Рекомбинанттыэритропоэтин –рекормон СБЖ науқастарда эритропоэтин жетіспеушілігін емдеуге қолданылады. Бір ампула құрамында 1000 МЕ бар. Препарат тек тері астына енгізіледі, бастапқы дозасы 20 МЕ/кг х 3рет аптасына,ары қарай әсері болмаса әр айда З дозаға жоғарылатып отырады.. Максималды дозасы 720 ЕД/кг аптасына құрайды.
Рекормонның жанама әсерлері: АД жоғарылауы (айқын артериалдыгипертензияда препарат қолданылмайды), тромбоциттер санының өсуі,емнің басында грипп тәрізді синдром пайда болады.
Активті терапия
1) Перитонеалды диализ
2) Бағдарламалы гемодиализ
3) Гемофильтрация,гемосорбция
Гемосорбцияға көрсеткіштер:
Гемодиализ арқылы бүйректерді толығымен ауыстыру мүмкін емес, бүйрек жетіспеушілігіне қарамастан осы әдіс арқылы науқастар қалыпты өмір сүре алады және жұмыс істейді. Гемодиализ (грек тілінен аударғанда haemo-қан, dialisis-бөлім, ыдырау ) – экстракорпоральдідетоксикацияныңэфферентті әдісі, мұнда қанның сорбционды тазартылуы «жасанды бүйрек» аппараты арқылы жүзеге асырылады. Гемодиализ электролиттер мен азотты шлактардан тазартады және бұл стационарлы, амбулаторлы және де үйде жасалуы мүмкін. Зат алмасу жартылай өткізгіш мембрана арқылы негізделеді, бір жағынан тұрақты қан ағыспен, екінші жағынан диализдеуші ерітіндімен жуылады. Қан мен диализдеуші ерітінді арасында гидростатикалық градиентті қысым пайда болады, бүйректің сұйықтықты бөлу функциясының бұзылысында ультрафильтрация арқылы қажетсіз сұйықтықты шығарады. Ультрафильтрация және диффузия жолымен қаннан қажетсіз заттарды шығарды және қажетті заттардың түсуіне жағдай жасайды.
ГЕМОДИАЛИЗ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХЫ.
1913 жылы J.J.Abel «жасанды бүйрек» экспериментальді аппараты жасады, тек 1943 жылы U. Kolff клиникада қолдануға болатын аппаратты жасаған. Ең алғаш рет Ресейде 1958 жылы 4 наурызда Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқасқа бірінші рет гемодиализді урологиялық клиникадағы А.Я.Пытель мен Н.А.Лопаткин жасаған. Қазірге кезде дамыған диализді аппараттар жасалған, эффективтідиализаторлар (полисульфон, акрилонитрил, полиметилметакрилат, купрофан), бұл науқастардың өмірін ұзартып қана қоймай жұмысқа қабілеттілігін сақтайды. Гемодиализдегі науқастардың максимальді өмір ұзақтығы 25 жылға ұзартылған.
Достарыңызбен бөлісу: |