Білім беру бағдарламасы- компьютерлік анимация



бет69/107
Дата03.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#451310
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   107
Компьютерлік анимация УМКД

Дыбысты оптимизациялау

Дыбыс Flash фильмінің көлеміне айтарлықтай әсер ететіндіктен оны оптимизациялау керек. Негізінде дыбысты Flash-ке импорттауға дейін оптимизациялау керек, себебі Flash-те дыбысты өңдеуге арналған функциялар шектеулі ғана.

Мүмкіндігінше минималь көлемді алып тұру үшін дыбысты жеке сығуға болады. Дербес сығу параметрін беру үшін Library панеліндегі дыбыс символдарының контексті менюінен Properties (қасиеттер) бөлімін таңдау керек. Sound Properties (дыбыс қасиеттері) сұқбаттық терезесінің Compression (сығу) тізімінің керекті мәнін таңдау керек. Үнсіз келісім бойынша Publish Settings (публикация параметрі) терезесінде анықталған глобальды параметрлерге сай Default мәні орнатылады. Үнсіз келісім бойынша Flash үшін сығу параметрі MP3 16 bit mono.

ADPCM (Adaptive Differential Pulse Code Modulation) адаптивті дифференциалды импульсті кодтық модуляция. 8 және 16 биттік дыбыстық берілгендерді сығады, әдетте қысқа оқиғалық дыбыстарды экспорттауда пайдаланылады. Бұл параметрді таңдауда сұқбаттық терезеде қосымша параметрлер пайда болады.

Convert Stereo To Mono (Стереоны моноға түрлендіру) екі дыбыстық каналды біріншіге сығу үшін пайдаланылады. Моно дыбысқа әсер етпейді.

Дискреттеу жиілігі – Web үшін 22кГц, ал компьютер дискілері үшін 44кГц. Бастапқы дискреттеу жиілігін арттыруға болмайды. Алайда, биттік тереңдігін дыбысты таңдау шегінен ауытқу дипазонын азайту үшін кемітуге болады.

MP3 сығу – дыбыс сапасы жоғары, бір дыбыстық файл көлемі аз файлдар алуға мүмкіндік беретіндіктен жиі қолданылады. Ұзақ және ағындық дыбыстық файлдарды сығуға арналған ең жақсы сығу типі. MP3 сығу параметрін орнатсақ, импортталған дыбыстың бастапқы MP3 сығу параметрін таңдауға, Use Imported MP3 Quality (импортталған файлдың MP3 сапасын пайдалану) жалаушасын орнату немесе ол параметрді детальдауға болады. Bit Rate (жеткізу жылдамдығы) бит/с-н экспортталатын дыбыстың жеткілікті жылдамдығын анықтайды. Нәтиже дұрыс болу үшін 26 kbps немесе одан көп мән таңдау керек. Quality (сапа) менюінен үш түрлі параметрдің бірін таңдауға болады: Fast (жылдам), Normal (қарапайым), Best (ең жақсысы).
Дыбысты өшіру

Дыбыс фильмге берілген ерекше мазмұн болғандықтан, пайдаланушы оны өшіре алуы керек.

Ағындық дыбысты пайдалануда, міндетті түрле оны өшіру батырмасын қосу керек. Ол үшін:


  1. Батырма жасап, оны жұмыс облысында ерекшелеу.

  2. Actions панелін ашу.

  3. Сол жақ бөлігінен Actions папкасін шертіп, Move Control-ді екі рет шертіп алып, Stop All Sound элементін шерту.

  4. Әрекет StopAllSound терезесінің оң жағында көрсетіледі де, ерекшеленген батырмаға қосылады.

  5. Фильмді қайта жүргізіп батырма жұмысын тексеру.

8 Дәріс





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет