ҚҰЖАТТАР МЕН ДОКУМЕНТТЕР ТІЗІМІ
№1. «Минск, 15/ІІІ – төмендегі телеграмды жібердік:
№2. Письмо секретаря ЦК КП(б) Туркестана И.М. Варейкиса И.В. Сталину о политической ситуации в Туркестане
№3. Т. Рыскулов к Сармулдаеву
№4. Т. Рыскулов – К. Сармолдаеву
№5. В ЦК РКП тов. Сталину. Справка от 18 апреля 1924 г. г. Москва
№6. Препроводительная записка
№7. Приложение
№8. Перечень и характеристика ряда главнейших деятелей из бывшей «Алаш-орды» и «Брлык-туы», играющих сейчас политическую роль в киргизской части населения Туркестана.
№9. В ЦК РКП Тов. Сталину. г. Москва 24 апреля 1924 года.
№10. Доклад Т. Рыскулова И. Сталину о создателях газет «Бирлик туы» и «Ак жол».. г. Москва. Между 18 и 29 апреля 1924 г.
№11. Письмо Т. Рыскулова в ЦК РКП тов. Сталину. -в ЦКК и ГПУ. 30 апреля 1924 года. г. Москва
№12. Записка Т. Рыскулова в Секретариат ЦК Товстухе
№13. г. Москва. ПП ОГПУ в Средней Азии тов. Бельскому г. Ташкент. 15 мая 1924 г.
№14. Выписка из письма ПП ОГПУ в Ср. Азии тов. Бельского на имя тов. Петерса от 25 мая 1924 г.
№15. Письмо Я.Х. Петерса к И.Сталину. 1924 г. г. Москва
№16. Заявление Д. Нисамбаева в Киробл КК РКП(б) о С. Ходжанове. г. Оренбург. 31 января 1925 г.
№17. Письмо С. Ходжанова в бюро Крайкома РКП(б) в Казахстане
№18. Письмо О. Жандосова С. Ходжанову.
№19. Докладная записка бывшего Председателя СНК Киргизии С.С. Сейфуллина к И.В. Сталину. От 1925 г. 22 мая
№20. Письмо И.В. Сталина членам бюро КирКрайкома о реорганизации газеты «Ак жол». г. Москва. 29 мая 1925 г.
№21. Письмо Ш. Токжигитова на Киргизский областной комитет РКП(б) от 26. 06. 1925-года, Москва
№22. Письмо С. Ходжанова к Панину
№23. Письмо И.В. Сталину от учащиеся в ВУЗ-ах и КомВУЗ-ах казаки-члены РКП(б)
№24. Заявление А Лекерова Актюбинского Пред. ГИК-а на Бюро Казкрайкома ВКП(б)
№25. Записка Д. Кошманбетова Ответственному секретарю Киробкома РКП Нанейшвили
№26. Письмо У. Джандосова С. Сафарбекову с его личной оценкой общественно-политической ситуации в Казахстане
№27. Заявление А. Досназарова ЦК ВКП(б), Сталину, Куйбышеву; Зеленскому; Голощекину от «» апреля 1926 года. гор. Ташкент.
№28. Письмо Курамысова на Президиум Краевой Контрольной Комиссии ВКП(б)
№29. Записка М.А. Атаниязова «О гуппировках и мерах борьбы с ними. Согласно предложения Казкрай КК ВКП(б)
№30. Письмо У. Кулумбетова в Краевой Контрольной Комиссии ВКП(б) г. Кзыл-Орда. октябрь 1926 г.
№31. Письмо А. Лекерова. Казахской Краевой Контрольной Комисси ВКП (Б). «О причинах возникновения группировок в казакской организации ВКП (б) и о методах изжития их.
№32. Письмо Каип-Назарова в Край КК
№33. Президиуму КазКрай КК ВКП(б) на вашу просьбу о группировках внутри организаций
№ 34. Письмо С. Ходжанова в Казкрайком ВКП(б) с протестом против несправедливых обвинений в его адрес
№35. История группировок Туркестанской части Қазахстана. Письмо К. Сармулдаева в КазкрайКК ВКП (б).
№36. Б. Аралбаевтың Қазақ Өлкелік Бақылау Комиссиясына жазған өтініші. 19 тамыз 1929 ж.
№37. Статья Т. Рыскулова «О контрреволюционной Алашорде и ее осколках»
*** *** ***
ЕСІМДЕР КӨРСЕТКІШІ
Ақаев Серікбай (1883 ж.т. -?). Перовск (қазіргі) Қызылорда қаласында туған. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері. Мамандығы заңгер. 1917 ж. шілдедегі Орынбор қаласында өткен Бүкілқазақ сьезіне қатысқан. Түркістан Мұхтарияты халық кеңесінің мүшесі. Қызылорда қаласында қорғаушылар коллегиясында қызмет істеген. Қуғындалған.
Арабаев Ишанбай – Алаш қозғалысына белсене араласқан қырғыз зиялысы, «Талап» қоғамының мүшесі, ағартушы.
Аралбаев Бегайдар (Бек-Айдар) Жантөреұлы (1896-1949) – Сырдария облысы Түркістан уезі, Жаңақорған болысында туған. Жаңақорған, Жөлек болысында Уақытша үкіметтің комиссары, Шиелі болысында халық соты, Ақмешіт уездік аткомында, Сырдария облаткомында бөлім меңгерушісі, хатшысы, облатком төрағасы, Ішкі істер халкомы, Жоғары Сот төрағасы. Түркатком төрағасының міндетін атқарушы. 1924 ж. қарашасында Сырдария губаткомының төрағасы, 1925 ж. сәуірде Қазатком хатшысы, 1929 ж. Мемлекеттік банк бастығының орынбасары, 1932 ж. Ақтөбе мемлекеттік банкасының бастығы. Қуғындалған. 1933 ж. қамауға алынып, 10 жылға бас бостандығынан айрылған. 1948 ж. тұтқынға алынып, Красноярскіге жер аударылып, айдауда қайтыс болған. 17.08.1958 ж. ақталған.
Атабаев Қайғысыз (1887-1937) – 1918 ж. партия мүшесі, 1920 ж. қыркүйектен ТАКСР ХКК төрағасы. 1921 ж. желтоқсаннан РК(б)П ОК Түркбюросының мүшесі.
Атаниязов Мырзағұл (1896-1941) – Ақтөбе облысы Ключевск ауданында туған. Мәскеудегі Жоғары заң курсын бітірген. 1919-1922 жж. Ақтөбе уездік аткомының хатшысы, төрағаның орынбасары. 1922-1923 жж. ҚАКСР әділет халкомы, 1923-1927 жж. РКФСР Жоғарғы соты Қазақ бөлімінің төрағасы. 1927-1929 жж. Ақтөбе губаткомының, Семей округтік аткомының төрағасы,1929-1932 жж. БК(б)П Қазөлкекомның нұсқаушысы, Қарқаралы аудандық, Қызылорда округтік комитеттерінің хатшысы. 1933-1934 жж. Республика прокуроры. Қуғындалған. 1938 ж. 15 жылға сотталған. 1957 ж. ақталған.
Ахунбабаев Юлдашбай (1885-1943) – Ферғана облысы Марғұлан уезі Язиван болысында туған. «Қосшы» одағын ұйымдастыруға қатысқан. Уездік «Қосшы» одағының төрағасы. 1921 ж. партия мүшесі. 1925 ж. Өзбек КСР ОАК төрағасы, 1938-1943 ж.ж. Өзбек КСР Жоғары Кеңесі төралқасының төрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары.
Алманов Бәймен (1896-1941) –1918 ж. партия мүшесі. 1920 ж. Түркатком жанындағы ҚырОАК өкілі. 1921 ж. ҚырОАК төралқасының ұйымдастыру, әкімшілік жөніндегі хатшысы. 1938 ж. саяси қуғындалған. 1955 ж. ақталған.
Асфендияров Санжар Жағыпарұлы (1889-1938). Ташкент қаласында туған. 1919 ж. партия мүшесі. Түркістандағы ұлттық саяси қозғалыс басшыларының бірі. 1921-1921жж. РКФСР үкіметі, БОАК және Наркомнац жанындағы ТАКСР тұрақты өкілі (Мәскеу қаласы). ТАКСР Денсаулық сақтау халкомы, Түркатком төрағасы, ТКП ОК хатшысы. Профессор. 1931-1933 жж. дәрігерлік институттың ректоры, әрі Денсаулық сақтау министрі. 1933-1937 ж.ж. КСРО ҒА Қазақ бөлімі төрағасының орынбасары. Қуғындалған. 25.02.1938 ж. ату жазасына кесілген. 27.05.1958 ж. ақталған.
Асылбеков Абдулла Әбдірахманұлы (1896-1937). Ақмола уезінің Нұра болысында туған. 1917 ж. коммунистік партия мүшесі. «Хусаиния» медресесінде оқыған. 1922 ж. РК(б)П Қыробкомының екінші хатшысы, 1926-1928 жж. Егін шаруашылығы халкомының алқа мүшесі, 1928-1934 жж. Қазатком хатшысы, ҚазОАК мүшесі, 1934 ж. Қостанай, Қарқаралы округтік атқару комитетінің төрағасы, Азық-түлік өнеркәсібі халкомының орынбасары, 1937 ж. мамырынан ҚКСР Қамсыздандыру халкомы. Қуғындалған. 1937 ж. қарашасында ату жазасын кесілген. 03.07.1957 ж. ақталған.
Әділев Дінмұхамед (Дінше) (1900-1930) – Сырдария облысы Сарысу уезінде туған, «Алаш» партиясының және коммунистік партияның мүшесі. 1913 ж. бастауыш училище (Ақмола қ.), 1918 ж. гимназия (Омбы қ.) бітірген, 1919-1920 жж Ташкент университетінде оқыған. 1914-1917 жж «Бірлік» қоғамының мүшесі (Омбы қ.). 1917-1918 жж Алашорда жағында азамат соғысына қатысқан. 1922 ж. Бұхарада Қ. Болғанбаевпен бірге А.З. Валидовпен кездескен. 1918-1920 жж Қазақ ағарту институтының оқытушысы (Ташкент қ.), Жетісу губерниялық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі. Түркреспубликасының Сырдария және Әулиеата уездеріндегі ҚырОАК өкілі. 1923-1925 жж Қазақ ағарту институтының оқытушысы, директоры, Түркреспубликасының Халық ағарту халық комиссиаратында, Сырдария облыстық атқару комитетінде, губерниялық сотта (Ташкент қ.), ҚАКСР халық ағарту халкомында еңбек еткен, ұлттық театрды ұйымдастырушылардың бірі. Қуғындалған. 1928 ж. желтоқсанда тұтқындалған, 1930 ж. сәуірде ату жазасына кесілген. 1988 ж. қарашада ақталған.
Бабаев Уәш (1809-1938) – ОҚО Жаңақорған ауданында туған. Коммунистік партия мүшесі. Түркатком Төралқасының мүшесі. Шымкент қаласындағы Қорғасын зауыты аудандық атқару комитетінің төрағасы. С. Қожановпен туыстық қатынаста болған. ОҚО обкомының хатшысы Ә. Досовпен бірге айыпталып, 1938 ж. ату жазасына кесілген, 31.12.1957 ж. ақталған.
Бельский Л.Н. – 1924 ж. ОГПУ-дың Орта Азиядағы өкілетті өкілі.
Болғанбаев Қайретдин (Қайралдин) Әбдірахманұлы (1894-1937) – Ақмола губерниясы, Ақмола уезі Нұра болысында туған. Орынбордағы Хусаиния медресесінің түлегі. 1916-1917 ж.ж. тылдың қара жұмысына алынған қазақтардың арасында болған. Алаш қозғалысының белсенді мүшесі. Қоқан қаласындағы 1917 ж. қарашада өткен Бүкілтүркістан мұсылмандарының ІV съезіне, 1918 ж. қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария облысы қазақтарының съезіне қатысқан. Түркатком мүшесі. «Бірлік туы» газетінің редакторы, «Ақ жол», «Ұшқын» газеттерінде қызмет істеген. 1922 ж. Бұхарада Д. Әділевпен бірге А.З. Валидовпен кездескен. Қуғындалған. 1930 ж. 4 сәуірде 6 жылға сотталған. 1937 ж. екінші рет тұтқынға алынып, ату жазасына кесілген.
Битілеуов Дамулла – 1922 жылы Германияға оқуға жіберілген жастардың бірі. Қуғындалған.
Бірімжанов Ғазымбек (1896-1937) – Торғай облысы Торғай уезінің Тусын болысында дүниеге келген. Орынбор реалды училищесінің түлегі. Алашорда үкіметінің мүшесі және іс басқарушысы. 1920 ж. Орта Азия университетіне оқуға түскен. 1922 ж. қазанына дейін «Ақ жол» газетінің қызметкері. 1922-1928 ж. ТүркОАК жолдамасымен Германияда Ауыл шаруашылық институтында білім алған. Қуғындалған. 1930 ж. 4 сәуірде ату жазасына кесілген, кейін ол жаза 10 жыл концлагерьмен ауыстырылды. 1937 ж. қайта қамауға алынып, ату жазасына кесілген. 04.11.1988 ж. ақталған.
Байдилдин Әбдірахман (1890-1930) – СҚО туған. Әдебиетші. 1927-1928 жж. кәсіподақ қызметкері, Қазақ Ағарту институтының ғылыми қызметкері. «Ақ жол» газетін жабу, алашордашыларды сынауда белсенділігімен танылған. Қуғындалған. 04.04.1930 ж. ату жазасына кесілген. 30.11.1990 ж. ақталған.
Байтұрсынов Ахмет (1873-1937) – Торғай облысында туған. Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметі басшыларының бірі. Ғалым, ағартушы, ақын, көсемсөзші. 1928 ж. қазанынан ҚазМУ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры. Қуғындалған. 1929 ж. маусымда ату жазасына кесілген. 1931 ж. ол жаза Архангельск облысына 10 жылға жер аударуға ауыстырылған. 1937 ж. қазанда тұтқындалып, 25 қарашада ату жазасына кесілген. 04.11.1988 ж. ақталған.
Бәрібаев Жұбаныш – 1925 ж. РК(б)П Қазақ Өлкелік Комитеті Жетісу губкомының хатшысы.
Батырбеков Жұмабек (1895 - ?) – Түркістан уезінде туған. Қаладағы орыс-бұратана мектебін бітірген. Түркістан уезінде «Қосшы» одағының төрағасы, уездік-қалалық паритя комитетінің хатшысы, Сырдария облаткомының мүшесі, Түркатком мүшесі. 1921 ж. Сырдария облысымен шекаралас Торғай, Атбасар, Ақмола уездерімен арадағы жағдайды реттеу мәселесіндегі Түркістан Республикасының өкілі. 1924 ж.Түркістан мақта комитеті сауда бөлімінің меңгерушісі (Түркістан қаласы). С. Қожановқа қатысты құжаттарда есімі аталады. Қуғындалған.
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866-1937) – Семей облысы, Қарқаралы уезінде туған. ІІ Мемлекеттік думаның депутаты. Алаш партиясын құрушы, Алашорда үкіметінің басшысы. Ғалым, экономист, тарихшы, журналист-аудармашы. Өмірінің соңында Мәскеуде тұрды Қуғындалған. 01.08.1938 ж. ату жазасына кесілген. 14.03.1956 ж. ақталған.
Варейкис И.М. – 1924 ж. 9 ақпаннан Түркістан КП ОК хатшысы, 1924 ж. 17 сәуірден РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі. 1925 ж. БК(б)П ОК Баспасөз бөлімінің меңгерушісі.
Досмұхамедов Жанша (Жаханша) (1886-1938) – Орал облысында туған, заңгер. Алашорданың Батыс қанаты басшыларының бірі. Түркістанды жауарты қызметтір істеген. Т. Рысқұловтың бажасы. Қуғындалған. 1938 ж. тұтқынға алынып, атылған. 1958 ж. ақталған.
Досмұхамедов Халел (1883-1939) – БҚО Краснокут ауданында туған. Дәрігер, ғалым, қоғам қайраткері. Алашорданың Батыс қанаты басшыларының бірі. Ташкентте оқу-ағарту ісін ұйымдастыруға белсене араласты. «Талап» қоғамының, ТүркОАК жанындағы Қазақ бөлімінің басшысы. Қуғындалған. 1930-1938 жж. Воронежде айдауда болды. 23.04.1939 ж. 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Алматы қаласындағы №1 түрмеде қайтыс болған. 11.02.1958 ж. ақталған.
Досназаров Аллаяр (?) – Қызыләскер қатарында болған. 1923 ж. Москвадағы Сталин атындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін бітірген. 1924 ж. ТКП Әмудария обкомы Бақылау комиссиясының төрағасы, осы жылдың соңында Карақалпақ обкомының жауапты хатшысы.
Дулатов Міржақып (Мир-Якуб) Дулатұлы (1895-1935) – Торғай облысы Жангелдин ауданында туған. Ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші, педагог, қоғам қайраткері. Алаш қозғалысы басшыларының бірі. «Қазақ», «Ақ жол» газетерін шығаруға белсене араласқан. Алаш қозғалысының көрнекті өкілдерінің бірі. Өмірі мен қызметі Түркістанмен тығыз байланысты. Қуғындалған. 1928 ж. қуғын-сүргінге ұшырап, жер аударылған. 1988 ж. ақталған.
Есболов (Испулов) Мырзағазы (?-) – Алаш қозғалысының қайраткері. 1921 ж. Түркістан АКСР Жер істері халкомының Алқа мүшесі, «Қосшы» одағы басшыларының бірі. Түркатком мүшесі, Жетісуда жер-су реформасын жүргізуге ат салысқан. Ташкентте оқу-ағарту ісін ұйымдастыруға араласқан, «Талап» қоғамының мүшесі. Мектептерге арналған оқулықтың авторы. Қуғындалған.
Есқараев Сүлеймен (1897-1938) – Қызылорда қаласында туған. Түркістан республикасында мемлекеттік қызметтер атқарған. 1918 ж. Коммунистік партияның мүшесі. 1920 ж. мамырдан РК(б)П Сырдария облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі, Ташкент облыстық ТК бастығының орынбасары, Қызылорда уездік атқару комитетінің төрағасы Сырдария облыстық атқару комитетінің төрағасы, РК(б)П Сырдария губерниялық комитетінің бөлім меңгерушісі. 1924 ж. желтоқсанынан Сырдария облыстық партия комитетінің хатшысы. 1925 ж. сәуірінен 1927 ж. тамызына дейін ҚАКСР ішкі істер халкомы. 1933-1938 жж. Қарағанды облаткомының төрағасы, ҚАКСР прокуроры, ҚАКСР ХКК төрағасының орынбасары. Қуғындалған. 25.02.1938 ж. ату жазасына кесілген. 05.11.1957 ж. ақталған. 1957 ж сәуірде ақталған.
Жаманмұрынов Тел Бұқпанұлы (1888-1938) – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында туған. 1920 ж. коммунистік партия мүшесі. Алаш қозғалысының өкілі. 1921-1929 жж. ҚАКСР Егін шаруашылығы халкомының бөлім меңгерушісі, халком орынбасары, Ақтөбе облыстық жоспарлау комиссиясының төрағасы. Қуғындалған. 25.07.1938 ж. ату жазасына кесілген. 04.03.1958 ж. ақталған.
Жандосов Ораз Қиқымұлы (1884-1938) – Алматы облысы Верный уезінде туған. 1920 ж. коммунистік партия мүшесі. Түркістан АКСР-інде жауапты қызметтер атқарған. Қазақ Өлкелік партия комитетінде бөлім меңгерушісі, хатшы, Жетісу облысында басшы қызметтерде болған. 1935-1937 ж.ж. Алматы облаткомының төрағасы. Қуғындалған. 02.03.1938 ж. ату жазасына кесілген, 08.06.1957 ж. ақталған.
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (1893-1938). СҚО Бейнетқор ауданында туған. Көрнекті ақын, аудармашы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы. Әдебиетте түркішілдік идеяны насихаттаушы. Ташкентте газет-журналдарда қызмет істеген. Қуғындалған. 04.04.1930 ж. 10 жылға сотталған. 11.02.1938 ж. ату жазасына кесілген. 08.07.1960 ж. ақталған.
Жүргенов Темірбек Қараұлы (1898-1938) – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында туған. 1920 ж.коммунистік партия мүшесі. 1922-1927 жж. Орта Азия мемлекеттік университетінің студенті. 1923-1926 жж. ҚАКСР-дің Түркістан республикасындағы өкілеті өкілі, Қазақ педагогикалық институтының ректоры (Ташкент қ.). 1927-1929 жж. Орта Азия мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері (Ташкент қ.), 1929-1930 жж. Тәжік КСР қаржы халкомы (Сталинбад қ.). 1930-1933 жж. Өзбек КСР халық ағарту халкомы (Ташкент қ.). 1933-1937 жж. ҚКСР Ағарту халкомы, ҚК(б)П ОК мүшесі. Қуғындалған. 25.12.1938 ж. ату жазасына кесілген. 18.04.1957 ж. ақталған.
Зеленский Исаак Абрамович (1890-1938) – Кәсіпқой революционер. Саратов облысында туған. 1906 ж. партия және кәсіподақ ұйымдарында қызметке араласқан. 1920 ж. Моссоветте, 1921 ж. сәуірінен 1924 ж. күзіне дейін РКП Мәскеу қалалық комитетінің хатшысы 1924 ж. қарашасынан 1935 ж. дейін РК(б)П ОК Орта Азия бюросының хатшысы. РК(б)П ОК мүшесі. 1938 ж. ату жазасына кесілген.
Зиновьев Е.Г. (1883-1936) – Кәсіпқой революционер.1901 ж. партия мүшесі, 1917-1926 ж.ж. Петроград кеңесінің төрағасы, әрі Коминтерн атқару комитетінің төрағасы. 1912-1927 ж.ж. ОК мүшесі.
Икрамов А.И. (1898-1937) – 1920 жылдан Ферғана, Сырдария облыстық партия комитеттірлінің хатшысы, 1921-1922 жж. ТКП ОК хатшысы, 1924-1934 жж. РК(б)П ОК Ортаазиялық бюросының хатшысы. Қуғындалған.
Исаев Ораз Жанзақұлы (1899-1938) – Торғай облысы Лбещинск уезі Қарасу болысында туған. 1921 ж. коммунистік партия мүшесі. 1929 ж. ҚКСР ХКК төрағасы. Қуғындалған. 29.08.1938 ж. ату жазасына кесілген. 15.05.1956 ж. ақталған.
Қабылов Ілияс (1904-1938) – Қызылорда қаласында туған. 1934 ж. БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, ОК мүшесі. Қуғындалған. 26.02.1938 ж. ату жазасына кесілген. 25.05.1957 ж. ақталған.
Қайыпназаров (Каип-Назаров) Мұстафа Серікбайұлы (1904-1938) – Сырдария облысы Түркістан уезі Созақ болысында туған. 1936 ж. Шығыс Қазақстан облыстық партия комитеті партиялық үгіт-насихат және баспасөз бөлімінің меңгерушісі әрі «Екпінді» газетінің редакторы. 1937 ж. тамызынан ҚКСР ХКК жанындағы Өнер істері басқармасы бастығының орынбасары. Қуғындалған. 1937 ж. қыркүйегінде тұтқындалып, атылған.
Қожықов Қоңырқожа (1886-1938) – Түркістан мұғалімдер семинариясының түлегі. Қазақ Ағарту институтының оқытушысы. «Қосшы» одағы басшыларының бірі. Сырдария, Жетісу облыстарында жер-су реформасын ұйымдастыруға басшылық жасаған. ТүркОАК мүшесі. 1918 ж. қаңтарда Түркістан қаласындағы Сырдария облысы қазақтарының съезін ұйымдастырушылардың бірі. 1925 ж. Әулиеата уездік жерге орналастыру комитетінің бастығы. Қуғындалған. 1938 ж. ату жазасына кесілген.
Көбенов Үсен (1898-1938) – Оңтүстік Қазақстан облысы Жаңақорған ауданында туған. 1934 ж. қыркүйегінен Алматы облысы Жаркент аупарткомының хатшысы. Қуғындалған. 03.03.1938 ж. КСРО Жоғары Соты әскери коллегиясы атуға үкім шығарған. 17.04.1958 ж. ақталды.
Күлетов Қазмұхамед Кәрібайұлы (1897-1938) – Сырдария облысы Қазалы уезінде туған. 1932-1934 жж. РКФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің төрағасы, 1936 ж. қарашасына дейін сауда және тұтыну кооперациясы саласында қызмет істеген, кейін ОҚО атқару комитеті төрағасының орынбасары. Қуғындалған. 1937 ж. тұтқындалып, 1938 ж. атылған. 1957 ж. ақталған.
Кемеңгеров Қошмұхамед (1895-1937) – Омбы қаласында туған. Жаушы, драматург. Ташкент қаласындағы Қазақ Ағарту институтында, САХИПИ оқытушысы. Қуғындалған. 20.07.1937 ж. ату жазасына кесілген.
Кенбаев (Кембаев) Сеитбек Кенбайұлы (1897-1938) – Түркістан уезі Жаңақорған болысында туған. Ташкентте партия-кеңес органдарында жауапты қызметтерде болған. 1925 ж. Әулиеата уездік-қалалық атқару комитетінің төрағасы. Шымкент қалалық кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметінде Ә. Досовпен бірге айыпталып, қуғындалған. 1938 ж. 27 ақпанда тұтқындалып, атылған.
Көпжасаров Искандер (?-?) – Алашорданың Батыс бөлімшесінде милиция бастығы болған. М. Шоқаймен араласып, хат жазысып тұрған. Түркістан АКСР Қамсыздандыру халкомының орынбасары қызметін атқарған. Кейінгі тағдыры белгісіз.
Көтібаров Әлимұхамет (Әли) (1871-1926). Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері. Петербург Әскери медицина академиясын 1896 ж. бітірген. Ташкент округтік сотында аудармашы, Түркістан генерал-губернаторының кеңсесінде жоғары лауазымды қызметтер атқарған. Орынборда 21-26 шілдеде өткен съезде Бүкілресей Құрылтай жиналысына делегат болып ұсынылған. М. Шоқаймен жақын жолдас болды.
Құлтасов Фазылбек (1890-1937) – ОҚО Қызылорда ауданында туған. Түркістан мұғалімдер семинариясының түлегі. Ташкенттегі Қазақ Ағарту институтын ұйымдастырушылардың бірі. Тұтқындалғанға дейін Шымкент облыстық тұтынушылар қоғамы жанындағы облыстық шикізат кооперациясының директоры болып қызмет істеген. Қуғындалған. 1937 ж. 29 тамызда революцияға қарсы ұлтшылдық ұйымның мүшесі ретінде тұтқынға алынып, 1937 ж. 2 қарашасында атылған. 1956 ж. 30 желтоқсанда ақталған.
Құрамысов Ізмұхан Мұхашұлы (1896-1938) – Құрамысов Ізмұхан Мұқашұлы (1896-1938). Ақтөбе губерниясы Ақбұлақ уезі, Томарөткел ауылында туған.1922-1924 жж РК(б)П Ақтөбе губерниялық комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1924 ж. РК(б)П Қырбюро жауапты хатшысы, ҚАКСР Жетісу және Сырдария облыстары қосу жөніндегі РК(б)П Қыробкомының өкілетті өкілі, «Жұмысшы» газетінің жауапты хатшысы (Ташкент қ.). 1925-1928 жж БКОК Қырбюросы-ҚКОК Төрағасының орынбасары, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1924 ж сәуірінен БК(б)П Қазөлкекомның бөлім меңгерушісі, 1929- 1934 жж екінші хатшысы, сонымен бірге 1932 ж ақпанынан 1933 ж мамырына дейін БК(б)П Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1934 ж. ақпаннан БҚО облыстық партия комитетінің хатшысы, 1937 ж. шілдесінен Жеңіл өнеркәсіп Халкомының бірінші орынбасары, тамыздан ҚКСР Жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, ҚКП ОК мүшесі. Қуғындалған. 1938 ж. ақпанда ату жазасына кесілген. 1957 ж шілдеде ақталған.
Құдабаев Әбу (?) – Ақмешіт уезінде туған. 1925 ж. Қазақ Өлкелік партия ұйымы Қарақалпақ обкомының хатшысы.
Қазыбеков Темірбек – 1922 жылы Германияға оқуға жіберілген жастардың бірі. Қуғындалған.
Қашқынбаев Иса (Ғайса) Таумышұлы (1891-1948) – Алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, Алаш қозғалысының қайраткері.
Қыдыралиев (Қыдыр-Алиев, Хидир-Алиев) Инакжан (Инагамеджан) – өзбек. 20-жылдардың бас кезінде Революциялық Әскери кеңестің, Түркістан Компартиясы ОК-нің, РК(б)П ОК Ортаазиялық бюросының мүшесі, кейін Мәскеуде қызмет істеді.1928 ж. өзін-өзі өлтірді.
Қожанов (Ходжанов) Сұлтанбек (1894-1938) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. 1917 ж. шілдеде Орынборда Жалпықазақ съезіне, 26 желтоқсанда Қоқан қаласында өткен Бүкілтүркістан мұсылмандарының ІV съезіне қатысқан. «Бірлік туы» газетінде қызмет істеді (1917-1918). Ташкенттегі педагогикалық училищеде және педагогикалық курстарда сабақ берді (1918). Сырдария облыстық ревкомының төрағасы (1920), Түркістан Республикасы Ішкі істер, халық ағарту халық комиссары, Түркатком төрағасының орынбасары. ТКП ОК мүшесі, Түрккомиссияның мүшесі болды. Қуғындалған. 1938 ж. 8 ақпанында ату жазасына кесіліп, 1957 ж. 5 шілдесінде ақталды.
Қоңыратбаев Қалжан (1877-1941) – қоғам қайраткері, ағартушы. Қуғындалған.
Қасымов Ерғали – Ақмешіт уезінде туған. Уездегі ұлт-азаттық қозғалыс басшыларының бірі. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының өкілі.
Қасымов Мұзарап – Ақмешіт уезінде туған. Ерғали Қасымовтың ағасы. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының өкілі. «Кеңес» астыртын ұйымының мүшесі, Азамат соғысы кезінде алашордашылықтардың жағында ақ офицер ретінде соғысып, Ақтөбе майданында қызыл әскердің тұтқынына түсіп, атылған.
Лапин Серәлі (Шер-Али) (1868-1919) – Қызылорда обл. Сырдария ауданында туған, қоғам қайраткері, шығыстанушы, «исламдық социализм» концепциясын негіздеушілердің бірі. Қазақтан шыққан алғашқы саяси эмигрант. Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген (1891). 1908-1910 жж. Санкт-Петербургте тұрып, Мемлекеттік думаның Мұсылман фракциясы ұйымдастыру бөлімінде қызмет етті. 1917 ж. шілде айынан «Шуро-и-Улема» («Ғұлама қоғамы» немесе «Дін иелері кеңесі») ұйымының басшысы, Түркістан Мұхтарияты Халық кеңесінің құрамына сайланған. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Түркістан автономиясы қарулы күшпен құлатылғаннан кейін, Бұхара әмірлігі арқылы Түркияға өтеді. Большевиктерге қарсы күреске көмек сұрау мақсатымен 1918 ж. 20 қыркүйегінде Берлинге (Германияға) барған.
Лаумуллин Мұратбек – Түркістан майданы Революциялық-әскери кеңесінің ұлттық құрылымдар бөліміндегі Түркатком мен Халкомкеңестің өкілі.
Достарыңызбен бөлісу: |