Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет22/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

Салыстырмалы-тарихи әдіс. 


Кейбір әдебиеттерде зерттеудің бұл түрін тарихи әдіс деп те атайды. Олай 
аталатыны: бұл тәсіл тілдік фактілердің тарихын айқындау үшін қолданылады. Оны 
айқындауда, зерттеліп отырған тілдің әр дәуірдегі фактілерін бір-бірімен салыстыра 
зерттеу әдісі қолданылады, яғни фактілер тарихи салыстыру арқылы ашылады. Сондықтан 
біраз әдебиеттерде тарихи деген атауға салыстырмалы деген сөзді қосарлап, тарихи-
салыстырмалы әдіс деп атайды. 
Мұндағы салыстырудың салыстырмалы-тарихи әдістен ең негізгі озгешелігі – 
алдыңғыда туыстас бірнеше тілдер фактілері салыстырылса, соңғыда бір тілдің өз 
фактілері де бір-бірімен салыстырылады. 
Тарихи-салыстырмалы әдіс тілдің өзгеру, даму жолдарын, ол өзгерістің 
заңдылықтарын және оған түрткі болған ішкі-сыртқы себептерді зерттеу үшін 
қолданылады. Бұл әдіс тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудың, 
сөйтіп, оның тарихын зерттеуге мән берудің нәтижесінде 19 ғасырда пайда болды. Бұл 
тәсіл сипаттама әдіске тура қарама-қарсы мәнде. Сипаттама әдіс тілдің белгілі бір ғана 
дәуірдегі статикалық күйін айқындауды көздесе, тарихи әдіс оны даму, өзгеру үстінде, 
динамикалық, диахрондық күйде алады. Тіл басынан қандай құрылымдық құбылыстарды 
өткізді, алғашқы құрылым, норма немесе құрылымдық элемент неге жойылды, оның 
орнын не басты, соңғының алғашқылардан артықшылығы неде? – деген сұрақтарға жауап 
іздейді. Ол үшін тілдің белгілі бір дәуірдегі құрылымдық күйін, оның соған жалғас екінші 
бір дәуірдегі құрылымдық күйімен салыстыра зерттейді. Тілдік өзгерістерге түрткі болған 
ішкі-сыртқы себептерді айқындайды. 
Тарихи-салыстырмалы әдісті қолдана отырып, тіл тарихын зерттегенде, тілдік 
құрылымның әр қабаты – фонетикасы, морфологиясы, синтаксисі, т.б. жеке-жеке 
зерттелуі мүмкін. Соған қарай, тіл білімі тарихи фонетика, тарихи морфология, тарихи 
синтаксис немесе тарихи грамматика деп бөлектеніп аталады. 
Тілдік құрылыстардың көпшілігі, әдетте, қоғам дамуымен, қоғамның рухани 
өмірінің дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан тіл тарихын зерттеуші ғалым сол тілдің 
иесі болып табылатын қауым тарихын ескерусіз қалдыра алмайды. Оның үстіне, тілдің 
әрбір тарихи дәуірдегі күйін білдіретін жазба нұсқа да бола бермейді. Мұндай жағдайда 
тілдің өткен кезеңдерінен сақталған белгілі фактілерді бір-бірімен салыстыра отырып, 
белгісіз кезеңдердегі тілдік жүйенің, тілдік элементтердің сипаты туралы ғылыми 
болжамдар жасауға да тура келеді. Бұл ретте археология, этнография, тарих ғылымдары 
ашқан фактілердің тигізетін пайдасы да зор. Осыған байланысты тіл тарихшысы бұл 
ғылымдардан да хабардар болуы шарт. Бұл жағдайлар тарихи әдіс бойынша жұмыс 
істеудің қиын да күрделі екендігін байқатады. Солай болғанымен, тарихи әдіс — тіл 
біліміне өте қажет және бірте-бірте жетіліп, толығып келе жатқан маңызды тәсіл. 
Тіл фактілерін тарихи тұрғыдан алып зерттеу, білу ғылым үшін де, практика үшін де 
керек. Өйткені қандай құбылыс немес қайсыбір дерек болса да, оның өткенін, тарихи 
даму жолдарын білмей тұрып, оның қазіргі күйін, сырын жете білу мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет