Билет 7 Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан және қазақ ауылының жағдайы


Билет 8 «Айқап» журналының қазақ халқының қоғамдық-саяси өміріндегі орны



бет2/2
Дата28.01.2024
өлшемі18.98 Kb.
#490131
1   2
билет 7,8

Билет 8 «Айқап» журналының қазақ халқының қоғамдық-саяси өміріндегі орны.
1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин.
"Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына Ә .Ғалимов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған. «Айқапта» басты мәселе аграрлық мәселе болды, яғни жер қатынасына, көшпенділіктен отырықшылыққа көшуге, шаруашылық жүргізу түрлерін өзгертуге мән берілді. «Айқап» беттерінде тауарлы-ақша қатынасына, кәсіпкерлікке, кооперацияны үйымдастыру қажеттігіне едеуір орын берілді. «Айқаптың» алғашқы санында Ахмет Байтұрсынұлының қазақтың ғылым мен білімді игермегенін мәселе етіп көтерген мақаласы жарияланғаны белгілі. Қаржының тапшылығынан журнал алғашқы жылы айына бір рет, шағын көлеммен жарық көрді.

Жәрдем берушілер көбейіп және өзі де қор жинаған соң, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен 12-24 бет көлемінде жарияланды. «Айқап» журналы – қазақ халқының мұң-мұқтажын ашық жариялаған алғаш басылым. Оның мазмұны түрлі тақырыптарды қозғады: жер мәселесі, тілдің бостандығы, оқып-тоқудың маңыздылығы – негізгі тақырыптар болатұғын. Ол сол кезде қуанып, іздеп оқитын журналға айналды. Осындай халыққа үндеу саясатын ұстанды. Мемлекеттік думаға қазақтардың қатысуы сияқты ауқымды тақырып та халыққа ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айғақтап отырған. Айқаптың негізгі жазушысы және саясаткерлері Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаевтардың көтерген мәселелері жалындық сипатта болып, журналдың беделін біршама арттырып жіберген болатын.
Мәселең, Міржақып Дулатов «Государственная дума һәм қазақ» атты мақаласында жаңа низам бойынша мектеп табалдырығын жаңа аттаған балалар алғашқы 3-4 жылда орыс тілінде оқитындығына қынжылыс білдіреді: «Халықта оқымаған адам қалмаған жақсы, бірақ қазіргі сөзімізше сол оқудың тәртібі хақында жаңа низам бойынша әлгі жас балалар орыс кітаптарымен орысша оқып кетсе, тез уақытта тілін ұмытып, діннен де айырылып қалу қаупі бар».
Ал, Мағжан Жұмабаев өз жұртының намысын қайрап, селт еткізу үшін: «Міне, жаз жетсе дала әдемі, көңілді. Жалғыз-ақ сол сүйкімді даланың орасан бір кемшілігі бар. Оның баласы білімсіз, ойсыз. Ішіп-жеу, ойнап-күлу, ұйықтаудан басқаны білмейді. Төрт аяқты малдан аз-ақ ілгері, ол жарты адам» деген улы сарказм қолданады.
Міне, осы секілді мақалалар «Айқаптың» халық арасында беделін көтерді. Бақытжан Қаратаев пен Әндижан Жұбанғалиұлы «Тұла бойы тұңғышым» атты мақаласында: «Айқап» есімді журнал шықты. «Қай жолменен жүр екен деп біз байқап тұр едік, жолы бізге ұнамды жол болып шықты. Бұл күнге дейін он бір нөмірі шықты, бәрін де оқыдық, қарындағы сары май секілді қазақ иісі шығып тұр. Тілі қазақ тілі һәм әңгімесі қазақ пайдасы! Қуанышымыз көп болып қойынға толды, көзімізге жас келді, шылбырды түзу тартып қазақты дұрыс жолға айдайтұғын қазақ журналын көретұғын күн бар екен-ау», деп жазады. Журналдың негізгі мақсаты – халықтың мұқтажын ойлауы, шара қолданбаса ертеңінің бұлыңғыр екендігін айтып жеткізу болды.
Алайда, бір топ зиялылар журналдың ақпарат таратудағы жүргізген саясатының біршама тұстарымен келіспей жатты. Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаевтар «Айқаптың» құрамынан шығып», «Қазақ» газетінің тегеуріндері бола бастады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет