Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет119/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Гепато-лиенальді синдром. Бауыр мен көк бауыр қатар билирубин өндіруіне қатысады және фагоцитоз қасиетін атқарады,соңдықтан синхронды бір бірінен кейін ұлғаяды – гепатоспленомегалия.

  1. гепатитте алдымен бауыр, содан кейін көк бауыр үлкейеді

  2. бруцеллез,безгек,іш сүзегінде екі мүше бірдей үлкееді

  3. көк бауыр венасының тромбозында алдымен көк бауыр,кейін бауыр үлкейеді.

Геморрагиялық синдром. Бауырдың барлық қызметтері бұзылғанда дамиды: протромбин, фибриноген синтезі төмендейді, тромбоцитопения және «К» витаминінің жетіспеушілігі дамиды, соңдықтан қан тамырлардың қабырғалары жұқарып теріде,шырышты қабаттарда нүкте тәріздес қанталаулар пайда болады немесе асқазанан, ішектен қан кетеді.
Бауыр жетіспеушілік синдромы: бауырдың қызметінің төмендеуінен дамиды: антитоксикалық және зат алмасудың барлық түрлері. Қызметінің аздап бұзылуы клиникалық белгі бермейді, функциональді байқауда ғана анықталады.бауыр жетіспеушілік синдромы 2 түрде өтеді:
жедел бауыр жетіспеушілігі вирусты гепатиттің өте ауыр түрінде, саңырауқұлақтармен фосфор , мышьяк қоспаларымен, алкогольді үлкен дозалармен ұланғанда дамиды.өте жылдам бірнеше сағат немесе күнде дамиды
созылмалы бауыр жетіспеушілігі көптеген бауырдың созылмалы ауруларында
бауыр циррозы, гепатит біртіндеп баяу дамиды.
Жетіспеушіліктің негізінде гепатоциттердің өлуі жатады,соңдықтан бауырдың қызметі төмендеп,қанға токсикалық заттар түседі. Бірінші компенсация фаза, декомпенсация фазасына ауысып келесі клиникалық белгілер пайда болады: жүйкелік-психикалық бұзылыстар, ұйқышылдық, ашуланшақтық, тері қышымасы, әлсіздік, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, диспепсиялық бұзылыстар, сарғаю, ісінулер, асцит, қантаулар, мұрыннан, іштен қан кету, эндокринді өзгерістер/ ер адамдарда - гинекомастия, әйелдерде-еттекір циклының бұзылуы/. Осы кезенде барлық бауыр пробалар төмендейді: протромбин,альбумин, холестерин, сарысу фибриноген. Келесі үшінші фазада айтылған өзгерістер тереңдейдіде адамның есі бұзылып комаға ұшырайды - бұл естүссіз жағдай. Бауыр комасы өліммен аяқталады, өте сирек жағдайларда ғана науқас жазылу мүмкін.
Ауру анамнезі. Әр пациенттен қазіргі ауруы бұрында ауырған ауруларымен байланысты ма деп анықталады, бауырға байланысты осы жағдайлар туралы сурау керек: сарғаю,бауыр шаншуы,көк бауырдың үлкеюі,тері қышымасы.
Өмір анамнезі. Пациентті егжей-тегжейілі тамақтануы туралы сұрау керек,қалай тамақтанады, майлы тамақтың, әрілік препараттардың жағу, жақпауын.
Өмір анамнезді схема бойынша/берілген/ сурап қосымша осыны анықтау керек: вирусты гепатитпен,безгекпен,іш сүзегімен,холециститпен,асқорту жүйенің ауруларымен ауырғанба және қант диабетімен ауырама. Бұрында қандай дәрілерді ұзақ қабылдады, алкоголь бейімділігі,жақын тума-туыстарының денсаулығы да диагноз қоюға үлес қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет