«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» 1 курс Өткізген: Мүгірова Б. Ж



бет1/2
Дата11.09.2024
өлшемі36.88 Kb.
#503581
  1   2
тәрбие сағаты



Тәрбие сағаты:
«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»
1 курс

Өткізген:Мүгірова Б.Ж.


2023-2024 оқу жылы

Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Күні

01.09.2023

Топ жетекші:

Мүгірова Б.Ж.

Курс:

Қатысушылар саны:26

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Еңбек бәрін де жеңбек»

Сабақтың мақсаты:

Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Рәсімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Студент әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған. Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет, ата-анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген. Ал, сіздер қалай ойлайсыздар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалдың мағынасы қалай, қалай түсіндірер едіңдер? «Бақыттың кілті еңбекте» дегенді қалай түсінесіңдер? (Студенттер мақалдың мағынасын ашады)
Олай болса біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз еңбек туралы болмақ.


Студенттер 2 топқа бөлінеді. «Еңбек» және «Туған жер» Студенттерге екі түрлі тақырыпта мақал-мәтелдер жазылған парақшалар үлестіріледі, әр студент соған сәйкес өз тобын анықтап орындарына отырады. Топтарға тапсырмалар беріледі. «Кім көп біледі?» еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып, оның мағынасын түсіндіреді.


Еңбек туралы мақал-мәтелдер:

Еңбегіне қарай — құрмет, 

Жасына қарай — ізет.


Еңбек ер атандырады.



Еңбек ерлікке жеткізер, 
Ерлік елдікке жеткізер.



Еңбек еткен — мұратқа жеткен.

Еңбек етпей елге өкпелеме, 

Егін екпей жерге өкпелеме.



Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.
 


Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.


Ердің атын еңбек шығарады.
Бақыт кілті еңбекте.


Еңбек ширатады,
Өмір үйретеді.


Маңдайы терлемегеннің
Қазаны қайнамайды.

Еріншектің ертеңі бітпес,

Жеңілтектің селтеңі бітпес.


Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей

Студенттер мұғаліммен амандасады,түгелденеді, колледж партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.




презентация


Сабақ басы
(13 мин)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет