- - - Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтың әдістемелік құралы - - -
АЛҒЫСӨЗ
Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы
әрі жан – жақты тәрбиелеу мен дамыту ісінің
түпкі мәйегі қалыптасатын негізгі орын.
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан
Тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімінен құрышын қандырып, ана
сүтінен нәр алып, «Әке ұлағаты» мен «Ана тағылымын» көріп өскен ұрпақ
елін, жерін, халқын сүйетін, елінің болашағын, халқының қамын ойлайтын,
ой-өрісі кең, дүниетанымы жоғары, жан-жақты, білімді де білікті, ұлтжанды
тұлға болып қалыптасады.
Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс–
тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі
балабақшадан басталып, мектепке жан-
жақты педагогикалық өрісін табады.
Педагог өркениетті ел болашағын ойлайтын, зерделі, жан-жақты дамыған,
парасатты ұрпақты тәрбиелей алады.
Жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту мен тәрбиелеу мақсатында тәжірибе
алмасуды қамтамасыз етуге байланысты мектепке дейінгі ұйымдардың
педагог-психологтарына арнайы әдістемелік
көмекші құралымды ұсынып
отырмын.