Даналық мектебі клубы "Әжелер сөзі-тәрбие көзі"
"Әжелер сөзі-тәрбие көзі" тақырыбында 3-4 - сыныптары арасында тәрбиелік шара өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды ізгілікке, үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, құрметтеуге, халқымыздың салт-дәстүрінен нәр алуға, ой-өрісін дамыту, өнерге баули отырып, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Шара барысында әжелеріміз салмақты әңгіме айтып, ою ойып, ұршық иіруді көрсетіп, ұлттық тағамдардың жасалу жолдарына тоқталды. Ал қыз балалар би билеп, ән айтып өнерлерін көрсетті. Аналарымыз қолынан тоқылған ойыншықтар арқылы «Қуыршақ театрында» «Жеті лақ» ертегісін оқып берді. Тәрбие сағатына келіп белсенді қатынасқан әжелеріміз бен аналарымызға алғыс білдіреміз!
Ұйымдастырған: 3,4 –сынып жетекшілері.
«Сырғалым – сырласым!»
Мақсаты: Жеңге мен қайын сіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті
нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту,
адамгершілік қасиеттерін ,Отанын, тілін, қазақи салт-дәстүрді құрметтей білуге, ұлттық
салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін
ұғынуға тәрбиелеу. Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие,
жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға,
шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және
жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қарым - қатынасты нығайту.
(Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады)
Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Достарыңызбен бөлісу: |