Белгілеулер мен қыскартулар



бет1/6
Дата25.04.2023
өлшемі88.96 Kb.
#472690
  1   2   3   4   5   6
Материал 1


МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР


АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСКАРТУЛАР
1.КӨРКЕМ ЖӘНЕ САУАТТЫ ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ, ТЕОРИЯЛЫК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Көркем және сауатты жазудың шығу және даму тарихы
1.2 Көркем жазудың мақсаты, міндеті, принциптері
1.3 Бірінші сынып окушыларының кқркем жазуға үйретудің әдіс тәсілдері
2. БІРІНШІ СЫНЫН ОКУШЫЛАРЫНЫН КӨРКЕМ ЖӘНЕ САУАТТЫ ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Көркем және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру жолдары
2.2 Бірінші сынып оқушыларын көркем жазуға мектепте үйретудің практикалық негізі
2.3 Тәжірбелік – эксприменттік жұмыстың нәтижесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ



Зерттеудің өзектілігі: Көркем жазу оқушының мектепке келген күнімен, жазуымен басталады. Әдемі жазуды меңгерудің әр адамға маңызы өте зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттің белгісі, әрі сол жазуды оқитын адамға көзқарасы, құрметі. Көркем жазудың мақсаты – дұрыс, анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық, қоғамдық, тәрбиелік мәні зор.
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты – балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу – аса жауапты да, күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика – графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбе, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.
Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп жазуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелейді. Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз.
Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызып көруі арқылы қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді. Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады.
Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларын көркем жазу дағдыларына үйрету осы жұмыстың өзектілігіне айналып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет