Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»



бет45/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
Лекциялар жинағы

Ферментация үрдісі. Ферментерге егіс материалын енгізіп, культураны өсіруді алдынғы орындалған технологиялық параметрлерде жүргізіледі, қоректік ортада өсірілген сияқты сол егіс аппаратында өсіріледі. Ферментация үрдісінің ұзақтығы 35 – 40 сағатты құрайды. Культивирлеу үрдісі культуралды сұйықтықтың 5 – 10 % - ін бос споралар мен кристалл құрағанда аяқталады. Культуралды сұйықтық құрамында 1мл –де 1млрд. спорадан кем емес болуы керек. Дайын культуралды сұйықтықты алдын – ала залалсызданған жинағыштарға ауыстырады.
Культуралды сұйықтықты концентрлеу. Культуралды сұйықтықты жинағышқа сепарирлеуге жібереді. Сепарирлеу кезінде алынған пастаны жинағышқа жинап, онда 30 минут араластырады, содан кейін сынамадан спора түзілгенін, фагтық мөлшерін, ылғалдылығын тексереді. Сепарирлеу кезінде пастаның шығымы 1м3 культуралды сұйықтықта 100 кг құрайды: пастаның ылғалдылығы 85%, шамамен 1 гр – да 20 млрд. спора түзілуі мүмкін.
Энтобактериннің тауарлы формасын кептіру және алу. Паста бақылау жасалып тексерілгеннен кейін шашыратқыш кептіргішке жібереді. Құрғатылғаннан кейін препараттың ылғалдылығы 10 %; 1м3 культуралды сұйықтықтан шығатын құрғақ препарат 12 – 13 кг; 1 г – препаратта 100 – 150 млрд спора түзіледі. Стандарттау үшін оған толықтырғыш қосады, көбінесе каолин және көлемін 20 кг етіп буып түйеді, төрт қабат полиэтилен крафт – қаптарға қапталады және олар маркаланады.
Энтобактериннің 1 гр дайын препаратында 30 млрд. бактерия спорасы мен шамамен осындай мөлшерде эндотоксиннің ақуыздық кристалдары құралады. Препарат жәндіктердің 60 түрімен бау – бақша куьтураларының зиянкестерімен күресуде қолданылады.
Зиянкестермен зақымданған өсімдіктерді 0,5 – 1 % энтобактериннің сулы суспензиясымен, зиянкестерді белсенді қоректену кезінде дәрілейді. Жәндіктердің негізгі массасы 2-10 тәулік аралығында жойылады.
Энтобактерин тағы басқа тауарлы формада перспективті тұрақтандыратын паста түрінде шығарылады. Оны өндіру технологиясы, құрғақ препарат алуға қарағанда, оңай әрі арзан.
Культуралды сұйықтықты сепарирлегенен кейін алынған пастаны арнайы ыдысқа жібереді, оған белгілі мөлшерде карбоксиметилцеллюлозаны (КМЦ) тұрақтандырғышты енгізеді. КМЦ молекулалары ақуыз кристалын және споралар жинайды, соның әсерінен олар бір – бірінен бірдей ара қашықтықта орналасады. Мұндай жолмен тұрақтанған пастаға консерванттар қосады, олар біркелкі көлемде орналасады, бұл препараттардың ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.
Фаголизиспен күрес. Энтобактерин өндіру технологиясының үлкен қиындықтарының бірі, басқа энтомопатогенді препараттар сияқты, фаголизиспен күрес жүргізу. Фаг – бұл бактерияларды зақымдайтын вирус. Оның әрекет ету механизмі ДНК синтезінің тоқталуына байланысты, ол бактерияның жойылуына әкеледі. Фаголизиспен күресу әдістерінің бірі культураға антифагтық факторлардың - әртүрлі қосылысын қосу, олар фагтың дамуына жол бермейді. Мұндай қосылыстар белгілі, бірақ оны алудың қиындығы, бағасының қымбаттығы кеңінен қолданылуға мүмкіндік бермейді. Фагқа тұрақты штамдарды алудың – басқа әдісі қиын болып табылады, оны селекционерлер мен генетиктер шешуде.
Энтомопатогенді саңырауқұлақтар
Энтомопатогенді саңырауқұлақтармен жәндіктердің зақымдалу кезінде инфекция түзіледі, оларды микоз деп атайды. Қазіргі уақытта саңырауқұлақтардың, жәндіктер микозын тудыратын жүздеген түрлері белгілі. Энтомопатогенді саңырауқұлақтар терең зерттелген, Beauveria туысына жататын (ақ мускардиндер қоздырғыш), Metarrhizium (жасыл мускардин қоздырғыш) және Enthomophthora. Олардың кейбіреуі өндірісте кеңінен қолданыс тапты.
Саңырауқұлақтардың көбісі жұқпалы (зиянды) конидийлер болып табылады. Бактериялардан айырмашылығы, саңырауқұлақтар жәндіктің денесіне қоректену арқылы емес, кутикула (жәндіктердің денесінің сыртқы жамылғысына ену) арқылы енеді. Кутикулада конидийдің өсуіне саңырауқұлақтардың өскін түтікшелері жәндіктің денесіне енеді. Алдымен ашытқы жасушаларына ұқсайтын мицелий фрагменттері қалыптасады, олар гемолимфте циркулирленеді, содан кейін жәндікте саңырауқұлақтың дамуы басталады. Осы сатыларда кейбір штамдар токсиндерді синтездейді, олар жәндіктердің өлуіне әкеледі. Егер саңырауқұлақтар токсиндерді әлсіз продуцирлейтін болса, онда жәндіктердің өлуге жететін нәтижесінде жіп тәрізді мицелийдің өсуіне әкеледі, ол жәндіктің бүкіл денесін қаптайды. Саңырауқұлақтар жәндіктерді қуыршақ фазасында уландыра алады, онда олар басқа микроорганизмдермен зақымданбайды. Саңырауқұлақтар жылдам өседі. Саңырауқұлақ споралары қолайлы жағдайда табиғатта ұзақ сақталады. Энтомопатогенді саңырауқұлақтар жәндіктерге арнайы әсер етеді. Олардың бірі – қоңыздарды жояды, басқасы – шағатын жәндіктерді, үшіншісі – ірі жәндіктерді (саранчаны) жояды. Қолданғанда эффективтілігі жоғары болғанмен, олардың өндірісте өндірілу қиындықтарына байланысты өндіріс тұрғызылмаған, себебі культивирлеу үшін жасанды қоректік ортаның тапшылығы. Кеңес Одағы кезінде боверин препараты өндірісінің энтомопатогенді саңырауқұлақ алу технологиясы қарастырылған.
Боверин өндірісінің технологиясы. Боверин препаратын Beauveria bassiana саңырауқұлағының конидии спорасы негізінде алынады. Саңырауқұлақ культурасы беттік және түптік культивирлеу әдісімен жүргізіледі. Өндірісте саңырауқұлақты түптік культивирлеу әдісімен өсіреді.
Ұзақ сақтауды қажет ететін егіс материалын келесі жолмен алады. Бастапқы штамм, оны агарланған қисық ортада сақтайды, шаю арқылы агарланған қисық ортадан сұйық қоректік ортасы бар колбаға жібереді. Культураны өсіру процесін 25 – 280С температурада 72 – 96 сағат аралықта шайқағышта жүргізеді. Өсіру үрдісінде алынған конидий спораларын сублимациялы кептіргіште кептіреді, осының әсерінен егіс материалының тіршілік қабілеттілігін және вируленттілігін бір жыл көлемінде сақтайды.
Өндірістік ферментация процесіне арналған егіс материалы шайқатқышта колбада өсіріледі, содан кейін инокуляторда немесе бірден инокуляторда өсіру арқылы алынады. Қоректік ортада егіс материалын алу үшін; азықтық ашытқы, жүгері ұны сонымен қатар магний тұзы, калий, натрий тұздары кіреді.
Залалсызданған қоректік ортамен толтырылған өндірістік ферментерге егіс материалын егеді, оның мөлшері орта көлемінен 2 % - тен аспауы керек. Ферментерде саңырауқұлақты культивирлеу температурасы өте маңызды, себебі қолайлы температурада конидий спораларын шығымы жоғары активті культураны алуға болады. Саңырауқұлақтың дамуына қоректік ортадағы аминді азоттың құрамы үлкен әсер етеді.
Аминді азоттың жетіспеуі саңырауқұлақтың баяу өсуіне, конидий түзілуіне, ал аминді азоттың артық болуы активті емес блласты спораның түзілуіне әсер етеді. Ферментация үрдісі азырақ аэрациялаумен 72–88 сағат аралығында жүргізіледі.
Қоректік ортаға көмірсу, азот, минералды тұздармен бірге кальций хлоридін ортаның массасының 0,75–5,0% көлеміндей және конидий спорасын әрмен қарай кептіру кезінде тұрақтылығын жоғарылату үшін қосады. Культуралды сұйықтықты ферментация үрдісінен кейін фильтрлеуге жібереді. Ылғалдылығы 70–80% болып алынған пастаны сублимациялы немесе шашыратқыш кептіргіште кептіреді. Тіршілік етуге қабілетті спораның максималды сақталуы үшін (90% дейін) сублимациялы кептіргіште кептіріледі, ал шашыратқыш кептіргіште кептірген кезінде 50–60 % споралар сақталады. Шамамен 1м3 культуралды сұйықтықтан 4 кг алынады, ылғалдылығы 10 %, 1 г–да 8 млрд. спорасы бар препарат алынады.
Боверин препаратын жапырақты мүжігіш бақша зиянкестеріне және алма мен шығыс жемістерін мүжігіштерге және картоптағы колорад қоңызына қарсы қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет