ЗС 10. Тығыз қоректік ортаға отырғызу арқылы микроб клеткаларын санау. Кох әдісі. Микроскоппен микроорганизм клеткаларын тікелей санау. Виноградский-Брид тәсілі.
Жұмыстың мақсаты - қоректік орталарға егу әдісі бойынша микроорганизмдерді сандық анықтау.
Зертханалық жұмыстың міндеті- микрорганизмдерді қатты қоректік орталарға отырғызу әдістерін игеріп, үйрену.
Фиксирленіп боялған жұғындыдағы клеткаларды санау әдісі (Виноградский-Брид әдісі). Бұл әдіс әр түрлі табиғи субстраттар топырақтағы, ластанған сулардағы микроорганизмдердің санын анықтау үшін кеңінен қолданылады. Әдістің артықшылығы фиксирленген препараттар ұзақ сақталады.
Препарат дайындау. Зерттелетін суспензияның белгілі көлемін (0,02 мл) микропипеткамен милиметрі қағаздың көмегімен 6 немесе 4 см2 аудан көлемі белгіленіп алынған майсызданған, құрғақ заттық шыныға тамызады.
Шыныдағы суспензияға агардың 0,03-0,1% сулы ерітіндісін қосу ұсынылады. Суспензияны шыныдағы белгіленген ауданға біркелкі етіп жаяады. Жұғындыны ауада кептіріп, 20-30 мин 96% спиртпен бекітеді де, метилен көгімен, фуксинмен немесе басқа бояумен бояйды. Препаратты сумен шайып, ауада кептіреді.
Санау барысы. Препаратты иммерсиялық объективпен микроскоптайды. Окулярдың жинақтағыш және көздік лингзаларының ортасына орналастыратын окулярлы торшаның квадраттарындағы клеткалардың санын анықтайды. Торша болмаған жаңдайда микроскоптың көру аймағындағы клеткаларды санайды. Нәтиже дәл болу үшін 50-100 көру аймағындағы клеткаларды санайды.
Кох әдісі. Әдіс зерттелетін езіндінің белгілі бір өлшемін Петри табақшаларындағы қатты орталарға егіп, өсіп шыққан колония санын анықтауға негізделген. Әр өсіп шыққан колония бір клетканың көбею нәтижесі деп саналады. Табақша әдісі табиғи субстарттардан тіршілікке қабілетті микроорганизмдер санын анықтауда кең қолданылады. Бұл әдіс субстарттардағы микроорганизмдердің санын ғана есептеп қоймай, сонымен қатар колониялар морфологиясы бойынша олардың әркелкілігін бағалауға мүмкіндік береді. Әдіс үш кезеңнен: сұйылту, қатты қоректік ортларға егу, өсіп шыққан колонияларды санаудан тұрады.
Сұйылтуларды дайындау микроорганизмдердің жеке колонияларын алу үшін оларды сұйылту немесе титрлеу қажет. әдетте сұйылтуларды заласызданған құбыр суында белгілі сұйылту коэффициентін (10) пайдалана отырып жүргізеді. Ол үшін залалсызданған құбыр суын 9 мл ден заласызданған пробиркаларға құяды. Кейін залалсызданған пипеткамен 1 мл бастапқы езіндіні 9 мл заласызданған суы бар пробиркаларға құяды, бұл сұйылту бірінші, яғни 1:10 болып саналады. Бірінші сұйылту езіндісін жаңа залалсызданған пипетка арқылы жақсылап араластырып, 1мл алыпекінші пробиркаға құяды, бұл сұйылтудың екінші, 1:100 болып саналады. Дәл осылай келесі сұйылтуларды да жүргізеді
Петри табақшаларына егу. Залалсызданған Петри табақшаларына ерітілген агарлы қоректік орталарды 20-30 мл құямыз. Қоректік орта қатқаннан кейін белгілі сұйылтулардан егу жүргізіледі. Заласызданған пипетка арқылы езіндінің белгілі көлемін (0,05; 0,1 немесе 0,2) қатты қоректік орта бетіне құяды. Заласызданған шпатель арқылы қоректік орта бетіне жақсылап жайады.
Егу 1:103, 1:104, 1:105, сұйылтулардан жүргізіледі. Залалсызданған, ерітілген қоректік ортаны залалсызданған 9 Петри табақшаларына құйады. Әр Петри табақшаларына 0,1 мл егінді материалын егеді. Әр егу үш реттік қайталымда жүргізіледі.
Дақылдау жағдайы. 28-300С температурада 6-7 тәулік.
Бактериялар колонияларын санау және сипаттама беру. Әр Петри табақшаларында өсіп шыққан колонияларды санап, 1 мл клетка санын анықтайды. Петри табақшаларындағы белгілі сұйылтудан өсіп шыққан колонияларды санаймыз. Колониялардың орташа санын анықтап, 1 мл- дегі клетка санын келесі формуламен есептейміз.
;
Мұндағы: М – 1мл – дегі микроорганизмдер клетка саны;
а – Петри табақшасында өсіп шыққан колониялар саны;
10 – сұйылту коэффиценті;
n – егу жүргізілген сұйылтудың реттік нөмері;
v – егуге арналған езінді мөлшері.
Достарыңызбен бөлісу: |