Ревматикалық васкулит - бұл кезде науқасты жөтел, жиі қан түкіру мен ентігу мазалайды. Өкпесінде көп мөлшерде ылғалды сырылдар естіледі.
Көп жағдайда бірінші реттік ревмокардит кезінде, ревматикалық плеврит дамиды. Науқаста тыныс алғанда кеудесінде ауырсыну пайда болып, дене қызуы жоғарылайды. Плевра үйкеліс шуылы естіледі.
Абдоминалды түрінде - науқастарды ішінің ауыруы, лоқсу, құсу, кейде іш өту мазалайды.
Ревматикалық хорея - ревматизм белгілерінің бірі. Кіші хорея жиі балалармен жасөспірімдерде кездеседі. Жиі қыз балаларда көбірек байқалады. Клиникада хорея - балалардың психикасының өзгеруімен байқалады, эмоционалды тұрақсыздық, өзімшілдік, тез шаршағыштық, агрессивтілікпен көрініс беріп, бұлшық еттерінде әлсіздік пайда болып, науқастардың бет -ауыздары тыжыраңдап, бұлшық ет гипотониясы дамыса, отыра алмай, жүре алмай, жұтынулары да бұзылады.
Ревматизмнің тағы да бір белгілерінің бірі терінің зақымдануы: бұл ревматикалық васкулиттің дамуы әсерінен науқастарда сақиналы эритема және ревматикалық түйіндер пайда болады. Сақиналы эритемалар - ақшыл-қызғылт түсті болады және науқастардың денесінде, бетінде кездеседі. Ревматикалық түйін көлемдері әр түрлі болады, олар тары, бұршақ дәні көлеміндей болуы да мүмкін. Жиі шынтақ, иық буындарында пайда болады, олар тығыз болады және ауырмайды.
Диагностикалық критерийлері:
В-гемолиттік стрептококкты инфекция туындататын, екі үлкен немесе бір үлкен жəне 2 кіші критерилердің болуы (аңқадан алынған позитивті А- стрептококкты культура немесе А-стрептококкты антигенді анықтауға оң тест, жоғары немесе жоғарылап жатқан стрептококкқа қарсы АСЛ-О, анти-ДНК-аза В антитденелерінің титрінің анықталуы) аурудың жоғары ықтималдылығын дəлелдейді.
Аурудың басы, бұрынғы стрептококкты мұрынжұтқыншақ инфекциясымен байланысты, уыттану симтомымен бірге жүреді, активті жəне пассивті қозғалыстардың шектелуімен артралгиялар, жиірек ірі буындар зақымдалады, зақымдалудың ұшпалылығы, симметриялылығы тəн. Жедел ревматизмдік қызба кезінде: қызба 90% науқастарда, тері асты түйіндері, сақинатəрізді эритема, хорея, ревмокардит кардиалгиялармен, ентікпемен, ортопноэмен, аритмиямен көрініс табады, аускультация кезінде – жүректің белгілі ақауына тәні шулар анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |