Жаңарған консерватизм (неоконсерватизм) – бұрынғы қалыптасқан
дəстүрлі қазыналар мен арман – мұраттарды сақтап, оларды өмірдің бүгінгі
талабына сай жаңғыртуға тырысқан. Батыс саясаттану ғылымындағы ағым. Ол
біздің ғасырымыздың 70-жылдарының екінші жартысында пайда болған.
Белсенді өкілдері: Д. Белл, И. Кристони, С. Липсет жəне т.б.
Жаңарған либерализм (неолиберализм) – дəстүрлі либерализмнің
қағидаларын сақтап, оларды XX ғасырдың жаңа талаптарына сай өзгертуші
идеялық – саяси ағым.
Мысалы, бұрынғы либерализм мемлекет экономикаға араласпасын
дейтін. Қазір əлеуметтік – экономикалық жəне т.б. мəселелердің кейбір
жерлерін мемлекеттің реттегенін жөн көреді.
Мемлекеттің бюрократиялануына, адамның жеке өміріне араласпауына
жəне т.с.с. қарсы шығады.
Жаңаша саяси ойлау – КСРО мен СОКП басшыларының жалпы
азаматтық мұраттар мен құндылықтарды басшылыққа алып, бұрынғы «қырғи
қабақ соғыс» қалпынан бас тартуы. 80 жылдардың ортасында оған себеп
болғандар:
1) ядролық космостық дəуірде мемлекеттер, блоктар арасында
қақтығыстың болмау керектігін түсіну;
2) ғаламдық мəселелердің маңызды орын алуы т.с.с.
Жасылдар – айналадағы ортаны қорғап, жер бетінде тірішілікті сақтау
үшін күресетін халықаралық сипаты бар экологиялық қозғалыс. 70 жылдардың
екінші жартысында ол қозғалыстардан партиялар пайда болды. Ондай
партиялар қазір барлық елдерде дерлік бар.
«Жасылдардың» экологиялық қозғалысы бүгінгі таңда маңызды рөл
атқарады жəне бірталай табыстарға жетті.
Мысалы, олар 1978 жылы Австралияда, ГФР-да атом электр
станцияларын салуға тыйым салдырды.
Жеке басқа табынушылық – саяси қайраткерді шексіз дəріптеу. Ол
азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған, жаншылған елдерде
дамиды. Бір партиялық əкімшілік кезінде бірқатар социалистік елдерде етек
алды.
Мысалы, Мао-Цзе-Дун, Ким Ир Сен, Броз Тито, Эрнер Ходжа жəне т.с.с.
Жеке басқа табынушылық тумауы үшін демократияны барынша дамыту,
азаматтық, құқықтық мемлекетті орнату керек.
Жекешелендіру – мемлекеттік меншікті (кəсіпорын, тұрғын үй, көлік
құралдары жəне т.б.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол – нарықтық
экономикаға өту үшін қажетті шарттың бірі.
110
Достарыңызбен бөлісу: |