көркем шығарманы өзі жан-тәнімен сүйген, қабылдай білген,оның сиқырлы сырына қанық, адамды өзіне баурап, тәңірісін таныған ұстаз ғана оқушыларын көркем сөз өнеріне ынталандыра, құлшындыра алады. Шығарма мәтінінің тереңіне, астарлы бейнелі ойына, жан сүйсіндірер, ынтықтырар сәттеріне толғана ой жүгірткен, сондай жерлерін таңдап таба білген мұғалім шәкіртті шығарма оқуға қызықтыра, ынтықтыра алмақ» деген пікірінен жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуда мұғалімге қойылатын талаптың маңыздылығын анық байқауға болады дегендей ұстаз өз ісінің шебері болуы керек.
Ынтымақтастық педагогика негізі адамға деген ізгіліктіктік көзқарас, оның мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сену, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін түсіну, тәрбие үрдісінде оларды есепке алу. Осы тұжырымдамаға сәйкес үш басты тұлғалық ұстанымдарды бөліп көрсетуге болады.

  1. Баланы бар болмысымен қабылдау. Мұнда баланы мұғалімнің қабылдамауы, оқушының өзіндік «Менін» бағаламауы орын алмайды.

  2. Баланы эмпатикалық түсіну. Мұғалім оқушының ішкі дүниесіне енуге, қоршаған ортаны оқушының көзімен қабылдап, оның ішкі дүниесімен сезінуге талпынады.

  3. Оқушылармен ашық, өзара сенімділік қарым – қатынас. Мұғалімнің оқушыларға өзінің ішкі дүниесін ашуға деген талпынысы. 

Ынтымақтастық педагогикасы «ынтымақтастықты» бірлескен әрекет деп түсініп, төмендегідей сипаттайды:
1) ортақ мақсаттың болуы;
2) әрекетті ұйымдастыру және басқару;
3) қызметті, әрекетті, жолдарын бөлу;
4) тұлғааралық қатынастың болуы.
Өзара ынтымақтастықта бола алады:
мұғалім мен оқушылар, бірлескен әрекетті және мұғалімнің шұғыл кері байланысты орнату барысындағы өзара түсінушілікті көрсету арқылы әрекеттесуі;
оқушылар мен оқушылар, тәрбие үрдісінде бір – біріне деген сенім артуы және серістесінің сенімділігіне сенуі;
мұғалімдер мен мұғалімдер, бір – біріне өзара көмек көрсетуі арқылы педагогика саласындағы теориялық және әдістемелік жаңалықтармен тәжірибе алмасуы;
мұғалімдер мен ата – аналар, оқушыларға қатысты ақпараттармен дер кезінде алмасуы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет