Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет93/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

КЕРЕГЕМОЛА (Керегемола) – қор., қыс., Қарақия ауданы. Атау кереге (зат есім) 
және мола (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тӛрт қабырғалы 
мола». 
КЕРТ (Керт) – қ., Маңғыстау ауданы. «Керт – дӛңес жер, тік жар, қҧлама жар» 
(Туркменско-русский словарь, 393) деген сӛз. Сонда атаудың мағынасы: «тік жарлы 
дӛңес жердегі қҧдық».
КЕРТТІ (Кертты) – қ., Бейнеу ауданы. «Керттің – дӛңес жер, тік жар, қҧлама жар» 
мағынасымен қатар, керт деген мал азығына жарамсыз бҧталы жел бас ӛсімдік те 
кездеседі. Сонда атаудың мағынасы: «Дӛңес жерден қазылған қҧдық» немесе «керт 
ӛсімдігі қалың ӛскен жерден қазылған қҧдық».  
КЕРІЗ (Кериз) – Маңғыстау ауд-дағы қҧдық. Керіз – парсы тілінен енген кірме сӛз. 
Мағынасы тайыз қҧдықтардың суын жер ҥстінен ҥңгіп, бір-бірімен жалғастырған, бір
жерге жиналған су кӛзі дегенді білдіреді.
КЕРІМДІ (Керимды) – қ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «ӛте жақсы, керемет, сулы 
қҧдық». 
КЕРТӚРТКІЛ (Керторткиль) – қор., Маңғыстау ауданы. Атау кер (зат есім) және 
тӛрткіл (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кер сӛзінің мағынасы қияға 
жақын келеді. Кер деп – «қырқалардың, қыраттардың, беткейлердің, текшелердің, 
дӛндердің, жоталардың қатынасқа ауыр тиіп мал тҧяғы орнықсыз келетін баурайларын 


айтады» (Ә.Тӛрежанҧлы, 11). Мағынасы: «ҥсті тегіс, қабырға беткейлері тік таудың 
жанындағы қорым». 
КЕСІКБАЙ (Кесикбай) – мола, Бейнеу ауданы. Мағынасы: «қысқа сусыз арнадағы 
мола» (қараңыз: БАЙ). 
КЕСІКМҦРЫН (Кесикмурын) – бҧрқақ, қон., Маңғыстау ауданы. Атау кесік (сын 
есім) және мҧрын (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «таудың, 
не биіктеу жоталардың жазықтыққа сҧғынып тҧрған қысқалау жері». 
КЕТІКБҦЛАҚ (Кетикбулак) – б., Тҥпқараған ауданы. Атау кетік (зат есім) және 
бҧлақ (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. А.Меңдалыҧлы: «Кетік деуі – 
тауының кетік-кетік болуына байланысты аталған» дейді (А.Меңдалыҧлы, 99). Кетік – 
тҥркі тіліндегі, «тау асуы», «тау ӛткелі» деген сӛз (В.И.Савина, 1969, 57). Мағынасы: 
«тау ӛткеліндегі бҧлақ». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет