Көзді қорғаушы құрылымдар мен оптикалық жүйе. Қабақ пен кірпіктер қорғаныс қызметін атқарады. Көзге қауіп төнгенде рефлекторлы түрде көз жұмылып, қабақ пен кірпік нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды. Көз жұмылғанда көз жасы көз алмасын суландырады да оны құрғап, кеуіп қалудан сақтайды. Көз жасы өте мөлдір арнайы сұйық. Ол көз жасы безінде түзіледі. Оның 97,8 % су, 4,4% органикалық заттар, 0,8% түрлі тұздар. Бұл сұйық көздің қасаң қабығын ылғалдандырып, оның мөлдірлігін сақтайды, зақымдайтын заттарды шайып тастап отырады. Бұған қоса, оның құрамындағы дезинфекциялық заттар микробтарды өлтіріп, оларды жояды.
Көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді денесі негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Олар жарық сәулелерін жинақтап, жарық толқындарын сыңдыру қызметтерін атқарады. Жарық сындыру қабілеті диоптрия деп аталатын сәулелердің ауытқу мөлшерін анықтайтын өлшеммен есептеледі. 1 диоптрия фокустық нүктесі 1 м қашықтықта орналасқан линзаның жарық сәулелерін сындыру күшіне тең. Жарық сындыру күші артқан сайын фокустық қашықтық азаяды.
Әрбір жарық сындырғыш аппараттың қабілеті, құрылысы әртүрлі екенін ескерсек, бұл жүйенің күрделілігін түсінуге болады. Көздің қарашығы арқылы жарық сәулелері көздің қасаң қабығы, бұршағы, шыны тәрізді денесі арқылы өтіп фокустық нүктеде жинақталып заттың нақтылы, бірақ кішірейген бейнесін торлы қабыққа түсіреді.
Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялы қызмет атқарады. Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады.Алыста немесе жақында орналасқан заттарды қарағанда көз бұршағының әлпеті өзгеріп, жарық сәулелерін торлы қабыққа фокустық нүктеде жинап, заттың бейнесін дұрыс көрсетеді. Жақыңдағы затты қарағаңда көз бұршағы дөңестеледі, ал алыста орналасқан затты қарағанда жалпақтанады.
Көздің шыны тәрізді денесі жарық сыңдырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Мұнда жеткен жарық сәулелері сынып, торлы қабықтың үстінде фокустық нүктеде жиналады. Егер шыны тәрізді дененің жарық сыңдыру қабілеті тым күшейсе, сәулелер торлы қабыққа жетпей фокусталып, ал нашарласа одан асып жиналады. Мұндай жағдайларда заттың бейнесі бұлдырланып, анық көрінбейді. Шыны тәрізді дене кебе бастаса да, көру қабілеті төмендейді. Оның 1/3 бөлігі жойылса, көздің көру қабілеті жойылады, ал одан аз мөлшері кемісе, көздің камераларының сұйығы арқылы толтырылады. Шыны тәрізді денеде сәулелердің сынуына байланысты заттың бейнесі аударылып көрінеді. Сондықтан да кішкентай бөбектер май шамның отына қызығып, қолын созып ұстағанда ол отты емес, май шамның ұшын ұстайды.
Көздің торлы қабығындағы таяқша және сауытша тәрізді клеткаларда фокустық нүктелерде жинақталған сәулелердің әсерінен олардың ішіндегі ерекше арнайы заттар фотохимиялық реакцияларға түсіп, ыдырай бастайды. Таяқша клеткаларда родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин деп аталатын заттар болады.
Жарықты қабылдау. Таяқша клеткалардағы родопсиннің түсі қошқыл, ал сауытша клеткалардағы иодопсиннің түсі күлгін.Жарық сәулелерінің әсерінен родопсин ретген мен опсинге ыдырап, пайда болған заттар жарық толқындарының . ұзыңдығына лайық көру нервінің ұштарында қозу тудырады. Қараңғыда петинен мен опсин қайта қосылып родопсинге айналады.Ретинен А витаминінің туындысы, қараңғыда А витамині ретиненге айналады.Сондықтан бұл витамин организмге жеткіліксіз мөлшерде болғанда ондай адамның ымыртта, қараңғыда көру қабілеті төмендеп жойылады.Мұндай кемшілікті ақшам соқыр немесе соқыр тауық, немесе гемералопия (лат. гемералопия — тауық көз) дейді. Таяқша клеткалар өте әлсіз — 0,01 люкстен кем жарық сәулелерін сезеді.
Ал сауытшалардағы иодопсин сәулелердің әсерінен иодинен мен опсинге ыдырайды. Фотохимиялық реакцияның негізінде пайда болған қозу таяқша және сауытша клеткаларымен байланысқан көру нервінің орталыққа тебетін афференттік үштары арқылы ортаңғы мидағы көру төмпешіктеріне жетіп, одан әрі ми сыңарларының қыртыстарының желке тұсында орналасқан көру орталығына барады. Онда талқыланып, жинақталып, заттың бейнесі туралы сезім туады. Көру талшьғының торлы қабығындағы рецепторлары афференттік жүйке талшығы арқылы заттың бейнесінен келген сәуленің әсерінен пайда болған қозу импульстерін бір-ақ рет орталыққа жібереді. Содан кейін орталыққа сол заттың өзгерістері туралы ғана мәлімет тасиды, онда пайда болған өзгерістерді немесе заттың бейнесінің жойылуы жөнінде т. б. ақпараттар жіберіледі. Сондықтан затты көру сезімі ең алғаш көзді сол затқа тігіп қарағанда, яғни көз түскенде ғана пайда болады. Көру талдағышының қозғыштығы торлы қабықтағы жарық сезгіш заттардың фотохимиялық реакциясына байланысты фотохимиялық реакцияның пайда болуына байланысты көздің қозғыштығы төмендейд.Мұны жарыққа бейімделу немесе жарық адаптациясы (лат.~ адаптация — бейімделу, үйрену) дейді. Мысалы, қараңғы жерден жарық бөлмеге кіргенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбейді де, сол уақыттан соң бөлмедегі заттар мен отырған адамдар көріне бастайды. Жарық неғұрлым көп болса, солғұрлым көздің қозғыштығы төмен болады. Ал қараңғыда көздің қозғыштығы күшейіп, қараңғыға бейімделеді. Қараңғыда сауытша келеткалардың сезімталдығы 20-50 есе, таяқша клеткалардың - 200-400 есе артады.Жарыққа немесе қараңғыға бейімделу мен көру қабілетінің деңгейі түрлі жағдайға байланысты.Жейтін тамақтың құрамында А витамині аз болғанда, оттегі жетіспегенде, шаршағанда көздің өткірлігі нашарлайды.
Дегенмен жаттықтыру арқылы оны күшейтуге де, бейімделу қабілетін арттыруға да болады. Жалпы алғаңда көз әрбір 25 сек сайын сәл қимылдап тұрады. Егер тез қозғалмаса, онда затты аздан кейін көрмей қалар едік. Сондықтан қозғалмайтын затты көруде көз еттерінің қызметінің маңызы зор.
Көздің заттың түсіне бейімделу қабілетінің де маңызы бар. Заттың түсі, бояуы туралы сезім көру талдағышына ұзындығы әртүрлі жарық толқындары әсер еткенде туады. Көздің жарық толқыңдарын қабылдау қабілеті 390-760 нанометр (нм) шамасында. Олардың әр толқыны ұзындығына байланысты бір түсті сезім тудырады. Мысалы, көк түсті сезім 450-480 нм, күлгін түсті 390-450 нм, қызыл түсті 620-760 нм т. с. с. жарық сәулелерінің толқыңдарының ұзындығына байланысты.
Түсті жарықты қабылдау ілімінің негізін алғаш рет М. В. Ломоносов 1756 ж қалаған. Т. Юнг пен Г. Гельмгольц (1801) мұны әрмен қарай дамытқан.Олардың үш құрамды жарық қабылдау қағидасы бойынша торлы қабықта сауытша тәрізді клеткалар 3 түрлі болады. Оның бірі қызьл түсті жарық толқындарын, екіншісі — жасыл, үшіншісі — күлгін түсті жарық толқындарын сезеді. Бұған қоса, көру нервінің афференттік талшықтары 3 түрлі болады. Олардың әрқайсысы сол 3 түрлі жарық толқындарының әсерінен пайда болған өзіне тән қозуды тасиды, яғни ол талшықтар сол түсті сауытша клеткаларымен байланысты. Қалыпты жағдайда көзге әртүрлі ұзындықтағы сәулелер әсер еткенде бір мезгілде 2 немесе 3 түрлі сауытша клеткаларда реакция пайда болады және оған қатысатын сауытшалардың саны да әртүрлі болады. Сондықтан осы үш түрлі клеткалар тобы арқылы адам жарықтың көп түрлі түстерін айыра алады. Ал жарық әсер еткеңде заттың түсін нақтылы білу жаттығуға байланысты.
Кейбір адамдар заттың түсін мүлде анықтай алмайды. Мұндай кемшілікті осы аурумен ауырған ағылшын ғалымы химик Дальтонның атымен дальтонизм деп атайды.
Дальтониктер барлық түсті заттарды сұр немесе қоңыр түсте қабылдайды. Бұл кемшілік әрбір 100 азаматтардың 4-5 ер адамында байқалады. Әйелдерде бұл кемшілік өте аз кездеседі, не бары 0,5 % ғана.
Көру талдағышының жас ерекшелігі
Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 грамм-дай ғана. Бұл ересек адамның көзінің салмағынан 2 есе кем. Ересек адамның көзі 6-8 г. Алғашқы жылы көз алмасы көз шарасынан жылдамырақ өседі де баланың көзі үлкен болып көрінеді. 3 жаста көз алмасы ересек адамның көзінің 90% болады. 6 жаста ересек адамның көзімен теңеседі. Дегенмен көз шарасының алдыңғы-артқы диаметрі ересек адамның көзінің 95% ғана болады, яғни сәл жалпақтау келеді. Ересек адамның көзі дөңгелек шар пішінді.
К ө з ж а сының безі жаңа туған нәрестеде толық жетілген, бірақ оған келетін жүйке талшығы әлі жетілмегендіктен алғашқы 3-5 айға дейін жылағанда көз жасы шықпайды. Нәрестенің көзінің қозғалысы екі көзіңде бірдей емес, тіпті бір көзін жұмып, екінші көзін ашуы да мүмкін. Көзін жыпылықтату қабілеті өте нашар болады. 2 айға толғанда ғана екі көзі бірдей қозғалады, яғни сәйкес қимылдай бастайды.Көзге затты жақындатқанда баланың екі көзін бірдей жұмуы тек 1 жасқа жақыңдағаңда сәйкестеледі. 2-3 жаста көздерінің қозғалысы толық үйлеседі.
Жаңа туған нәрестенің қ а р а ш ы ғ ы өте жіңішке — диаметрі 1,5 мм ғана екі көзінің қарашығы тек қана 1 айға толғанда сәйкестеліп, қарашық рефлекстері пайда болады. 3-6 жаста көзінің қарашығының диаметрі ересек адамның қарашығымен теңеседі. Дегенмен қарашық рефлекстері мектеп жасына дейін нашар болады да, бастауыш сынып оқушыларында толық жетіледі. Баланың жарыққа деген рефлексі алғашқы кезде тек қана қорғаныс қызметімен шектеледі. Оларда жарықтан қорғану мен бағдарлау қабілеттері ғана байқалады. Жарықтың әсерінен қарашықтың кішіреуі диаметрі 1 айда 0,9 мм, 6-12 айда -1,2 мм, 2-6 жаста 1,5 мм, жоғарғы сынып оқушыларында ересектермен бірдей - 1,9 мм болады. Баланың көзінің қозғалысы тек 1 айға толғанда ғана дүрыс бағыттала бастайды. Затқа көзін тігіп қарау қабілеті алғашқы 3-5 айға дейін қалыптасады.Бүл мезгілде затқа қарау ұзақтығы 1-1,5 минут, 3 айда 7-10 минут, тек 3-7 жастың арасыңда толық жетіледі. Баланың алғашқы жылғы өмірінде оның көз алмасының алдыңғы-артқы диаметрі ересек адамның көзінен 25-35% қысқа келеді, сондықтан заттың бейнесі торлы қабықтан асып фокусталады. Табиғи алыстан көру қабілеті 1 жасқа дейінгі балаларда байқалады.
Баланың көзінің қасаң қабығы ересек адамнан гөрі дөңестеу, көз бұршағы серпімділеу болады. Қасаң қабық пен көз бұршағының арасы ересек адамның көзімен салыстырғанда жақындау орналасқан. Сондықтан жарық сындыру қабілеті күштірек. Бұған байланысты көздің айқын көру нүктесі 1 жасқа дейінгі балада не бары 4 см болып, көзі жетілген сайын алыстай береді. 10 жаста ол 7 см, 20 жаста — 8,3 см, 30 жаста 11 см, 40 жаста 17 см, 50 жаста — 50 см, 60 жаста 80 см болады. Яғни ересек адамның көзінде жасы ұлғайған сайын алыстан көру қабілеті дами бастайды. Айқын көру нүктесі деп заттың анық дәл көріну қашықтығын айтады.
Көз бұршағының аккомодация күші жасына лайық өзгереді: 1 жаста 25 диоптрия, 3 жаста 20, 5-6 жаста - 15, 7-15 жаста - 12, ересек адамда 10 диоптрияға тең.
Сәбидің сауытша клеткалары жетілмеген. Сондықтан бала 1 жасқа дейін заттың түсін анық көре алмайды. Сауытша клеткалары мен таяқша клеткалардың диаметрі кішкентай болады жене бір-біріне жақын. 2 жастан әрі қарай баланың фоторецепторлары жетіле бастайды да, заттың түсін анықтай алады. Ең алдымен сары, сосын жасыл, қызыл, көк түсті заттардың бояуын, кейіннен басқаларын анықтайды. Сауытшалар 3 жаста толық қызмет атқара бастайды. Дегенмен 3 жасқа дейін олар нашар жетіледі, диаметрі кішкентай, бір-біріне жақын тығыз орналасады. 4-6 жаста балалар барлық түсті айырады, бірақ тәжірибесі аз болғандықтан, ересек адаммен салыстырғанда заттың түсін тану қабілеті нашарлау келеді. Бұл мезгілде бала затты қарағанда ең алдымен оның пішінін, содан кейін мөлшерін, ең соңында түсін анықтайды. Заттың түсін анықтау қабілеті жыныстық жетілу мерзімінде ғана ересек адамның қабілетіне жақындайды.
Баланың алғашқы 1-2 апталық өмірінде көру талдағышының өткізгіш бөлімі жетілмегендіктен, заттың бейнесін анық көрмейді. Ең алдымен көру жүйкесі мен сопақша мидағы оның түйіспесі қалыптаса бастайды, содан соң мидағы төрт төмпешік жетіледі. Төрт төмпешік ми қыртысыңдағы орталық бөлімге қарағанда жылдам жетіледі. Алғашқы 1 жылдың өзіңде өткізгіш бөлім қозу импульстерін орталық бөлімге таси бастағанымен, төмпешіктердегі нейрондар толық жетілмегендіктен көру қабілеті нашар болады. Өткізгіш бөлімнің қызметі тек қана 10-14 жаста толық жетіледі. Бірақ бұл кезде жүйке жолдары жіңішкелеу келеді.
Көру талшығының қыртыс бөлімі сезгіш және өткізгіш бөлімдерінен кейін дамиды. Ең алдымен (17 аймақ), содан кейін ғана түйсік (18,19) аймақтары жетіледі. Көру орталығының нейрондары алғашқы жылы өсуін аяқтамаған, дендриттері мен аксондары кішкентай, әрі жіңішке келеді. 2-3 жаста сезгіш аймақтар өте жылдам жетіле бастайды да, 5-6 жаста толық жетіледі. Ондағы нейроңдар ересек адамның нейрондардай болады. Түйсік аймақтары алғашқы 3 жылғы өмірінде нашар дамиды: оның нейрондары өте нәзік, қызмет атқаруға әлі бейімделмеген. 5-6 жаста бұл аймақтар тез дами бастайды да 10-14 жас арасында толық жетіледі. Көзбен шамалау қабілеті түйсік аймақтарының дамуына лайық жақсара береді. Бүл қабілет тек жыныстық жетілу мерзімінде ғана ересек адамның қабілетіндей болады. 4-6 жастың ішінде балалардың сезгіш аймақтары мен түйсік аймақтарының арасыңда жүйкелік байланыс жолдары қалыптасады, бірақ байланыс жолдарының жүйке талшықтарының миелиндері болмайды, сондықтан көру талдағышының орталық бөлімінің талдау және жинақтау қабілеттері әлі де болса кемеліне жетпеген. Ми қыртысыңцағы жүйкелік байланыс жолдарының толық миелинденуі жігіттік бойжеткендік мерзімінде ғана аяқталады. Дегенмен көру талдағышының салыстырмалы толық жетілуі жасөспірімдік мерзімде аяқталады деуге де болады.
Алғашқы рет жақыннан және алыстан көру қабілеттерінің қалыптасуы туралы гигиенист ғалым Ф. Ф. Эрисман "Влияние школы на происхождение близорукости" деген еңбегінде көру гигиенасын дұрыс сақтамауға байланысты мектептегі оқушылардың жылдан жылға жақыннан көру дәрежесі артатындығын жазған болатын. Кейіннен бүл мәліметтер толық зерттеліп көру кемшіліктерін болдырмау шаралары анықталды. Осыған байланысты әрбір адам, ата-ана, мүғалімдер мен тәрбиешілер және оқушылар көру гигиенасын біліп, оны сақтауы қажет. Тек ғана жақыннан көретін бала затты көзін сығырайтып қарайды немесе көзіне өте жақын үстайды, еңкейіп кітап оқиды, теледидарға жақын отыруға тырысады, қылилық пайда болады. Көздің созылуына мешел, өкпенің құрт ауруы, ревматизм т. б. аурулар себеп болуы да мүмкін. Сол сияқты, жүмыс орнының жарығы нашар болғанда, оқып отырған қағаз орнықсыз, әріптер тым ұсақ болғанда, дұрыс отырмағандықтан, көз бен жазуы бар қағаздың арасы тым жақын болғанда т. с. с. себептерден пайда болады. Көпшілік зерттеушілердің мәліметіне қарағанда жақыннан көретін балалардың көру гигиенасын сақтауын қадағалап отырған жөн. Бұл жағдайда міндетті түрде көзілдірік киіп жүру керек. Әсіресе кішкентай балалардың көзінде керу кемшіліктері тез дамиды.
Астигматизм көз алмасының жазықтарына сәулелер бірдей тарамағандықтан балаларда пайда болатын көру кемшілігі. Ол қасаң қабықтың беті біртегіс дөңес болмаған жағдайда байқалады. Мұны жөндеу үшін тік немесе көлденең меридиана бойынша жөнделген цилиндр әйнекті пайдаланады. Себебі бұл кемшілікте аталған меридиананың бірі жарық сәулелерін күштірек сындырады.
Көздің құрылымдарының қызметіне байланысты рефлекстер де жасына сай әртүрлі: қас қағу рефлексі мезгілінен бүрын туған (шала туған) балаларда 2 аптаға дейін болмайды, ал мерзімінде туған балаларда бірінші күннен-ақ байқалады, бірақ өте баяу болады. Жаңа туған сәбилердің екі көзінің қас қағу рефлексі бірдей емес: бір көзінде болып, екінші көзінде болмауы да мүмкін. Қас қағу қимылы 1 айлығында реттеле бастайды. 2 айлығында ол көздің қимылымен ұласып, екеуінің арасында үйлесімділік туады.
Көздің ашылып-жұмылуы, жыпылықтауы сыртқы тітіркендіргіштің әсеріне сай болады. Мысалы, жарқ еткен жарық кірпік қағу рефлексін тудырады, бұл рефлекстің жасырын уақыты 200-300 м/сек. Егер жарық күшті болса, кірпік рефлексіне қоса, басты бұру мойын рефлексі туады.
Көздің қарашық рефлекстері жаңа туған нәрестеде болғанымен, қарашық қимылы өте баяу және екі көзінде бірдей емес, бұл ортаңғы мидың төрт темпешігінің алдыңғы екеуінің толық жетілмеуінен болады. 1 айлық балада қарашықтың қозғалыс мөлшері 0,9 мм, 5 айлығында 1,1 мм, 1 жасында 1,4 мм, 2,5 — 6 жасында 1,5 мм, 12 жасында 1,9 мм. Қарашық рефлексі кенеттен болған қатты дыбыстың немесе қорқыныштың әсерінен де байқалады.
Көру гигиенасы Балаларда ең жиі кездесетін көру кемшілігі жақыннан көру қабілеті. В. Ф. Уткин (1971) мен Э. С. Аветисовтың (1975) зерттеулеріне қарағанда мектеп жасына дейінгі балалардың 1-2%, 7-10 жаста 4,%, 11-14 жаста 10,5%, 15-18 жаста 21,5%, 19-25 жаста 28,7%-да жақыннан көру қабілеті байқалады. А. А. Сукачевтың (1980) зерттеуі бойынша көзге күш көбірек түсетін мектептерде, айталық математика, шет тілі мамандықтарына көп көңіл бөлетін мектептерде бұл көз кемшілігі оқушылардың 25%-нда байқалады. Әсіресе балаларды көру гигиенасымен, партада дұрыс отыру ережелерімен таныстырмаған жағдайда бұл кемшілік көбейіп кетеді. Осыған байланысты мұғалімдер өздері де, олардың оқушылары да көру гигиенасын жақсы біліп, бұл кемшіліктің алдын алғаны жөн.
Көру гигиенасының талаптары:
Кітапты оқығанда, қағазды жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болуы тиіс. Ең тиімдісі 37 см Баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс. Ең тиімді жарық мөлшері 150-300 люкс шамасында. Жарық баланың сол жағынан немесе үстінен және алдына қарай сол жақтан орналасуы қажет. Жарық сәулелерінің әсері баланың көзіне тура түспеуі керек. Жарық кездерінің сыртында жарық сәулелерін шашатын сәуле сейілдіргіштері, айталық, плафон, абажур, пластинка болуы тиіс.
1.Үстелде, партада бала дұрыс отыруы керек.
2.Жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды.
3.Теледидар көрсетулерін қарағанда ең кеміңде 2,5-3 м қашықта отырған жөн (теледидардың экраны 62 см болу керек.
Баланың жасына лайық жазу, оқу еңбектерінің, теледидарды қарау ұзақтығын, ескерсе көзге күш түсіретін еңбектің түрлерін, олардың ұзақтығын мұқият қадағалаған жөн. Баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау.
1.6-7 жаста - 10 минут,
2.7-10 жаста - 15 минут,
3.10-12 жаста -20 минут,
4.12-15 жаста - 25 минут,
5.5-18 жаста - 30 минут
Яғни осы көрсетілген уақыттан соң аз да болса, көзді демаддырып отыру қажет немесе көз талмайтын жұмыспен айналысқан жөн. Көздің тазалығын сақтау керек: көзді таза қол орамалмен сүрту, әр адамның өз бет орамалының болуы, шаң-тозаңнан сақтау көз еттерін жаттықтыру, жалпы организмді шынықтыру, жұқпалы аурулардан сақтау, оларды асқындырмай мезгілінде емдеу, дұрыс тамақтану гигиеналық талаптарды сақтау арқылы көздің өткірлігін сақтап, жұмыс қабілетін ұзартып, организмді шаршатпауға тырысу керек.
3. Дыбыс талдағышының шеткі бөлімі - ішкі құлақта орналасқан. К о р т и м ү ш е с і, өткізгіш бөліміне - д ы б ы с н е р в і, қыртыс бөліміне самай тұсында орналасқан дыбыс есту орталығы жатады. Дыбыс талдағьшыньң ең шеткі бөлімі құлақ үшке бөлінеді: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып.
Дыбыс нервтері сопақша мида бір-бірімен түйісіп, бағытын ауыстырады: оң жақ құлақтан келген дыбыс жүйкесі сол жақ самайға, ал сол жақ құлақтан келген нерв қозуды оң жақ самайға өткізеді. Дыбыс талдағышының қыртыс бөлімі ми қыртысының самай тұсында жатқан сенсорлық (41 аймақ) және ассоциативтік (22, 42 аймақтар) зоналардан тұрады. Сенсорлық зона бұзылғанда толық керең, ал ассоциативтік зонаның 22-аймағы бұзылғанда музыкалық керең, 42-аймақ бұзылғанда сөз кереңдігі пайда болады.
Құлақ күрделі құрылысты мүше.С ы р т қ ы қ ұ л а қ қалқаны мен сыртқы құлақ түтігінен тұрады. Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын жинап, сыртқы дыбыс түтігі арқылы дабыл жарғағына жібереді. Дыбыс толқындары екі құлаққа әртүрлі мерзімде жетуіне байланысты құлақ қалқандары дыбыстың бағытын, шыққан орнын анықтайды.
Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Ол ішіне қарай ойыңқы құрылысты. Оның қалыңдығы ересек адамда 0,1 мм, кеңістікте 45 градусқа көлбеу орналасқан. Ортаңғы құлақ самай сүйегінің қуысында орналасқан дабыл қуысынан тұрады. Сол қуыста 3 дыбыс сүйектері бар: балғаша, төсше, үзеңгіше. Ортаңғы құлақтың қуысын мұрын-жұтқыншақ қуысымен байланыстыратын Эвстахи түтігі бар. Бұл түтік ауыз,мұрын қуысынан келген ауаны ортаңғы құлақ қуысына өткізіп, дабыл жарғағының екі жағындағы ауаның қысымын теңестіріп тұрады. Балғашаның сабы дабыл жарғағымен ұштасқан. Балғаша төсшемен, ол үзеңгімен буындасқан. Үзеңгішенің табаны ішкі құлақтың сопақша тесігін жауып тұрады. Сопақша тесіктің беті жұқа жарғақпен жабылған.
Дабыл жарғағының ауданы 70 мм2, ал үзеңгішенің ауданы 3,2 мм2, яғни 22 есе кем, сондықтан табиғи физикалық заң бойынша дабыл жарғағынан үзеңгішеге өткенше тербеліс амплитудасының 2,5 есе төмендеуі арқылы сопақша тесікке қысымды сонша есе күшейтеді. Осыған байланысты ортаңғы құлақтан өткенше тербеліс 50-60 есе күшейеді.
Ішкі құлақта екі талдағыштың шеткі бөлімдері орналасқан: біріншісі, вестибулярлық аппарат бір-біріне перпеңдикуляр орналасқан жартылай айналмалы 3 каналдар мен олардың табалдырығынан тұрады; екіншісі, ұлу сүйегі - есту мүшесі.
Құлақтың жалпы құрылысы.
1 - құлак қалқаны, 2,7 — самай сүйектері, 3 - балғаша, 4 - төсше, 5 - үзеңгіше, 6 - жартылай айналмалы - каналдар, 8 - дыбыс нерві, 9 - ұлу мен корти мүшесі, 10 - эвстахи түтігі, 11 - ішкі құлақ кеңістігі, 12 - дабыл жарғағы, 13 - сыртқы құлақ түтікшесі
Ұлу сүйегі тәрізді құрылым екі жарым есе айналым жасайтын спиральды сүйек түтігі. Оның ішінде екі жарғақ бар: вестибулярлық және негізгі. Бұл жарғақтар ұлу сүйегінің каналын үшке бөледі: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Жоғарғы және төменгі қуыстар перилимфа сұйықтығына толы болып, ұлу сүйегінің үстіңгі жағында кішкентай тесік арқылы бір-бірімен жалғасады. Сол тесік арқылы перилимфа араласып тұрады. Үзеңгіше сопақша тесіктің жарғағын итергенде жоғарғы қуыстағы перилимфа төменгі қуысқа құйылып, ішкі құлақтың дөңгелек тесігінің мембранасы ортаңғы құлаққа қарай ығысады.
Вестибулярлық және негізгі мембраналардың арасында ортаңғы немесе жарғақты канал болады. Оның ішкі қуысы тұйық. Іші эндолимфа сұйығына толы. Құрамы жағынан эндолимфаның перилимфадан айырмашылығы бар эндолимфадағы калий ионы перилимфадағыдан 30 есе артық, ал натрий ионы 20 есе кем.
Негізгі мембрана бір-біріне көлденең орналасқан, әлсіз байланысқан 24 мың дәнекер талшықтардан тұрады. Ұлу сүйегінің түп жағындағы талшықтар қысқа, ұзындығы 0,4 мм, ал жоғарғы жағында ұзындау - 0,5 мм болады. Негізгі мембранада корти мүшесі орналасқан. Ол - дыбыс қабылдаушы негізгі мүше.
Корти мүшесі түкті клеткалардан тұрады. Әрбір түкті клетканың жоғарғы жағыңда ұзындығы 4 микрон 60-70 түктері болады. Негізгі мембрана шайқалғанда оның түктері жабық мембранаға тиіп, тітіркенеді. Рецепторлық клеткалармен жалғасқан дыбыс нерві арқылы қозу қыртыс бөліміндегі дыбыс орталығына барады.
Дыбысты қабылдаудың жас ерекшелігі және гигиенасы
Дыбыс толқыңдары дабыл жарғағы мен дыбыс сүйектерінен өтіп, сопақша тесіктің жарғағы арқылы перилимфа сұйығын шайқайды. Перилимфаның шайқалу жиілігіне байланысты негізгі мембрананың белгілі бір дәнекер талшықтары қозғалады. Жоғары дыбыстың әсерінен ұлу сүйегінің түбінде орналасқан дәнекер талшықтар, ал төмен дыбыстың әсерінен ұлу сүйегінің жоғары жағындағы фиброздық талшықтар қозғалады. Дыбыс неғүрлым күшті болса, перилимфаның және фиброзды талшықтардың қозғалысының амплитудасы соғұрлым биік болады, яғни жабын мембранаға тиген талшықтар көбірек иіледі. Дыбыс тембрі негізгі дыбысқа қосылатын қосымша дыбыстардың әсерінен қозғалатын фиброз талшықтарының мөлшеріне байланысты. Сонымен, корти мүшесі дыбыс жиілігін, оның күшін және тербелістерін сезеді.
Ересек адамның құлағы 16 герцтен 20 мың герцке дейінгі дыбыс ырғақтарын қабылдайды, әсіресе 1000 герцтен — 3000 герц жиілігіңдегі дыбысты жақсы қабылдайды.
Қалыпты жағдайда ересек адам 5м қашықтан сыбырлаған дауысты естісе, есту қабілеті қанағаттанарлық деп есептеледі. Есту қабілетін аудиометр деп аталатын аспаппен анықтайды.
Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі. Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус). Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ 1 жылдың ішіңде ересек адамның құлағымен теңеседі.
2-3 жаста сыртқы құлақ түтігі сәл иіледі де, 4-6 жаста ересек адамның түтігіндей болады. Дабыл жарғағы 2-3 жаста-ақ ересек адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып, тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы құлақтың көлемі 2-3 жаста ересек адамның құлағынан кішірек келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінің ортаңғы құлағының көлеміне жетеді. Евстахи түтігі 2-3 жаста ұзарып 6 жастан асқанда ғана ересек адамдай болады. Ішкі құлақ 2-3 жастың арасында ақ ересек адамның құлағымен теңеседі.
Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарын нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс нерві жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс нервімен бірдей болады. Есту талдағышының қыртыс бөлімінің сенсорлық (сезгіш) зонасы алдымен дамып, ассоциативтік зонасы кейінірек жетіледі. 1 жастан аса 41-ші сезгіш аймақ, 6 жаста 42-ші ассоциативтік, 7 жаста 22-ші ассоциативтік аймақтар жетіледі.
Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса музыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі. 4 жастан аса 41-ші сенсорлық аймақтың дамуы, ал 6 жаста 42-ші ассоциативтік аймақтың дамуы, 7 жаста 22-ші аймақтың дамуы аяқталады. 6 жастан аса дыбыс орталығы ересек адамның дыбыс орталығындай болып, талдау және талқылау қабілеттері жоғарылайды. 6 жаста дыбыс есту шегі 22000 герц болады, яғни ересек адамнан анағұрлым жоғары. 7-13 жаста баланың дыбыс талдағышының барлық бөлімдері ересек кісінің дыбыс талдағышындай, бірақ есту қабілеті анағүрлым жоғары болады. Ми қыртысының таңдау және талқылау қасиеттері одан әрі дами түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |