Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет118/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Меккедегі іздеу шаралары 
Аллаһ Елшісін өз үйінен таба алмаған мүшріктер Меккенің түкпір-
түкпірін тінтіп, іздеу салды. Хазіреті Әбу Бәкірді де үйінен таба алмаған соң 
мүлдем ашуға мінді. 
Ары бері іздеп әбден сандалған олар енді айлаға көшті. 
"Мұхаммедті (с.а.у.) немесе Әбу Бәкірді тапқан адамға жүз түйе 
беріледі", - деп жар салды. 
Мұны естіген ұры-қары, қаскөй атаулының бәрі қылыш асынып, 
садақтарын сайлап, сойылдарын алып, қаладан ұзап шығып айналаны іздеуге 
кірісті. 
Із кесушілікке маманданғандар көп кешікпей екі адамның ізін тапты. 
Оның Хазіреті Мұхаммед пен Хазіреті Әбу Бәкірдің аяқ ізі екенін де жазбай 
таныды. Осы ізбен жүріп отырып Сәуір тауына дейін келеді... 
Араларынан айлалы бірі: 
"Із осы жерде кесілгеніне қарағанда, олар осы маңнан ұзап кетпеген. Не 
де болса іздегенімізді таптық-ау, сірә", - деді. 
Умаййа ибн Халаф үңгірдің аузына жақындады. 
Үңгірдің ішінен Хазіреті Мұхаммед пен Хазіреті Әбу Бәкір 
сырттағыларды айқын көріп отырды. Хазіреті Әбу Бәкір қатты қобалжып: 
"Уа, Расулаллаһ! Мені өлтірсе де арманым жоқ. Қатардағы жай 
пендемін ғой, мен сияқтылар толып жатыр. Бірақ Аллаһ басқа салмасын
саған зиян келер болса, бүкіл үмметіңнің күні қараң", - деді. 
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.): 
"Сен саспа досым, Аллаһ бізбен бірге", - деп оны жұбатты. 
Хазіреті Әбу Бәкір сонда да: 
"Уа, Расулаллаһ! Қазір олардың біреуі еңкейіп үңгірге көз салса, бізді 
көріп қояды ғой", - деп қобалжуын баса алмады. 
Әлемдердің мақтанышы болған Пайғамбар байсалдылығынан танбай: 
"Уа, Әбу Бәкір! Екі адамның қасында үшіншісі Аллаһ болса, ақыры 
қайыр боларына күмәнің бар ма? Бізді ешкім де ұстай алмайды", - деді де, 
Ұлы Жаратушыға дұға етті. 
Құран Кәрімде бұл оқиғаның баяндалуы: 
"Егер де сендер оған (расулыма) көмектеспейтін болсаңдар 
(ұмытпаңдар) кәпірлер Оны (Меккеден) қуғанда Аллаһ Тағала өзі Оған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет