билет Сөйлеуді дамыту әдістемесінің пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы


Сөздік қорды дамыту тәсілдері мынадай



бет3/14
Дата15.09.2022
өлшемі62.01 Kb.
#460769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
сұрақтар емт (2) (1) (2)

Сөздік қорды дамыту тәсілдері мынадай:
- Күнделікті іс-әрекет, сабақ мақсатына қарай жаңа сөз үйрету, сабақта сөздік жұмысын ұдайы жүргізу.
- Үйренген сөздерін сабақ үрдісінде, сабақтан тыс уақытта әр түрлі жаттықтыру жұмыстары арқылы бекітіп, тиянақтап отыру.
- Жаңадан үйренген сөздерді белсенді сөздік қорғаенгізу, орынды қолдана білуге жаттықтыру.
Сөз үйрету жұмысы жеке заттық атауларға ғана тән емес, сол заттардың санына, ретіне, сапасына, қасиетіне, жеке бөліктеріне, қажеттігіне, кеңістікте орналасуына қарай нақтыс түсіндіріледі. Таныс заттарды дара және жалпы түрде атап айтуға жаттықтыра отырып, жалпы ұғым беретін сөзде үйретіледі.
Антоним (ұзын-қысқа, кең-тар, үлкен-кішкене, биік-аласа, қалың-жұқа, алыс-жақын).
Синонимдер (көрік-ажар, келбет, пішін; тез-жылдам, шапшаң, т.б.), көп мағыналы сөздерді (түс-мезіл, түс көру, машинадан түс, суретке түс т.б.).
Ауызша сөйлесу, әңгімелесу, әңгімелеу кезінде ол сөздерді септеп, жіктеп, тәуелдеп қолдана білу тәсілдеріне (ереже айтылмайды) жаттықтыру.
Балаға жаңа сөз үйретудегі басты объекті – айналадағы дүниені, қоғамдық өмірді, адамдардың еңбегін, мамандығын таныту.
Сөздік жұмысын жүргізу әдістері: затты көрсету, түсіндіру, бақылату, әңгімелету.
Сөздік қорды байыту, тіл дамытуда қолданылатын көрнекі құралдар: жеке зататрдың суреттері, шағын сюжетті суреттер (үлестірмелі), дидактикалық ойыншықтар, қуыршақтар, сюжетті ойыншықтар. Балаларға заттарды жекеше, көпше түрде айтқызуға арналған суреттер.

  1. С.Көбеевтің «Үлгілі бала», «Үлгілі тәржімә» атты оқу құралдарының жанрлық ерекшелігі


6-билет

  1. Кіші және орта топтағы балалармен жұмыс жасауда сөздік қорын дамыту әдістері мен тәсілдері.

Оның зейін, қабылдау,таным әрекетін қалыптастырады.Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем,балаға түсінікті, олардың сөз қорын жаңа сөздермен байытатындай болуы тиіс. Үйрету іс-әрекетін ұйымдастырудың жетекші түрі – топпен жұмыс істеу болып табылады
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
— балалардың сөздік қорларын дамыту;
— жаңа сөздерді меңгерту;
— үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет