Бердалы Рысбеков «Бердалы атадан базарлық»



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата28.03.2024
өлшемі1.98 Mb.
#496860
1   2   3   4   5   6   7   8
Ақ көбелек балаларға арналған ертегілер мен әңгімелер

Ақ көбелек
 
Есік алдында үлкен ӛрік ағашы бар еді. Оның асты қашанда қою 
кӛлеңке болып, бұл үйдің балалары осы ӛрік кӛлеңкесінде ойнайтын. Ол 
жерде ылғи үлкен алаша жайылып, оның үстінде кӛрпеше және ас ішетін 
аласа стол тұратын.
Бүгін де күн түстікке таянып қалған кез еді. Мектептен келетін 
балаларына түскі ас әзірлеп жүрген апасы екі жасар Айнашты осы кӛлеңкеге 
әкелді де, алдына екі-үш ойыншық койып; – Міне осы жерде отыр, еш жаққа 
шығып кетпе! – деп, ӛзі ас үйге кіріп кетті.
Айнаш қуыршағының шашын тарап, оған былдырлап бірдеңелерді айтып 
отырған. Кенет үлкен бір ақ кӛбелек қанатын жалп-жалп қағып келіп, мұның 
тап алдыңдағы аласа столға қона кетті. Қанаттарының ұшында тарыдай- 
тарыдай теңбіл меңі бар, кӛздері тостағандай үп-үлкен кӛбелек екен. – Әй, 
сен кімсің? – дегендей, әдемі қанаттарын бір қағып, бір түсіріп Айнашқа 
қарсы қарап, тапжылмай тұра қалыпты. Қызығып кеткен Айнаш оны ұстап 
алмақ боп қол созды. Сол-ақ екен, кӛбелек лып етіп ұшты да анадай жерде 
тұрған раушан гүл шоғына қарай кетті. Раушан гүл шоғы үсті де әрдайым 
неше түрлі кӛбелектерге толы болатын. Ақ кӛбелек енді соларға қосылып, 
қанатын жалп-жалп қағып, айқұш-ұйқыш ауаны кескілей бастады. Бұлардан 
бір сәт кӛз алмай тұрған Айнаш, кенет, орнынан тұрды да аяғын апыл-тапыл 
басып кеп осы кӛбелектерді қызықтай бастады. Кӛп ӛтпей-ақ кӛбелек гүлге 
қонды. Қуанып кеткен Айнаш оны ұстамақ боп тағы ұмтылды. Бірақ әккі 
кӛбелек бұған оңай ұстатсын ба? Лып етіп кӛтерілген бойы ары-бері ұшып 
жүріп таяқ тастам жердегі екінші гүл шоғына ӛтті. Оны қалайда ұстап алсам 
деген Айнаш аяғын тап-тұп басып, бұл гүл шоғына да жетті. Мұнда да ақ, 
сары, қызыл кӛбелектер кӛп екен. Бәрінен де ерек әлгі әдемі ақ кӛбелек 
биіктеу бір гүл бұтағында отыр. «Бәрібір мені ұстай алмайсың» дегендей 
қанаттарын еріне қағып-қағып қояды. Асыға жеткен Айнаш екі қолын 
бірдей соза ұмтылды. Бірден жалт кӛтерілген кӛбелек тағы да ұстатпады. 
Қорғанның етек жағы жүзім, алма аралас ӛскен шағын бау болатын. Әккі 
кӛбелек жоғары-тӛмен ұшып жүріп енді сол жаққа қарай бір-ақ тартты. 
Қалайда оны ұстап алсам деген Айнаш кӛбелек соңына тағы түсті. Бірақ 
бұл жақта жүру оңай емес екен. Мұндағы шӛптер тым биік ӛсіпті. Оның 
үстіне шұбатылған жүзім сабақтары аяққа оратылып болар емес. Айнаш 
аяғын абайлап басып ақыры бау ішіне де жетті. Келе, бұта-бұтаны сығалап 
ақ кӛбелекті іздеді. Қас қылғанда ақ кӛбелек бұл жерде болмай шықты.
–Міне, қызық! Ақ кӛбелек қайда кеткен?
Айнаш аяғын бір-екі қадам алға баса бергені сол, кенет, бір ала торғай 
мұны шоқып алардай «шаж!» етіп дәл тӛбесіне келді де, жалт бұрылып кері 
ұшты.
Қатты қорқып кеткен Айнаш шегінемін деп, шӛпке шалынып, шалқалай
15


кеп құлап түсті. Одан сайын зәресі ұшқан Айнаш бақырып жылап жіберді. 
Сол-ақ екен, жүзім бұтақтарын қақ жарып, тілі салақтап дәу тӛбет шыға 
келді. Ӛздерінің Құтжолы екен.
–Неге жыладың Айнаш? – дегендей, Құтжол оған басын тӛңкере бірер 
қарап алды да, иіскелеп, бет-аузын жалай бастады. Мұны кӛрген Айнаш тез 
жұбанып, иттің басын құшақтады. Қыздың кӛңілденгенін кӛрген ақылды ит 
қалың шӛпке созылып жата кетті.
Енді Айнаш алаңсыз иттің кӛзін, құлағын шұқылап ойнай бастады. 
Күн аса ыстық болатын. Дем қайтарған ыссыдан ит кеудесі бір кӛтеріліп, 
бір түседі. Оны қызық кӛрген Айнаш иттің кеудесіне басын қойып, тың 
тындады. Ит кеудесінің сыр-сыр еткен дыбысы Айнашқа қызық кӛрінді. Кӛп 
ұзамай, ит денесінің ыстығы бойын балқытты ма, Айнаш сол жатқан бойы 
пысылдап ұйықтап қалды.
Бұл кезде анасы балаларына түскі ас дайындап бола берген. – Әй, 
Зибаш, үйдемісің? – деп кӛрші әйел келді. – Қызыма кӛйлек тігіп жатыр 
едім, мына бір тұсын кӛрсетіп жіберші, тіпті ақылым жетпей басым қатты.
– Мен қазір, – деген Айнаштың апасы қазан астындағы газды пәсейтті. 
Одан, – қане ішке барайық, – деп, кӛрші әйелді ішкі бӛлмеге алып кетті. 
Содан екеуі қажық-құжық әңгімемен біраз отырып қалған екен. Мектептен 
балалары келді.
– Ойбұй! Менің тамағым не болды? – деген апасы орнынан тұрды.
Рахмет! – деген кӛрші әйел де асығып үйіне кетті.
16


– Апа, Айнаш қайда? – деді мектептен келген үлкен қызы Салтанат.
– Әй, далада ойнап отыр еді ғой.
– Онда жоқ, – деді Салтанат.
–Қой әрі, – деді шошынған апасы. – Ӛрік астындағы кӛлеңкеде отырған, 
бір жерде жүрген шығар.
Содан үшеуі далаға шығып ал кеп іздесін. Айнаш еш жерде жоқ.
– Мүмкін, қақпадан шығып кӛршілерге ӛтіп кетті ме екен? – деген апасы 
балаларын кӛрші үйлерге жүгіртті. Айнаш ол жақта да жоқ болып шықты.
– Мәссаған! – деп, зәресі ұшқан апасы енді, – Айнаш, Айнаш! – деп 
дауыстап шарбақты шыр айнала іздей бастады.
–Құтжол да кӛрінбейді ғой, – деді үлкен ұлы Самат. Сӛйтті де ол:
– Құтжол, Құтжол! – деп итін шақыра бастады.
Жүзімдік арасынан «әуп-әуп» үрген иттің даусы шықты. Бірақ ит 
келмеді.
Әншейінде, атын атаса болды жетіп келетін итін, неге келмей жатыр,
– деп ойлаған Самат, ит жатқан жерге ӛзі келді. Келсе қызық... Қалың шӛп 
үстінде кӛсіліп Құтжол жатыр да, ал оның үстіне басын қойып Айнаш қаннен 
қаперсіз ұйқыны соғып жатыр. Ал Құтжол болса қыз ұйқысын бұзбайын 
дегендей сол жатқан орнынан тіпті де қозғалар емес.
– Апа, мына қызықты қараңыз! – деді Самат апасына дауыстап.
– Айнашыңыз мұнда жатыр.
–Е құдай, бар екенсің ғой! – деп кӛңілі орнына түскен апасы асыға басып 
келіп, ит үстіне басын қойып тәтті ұйқыда жатқан қызын кӛріп күліп жіберді.
– Әй ақымақ! Біздің зәремізді ұшырып бұл жатысың не жатыс-ей, сенің! 
Апасы айналып–толғанып Айнашты кӛтеріп үйге қарай алып кетті.
– Ал енді, маған не бермекші едіңдер? – дегендей Құтжол да 
бұлардың соңдарынан ере берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет