Бұйрыққа Қосымша «Самұрық Қазына» АҚ


Тәуекелділікті басқару жүйесі



бет3/5
Дата25.02.2016
өлшемі479.5 Kb.
1   2   3   4   5

Тәуекелділікті басқару жүйесі

Қоғамның беделі мен құнына теріс әсер етуі мүмкін тәуекелділік деңгейін төмендету шараларын қабылдау және уақтылы сәйкестендіруге бағытталған, “Павлодар әуежай” АҚ тәуекелділікті басқару маңыздылығын түсіне отырып, оны қоғамның корпоративтік басқару жүйесінің шешуші құрамы ретінде қарайды. Стратегиялық және операциялық мақсаттарға жету үшін, тәуекелділікті басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу және жетілдіру қажет және бұл болашақта ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Қоғамда негізін қалайтын мынадай құжаттар, Қоғамдағы тәуекелді басқару корпоративтік жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін, көрінісін және тәуекелдің бағасы мен идентификациясын өткізу әдістемесі, үрдісі, тәртібін анықтайтын, тәуекел идентификациясы мен бағалары Ережелерін қамтитын, сондай-ақ, ағымдағы тәуекелдерді бақылау және тәуекелді басқару әдістерінің тиімділік мониторингісін көрсететін тәуекелді басқару Саясаты құжаты болуы тиіс.



Ішкі бақылау және аудит.

Қоғамда ішкі аудит Қызметі құрылды, қызметі Қоғам басшылығы мен директорлар Кеңесіне қажетті көмектің көрсетілуінде, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуде тәуекелді басқару және бизнес-үрдістерді оңтайландыру болып табылады.

Ішкі аудит қызметінің басты міндеттері:

1. Ішкі бақылау жүйесінің сенміділігі мен тиімділігі;

2. Тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділгі мен тиімділігі;

3. Компаниядағы корпоративтік басқару үрдісінің жетілдіру бағасы.

Ішкі аудит Қызметі директорлар Кеңесін Қоғам ішінде әрекет ететін ішкі бақылау үрдісінің тиімділігі туралы жан-жақты және тәуелсіз ақпаратпен қамтамасыз етеді. Ішкі бақылаудың тиімді механизмдері Қоғамның мақсаттарға жету үшін іске асырылатын операциялардың уақтылығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді.

Ішкі аудит Қызметі Қоғамның ішкі бақылау жүйесінде тәуекелдерді төмендетуге және ішкі бақылау жүйесін жақсартуға бағытталған кез келген кемшіліктерді анықтайды және кеңестер береді. Ішкі аудиторлар сондай-ақ, әрбір бизнес-бірлікте қабылданған шаралардың дәлме-дәл бағасын береді, жұмыс тиімділігі мен өнімділігін арттыруға әкелетін оң өзгерістерді ұсынады.

Ішкі аудит Қызметінің басқарушысы тоқсан сайын Қоғамның директорлар Кеңесі алдында Қоғам қызметі туралы, корпоравтитік басқару және Қоғамның тәуекелдерін басқаруды жақсартуға арналған кеңестер туралы есеп береді.

Қоғамның ішкі бақылау жүйесі тиімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылау жүйесі тиімділігінің мониторингісін жыл айын өткізу қажет, Қоғамдағы бақылау ортасының пайда болуы, барлық деңгейдегі персоналға ішкі бақылаудың маңыздылығы мен этикалық нормалардың сақталуын көрсетеді. Кеңес беріледі:

- бақылау үрдістері басқарудың барлық деңгейінде іске асырылсын, қоғамның барлық қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларына ішкі бақылауды сақтау бойынша міндеттер мен ішкі бақалау жүйесіндегі өз рольдері тұрғысында мәліметтер жеткізілсін;

- Қоғам құжаттарына сәйкес Қоғамның басқару персоналының әрбір қызметкеріне қызметтің жеке шешімді көрсеткіштері белгіленсін;

- Қоғамның қызметкерлері мен бөлімшелері, органдар қызметінің тиімділік бағасы мен критерийлері белгіленсін.
6. Директорлар Кеңесі (қызмет туралы есеп)
«Павлодар әуежай» АҚ директорлар Кеңесі басқару органы болып табылады. Қоғам жалпы қызметін басқаруды жүзеге асырады және Жалғыз акционердің алдында Қоғам қызметін тиісті бақылау, басқару тиімділігі бойынша жауапкершілікті алады.

«Павлодар әуежай» АҚ директорлар Кеңесі мүшелерінің құрамы мен өкілеттік мерзімі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі- “Самұрық Қазына” АҚ) Жалғыз акционерінің шешімімен анықталады.



Директорлар Кеңесінің құрамы
Директорлар Кеңесінің Төрағасы – Қалиева Анар Тілеубайқызы - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ көлік активтері Дирекциясының бас сарапшысы.

1998 жылы Алматылық энергетика және байланыс (АЭжБИ) инженер-байланысшы мамандығы, ал 2007 жылы – менеджмент, экономика және жобалау (КИМЭП) іске әкімшілік магистрі мамандығы.



Жұмыс өтілі:

1998 жылы «Казаэронавигация» АМК –на ВД орталығының бас инженері болып орналасты.

1999 жылы «Көктөбе» РТПЦ инженері.

2000-2002жж «Казтелерадио» ЖАҚ техникалық бақылау бөлімінің маманы лауазымында болды.

2004 жылы – «Халықаралық Астана әуежайы» АҚ қаржы аналитигі.

2006 жылы – қаржы-экономикалық анализі және бақылау департаментінің менеджері.

2007 жылдың қаңтар айынан бастап – көлік және өнеркәсіптік активтерді басқарудың бас маманы.
Директорлар Кеңесінің мүшелері: Нұрахметов Ғалымбек Алтынбекұлы – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігі азаматтық авиация Комитетінің ұшулар қауіпсіздігін басқарудың бас сарапшысы.

2006 жылы Азаматтық авиация академиясын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады.



Жұмыс өтілі:

09.2006 - 04.2007 – «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ-ның «Авиатехникалық орталығы» ЖШС авиатехнигі.

04.2007 - 01.2008 – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігі азаматтық авиация Комитетінің әуежай қызметтерін лицензиялау сертификациясы, реттеу бөлімінің жетекші маманы.

01.2008 - 06.2009 – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігі азаматтық авиация Комитетінің әуежай және авиакомпаниялар басқармасының маманы.

06.2009 – бүгінге дейін - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігі азаматтық авиация Комитетінің ұшулар қауіпсіздігі басқармасының бас маманы.
Тәуелсіз директор – Химеденов Бекболат Жұмашұлы – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігі азаматтық авиация Комитетінің «Казаэропроект» АМК «Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» ЕМК бас инспекторы.

Азаматтық авиацияның Киев инженерлер институтын (ААКИИ) инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады, (ұшу аппараттары және двигательдерін пайдалану)



Жұмыс өтілі:

1994-95гг. – Целиноград ААҚ-ның ОТК инженері;

1995-97гг. - «Акмола-авиа» АҚ ауысм бастығы;

1997-2000гг. – «ВИП-Аэро» авиакомпаниясының СиД жетекші инженері (Астана қ);

2000-2003гг. – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігі азаматтық авиация Комитетінің бас маманы;

2003-2004гг. - "Алатау Эйрлайнз" авиакомпаниясының бас инженері (Астана қ);

2004-2005 гг. «Халықаралық Астана әуежайы» АҚ сапа бөлімінің бастығы;

2004-2008гг. «Авиакомпания Мирас» АҚ филиал директоры;

2010 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігі азаматтық авиация Комитетінің «Казаэропроект» АМК «ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының бас инспекторы.


Тәуелсіз директорлар институы
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес, жаңадан сайланған директорлар Кеңесінің құрамында директорлар Кеңесінің үштен бір бөлігі тәуелсіз директорлар болып табылады. Тәуелсіз директорлардың бірыңғай әдістемелік көзқарасы және сыйақы шектелімі Жалғыз акционермен әзірленді және бекітілді.

Тәуелсіз директорларды таңдау критерийлері

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 1 бабы 12т.т. сәйкес, Қоғамның тәуелсіз директорлары:

1)Қоғамның аффелириленген тұлғасы болып табылмайды және директорлар Кеңесіне сайланар алдында үш жыл бойы үлестес тұлға болып есептелген жоқ.

2) Қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып саналмайды.



  1. Қоғамның лауазымды тұлғаларына бағынышты емес;

  2. Қоғамның үлестес тұлғалары ұйымының лауазымды тұлғаларына бағынышты емес;

  3. мемлекеттік қызметкер емес;

  4. Қоғамның аудиторы емес және директорлар Кеңесіне сайланар алдында үш жыл бұрын да аудитор болған емес;

  5. Қоғам аудитында, аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатысқан жоқ және директорлар Кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл бұрын да қатысқан жоқ.



2011 жылға арналған директорлар Кеңесінің жұмысы туралы есеп

Қоғамның директорлар Кеңесімен Қоғамның Кадрлар саясаты, жаңа редакциядағы іскер этика Кодексі, Омбудсмен институты енгізілді, тәуекелді басқару саясаты бекітілді, басқарушы қызметкерлер, ішкі аудит Қызметі, Қоғамның Корпоративтік хатшысы еңбек төлемі және әлеуметтік қолдау Ережелері бекітілді.

Директорлар Кеңесінің отырыстарында кезеңімен жыл бойы даму жоспарының орындалуы, директорлар Кеңесі шешімдерінің орындалуы туралы ақпарат, ішкі аудит Қызметінің есептері қарастырылды.

2011 жылдың қаңтар айында Қоғамның директорлар Кеңесімен жарияланған акциялар щеңберінде жайғастырлатын акциялар саны туралы шешім қабылданды.

3000 (екі мың) жай акциясын Жалғыз акционердің сатып алуына артықшылық құқық беретін, жарияланған акциялар саны шегінде, жай бір акцияны 223 453, 40 (екі жүз жиырма үш мың төрт жүз елу үш) теңге бағасымен орналастыру шешімі қабылданды

Сондай-ақ, қаңтар айында Ішкі аудит Қызметінің басқарушысы тағайындалды, 2011 жылға арналған директорлар Кеңесі жұмыс Жоспары бекітілді, 2011 жылға арналған Қоғамның басқарушы қызметкерлерінің мақсаттылы мазмұнды қызметтерінің шешімді көрсеткіштері бекітілді.

2011 жылы наурыз айында ішкі аудит Қызметінің жұмыс жоспары бекітілді, Кадрлар саясаты, қызметкерлер штаты және орталық аппарат құрылымы бекітілді, Қоғам Басқармасының құрамы қайта сайланды, жаңа редакциядағы іскер этика Кодексі бекітілді.

Сәуір айында ішкі аудит Қызметі туралы Ереже және ішкі аудитті ұйымдастыру Саясаты бекітілді, директорлар Кеңесі комитеттерінің есептері қарастырылды.

Мамыр айында тәуекелді басқару Саясаты бекітілді, бюджеттің орындалуы туралы есеп қарастырылды, қаржы есебі алдын ала қолданды және Жалғыз акционерге өткен қаржы жылына таза кірісті жайғастыру тәртібі туралы ұсыным шығарылды.

Маусым айында Қоғам, директорлар Кеңесі, директорлар Кеңесі Комитеттері, Басқарма, директорлар Кеңесі мүшелері мен төрағасы, Басқарма төрағасы мен мүшелерінің қызметін бағалау өткізілді. Сонымен қатар, маусым айында Қоғамның директорлар Кеңесімен жарияланған акциялар саны шегінде, «Павлодар әуежайы» АҚ тәсілімен жайғастыру бағасымен орналастыру шешімі қабылданды. 2000 (екі мың) жай акциясын «Самұрық Қазына» АҚ Жалғыз акционердің сатып алуына артықшылық құқық беретін, жарияланған акциялар саны шегінде, жай бір акция 148 750 (жүз қырық сегіз мың жету жүз елу) теңге бағасымен орналастырылды.

Тамыз айында жаңа редакциядағы Қоғамның басқарушы және әкімшіліктік қызметкерлерінің еңбек төлемі және әлеуметтік қолдау Ережесі бекітілді.

Қазан айында марапаттау және сыйақылау комитетіне «Самұрық Қазына» АҚ қызметкерлерінен маман тартылды.

Желтоқсан айында корпоративтік басқару жүйесінің тиімдлік бағасы өткізілді, «Самұрық Қазына» АҚ Жалғыз акционердің, Қоғамның директорлар Кеңесі шешімдерін орындау мониторингісі бойынша Корпоративтік хатшы есебі тыңдалды, 2012 жылға арналған директорлар Кеңесінің жұмыс жоспары бекітілді және 2012 жылға арналған директорлар Кеңесінің және ішкі аудит қызметтерінің жұмыс жоспары бекітілді, басқарушы қызметкерлердің, ішкі аудит қызметі, Қоғамның Корпоративтік хатшысының еңбек төлемі және әлеуметтік қолдау Ережесі бекітілді, ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін енгізу сұрағы қаралды, 2012 жылға арналған Омбудсмен тағайындалды, Қоғамның Есептік саясатына өзгерістер енгізілді, 2011-2015жж арналған Қоғамның даму жоспарын түзету бекітілді.

Осыған орай, 2011 жылы Қоғамның директорлар кеңесімен өткізілген жұмыс бұл басқару органының қызмет маңыздылығын көрсетеді. Жыл бойы кадрлар жұмысы қарастырылды, тәуекел және ішкі бақылау басқару жүйесін енгізу жұмысы қосылған. Бұның барлығы Қоғамдағы корпоративтік басқарудың жетілуіне әсер етеді. Директорлар Кеңесінің Қоғамның Басқармасымен біріге жұмыс жасауының жемісті еңбегі 2011 жылға арналған Қоғамның оң қаржылық нәтижесі болып табылады.


Директорлар Кеңесінің отырысы туралы ақпарат

2011 жылы директорлар Кеңесі 14 отырыс өткізді, соның ішінде 5 сырттай және 9 ашық түрде дауыс беру арқылы өтті (Есепке №1 Қосымша)

Аудит жөніндегі Комитет 7 отырыс, тағайындау және сыйақылар жөніндегі Комитет 2 отырыс өткізді (Есепке №2 Қосымша)
2011 жылы директорлар Кеңесінің мүшелерінің ашық отырысқа қатысуы



Аты-жөні__Директорлар_Кеңесі__Барлық_отырыс'>Аты-жөні

Директорлар Кеңесі

Барлық отырыс

Отырысқа қатысуы

1

А.Т.Қалиева

9

9

3

Б.Ж.Химеденов

9

9

4

Б.Ж.Нұрахметов

9

9


2011 жылы Қоғамның директорлар Кеңесі Комитеттері мүшелерінің отырыстарға қатысуы



Аты-жөні

Тағайындаулар және сыйақылау Комитеті

Аудит жөніндегі Комитет

Барлық отырыс

Отырысқа қатысуы

Барлық отырыс

Отырысқа қатысуы

3

Б.Ж.Химеденов

2

2

7

7

4

Б.Ж.Нұрахметов

2

2

7

7



Директорлар Кеңесінің Комитеттері

Директорлар Кеңесіндегі Комитеттер олардың міндеттерін тиімді орындау мақсатында құрылды. Бұл аудит жөніндегі Комитет пен тағайындау және сыйақылар жөніндегі Комитет.

Аудит жөніндегі Комитеттің қызметі директорлар Кеңесінің ішкі және сыртқы аудит мәселелері, қаржылық есебі, ішкі бақылау және тәуекелділікті басқару мәселелері, Заңның сақталуы, сонымен қатар директорлар Кеңесінің тапсырмалары бойынша басқа мәселелерді шешуге бағытталған.

Тағайындау және сыйақылар жөніндегі Комитет келесі мәселелер бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды:



  • директорлар Кеңесінің құрамына, Басқарма және Қоғамның басқа да лауазымдарына білікті мамандарды тарту, директорлар Кеңесімен жүзеге асырылатын тағайындауларды келісу немесе тағайындау;

  • Директорларды, Басқарма мүшелерін және Қоғамның басқа да қызметкерлерінің сыйақыларын тағайындау немесе тағайындауды келісу Директорлар Кеңесімен жүзеге асырылады.

КБК 107 тармағына сәйкес, аудит жөніндегі Комитет екі адамнан тұрады, олардың біреуі тәуелсіз директор - Б.Ж.Химеденов. Тәуелсіз директор Комитет Төрағасы болып табылады. Сонымен қатар, Комитет мүшесіне тәуелсіз емес директор кіреді. Ол – директорлар Кеңесінің мүшесі – Г.А.Нұрахметов.

111 тармаққа сәйкес, Тағайындау және сыйақылар жөніндегі Комитет екі директордан тұрады. Олардың біреуі тәуелсіз директор Б.Ж.Химеденов, ол Комитет Төрағасы болып та табылады. Директорлар Кеңесінің құрамында барлығы екі адам, екіншісі директорлар Кеңесінің мүшесі болып тағайындалған – Г.А.Нұрахметов.
Аудит жөніндегі Комитеттің құрамы

Б.Ж.Химеденов – тәуелсіз директор, Аудит жөніндегі Комитеттің Төрағасы;

Г.А.Нұрахметов – директорлар Кеңесінің мүшесі – Аудит жөніндегі Комитеттің мүшесі.
Тағайындау және сыйақылар жөніндегі Комитет мүшелерін таңдау критерийлері

Тағайындау және сыйақылар жөніндегі Комитеттің құрамы тағайындау және сыйақылар жөніндегі Комитеттің жұмысы үшін қажетті кәсіби білімдері бар Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелерінен және сарапшылардан құрылады.

Тағайындау және сыйақылар жөніндегі Комитет тәуелсіз директорды қосқанда ең кем дегенде екі адамнан болуы керек. Тағайындау және сыйақылар жөніндегі Комитеттің Төрағасы тәуелсіз директорлардың ішінен сайланады.

Қажет болған жағдайда, тағайындау және сыйақылар жөніндегі Комитеттің құрамына Тағайындаулар және Сыйақылар жөніндегі Комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби білімдері бар сарапшылар кіруі мүмкін.


Тағайындау және сыйақылар жөніндегі Комитеттің құрамы

Б.Ж.Химеденов – тәуелсіз директор, тағайындау және сыйақылар жөніндегі Комитеттің Төрағасы;

Г.А.Нұрахметов – директорлар Кеңесінің мүшесі – тағайындау және сыйақылар жөніндегі Комитеттің мүшесі.
Директорларды марапаттау

Мемлекеттік қызметкер болып табылатын және өз лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттілік атқаратын директорлар Кеңесі мүшелеріне сыйақылар төленбейді.

Осыған сәйкес, сыйақыны тек қана тәуелсіз директор алады. Директорлар Кеңесі мүшелеріне марапаттаулар мен сыйақыларды төлеу тәртібі мен шарттары «Самұрық Қазына» АҚ шешімімен анықталады.

Сыйақының негізгі түрлері ретінде қоғам келесі кезектегі марапаттауларды қолданады:

Директорлар кеңесі мүшелігінде тіркелген жалпы жылдық сыйақы 819 000 теңге көлемінде;

Қоғамның директорлар кеңесі комитеттерінің әрбір ашық отырыстарында Төраға немесе мүше ретінде қатысуына қосымша марапат 58 500 теңге көлемінде;

Шығындар компенсациясы (жолы, тұруы, тәуліктік), тәуелсіз директордың тұрақты мекен-жайынан тыс орында өткізілетін директорлар Кеңесі отырыстарына қатысты жолға шығуға (Қоғамның Басқарма Төрағасына іссапар шығындарын толтыру нормалары шеңберінде).
«Самұрық Қазына» АҚ пікірлерін директолар кеңесі есепке алу бойынша қолданылған шаралар

Директорлар кеңесі «Самұрық Қазына» АҚ Жалғыз акционер пікірі мен ұстанымын есепке алуға арналған барлық қажетті шараларды қабылдайды, соның ішінде:

- «Самұрық Қазына» АҚ өкілі Қоғамның директорлар Кеңесінің төрағасы болып табылады, осыған сәйкес, директорлар Кеңесінде қарастырылатын сұрақтар, директорлар кеңесі отырыстарының күн тәрітбі сұрақтарын бекітуді қалыптастыру үшін «Самұрық Қазына» АҚ өкілдеріне жіберіледі;

- «Самұрық Қазына» АҚ Басқарма жанындағы кадрлар саясаты Комитетімен ішкі аудит қызметі басқарушысы лауазымына үміткер тағайындауды келісімін есепке ала отыра, директорлар кеңесімен аталған кандидатты Қоғамның ішкі аудит қызметі басқарушысына қабылдау туралы шешім қабылданды.

- Қоғам Басқармасы Төрағасының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары лауазымына кандидатты тағайындау келісімін есепке ала отыра, «Самұрық Қазына» АҚ Басқарма жанындағы кадрлар саясаты Комитетімен және директорлар Кеңесімен аталған кандидатты Қоғам Басқармасы Төрағасының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары лауазымына қабылдау туралы шешім қабылданды.
7. Қоғам Басқармасы

Басқарма Қоғамның алқалық атқарушы органы болып табылады. Басқарма Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілері мен директорлар Кеңесі және Жалғыз акционердің құзырындағы Қоғам Жарғысына кірмейтін Қоғам қызметінің түрлі мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы.


Басқарма Төрағасын таңдау критерийі

Басқарма Төрағасы Қоғам және Жалғыз акционердің мүддесіндегі Басқарманың барлық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін қажетті салалық және іскерлік ортада оң жетістіктері мен мінсіз беделі, жұмыс тәжірибесі бар тұлға сайлануы керек.

Басқарма Төрағасы лауазымына сайлана алмайды:

1) соттылығы белгіленген тәртіпте өтелмеген және сотталғандығы жойылмаған;

2) жоғары білімі жоқ;

3) директорлар Кеңесінің Төрағасы (Басқарма Төрағасының бірінші басшысы), басшының орынбасары, белгіленген тәртіпте банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаның консервациясы немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе мәжбүрлеп жою туралы шешім қабылданғанға дейін, бір жылға дейінгі кезеңде басқа заңды тұлғаның бас бухгалтері болса. Көрсетілген талап белгіленген тәртіпте банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаның консервациясы немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе мәжбүрлеп жою туралы шешім қабылданғаннан кейін 5 жыл мерзімде қолданылады.


Басқарма мүшелерін таңдау критерийі
Басқарма мүшелері болып Жалғыз акционер өкілдері бола алады және Жалғыз акционер өкілдері болып табылмайтын Қоғам қызметкерлері бола алады.

Директорлар кеңесі Басқармасының лауазымына сайлау барысында бұл лауазымдарға үміткерлердің біліктілік талаптарын және оларды сайлау үрдістерін анықтайтын қоғамның ішкі құжаттары ережелеріне сүйенеді.

Басқарма мүшелеріне сайлануға, Жалғыз акционер мен Қоғам мүддесінде барлық басқарма жұмысын тиімді ұйымдастыруда оның міндеттерін орындау үшін қажетті жұмыс тәжірибесі, білімі, біліктілігі, оң жетістіктері және іскер және салалық ортада мінсіз беделі бар тұлғалар сайлануы тиіс.

Басқарма мүшесі лауазымына сайлана алмайтын тұлғалар:

-жоғары білімі жоқ;

- бұрын директорлар кеңесі төрағасы болған (бірінші басқарушы, басқарма төрағасы), басқарушы орынбасары, акцияларды мәжбүрлер тарату және мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданғанға дейін немесе белгіленген тәртіпте банкрот болып танылған басқа заңды тұлғаның консервациясы шешімі қабылданғанға дейін, бір жылға дейінгі кезеңде басқа заңды тұлғаның бас бухгалтері болған кезде. Аталған талап 5 жыл ішінде акцияларды мәжбүрлер тарату және мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданғанға дейін немесе белгіленген тәртіпте банкрот болып танылған басқа заңды тұлғаның тоқтатқан шешімін қабылдау мерзімінен кейін қолданылады.



Басқарма құрамы:

Басқарма Төрағасы - Юдин Владимир Иванович
Білімі:

Жоғары, Азаматтық авиация академиясының Ленин ордендері, мамандығы - әуе көлігін пайдалану, біліктілік - өндірістің инженер-ұйымдастырушысы;



Жұмыс өтілі:

Ақпан 1978 ж. – мамыр 1979 ж. – Семей ААҚ АА Қаз Басқ – ТҰҚ әуевокзалы бастығының м.а.

Маусым 1979 ж. – желтоқсан 1983 ж. – Семей ААҚ АА Қаз Басқ – ТҰҚ ауысым бастығы

Қаңтар 1984 ж. – тамыз 1984 ж. – Семей ААҚ АА Қаз Басқ – ТҰҚ бастығының орынбасары .

Қыркүйек 1984 ж. – шілде 1988 ж. – ОЛАГА –дағы оқу.

Тамыз 1988 ж. – ақпан 1989 ж. – ААҚ Павлодар АА Қаз. Басқ – ТҰҚ ауысым бастығы.

Наурыз 1989 ж.- маусым 1993 ж. – ААҚ Павлодар АА Қаз. Басқ – қалалық авиаагенттік бастығы.

Шілде 1993 ж. – маусым 1994 ж. – Павлодарлық әуе мәліметтері агенттігі –агенттік бастығы.

Шілде 1994 ж.- мамыр 1999 ж. – ААҚ Павлодар АА Қаз. Басқ – ТҰҚ бастығы.

Маусым 1999 ж.- қыркүйек 2007 ж. - «Аэропорт Павлодар» АҚ - директор, президент, Басқарма Төрағасы.

Қазан 2007 ж. - шілде 2008 ж. - «Аризона» Авиагенттігі» - атқарушы директор.

Қыркүйек 2009 ж. бүгінгі күнге дейін - «Аэропорт Павлодар» АҚ - Басқарма Төрағасы.



Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары – Шишов Марат Ғалымұлы.

Білімі:

ААҚ «АА Академиясын» тәмамдады, мамандығы инженер-экономист (әуе көлігіндегі экономика және менеджмент).



Жұмыс өтілі:

1994 жылы АА Қаз.Басқ Павлодар біріккен авиаотрядына тасымалды ұйымдастыру қызметіне қабылданды. 1995 жылы 3 кл бортсерігі берілді. Осы жылы Павлодар біріккен авиаотряды ААҚ «Ертісавиаға» өзгертілді.

2000 жылы 2 кл бортсерігі берілді. 2003 жылы ААҚ «Ертісавиа» ЖАҚ «Эйр Қазақстанға» біріктірілді.

2004 жылы «Павлодар әуежайы» ААҚ әуежай бастығының ауысымдық орынбасары жұмысын бастады.

2007 жылы маусымнан «Павлодар әуежайы» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары лауазымын алды.


Каталог: orgs
orgs -> Павлодар облысында 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер Знаменательные и памятные даты Павлодарской области на 2015 год Павлодар
orgs -> Сәуір 2009 жыл «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығы «Басқару құрылымын белсендіру және Қор топтарының ұйымдарында шығындарды қысқарту туралы» Сәуір 2009 жыл
orgs -> Доклад к проекту постановления Кабинета Министров Чувашской Республики
orgs -> Сәуір 2009 жыл «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығы «Басқару құрылымын белсендіру және Қор топтарының ұйымдарында шығындарды қысқарту туралы» Сәуір 2009 жыл
orgs -> Павлодар әуежайы
orgs -> Жарғылық капитал саны 28 311 бірлік жай акциядан тұрады. Бір акцияның атаулы құны 3 000 теңге


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет