Дәрістемелер кешені дәріс Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласы


Дәріс 4. Тұрмыстық қызметті басқару



бет8/24
Дата20.02.2023
өлшемі160.97 Kb.
#469796
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
ДӘРІСТЕМЕЛЕР КЕШЕНІ

Дәріс 4. Тұрмыстық қызметті басқару
4.1 Басқарудың қағидасы мен әдісі
4.2Басқарудың салалық органдарының құрылымы
4.3 Тұрмыстық қызмет орындарын және өндірістік бөлімшелерді басқару
4.4 Тұрмыстық қызмет көрсетуді басқаруды жетілдіру


1 Басқарудың қағидасы мен әдісі
Нарықтық жағдай кезінде көптеген мәселелер әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуге келіп тоқталады. Оны жүзеге асыруда қазіргі заманға сай техника мен технология, жүйлілік, ғылыми техникалық қол жеткізулерді, кәсіпорынның экономика секторындағы тиімділігін жоғарлату қажет.
Нарықтық жағдай кезінде тек өндірістік жағдайды ғана жақсартпай, халыққа және көптеген шаруашылық субъектілерге қызмет көрстетуді жақсарту керек.
Бұл мәселелердің дұрыс шешілуіне өндірістің ұйымдастырылуы мен басқару құрылымының реттелуі маңызды болып табылады.
“Принцип” сөзі латын тілінде “principium”, яғни бастау, негіз деген мағынаны білдіреді. Оның мағынасы әртүрлі қарастырылады:
іс жүргізудің алғашқы негізгі ережелері, басқару идеясы, негізгі талаптар және т.с.с.
Өндірісті басқару принципі белгілі бір талаптарға жауап беру қажет: анықтылық, тұрақтылық, нақтылық, өзара байланыстылық және т.с.с.
Басқарудың көптеген принциптерін келесі түрде сипаттауға болады:

  • басқарудың негізгі әлеуметтік-саяси принципі;

  • басқарудың жалпы ұйымдастыру принципі;

  • басқарудың жеке принциптері;

Жалпы негізгі принциптерге келесілер қамтылады:

  • саяси және шаруашылық басқарудың бірлігі;

  • демократиялық орталықтандыру;

  • басқарудың ғылыми негізделуі;

  • еңбекті материалды және маральды ынталандыру;

  • салалық және аймақтық басқарудың біріктірілуі;

  • басқарудың түрлері мен тәсілдерін жаңарту.

Басқару тәсілі- өндіріспен қызмет көрсетудің әлеуметтік- экономикалық тиімділігін жоғарлатуға бағытталған іс-қимылдардың оңтайлы тәсілі.
Басқарудың ұйымдастыру тәсілі өз кезегінде өндіріс пен қызмет көрсету жұмыстарының процестеріне ең тиімді жағдай жасауға байланысты сұрақтарды шешуге бағытталған.
Басқару ұйымдастыру және өзара бөлу тәсілдерінің түрімен қамтамасыз етіледі.
Ұйымдастыру әсері өндірістік процестермен қызмет көрсетудің оптималды қызмет атқаруы немесе жағдай жасауды білдіреді. Ол тұрмыстық қызмет көлемінің жоспарлы көлемінің орындалуын халыққа жоғары сапалы қызмет көрсетуде қамтамасыз ету. Ұйымдастыру түрінің келесі түрі- басқару аппаратының рационалды құрылымын құру, негізгі және қосымша өндірістің бөлімшелерін ұйымдастыру.
Өндірістік регламенттеу деп өндіріс пен қызмет көрсетудің ұйымдастыру процестерінің қызметін регламентеу туралы нормативті актілер жүйесін құру.
Басқару аппараты, жұмысшылар, басқару және бақылау қатаң регламенттелуі керек.
Бөлу қызметі басқарудың барлық деңгейінде жүргізіледі, ол нақты мәселелер мен жағдайлардың түрлері мен тәсілдеріне байланысты өзгереді. Сонымен бірге бөлу қызметі басқарудың суъективті сапасымен, олардың іскерлік сапасы, ұжыммен жұмыс атқару беделімен тікелей байланысты болады.
Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінде кадрларды таңдау және белгілеуге едәуір мән беріледі. Ол іскерлік мамандануға, олардың шеберлігі, қызметке деген жауапкершілігімен байланысты болды.
3. Өндірістің басқару қызметі.
Басқару қызметі басқару ғылымында маңызды деңгей болып саналады. Басқару қызметін сипаттағанда жалпы (негізгі) қызметін бөліп көрсетеді, ол басқару циклының типтік бөлшегі және кәсіпорынды басқарудың нақты қызметтерін сипаттайды.
Басқарудың қызметтерін алғашқы болып зерттеген француз инженері А.Файоль болды.
Басқарудың жалпы құрамына келесі қызметтер жатады:

  • болжау және жоспарлау;

  • жұмысты ұйымдастыру;

  • координациялау және реттеу;

  • белсенділік және ынталандыру;

  • есеп жүргізу, басқару және талдау.

Басқарудың нақты қызметтерін анықтауда белгілі бір белгілері бойынша келесідей басқару объектілерге топтастырады:

  • өндірістің барлық қызметтері бойынша (бірлестік, кәсіпорын, әлеуметтік жоспарлау, стандарттау бойынша ұйымдастыру, есеп және есеп беру, экономикалық талдау);

  • өндірістік процестің жеке кезеңдері (өндірістің техникалық дайындығын басқару, негізгі, қосымша өндірістің ұйымдастырылуы, технологиялық процестерді басқару, өндірісті белсенді басқару, техникалық бақылау және тексеру, өнімді өткізу, еңбекті және еңбекақыны ұйымдастыруды басқару, толық жөндеу, қаржылық қызметтің ұйымдастырылуы.



2 Басқарудың салалық органдарының құрылымы
Нарық жағдайында тұрмыстық қызмет көрсету салалық құрылымы едәуір өзгерістерге ұшырады. Қызметтердің ассортименті кеңейіп, тұтынушылармен жұмыста жаңа технология дамуда. Жаңа жағдайларда тұрмыстық қызмет нарығын басқару жүйесін қалыптастыруда жаңа мәселелерді шешуді талап етеді.
Қазіргі уақытта аппараттың негізгі көзі болып мемлекеттік статистика болып табылады, оны өндірістік өнеркәсіпте қолдануға болады.
Тұрмыстық қызмет көрсету ең алдымен муниципалды басқару органдарының объктісі болып табылады. Қазіргі кезеңде нақты жүйеленген тәсілдер, сонымен бірге басқару органдары бойынша басқарушылық іс-қимылдың нақтылануы болмай тұр.
Қызмет көрсету бойынша барлық қызмет түрлерінің жиынтығы қызмет көрсету аймағы деп аталады.
Бұл салаға кеңінен бұрынғы СССР-ң 60-шы жылдары назар аударыла бастады. Ол кезде елдің өндірістік дамуы келесідей даму кезеңіне өтті:
- қызмет көрсетуді тұрғызу;
Өкінішке орай біздің елімізде қызмет көрсетудің дамуы 20 ғасырдағы міндеттемелермен шектелді (революция, Ұлы Отан соғысы, халық шаруашылығының қалпына келтірілуі).
1990 жылдан бастап заң шығару органдарымен және орандаушы биліктер экономикалық, құқықтық және әлеуметтік салаларды нарықтық экономикаға көшуге байланысты бірнеше заң актілері қабылданды.
Барлық тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындар коммерциялық принциптегі жұмыстарға өтті. Бірақ сала мұндай өзгерістерге дайын емес еді. Алғашқыда шағын бизнестің дамуында көптеген кемшіліктер болды. Ең алдымен нарықтық инфрақұрылым болмады. Ең алғашқы тоқыраулар материалды-техникалық қызмет көрсетуде болды. Нәтижесінде кәсіпорын тұрмыстық қызметі жабыла бастады. Көптеген жекешелендірілген кәсіпорындар өздерінің мамандану деңгейін өзгертті.
Өкінішке орай, жекешелендіру процесі нәтижесінде көптеген кәсіпорындар, шағын шеберхана, ателье, цехтік бөлімшелерге бөлініп кетті.
Мұның бәрі ассортименттің, тұрмыстық қызметтің деңгейінің төмендеуіне әкеп соқты.
Қазіргі таңда көптеген тұрмыстық қызмет көрсетулер шағын ксәпкерлік аймағында қызмет көрсетуде. Салалық құрылымда өзгеріске ұшырады.
Көптеген қызметтер құрылыс, киімді тігу, тұрмыстық құралдарды жөндеу, жңіл көліктерге қызмет көрсету бойынша жүргізілуде.
Сонымен, қызмет көрсету аймағы әлеуметтік, экономикалық және саяси маңыздылыққа ие, сондай-ақ халықтық өмір сүру сапасын жоғарлату мәселесімен тығыз байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет