Дайындаған: Химия пәнінің мұғалімі, химия ғылымның магистрі Ауытқызы Алтынгул Педагогикалық өтілі: 9 жыл Санаты-iі, Модератор Түсінік хат



бет1/7
Дата14.11.2022
өлшемі94 Kb.
#464802
  1   2   3   4   5   6   7

«Қаралды»: «Келісемен»: «Бекітемін»:
ӘБ жетекшісі Оқу ісінің меңгерушісі Директор
_______Т. Рахметхан ______Шугурова Л.Х ________К.К.Карымжанов
«___» «____» 2021 ж «___» «____» 2021 ж «___» «____» 2021 ж
Қарасор жалпы орта білім беретін мектебі
химия пәнінен

тақырыбына арналған қолданбалы курс


11 «А» сынып

Дайындаған: Химия пәнінің мұғалімі, химия ғылымның магистрі
Ауытқызы Алтынгул
Педагогикалық өтілі: 9 жыл
Санаты-IІ, Модератор

Түсінік хат

Химия курсының теориялық материалын сәтті игертудің тиімді жолдарының біріне химиядағы типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру мен меңгерту жатады. Болашақта химия және биология мамандықтарына даярлайтын ЖОО-на түсем деушілерге, әртүрлі типтегі химиялық есептерді шығару әдістемесін игерудің пайдасы орасан. Тиісті мамандықтар бойынша ЖОО-на түсем деуші абитуриенттерге және студенттерге типтік есептерді көптеп шығарту қолға алынуда.


Күрделі есептерді шығаруда химияның теориялық курсын жақсы білу жеткіліксіз, егер де есеп шығару дағдылары қалыптаспаса.Өкінішке орай, мектептегі химия курсын оқытуда есептер шығаруға тиісті деңгейде сағаттар бөлінбеген.Жалпы алғанда, есептерді шығарудың өзіндік реті, шығару әдістемесі болады.Сондықтан да, қиындық деңгейлері қарапайым типтік есептерді шығаруды меңгерту арқылы, қиындық деңгейлері күрделі типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру қажет.
Төмендегі ұсынылып отырған курс 9 тараудан тұрады. Аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Курстың мақсаты:
Химия пәнінен оқушылардың алған теориялық білімдерін тереңдету, кеңейту. Оқушыға химияның негізгі заңдарын, химиялық элементтер мен қосылыстардың қасиеттерін, бір-бірімен әрекеттесу заңдылықтарын есептер шығару арқылы үйрету, олардың теориялық білімін бекіту және химиялық ойлау логикасын қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
Оқушылардың терең білім алуына жағдай жасау, яғни күрделі есептерді шығарудың жолдарын үйрету, білімді жалғастыруға және мамандықты саналы түрде таңдауға жетелеу.
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз бетінше білім алуға қажетті базамен қамтамасыз ету, білімді жалғастыруға және мамандықты саналы түрде таңдауға әзірлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет