Дәріс 1 кіріспе. Жеке даму биологиясының ҚЫСҚаша тарихы


Дәріс 12 Омыртқалы жануарлардың органогенезі



бет15/18
Дата29.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#493360
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Дәріс жеке даму биологиясы 2023

Дәріс 12 Омыртқалы жануарлардың органогенезі.

Қазіргі уақытта ғылымға омыртқалы жануарлардың 43 000 түрі белгілі. Олар 6 класқа жіктеледі: Дөңгелек ауыздылар класы; Балықтар класы; Қосмекенділер класы; Бауырымен жорғалаушылар класы; Құстар класы; Сүтқоректілер класы. Қандай да бір тірі жәндік болмасын, қай-қайсысы болса да өз тіршілігінде даму сатыларынан өтіп жетіліп отырады. Омыртқасыз жануарлардың кластарға жіктелуі олардың ерекшеліктеріне байланысты болса, сол ерекшеліктердің қатарында олардың дамуы да елеулі орын алады.


Миногаларда даму түрленіп жүреді. Ұрықтанған жұмыртқалардан ересек миногаларға ұқсамайтын құмқазғыш деп аталатын личинка шығады. Құмқазғыштар көпшілік уақытта топырақты қазып, соның ішінде жатады. Олар бірнеше жыл өмір сүреді (2-5 жыл), сол жылдардың ішінде олар ересек миногаларға айналады. Құмқазғыш кейбір белгілерінің болуына қарағанда (эндостильдің болуы), тіршілік ету тәсілдеріне қарағанда ланцетниктерге ұқсайды. Миксиндер қос жынысты (гермафродит) болады. Олар да тура дамиды.
Шеміршекті балықтардың дамуы әр түрлі жолдармен өтеді. Көпшілігінде сары уызы көп жұмыртқа клеткалары ұрықтанғаннан кейін уылдырық түтіктеріне түсіп, қатты қабыршақтар пайда болып, сыртқа шығады. Сол жерде ұрық ересек күйге жеткенше жатып дамиды. Екінші бір түрлерінде сары уызға өте бай болады да, сыртына қатты қабық түзілмей, уылдырық түтіктерінің арт жағында дамиды. Дамудың мұндай әдісін жұмыртқадан тірі туу немесе «тірі жұмыртқа туушылық» (яйце живорождение) деп айтады.
Кейбір түрлерінде нағыз тірі туу байқалады. Олардың жұмыртқаларында қоректік заттар өте аз болып, ұрықтанғаннан кейін уылдырық түтіктерімен жылжы отырып, оның кеңейген жеріне бекініп даму үшін қажетті заттардың барлығын содан алады. Тірі туатын түрелірінің жұмыртқасының сыртында қатты қабығы болмайды. Жұмыртқалары ұрғашысының ұрық жолдарында дамығанда, ұрықты анасының денесімен тығыз байланыстыратын «сары уыз плаценттері» (желточный мешок) болады.
Сүйекті балықтарда қос аталық және аналық жыныс бездері болады. Жыныс түтікшелерінің құрылысы әр түрлі топтарында түрліше. Уылдырықтары ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдір қабығы болады. Ұрықтану аналық жыныс мүшесінде емес, одан тыс су ішінде болады.
Ұрғашы балық уылдырық шашу алдында уылдырықтарын бір жерге салады, содан кейін еркегі ішінде шәуеті (спермотозоид) бар ұрық сұйықтығын құяды. Сөйтіп ұрықтану болады. Балықтарда қос жыныстылық (гермафродиттік) өте сирек кездеседі. Бірақ ат теңіз алабұғасы нағыз гермафродит болады. Балықтар уылдырықты су ішіндегі өсімдіктерге шашады (сазан, табан, т.б.) – фитофильдік, уылдырығын тасқа шашатындар (бекіре тұқымдасы, албырттар, т.б.) – литофрильдік, суға қалқыған түрінде шашатындар (чехонь, т.б.) – пелагофильді, т.б. балықтар деп аталады.
Уылдырықтар ұрықтанысымен бірте-бірте өзгере отырып дамиды да, одан кейін личинка өсіп шығады, ол личинка шабаққа айналады. Ұрықтану сыртта су ішінде болғандықтан гаметалар ұрықтар мен шабақтардың көбі табиғаттың қолайсыз жағдайларынан, басқа су жануарларының жеп қоюынан өліп қалады. Осыған байланысты сүйекті балықтардың түрді сақтап қалу мақсатында өсімталдылығы (плодовитость) өте жоғары. Мысалы, тұқы балық 1 млн. аса уылдырық шашады, шортан – 1 млн, (треске) нәлім және (угорь) жыланбалықтар – 10 млн уылдырық шашады.
Бізде мекендейтін балықтардың уылдырықтары (егер суы жылы болса) көктем мен жазда 8-9 күнде дамиды, ал күз бен қыста уылдырық шашса албырт (лосось), лаха (калин), т.б. дамуы көктемге дейін созылады. Уылдырықтарды завод жағдайында қолдан да ұрықтандыруға болады. Ол үшін аздаған су қосып уылдырықты балықтыі тұқымымен араластыру қажет, содан кейін ұрықтанған м белгілі бір қолайлы жағдайда шабаққа дейін дамиды. Шабақтар өөз бетімен қоректене алатын халге жеькенде оларды арнайы су қоймаларына жібереді. Қазіргі уақытта осындай әдіспен кәсіптік маңызы бар балықтардың санын қалпына келтіруде кең қолданылуда.
Қосмекенділердің сумен байланыстылығы көбею кезінде өте айқын көрінеді. Олар уылдырықтарын суға салады, уылдырықтардың дамуы да суда өтеді. Ұрықтанғаннан кейін уылдырықтың мөлдір қабықтары ісінеді де біріне-бірі жабысады да, үлкен түйір пайда болады. Екі үш аптадан соң уылдырықтан бақаның личинкасы – итшабақ шығады. Итшабақ өз өмірінің алғашқы күндерінде жүзбейді (аяқтары болмайды) және қоректенбейді, өйткені оның әлі аузы болмайды. Бірнеше күннен кейін мүйіз жақтары бар ауыз пайда болады. Судың астындағы өсімдіктерді кеміреді.
Ең алғаш алдыңғы аяқтары негізделеді, бірақ ол сыртына көрінбейді. Сондықтан сыртқа бірінші рет артқы аяқтары шығады. Итшабақ өзінің алғашқы кездерінде ұзын құйрықты, басының екі жағында сыртқы желбезектері болады. Бұл кезде итшабақ балыққа өте ұқсас келеді. Оның дене пішіні балықтың денесі тәрізді, желбезектері бар, жүрегі екі бөлімнен, қозғалу қызметін құйрығы атқарады, оның тіпті бүйір сызығы да бар. Сөйтіп бақа өзінің дамуында қосмекенділердің балықтан шығу тарихын қысқаша түрде қайталайды.
Дамудың барысында желбезек саңылаулары аздап бітеле бастайды, мұнымен бір мезгілде өкпелері дамиды (ішек өсінділерінен). Өкпелердің дамуына қарай қан айналыс жүйесі де өзгереді. Қан айналысының екінші шеңбері түзіледі. Перде жүрек құлақшасын екі жартыға бөледі, енді жүрек үш бөлімнен тұрады. Аяқтары өсіп жетіледі. Итшабақ аяқтарының көмегімен бақаша жүзе бастайджы. Құйрығы барған сайын кішірейе береді. Ақыр соңында, өте кішкентай бақалар жағаға жорғалап шығады. Құйрығының қалдығы біраздан кейін ол да жоғалады.
Итшабақ кішкентай бақаға айналады. Ол кезінде шөптектес заттармен қоректенсе, енді олар жануар тектес азықтармен қоректенеді. Итшабақтың дамуы судың температурасына байланысты 2-3 айға соызылады. Өмір сүру ұзақтығы табиғатта онша ұзақ емес, өйткені табиғаттың қолайсыз жағдайларынан уылдырықтың даму кезінде шығын көп болады. Сол сияқты жыртқыштардан және паразиттерден де азап шегетінін айту керек. Табиғатта олар көп жасамайды, ал қолда террариумда 10-15 жыл өмір сүреді. Мысалы, құрбақа – 20 жыл, бақа – 10 жыл тіршілік етеді.
Баурымен жорғаушылар тура дамиды. Оларда личинка болмайды. Кейбір түрлерінде ұрық ұрғашысының жыныс жолдарында дамып, жұмыртқа сыртқа шыққанда бірден ішінен жетілген бала шығады, демек мұндай түрлер үшін (жұмыртқадан жетіліп туу) жұмыртқадан тірі туу тән сипат алады. Мысалы, жұмыртқадан жетіліп туу таулы аудандарда, солтүстік суық жерлерде тіршілік ететін бауырымен жорғалаушылардың арасында кең тараған (медянка, тірі туатын кесіртке, тибетская круглоголовка, теңіз жыландар, т.б.). Бауырымен жорғалаушылардың арасында көпшілік тіршілігін судың ішінде өткізсе де (кроркодилдер, көптеген тасбақалар, кейбір жыландар) жұмыртқа салуы мен оның дамуы тек қана құрлықта өтеді.
Құстар шағылысқаннан кейінгі ұрықтанған жұмыртқаның дамуы ана құстың ішінде басталып, сыртқа шыққаннан кейін де дами береді. Барлық құстар жұмыртқа басады, демек денесінің жылуымен оларды жылытады. Әдетте жұмыртқаны ұрғашы басады, кейде екеуі де (еркегі және ұрғашысы) немесе еркегі ғана басады. Эмбриондардың даму ұзақтығы әр құстың түрінде түрліше. Мысалы, тауықта – 21 күн, құстың үлкені түйеқұста – 55-60 күн, ал ең кішкентай құс колибриде – 10-12 күн. Ұсақ торғай тәрізді құстардың жұмыртқаларының даму мерзімі – 9-14 күн, қарғалардікі – 17-20 күнде, бүркіттігі – 44 күнде, кекіліктер – 21 күнде, қырғауыл – 21-25 күнде, жабайы үйректер – 24-28 күнде балапан шығарады.
Құстар қағанақтыларға (амниота) жатады, сондықтан ұрықтың қабығы болады, демек, амнион сироз және аллантоис. Ұрықта өкпе пайда болған кезде аллантоис керек болмай кеуіп қалады. Дамып жетілгшен балапан ерекше тұмсығындағы өскін жұмыртқа тіспен жұмыртқаның қабығын жарып сыртқа шығады. Жұмыртқадан шыққан балапандардың ширақтық дәрежесі әр түрлі болады. Осыған сәйкес үлпілдек жүнді, ширақ балапан шығарушылар және әлсіз, қызылшақа балапан шығаратындар болып екіге бөлінеді. Ширақ балапандар жұмыртқадан шыққанда көзі ашық, денесі мамықпен жабылған, өзі жүріп жемді тауып жей береді. Құстардың бұл түріне көбінесе жерде және суда мекендейтін тауық тәрізділер, дуадақтар, қаз тәрізділер жатады.
Әлсіз қызылшақа балапандар жұмыртқадан шыққанда жалаңаш, көзі жұмулы, әлсіз болады. Сондықтан біраз уақыт ата-аналары ғана қоректенеді. Балапандары әлсіз құстарға торғайтәрізділер, тоқылдақтар, сұрқарлығаштар, көгершщіндер, көкқарғалар жатады. Жапалақ және күндізгі жыртқыштар да әлсіз қызылшақа балапан шығарады. Бірақ ат бұларда біршама жетіліп, көзі ашық болып туады. Олар ұяларын ағаш басына, жерден биік жерлерге салады.
Сүтқоректілерде ұрық іші суға толы амнионмен қоршалған. Соның арқасында ұрық аналық ішінде қандай жер болса да дұрыс бірқалыпты дамиды. Ұрықтың дамуы тек қана ұрық орнының пайда болуына емес, оның организмінің ұзақ уақыт ұрықт ы ішінде сақтауына бейімделуінде болып отыр. Ананың ішінде ұрық ұзақ уақыт жатқанда, ұрықтың барлық мүшелері жетіліп қалыптасады.
Кейбір сүтқоректілердің балалары туа сала өз бетімен жүріп аяқтанып кетеді, ал кейбіреулері соқыр және жәрдемсіз болып туылады. Барлық жануарларда анасы сүтпен қоректендіріп, аналарының қамқорлығында болады. Нерв жүйелерінің жақсы жетілуіне байланысты балаларына қамқорлық жасау сүтқоректілерде жақсы жетілген. Сондықтан да бұл кластың өкілдері балықтар мен қосмекенділермен салыстырғанда сан жағынан аз бала табады.
3. Жан-жануарларды эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты жіктеу олардың тек қана сыртқы морфологиялық, ішкі анатомиялық құрылысына, физиологиялық құрылысына байланысты емес, сондай-ақ даму барысындағы ерекшеліктеріне де байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет