Белгілі бір халықтың құндылықтар өлшемін құрайтын іргелі категориялар


Диссертациялық зерттеудің дереккөздері



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата06.10.2022
өлшемі326.44 Kb.
#462099
1   2   3   4   5
Аңдатпа Шормақова АБ

Диссертациялық зерттеудің дереккөздері: 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің 
сөздігі», «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының 
дәстүрлі жүйесі» энциклопедиясы, І. Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық 
сөздігі», Ә. Қайдар «Қазақтар ана тілі әлемінде» этнолингвистикалық сөздігі
Б. Қалиев «Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары», «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі», 
«Қазақ ұлттық энциклопедиясы», «Терминологиялық сөздік» (31-том), 
Ө. Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян», Қазақ халқының мақалдары мен 
мәтелдері, көркем мәтіндер, ғаламтор ресурсы ретінде 
www.anatili.kz

www.massaget.kz
, түрлі әлеуметтік желілерде жарияланған өсімдік атауларына 
қатысты ақпараттар қолданылды.
Зерттеудің материалы ретінде қазақ тіліндегі фитонимикалық лексиканың 
5630 тілдік бірлігі, 500-ге жуық мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер 
қарастырылды. Соның ішіндегі ұлттық дүниетанымды ерекшелейтін 
лингвомәдени бірліктер талданып, үш өсімдік атауына қатысты жүргізілген 
ассоциативті-эксперимент нәтижесі түсіндірілді, сауалнамаға респондент 
ретінде 19-70 жас аралығындағы 280 адам (студенттер, ғылыми қызметкерлер, 
т.б.) қатысты.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары тіл 
тұтынушысының (тіл иесінің) болмысын толық сипаттайтын тіл мен мәдениет 
сабақтастығында танымдық тұрғыдан алғаш рет арнайы зерттеу нысанына 
айналып отыр. Осыған орай жұмыста жүргізілген өсімдік атауларына қатысты 
лингвомәдени зерттеудің нәтижесінде айқындалған тұжырым-түйіндердің нақты 
жаңалық бағытын былайша көрсетуге болады:
- ұлт болмысын тіл арқылы танудағы «өсімдіктер әлемінің тілдік бейнесін» 
зерттеудің лингвомәдениеттанымдық ұстанымдары көрсетілді; 
- аксиологиялық, символдық және архетиптік мәдени-тілдік деректер 
талданды; 
- өсімдік атаулары ұлт мәдениетінің тіл арқылы дәйектелген дереккөзі 
ретінде талданды;


- өсімдік атауларының ұлттық-мәдени, лингвомәдени мәні, тілдік қор 
жүйесіндегі фитонимдік бейнесі қазақ тілінің адам – қоғам – табиғат 
үштағанында қалыптасқан кумулятивтік қызметі арқылы ашылды; 
- табиғатпен астасқан қазақ мәдениетіндегі символдану үдерісінің үлгісі 
ретінде алғаш рет қазақ танымында өрісі кең, лингвомәдени концептінің үш 
өлшеміне де (бейнелілік, ұғымдық, құндылықтық) сай келетін «жусан» өсімдігі 
лингвомәдени концепт ретінде дәлелденді;
- жиналған материалдар негізінде өсімдік атауларының floratanym.kz 
танымдық сайты әзірленді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет