Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Түркістан (Қоқан) автономиясы және Орта Азиядағы басмашылық қозғалыстар



бет25/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   93
Тарих билет

1. Түркістан (Қоқан) автономиясы және Орта Азиядағы басмашылық қозғалыстар.
Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды.
Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. . Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды.
Басмашылар қозғалысы (1918-1930) – Түркістан өлкесі халықтарының Кеңес өкіметі өктемдігіне қарсы жүргізген азаттық күресі. Басмашылар қозғалысы кеңестер билігінің жалпыадамзаттық құндылықтарға таптық, партиялық мүддені қарсы қою саясатының терең дағдарысқа ұшырағандығының, соның салдарынан империяның басқа аймақтарын қамтыған ішкі азаматтық қақтығыстың Түркістан өлкесіне жеткендігінің көрінісі болды. Кеңес өкіметінің 1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясын қарулы күшпен құлатуын, сондай-ақ, Түркістанда дәстүрлі қалыптасқан қоғамдық қатынастар мен тәртіпті рев. шаралар арқылы түбегейлі қайта құру жолындағы алғашқы қадамын жергілікті халық жаңа отаршыл мақсатты көздеген әрекет ретінде қабылдады. Мұндай қалыптасқан жағдай Басмашылар қозғалысының шығуына алып келді.



  1. Кеңес Одағы тұсында Қытайдағы қазақ диаспорасының елге оралуы және 1969-жылғы Жалаңашкөл оқиғасы.

Жалпы алғанда, ХХ ғасырдағы қазақтардың Қытайдан қайта оралуы төрт дүркін жүзеге асты деп есептейміз: Алғашқы легіне – 1916 ж. көтерілістен соң жазалаудан қашып, Шығыс Қытайға өткен қандастарымыздың 1917-1925 жж. елге қайтып оралуын жатқызамыз. 1917 ж. Уақытша үкіметтің бастамасымен Қытайдағы қазақтарды қайтару шаралары жүргізілді. Орыс билігі Шыңжаң губернаторы Ян Цзэнсиньнен «Қытайда тұрып жатқан 19-31 жас арасындағы дүнген, тараншы, қазақтар мен басқа да бұратаналарды» тез арада қайтаруды талап етті.
Қазақ және қырғыз босқындарын қайтарған жағдайда оларды амнистиялау туралы келісімге қол қойылды. М. Тынышпаевтың есебі бойынша 1916 ж. Жетісу облысының 44 болысында тұратын 47759 түтіннің 40250-і, яғни, 201250 адам Қытай жеріне босқыншылықпен барған. Барғандардың 95200-і ашаршылықтан, суықтан және басқа түрлі себептерге байланысты қырғынға ұшыраған. Босқындардың кейін оралғандары 69 мың, ал, Қытай жерінде қалғандары 12 мың адам.
Жалаңашкөл оқиғасы. 1969 жыл, 13 тамыз. Бұл Үшінші дүниежүзілік соғыстың тұсауы кесілуге сәл ғана қалған күн. Кеңес Одағы мен АҚШ өзара тіресіп, «қырғи-қабақ соғыстың» қызып тұрған шағында орын алған бұл оқиғаны бүгінде біреу білсе, біреу білмес. Бұл күнді, бұл оқиғаны адамзат естен шығарып, әлем ұмытса да, қазақ жадында сақтауға тиіс, анығы міндетті. Неге? Өйткені үшінші дүниежүзілік соғыс жағдайына тіреп қойған қарулы қақтығыс еліміздің шығысындағы Жалаңашкөл деп аталатын жерде орын алды, яғни Қазақ Елінде болды. 1969 жылы 2 наурызда Ресейдің Қиыр Шығысындағы Даманск аралы үшін Қытай-КСРО әскери қақтығысы орын алды. Екі тараптан қосқанда 400-дей адам қаза тапқанымен, әлемдік баспасөз құралдары бұл оқиға жайында ләм-мим демегені өте қызық. Ендігі таңда дәл осындай оқиға қайталанса, үлкен әскери соғысқа бару жоспары да сол сәтте КСРО-да жасақталып жатқан еді.
Алайда осы жолы Қытайдың қарулы күштері, Қиыр Шығысқа емес, Қазақстан тарапынан кіруді жөн көрді. 1957 жылдан бастап, коммунистік идеология ұстануына қарамастан Қытай Халық Республикасы сол кезеңдегі Кеңес Одағының бірнеше аймағына байланысты жер дауын көтерді. Қытайда жер дауына қатысты үлкен провокациялық үндеулер орын алып, тіпті «Мао Цзе Дун әйелінің қырық жылдығына Алматыны сыйламақ» деген ойлар да айтылған еді. Атап айтқанда Қиыр Шығыстың үш ауданын, Қазақстанның екі ауданы (Үшаралға дейінгі аралықты) және Қырғызстанның екі ауданын өз тараптарына қосқысы келді. 1969 жылдың мамыр айынан бастап КСРО-Қытай қатынасы қатты шиеленіскен жағдайда болды. Маусым, шілде айларында Қытай тарапы еліміздің шығысындағы шекара аймағына әскер топтастырып, түнгі және күндізгі әскери жаттығулар ұйымдастырды.
12 тамызда Қытай тарапының шекарашылары «Жалаңашкөл» мен «Родниковая» әскери заставасына жақын аймаққа топтастырыла бастады. Түні бойы шекара маңына топтасқан қытай шекарашылары, түнгі сағат 3-4-тер шамасында КСРО-ның шекарасын кесіп өтіп, шекара маңындағы жартасты мекендер мен жоталарға окоптар қазып, дайындық жүргізді. КСРО шекарашыларының мемлекеттік шекараны бұзуды тоқтатып, өз елдеріне оралуға берілген кеңеске қытай шекарашылары құлақ аспады. Тіпті бірінші болып шекараны бұзып өткен 17 қытай шекарашысына көмекке артынша 70-тей, одан кейін тағы да 100-дей қытай сарбазы келді.
«Жалаңашкөл» маңында автоматпен және танкіге қарсы қару-жарақпен жасақталған 200-дей қытай сарбазы топтастырылды. Соңғы мәрте берілген ескертпеге, қытай тарапы атылған оқпен жауап қатты. Солайша ресми түрде «Жалаңашкөл оқиғасының» тұсауы күкірт иісімен кесілді. Бұл 1969 жыл, таңғы сағат 07:50-де орын алды. Жалаңашкөл маңындағы қиян кескі ұрыс бір сағатқа созылды. 200 қытай сарбаздарына 54 шекарашылар қарсы тұрып, ұрыс таңғы сағат 09:15-те КСРО шекарашыларының жеңісімен аяқталды.
Ұрыс барысында КСРО тарапынан 2 шекарашы қаза тауып, 10-ны жараланды, ал қытай тарапы 19 жауынгерінен айырылып, 3-тұтқынға түсіп (екеуі Үшаралға апара жатқан сәтте жарақаттан тікұшақта қаза тапты), 40 сарбазы ауыр жараланды. Бұл оқиғадан кейін 1969 жылдың 11 қыркүйегінде Пекинде КСРО мен Қытай тараптары келіссөз өткізіп, жауластықты доғару және әскери қақтығысқа бармау жайлы келісімге келді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет