Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет91/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Блокчейн технологиясы
 
Қазіргі кезде адамның өмірі жаңа технологиялармен, ақпаратпен, ақшамен жəне көптеген 
қағаздармен байланысты. Кез келген мақсатқа жету үшін олармен бірлесу ондаған əр түрлі 
операцияларды жүргізуді білдіретін, көптеген делдалдарды тартуға тура келеді. Оларға 
баламаның жоқтығынан сенуге тура келеді. Бірақ соңғы кездері қызметтік жағдайларын 
пайдаланатын тұлғалар мен компаниялардың саны көбейіп келеді. Блокчейннің міндеті – 
бірқатар материалдық (төленетін делдалдық қызметтер) жəне уақытша шығындармен 
(құжаттаманы рəсімдеу кезіндегі қағазбастылық пен т.б.) байланысты болатын мəселені 
шешу.
Блокчейн (Blockchain) технологиясының мəні – кез келген тіршілік мəселелеріне қатысты 
ақпаратты үлестіріп сақтаудан тұрады. Мысалы, блокчейн тізбегі транзакциялар туралы жəне 
кім, қашан жəне қандай көлемде жіберген ақша туралы мəліметтерді сақтай алады. 
Инновациялық технология - заманауи технологиялардың тек қаржылық стандарттарды ғана 


101 
емес, сондай-ақ бүкіл əлемді жақсы жаққа қарай өзгерте алатындығының мысалы болып 
табылады.
Криптовалютаға қатысты, блокчейн – биткоин қаржылық күшінің негізі болып табылады. 
Ол баламалы қаражат бірлігі мен биткоин төлем жүйесінің барлық əрекет ету кезеңінде 
жүзеге асқан, қатысушылар арасындағы жүргізілген қаражат аударымдары жүйесі туралы 
ақпаратты белгілеуге кепілдік береді.
Сонымен қатар, блокчейн технологиясы жылжымайтын мүлік құқығы туралы, бұрын 
берілген қарыздар, ЖҚЕ бұзылуы, некені қию жəне т.б. туралы ақпаратты сақтауға мүмкіндік 
береді. Яғни, қағазда сақталатын заттың барлығы Blockchain-ге жазылады деген сөз. 
Айырмашылығы, ақпаратты өзгертуге немесе қолдан жасауға болмайды. Адамзат 
инновациялық технологияның шектеусіз мүмкіндіктерін адамгершілікпен бағалады жəне 
оны өзінің өмір сүру тіршілігінің барлық түрлерінде есепті жүргізу үшін қолдану 
талпыныстарын жасауда.
Blockchain тізбегінің құрылымы
 
Құрылымы бойынша Blockchain – өзіне белгілі бір ақпаратты құрайтын блоктардың тізбегі 
(10.5-сурет). Əрбір блоктың, құрылу уақытымен жəне келесі блокқа сілтемемен бекітілген, 
жалғыз, бақылау соммасынан тұратын тақырыбы болады. Сонымен қатар тізбектің барлық 
блоктары бір-бірімен байланысқан. Блок жазбалар тобымен толтырылкған, ал қайтадан пайда 
болатын блоктар əрқашан тізбектің соңына қосылады жəне жүйенің бұрын құрылған 
құрылымдық бірліктердегі ақпаратты қайталайды.
5-сурет. Blockchain құрылымы – блоктар тізбегі
 
Blockchain тізбегінің тұрғызылуы үш негізгі принциптер негізінде орындалады – 
таратушылық, ашықөтық жəне қорғаныс. Жүйе пайдаланушылары компьютерлік желіні 
құрайды. Сонымен қатар əрбір ДК-де əрбір блоктың көшірмесі сақталады. Мұндай принцип 
жүйені кемшіліксіз етеді – оны істен шығару мүмкін емес. Жалғыз жолы – барлық 
компьютерлерді бір уақытта бұзу, бүкіл планетадағы есептеуіш тораптардың жалпы санын 
ескере отырсақ, мүмкін емес болады. Шындығында, желідегі əрбір пайдаланушы тек 
Blockchain нығайтады, оны зақымдануларға берік етеді. Жүйеде бақылаушықұрылымдар, 
модераторлар немесе əкімшілер болмайды. Мұнда əрбірі өз ісіне жауапты.
Блокчейн ақпараты (блоктар мен ондағы ақпарат) əрбір қалаған адамға қол жетімді. 
Егер бұл қажет болса, онда кез келген блок зерттелу үшін ашылады. Бұл дегеніміз, қажет 
болған кезде тізбек ақпараттың өзгеру жолын қадағалауға, сондай-ақ оны бағалауға, 
мəліметтердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Негізінен, бұл басқа қытсушыларды 
тексеруге жəне ешкімге сенбеуге мүмкіндік беретін жүйе. Кез келген күмəн туындаған 
жағдайда тексеріс басталады, сосын шешім қабылданады.
Жүйедегі барлық мəліметтер қорғалған. Блокчейн тізбегі сенімді түрде шифрланған, 
яғни дұрыс жəне айқын ақпаратты алу жолдарын ашады. Растау үшін арнайы кілт 
қолданылады. Пайдаланушы жүйеге сəйкес келетіндігі немесе келмейтіндігі сол кілтке ғана 
байланысты.Блокчейн технологиясы осындай, жəне оның басты ерекшелігі осында.
Блокчейн желісінің ерекшеліктері
 
Blockchain ақпараты планетаның əр түрлі нүктелерінде орналасқан, миллион ДК-де 


102 
болады. Сонымен қатар барлық қолданушылардың желіде бір-біріне ұқсас құқықтары мен 
міндеттері болады. Қандай дабір шектеулер блокчейн желісінде жұмыс істемейді. Адам 
ақпаратпен алмасу (жазбалар мен блоктар) үшін ДК тобына қосылатын кезде, ол жүйенің бір 
бөлігні болып саналады. Сондай-ақ пайдаланушының немесе оның компьютерінің 
географиялық қайда орналасқаны маңызды емес. Бұл қала, заманауи мегаполис немесе шағын 
елді мекен болуы мүмкін. Ақпаратты алған соң, алушы адам оны түрлендіреді жəне 
қабылданған мəліметтердің ақиқаттық сəйкестігін тексереді, оны сақтайды жəне ары қарай 
жібереді.
Қолданудың мүмкін облыстары
 
Блокчейнді қолданудың қаржылық емес бағыттарының бірі: берілген технологияны 
пайдалану арқылы дауыс беру жүйесі. Сайлаудағы бюллетень ретінде немесе референдумда 
дауыс беру кезінде сандық хабарламаларды жазу формасы ретінде электрондық 
транзакциялар қолданылады, австралиялық пошталық корпорация блокчейн технологиясын 
пошталық қызметтердің инфрақұрылымын модернизациялау үшін қолданады. Зерттеулердің 
негізгі бағыттары: пайдаланушыларды сəйкестендіру жəне сəлемдемені жеткізу үшін 
дрондарды қолдану.
Банктік салада валюталарды барлық елдер бойынша алмастыру үшін, басқа банктік 
қызметтер мен қаржылық мəлімелерді құқықтық жүргізу технологиясын тарту үшін 
блокчейнді пайдалану жоспарлануда.
Сақтандыру облдысында блокчейн технологиясы жарна төлемдерін жəне залалды өтеу 
жылдамдығын ұлғайтуға көмектеседі. Ақпараттық ағындар мен бизнес-үрдістерді сандық 
формаға оны ауыстыру үшін қолданудың болашағы зор.
Ойын-сауық саласында блокчейннің көмегімен туындыларды тəуелсіз көшіру мəселесін 
жəне заңды сатылым нүктелері арқылы олардың контентін сату үшін авторларға сыйақыны 
төлеу мəселесіншешуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет