Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата25.03.2022
өлшемі0.7 Mb.
#456478
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Грамматика

Сұрақтар мен тапсырмалар
1) Еліктеу сөздер дегеніміз не 

2) Еліктеу сөздердің қандай түрлері бар 

3) Еліктеуіш сөздер дегеніміз не, олар қалай жасалады 

4) Бейнелеуіш сөздер қалай жасалады

5) Еліктеу сөздер морфологиялық құрамына қарай нешеге бөлінеді

6) Туынды еліктеу сөз жасайтын қандай жұрнақтар бар

7) Күрделі еліктеу сөздер қалай жасалады

8) Еліктеу сөздер дыбыстық ерекшеліктеріне қарай нешеге бөлінеді

9) Еліктеу сөздер сөйлемде қандай синтаксистік қызмет атқарады

Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1995ж. 
2. Исаев С. Қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы.1992 
3. Сарыбаев Ш. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер. Алматы, 1990ж. 
4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология 1992ж. 
5. Төлеуов Ə. Сөз таптары. Алматы, 1990ж 
КӨМЕКШІ СӨЗДЕР. ШЫЛАУЛАР 
Ж О С П А Р Ы : 
1. Көмекші сөздердің жалпы сипаттамасы 
2. Шылау жəне оның түрлері 
3. Жалғаулықтар жəне оның түрлері 
4. Септеуліктер 
5. Демеуліктер 
Тірек сөздер: көмекші сөдер мағыналы сөздермен тіркесіп ғана оларға 
жəрдемші қызмет атқаратын сөздер, шылаулар - өздерінің бастапқы шыққан 


 82
төркіндерінен біржола қол үзіп, өз алдына категория болып қалыптасқан, 
жалпы көмекші сөздер тобына ұйытқы есебінде жұмсалатын сөздер, 
шылауларға жалғаулық, септеулік, демеуліктер жатады. Мысалы: жəне, əрі, да, 
та, мен, дейін, қарай, ма, ме, т. б. 
Көмекші сөздер деп нақтылы лексикалық мағыналары я əр түрлі дəрежеде 
солғындап, я бүтіндей жоғалып, сөйлегенде жеке-дара тұлға есебінде 
қолданылмай, тек мағыналы сөздермен тіркесіп қана жұмсалып, оларға 
жəрдемші болып қызмет атқаратын сөздерді айтамыз. Ө:з алдына жұмсалмай, 
өзге сөздермен тіркесіп ғана қолданылатындықтан, көмекші сөздер тек атаушы 
сөздермен салыстыру арқасында ғана жеке - дара сөз есебінде бөліне алынады. 
Мысалы: Бақанас өзені мен Жəнібек екі арасы тай шаптырымдай-ақ жер деген 
сөйлемдегі мен, -ақ сөздері лексикалық мағыналары жағынан да, 
грамматикалық қызметтері жағынан да атаушы сөздерден өзгеше. 
Көмекші сөздер ең алдымен атаушы көмекшілер жəне шылаулы көмекшілер 
деген екі топқа бөлінеді. Атаушы көмекшілер өздері тіркесетін атаушы сөздерге 
қосымша лексика - грамматикалық мағына үстейді. Мысалы: үй іші, тау асты, 
оқып бер деген күрделі формалардың əрқайсысының соңғы компоненттері 
алғашқы компоненттерінен қосымша лексика-грамматикалық мағына жамап 
тұр. Бұл күрделі формалардың құрамдарындағы көмекші сөздері əрине, 
біркелкі емес. Өйткені олардың алғашқы екуінің құрамындағы іші, асты сөздері 
лексикалық мағыналары тек солғындаған көмекші есімдер болады да, олар 
семантикасы жағынан да, түрлену үлгісі жағынан да, қызметі жағынан да зат 
есімдерге əрі ұқсас, əрі жақын болумен қатар, үнемі сол есімдермен тіркесіп 
жұмсалады. Ал бер, ал сөздері лексикалық мағыналары солғындаған көмекші 
етістіктер болғандықтан, семантикасы жағынан да, түрлені үлгісі жағынан да, 
қызметі жағынан да, негізгі етістіктерге əрі ұқсас, əрі жақын болумен бірге, 
үнемі сол етістіктермен тіркесіп қолданылады. Осыған 
орай, 
көмекші 
сөздердің бұл тобы іштей көмекші есімдер жəне көмекші етістіктер деген екі 
салаға бөлінеді. 
Шылау сөздер дегеніміз-ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары 
жағынан да, сондай-ақ қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан 
төркіндерінен біржола қол үзіп, əрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де 
дербестіктерінен айрылып, өз алдына категория болып қалыптасқан жəне 
жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер. 
Шылау сөздер өздері тіркескен негізгі сөздердің мағыналарын я 
толықтырып, я анықтап, оларға əр қилы реңктер жамап, айқындай түсіп 
отырады. Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын 
байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын өздері тіркескен сөздерінің 
ұғымдарына əр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып тұлға жағынан 
тиянақталған лексика - грамматикалық мағынасы бар сөздер. Шылаулардың 
бойындағы қалыптасқан негізгі қасиеті - грамматикалық мағынасы бар сөздер. 
Шылаулардың бойындағы қалыптасқан негізгі қасиеті - грамматикалық 
мағыналар. Ө:йткені шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық 
мағыналарына қарағанда əлдеқайда басым болады. Тіліміздегі шылаулардың 
бəрінің де атқаратын қызметтері бірдей емес. Олардың бірқатары сөз бен сөздің 
арасындағы грамматикалық байланыстарды айқындау үшін қызмет етсе, 
бірсыпыра шылаулар сөз тіркестері мен сөйлемдердің арасындағы байланысты 


 83
айқындау үшін дəнекер болады. Ал кейбіреулері жеке сөздер мен сөз 
тіркестерін немесе сөйлемдерді анықтау, толықтау үшін я қосымша реңк беру 
т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Міне осындай грамматикалық қызметтеріне 
қарай шылаулар үш топқа бөлінеді: септеуліктер, жалғаулықтар, демеуліктер. 
Жалғаулықтар дербес лексикалық мағыналыр дерексізденген, бірақ 
өздеріне тəн ерекше семантикалық мағыналары мен абстракт грамматикалық 
қызметтері бар шылау сөздер. Жалғаулықтар өзара тең бірыңғай сөздердің, 
бірыңғай сөз тікр естерінің жəне бірыңғай сөйлемдердің араларындағы əр қилы 
қатынастарды білдіреді. Жалғаулықтар ең кемі өзара тең екі сөзге не екі сөз 
тіркестерінен бірдей қатысты болады. Мысалы: қыс пенен жаз, күн менен түн, 
тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық болды сегіз. 
Қазақ тіліндегі жалғаулықтардың табиғатына көз жіберсек олардың жалпы 
даму жолы төмендегі бағытта болғанын бағдарлауға болады. 1) Дербес 
мағыналы атаушы сөздер негізгі мағыналарынан айрылып, сөз бен сөзді, сөз 
тікрестерін не бірыңғай жай сөйлемдердің байланысу жолы мен арақатынасын 
білдіретіндей болып десемантикаланады. Мысалы, Ақырған соң байғұстар əрі 
тұрды, қалтасына қолын салып мойын бұрды. 2) Кейбір жалғаулықтар белгілі 
бір түбір сөздерге қосылып қолданылатын əр қилы қосымшалармен үнемі 
жұмсала - жұмсала келіп сол формаларда əбден тұрақталып көнелену арқылы 
əрі тұлғасы өзгермейтіндей халге жетіп, əрі мағынасы солғындап 
делексикаланып, бірте-бірте жалғаулықтарға айналған. 
Жеке сөздер мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағынан 
жалғаулықтар: салаластырғыш, сабақтастырғыш болып екі топқа бөлінеді.
а)Салаластырғыш жалғаулықтар бірыңғай жеке сөздер мен сөз 
тіркестерін жəне бірыңғай сөйлемдерді байланыстарады да, солардың өзара 
байланысу 
жолдары 
мен 
қатынастарын 
көрсететін 
салаластырушы 
жалғаулықтар іштей ыңғайластық жəне талғаулықты болып екі салаға бөлінеді. 
1.Ыңғайластық жалғаулықтар өзара ыңғайласып құралатын, тең 
дəрежедегі сөздер мен сөз тірестерін жалғастырды да, солардың ыңғайласқан 
қатынасын білдіреді. 
а) Мен (бен, пен, менен, бенен, пенен) жалғаулығы негізінде байланысқан 
есім сөздерді, қимыл атауларын жəне кейбір субстантивтенген сөздерді бір-
бірімен байланыстырады. 
ə) Жəне жалғаулығы да бір түрлі формадағы жалаң я күрделі зат есім, сын 
есім, есімдік, етістік сияқты атаушы сөздерді ыңғайластыра байланыстырады. 
б) Əрі жалғаулығы белгілі бір заттың я құбылыстың бойында болатын əр 
түрлі қасиеттер мен солардың əр алуан іс-əрекеттерін ыңғайластыра 
байланыстыру үшін жұмсалады. 
в) Да, де, та, те шылауы əрі жалғаулық, əрі демеулік есебінде 
қолданылады. Жалғаулық ретінде қолданылған да өзара бір-бірімен 
ыңғайласатын екі сөздің не сөз тіркестерінің, сондай-ақ, салалас я сабақтас 
құрмаластардың 
құрамдарындағы 
жеке 
сөйлемдердің 
байланысуына, 
жалғасуына дəнекер болып қызмет етеді. 
2. Талғаулықты жалғаулықтар сөйлемде зат есім, сын есім, етістік жəне 
басқа атаушы сөздер арқылы жасалып, салаласа жалғасқан мүшелердің бірінен 
соң бірін я талғап, я таңдап, кезектестіріп, я біріне-бірін қарама-қарсы қойып 
айту үшін қолданылады. 


 84
ə) Сабақтастырғыш жалғаулықтар. Сабақтастырғыш жалғаулықтар тек 
құрмалас сөйлемдердің құрамдарындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен 
жалғастырып байланыстырып, солардың ара-қатынасын анықтап көрсету үшін 
жұмсалады. 
1) Қарсылықты жалғаулықтар негізінде бұрынғы сөйлемде айтылған ойға, 
соңғы сөйлемдегі ойдың мағына жағынан қарама-қарсы екенін аңғартуға 
дəнекер болады. Оларға бірақ, алайда, əйтсе де, əйткенмен, сүйтсе де, сонда да 
т.б. сияқты қарсылық мəнді жалғаулықтар жатады. Мысалы: Өзі де білуге тиіс, 
дегенмен сіз ескерте салыңыз. 
2) Себептік 
жалғаулықтар 
салалас 
құрмалас 
сөйлемдердің 
құрамдарындағы соңғы жай сөйлем бұрынғы сөйлемдегі айтылатын ойдың 
себебін білдіру үшін арнаулы дəнекерлер есебінде қызмет етеді. 
3) Салдарлық 
жалғаулықтар 
салалас 
құрмалас 
сөйлемдердің 
арақатынасын білдіру үшін, яғни басыңқы сөйлемде айтылатын іс-əрекеттің, 
амалдың нəтижесі я салдары екенін білдіретін дəнекер есебінде жұмсалады. 
Оларға сол себепті, сондықтан шылауы жатады. Мысалы, Ербол əннің сөзін 
ұнатты, сондықтан кейде əнге қосылып кетеді. 
4) Шарттық жалғаулықтар басыңқы жəне бағыныңқы сөйлемдердің бір-
біріне жалғасуына дəнекер есебінде қолданылады. (егер, егерде, алда-жалда) 
Мысалы: Егер Айбол болмаса, Мүсəпір үй болудан қалған болған еді. 
5) Айқындағыш жалғаулықтарға яғни, демек шылаулары жатады. Олар я 
жеке сөздерді я сөз тіркестерін, я жеке сөйлемдерді бір-бірімен жалғастырады 
да, алдыңғы сөз тіркес не сөйлем арқылы айтылатын ойды кейінгі сөз, тіркес не 
сөйлем арқылы не баяндауға, не айқындауға дəнекер сөздер есебінде қызмет 
етеді. Мен Магниткаға өткен кезде, яғни Талғатбектен бір жыл кейін келдім. 
6) Ұштастырғыш жалғаулықтарға ал, ендеше, ал ендеше, олай болса 
шылаулары жатады. Мұндай жалғаулықтар мағына жағынан біріне-бірі орай 
қолданылатын екі жай сөйлемді ұштастырып байланыстыру үшін жұмсалады 
да, бірінші сөйлемнен кейін іле екінші сөйлемде айтылатын ойды бастау үшін 
дəнекер есебінде қызмет етеді. Мысалы: Мал-дүниенің иесі осы кісі. 
Септеуліктер. Септеуліктер деп обьекті мен обьектінің не предикаттың 
арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, 
белгілі бір жақсы септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз. 
Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субстантивтенген өзге де атаушы 
сөздерге себептік, бағыттық, мақсаттық, көмектік, қайталау, талғау, ұқсату 
сияқты əр қилы грамматикалық мағыналарды жамап тыңғылықтандырып 
отырады. 
1) Атау септікті меңгеретін септеуліктер а) үшін септеулігі негізінде атау 
септік формасындағы зат есімдер мен есімдіктер мен -с, -ыс, -у формалы қимыл 
атауларымен, -мақ, -мек, -ған формалы есімшелермен тіркесіп жұмсалады да, 
оларға көбінесе себеп, мақсат, арнау мағыналарын жамайды. Мысалы: Сатай 
ылғи ас берген ауылда даяшы болу үшін туғандай еді. 
ə) Сайын септеулігі зат есімдермен өте-мөте мезгіл атауларымен жəне -
ған формалы есімшелермен тіркескенде ол сөздерге даралау, саралау 
мағынасын үстейді. Мысалы, Басқалар бізден үлгі алсын деп жиналыс сайын 
қанша қақсадым. 


 85
б) Сияқты септеулігі сөйлемде зат есімнен, есімдікпен, қимыл 
атауларымен, тұйық етістікпен жəне -ған, -атын формалы есімшелермен 
тіркесіп қолданылады да, негізінде ұқсату мағынасын білдіреді. Мысалы, 
Украина жырлары да қазақ жырлары сияқты арнаулы əнмен айтылады.
в) Туралы септеулігі көбінесе зат есімнен, есімдік жəне қимыл атаулымен 
тіркесте белгілі бір хабар, ой, пікір зат я іс-əрекет жөнінде айтылатынын 
аңғартады. Мысалы: Десятник Гаврилов туралы сенімен ақылдасайын деп едім. 
г) Арқылы септеулігі зат есіммен, есімдікпен жəне қимыл атауымен 
тіркесіп, оларға «көмегімен» «жəрдемімен»деген сияқты қосымша мағына 
үстеп, бүтіндей тіркес белгілі бір сатылық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Əуе 
труба арқылы келеді. 
7) Шамалы, шақты, қаралы септеуліктері негізінде сан есімдермен 
тіркесіп қолданылады да, санның негізгі ұғымына жуық, тарта деген сияқты 
мөлшерлік мағына үстейді.Мс: Əскерше киінген он шақты адам топтала қалды. 
2. Барыс септікті меңгеретін септеуліктер. 
а) Шейін (дейін) септеулігі зат есімге, көбінесе мезгілдік ұғымдардың 
атауларына, сан есімге, есімдікке жəне -қан, -ған формалы есімшелерге 
тіркесіп, негізінде мезгілдің я мекеннің белгілі бір арлық шегін білдіреді. 
Мысалы: Жанар оны үйіне дейін шығарып салды. 
ə) Қарай, таман септеуліктері барыс септіктегі зат есімге, соның ішінде 
мезгіл атауларына, көмекші есімдерге, есімдіктерге жəне үстеу сөздерге 
тіркесіп, белгілі бір мекендік бет алыс пен бағытты жəне мезгілдік орайды 
білдіреді. Мысалы: Ол үйіне қарай жүрді. 
б) Ө:зара мағыналас салым, тарта, жуық, таяу сияқты септеулік шылаулар 
да өздері тіркескен негізгі сөздердің барыс септік формасында тұруын қажет 
етеді. Мыс: Күзге салым туған ауылды ойлады. 
3) Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер. 
а) Гөрі септеулігі зат есіммен, есімдікпен, кейде -қан, -ған формалы 
есімшелермен тіркесе қолданылып, бір затты я құбылысты екінші бір затқа 
салыстырып, таңдау, талғау үшін жұмсалады. 
ə) Бері септеулігі негізінде мезгілдік шектің басталуына, кейде тұтас 
қамтылуына байланысты ұғымды білдіреді, көбінесе мезгіл атауларына, 
есімдіктерге жəне -қан, -кен формалы есімшелерге тіркесіп уақыттың я 
мерзімнің басталу шегін аңғартады. 
б) Кейін септеулігі зат есімге мезгіл атауларына, есімдіктерге, қимыл 
атауларына -ған, -қан формалы есімшелерге тіркесіп белгілі бір фактінің 
соңынан болатын мекендік я мезгілдік ұғымды білдіру үшін қызмет етеді жəне 
соң, артынан сөздерімен мағыналас болып келеді. 
4. Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер қатар, бірге шылаулары. 
Олар өзара мағыналас септеуліктер. Олар белгілі бір іс-əрекеттің басқа бір 
əрекетпен қабаттаса жарыса жасалуын аңғартып қоса деген сөз бен мəндес 
формада тудырады. 
Демеуліктер. Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге əр қилы 
қосымша реңктер жамайтын сөздерді айтамыз. Лексика-граматикалық 
мағыналары жағынан демеулік шылаулар сұраулық, шектік, нақтылық
күшейткіш, болжалдық, болымсыздық, қомсыну демеуліктері болып бөлінеді. 


 86
Сұраулық демеуліктер а) -ма, -ме, ба, -бе, па, -пе демеулігі зат есіммен, 
сын есіммен, үстеумен, етістіктің бұйрық, ашық, шартты райлары жəне қимыл 
атауы, есімше, көсемше формаларымен тіркесіп қолданылады. Мысалы: Ерте 
ме, кеш пе, пайдаға ма, зиянға ма сен де барыңды бересің. 
Күшейткіш демеуліктерге ау, ай, ақ, да, те шылаулары жатады. Олар 
сөйлемде берілетін ойға не ондағы жеке сөздер мен сөз тіркестерінің 
мағынасына қосымша күшейткіш мəн жамау жұмсалады. Мысалы: Аяғын бір 
сəнмен тым - ақ жеңіл басады. 
3.Нақтылық демеуліктерге жеке сөздер мен сөз тіркестерінің 
мағыналарын сөйлемде айтылатын ойды нақтыландыра, тұжырымдай түсу үшін 
қолданылатын (-қой, -ғой, -ды, -ді, -ты,-ті) демеуліктері жатады. 
4. Шектік демеуліктер белгілі бір нəрсеге іс - əрекетке, амалға, сын-
сипатқа, мезгілге т.б. шек қоя тұжырымдап айту үшін қолданылады. Ондай 
демеуліктердің қатарына қана, ғана, -ақ шылаулары жатады. Мыс: Мыңнан аса 
жылқыны үш - ақ адам бағады. 
5. Болжалдық демеуліктерге -мыс, -міс жəне - ау шылаулары жатады. 
Мысалы: :йлесер едік деп айтады - мыс. 
6. Болымсыздық демеуліктер. Түгіл демеулігі зат есім, сын есім, сан есім, 
есімдер қимыл атауларына тіркесіп болымсыздық мағына жамайды. Мыс: 
Жазғы ауыл түгіл, қысқы қыстауды да бірге салдық. 
7. Қомсыну демеулігіне екеш шылау ғана жатады. Ол тіркесетін сөзге 
қомсыну, кемсіну тіпті кейде мұқату сияқты мағыналық реңктер үстейді. Бұл 
шылау көбінесе есім сөздерге тіркеседі де, олардан үнемі кейін тұрады. 
Мысалы: Құс екеш құс та балапанын ұядан қияға ұшырып үйретеді. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Көмекші сөздер дегеніміз не, оның қандай түрлері бар 

2. Шылау сөздерге анықтама беріңдер, басқа сөздерден қандай
айырмашылықтар бар

3. Жалғаулықтарға қай сөздер жатады, қандай түрлері бар

4. Септеуліктер туралы не білесіз, септіктерге қатысы қандай

5. Демеулік шылауларға қай сөздер жатады, қандай түрлері бар

 
Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1995ж. 
2. Исаев С. Қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992ж 
3. Сарыбаев Ш. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер. Алматы, 1990ж. 
4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология 1992ж. 
5. Төлеуов Ə. Сөз таптары. Алматы, 1990ж 
6. Н. Оразақынова, Ж.Исаева, Г.Сулеева Қазақ тілі. Алматы. 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет