Білім беру бағдарламасы nis-programme «Математика»


Тақырыбы Оқыту мақсаттары



бет36/51
Дата24.02.2022
өлшемі3.75 Mb.
#455714
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51
8-synyp-oku-zhospary-matematika-nd2b1sd29ba-2-iyun-2017 (1)

Тақырыбы

  • Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

  • Мұғалімге арналған ескертпелер

  • Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары

  • 8.3.3.8

  • көпбұрыштың ауданы ұғымын және оның қасиеттерін біледі;

  • Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Әрбір топқа аудан туралы барлық ақпараттарды өздері жазатын (салатын) постерде көрсетуін ұсыныңыз. Мысалы:



  • Аудан

    Қасиеттер

    Бірліктер

    Мысалдар

    Формулалар


  • Оқушылар өздерінің плакаттарын көрсетіп болғаннан соң, ақпараттарды жалпылап, оларды көмекші болатын бірыңғай мәнмәтінге біріктіріңіз. Оқушылардың назарын удандардың қасиеттеріне аударыңыз.

  • 1) Тең фигуралардың аудандары тең болады

  • 2) Егер фигура қарапайым фигураларға бөлінетін болса, онда осы фигураның ауданы бөліктердің аудандарының қосындысына тең.

  • 3) Қабырғалары бірлік өлшемдерге тең квадраттың ауданы бірге тең.

  • Ауданның қасиеттеріне сүйене отырып берілген фигуралардың аудандарын табуды ұсыныңыз.




  • Ұ







  • М

  • Геометрия 8. Шыныбеков Ә.Н.Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық. 3- басылымы. – Алматы: Атамұра, 2012. – 128 бет. ISBN 978-601-282-527-5


  • Геометрия. 7—9 классы : учеб. для общеобразоват. учреждений / [Л. С. Атанасян, В. Ф. Бутузов, С. Б. Кадомцев и др.]. — 20–е изд. — М. : Просвещение, 2010.— 384 с. ISBN 978–5–09–023915–8.


  • Геометрия: Учеб. пособие 7–11 кл. сред. шк.–8–е изд.– М.: Просвещение, 1989.–303 с.



  • Геометрия:Учеб. пособие для 8 кл. с углубл. изучением математики/ А.Д. Александров, А,Л. Вернер, В.И.Рыжик. – М.: просвещение, 2002–240 с.


  • Талқылау барысында оқушылардың түсінгенін тексеру үшін келесі сұрақтарға жауап берулерін сұрауға болады.

1. Әрбір жазық фигурада не бар?
2. Тең фигуралардың анықтамасын тұжырымдаңдар.
3. Тең фигуралар туралы бізге не белгілі?
4. Аудандары тең фигуралар қалай аталады?
5. Олардың формалары мен өлшемдері туралы не айтуға болады?
6. Тең құрамдас фигуралардың анықтамасын тұжырымдаңдар.
7. Тең құрамдас фигуралардыңформалары мен өлшемдері туралы не айтуға болады?

  • Әрі қарай оқушыларға келесі тапсырманы ұсынуға болады.

  • Мысалы:

  • 1) Тең құрамдас, тең шамалас және тең фигураларды табыңдар.



  • 2) «Тең фигуралар», «Тең шамалас фигуралар» математикалық ұғымдарын қолданып, оларды сипаттаңыз.


  • Практикалық жұмыс ұсыныңыз.

  • 1) Жасыл квадраттың бөліктерінен кез келген 3 фигура құрастырыңдар.

  • 2) Оларды салыңдар.

  • 3) «Тең құрамдас фигуралар», «тең шамалас фигуралар», «тең фигуралар» математикалық ұғымдарын пайдаланып, оларды сипаттаңдар.

  • 4) Фигураларды салыстырыңдар, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табыңдар және кестені толтырыңдар.

  • Кесте №1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет