Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Тыныс алу жүйесі зақымданған пациенттерді тексеру



бет47/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Тыныс алу жүйесі зақымданған пациенттерді тексеру


Шағымдары:

  1. Жөтел

  2. Қақырықтың бөлу

  3. Ентігу

  4. Түншығу ұстамасы

  5. Қан қақыру

  6. Кеуде сарайында ауырсыну

  7. Дене температурасының көтерілуі



Аурудың анамнезі:

  1. Қауіпті факторлар

  2. Жұмыс жағдайы, мамандығы

  3. Әлеуметтік жағдайлар

  4. Зиянды әдеттер

  5. Салқын өту

  6. Аллергиялық анамнез

  7. Тұқым қуалаушылық

  8. Эпидемиологиялық анамнез



Науқасты тікелей тексеру



Қарау

Пальпация

Перкуссия

Аускультация

1.Төсектегі қалпы
2. Бетінің цианозы
3. Ентігу
4.Тұншығу

  1. Саусақтармен тырнақтарының түрі

  2. Кеуде сарайының түрі

  1. Дауыс дірілі

  2. Кеуде сарайының ұлпаларының ауырсынуы

1.Өкпе шегарасы
2. Өкпенің төменгі шетінің
қозғалысы
3. Перкуторлы дыбыстың өзгеруі

  1. Дем алудың сипаттамасы

  2. Бронхофония

  3. Сырылдар

  4. Крепитация

  5. Плевра үйкелес шуы

Лабораторлы және аспаптармен зерттеу әдістері



Аспаптармен

Лабораторлы

  1. Рентгенологиялық

  • рентгеноскопия

  • рентгенография

  • томография

  • флюорография

  1. Бронхоскопия

  2. Бронхография

  3. Спирометрия

  4. Спирография

  5. Пневмотахометрия

  1. Жалпы қан анализі

  2. Жалпы несеп анализі

  3. Қанның биохимиялық зерттеуі

  4. Қақырықтың бактериологиялық зерттеуі

  5. Қақырықтың бактериоскопиялық зерттеуі

  6. Қақырықтың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау

  7. Қақырықтың,экссудаттың цитологиялық зерттеуі

Тыныс алу мүшелерін тексеруде қолданылатын тәсіл 3 топқа бөлінеді;


1. аспапты тәсілдер; 2. лабораториялық тәсілдер;
3. дәрігерлік малипуляциялар (плевра және лимфа пункциялары).
Аспаптық зерттеу тәсілдеріне жататындар:
1. Рентгенологиялық зерттеуге
а) рентгеноскопия б) рентгенография в) бронхография
г) флюорография д) томография т. б.
2. Эндоскопиялық зерттеуге
а) трахеобронхоскопия б) торакоскопия
3. Функциональды зерттеуге
а) спирометрия б) спирографня в) пневмотахометрия
г) пневмоталография д) оксигемометрия е) оксигемография
ж) капнография ,т. б.
Рентгенологиялық зерттеу Адам денесі арқылы рентген сәулелері өткеннен экранда пайда болатын бейнені байқайтын тәсіл рентгеноскопия деп аталады. Рентген сәулелері түскеннен пайда болатын бейнені фотографияға түсіру тәсілі рентгенография деп аталады. Ренттеноскопия және рентгенографиялық зерттеулердің көмегімен анықтай алатын тыныс алу мүшелерінің ауруларына жататындар:
1. өкпеде тығыздалған түйінде пайда болуы
а) пневмония б) түберкүлез в) қатерлі ісік т. б.
2. өкпе ауасының көбеюі (өкпе эмфиземасы)
3. өкпеде ауалы қуыстар барлығы (өкпе іріңдігі, түберкүлез кавернасы)
4. өкпе дәнекер тканінің өсіп дамуы (пневмосклероз)
5. плевра қуысында сұйықтық не ауа жиналу
6. өкпедегі бөтен денелер (ақ, т. б).
7. өкпе тамырлары қабырғаларының тығыздалуы және калыңдалуы (өкпе артериясының склерозы)
Флюорография. Кеуде мүшелерінің рентгендік бейнесін кішкене фотосурет етіп түсіруді флюорография дейді. Бұл тәсіл қыска уақытта көптеген адамды тексеріп шығуға мүмкіндік туғызады. Сондықтан ол профилактикалык тексерулер кезінде қолданылады.
Бронхография - бронхтың ішінде рентген сәулелері өтпейтін заттар жіберіп, бронх тарамдарының (бронх бұтасының) ренттендік суретін түсіру. Ол: 1. бронхтың қисаюын: 2. бронхоэктаздарды (бронхтың кеңеюі);
3. бронх өзегінің тарылуын табуға көмектеседі.
Томография - кеуде бетінен әр түрлі қашықтықтағы өкпенің рентген бейнесін суретке түсіру. Өкпе ішінде терең жатқан құрамдарды табуға мүмкіндік туғызады (өкпенің ісігі т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет