Дәрістер тезисі


У. Уорнердің стратификация теориясы



бет15/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

У. Уорнердің стратификация теориясы. Стратификация туралы көзқарасы У.Уорнердің “бедел теориясында” баяндалған. Ол американ қоғамындағы бөліп қаралған страталарды “әлеуметтік тап” деп атаған. Бірақ бұл біздің тарихи материализмнен білетін тап емес: маркстік тап меншікке қатысты берілген, ал Уорнер тапты әлеуметтік беделі бойынша, яғни осы қоғамдағы оның мүшелеріне қатысты бөледі. Ол эмпирикалық материалдың көмегімен
У.Л.Уорнер іс жүзінде Макс Вебердің “мәртебелік топ” деп сипаттаған стратасын ашты. Сол кезден бастап ғылыми терминологияда адамның қоғамдағы көзқарасымен өлшенетін орнын анықтайтын “әлеуметтік мәртебе” ұғымы берік қалыптасты, оның өлшемін өз кезегінде “әлеуметтік рөл” деп санау қалыптасты. У.Л.Уорнер “тап” ұғымының анықтамасын береді: “Тап дегенді әлеуметтік жағынан неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен жағдайда болады деп ұйғарылатын және сол қоғамның мүшелері оларды тура осылай дәрежелейтін адамдардың екі немесе одан да көп жіктері деп түсінген жөн. У. Уорнер 7 таптық жүйе бар екендігін айтты.
Бірінші тап – ол ең жоғарғы тап. Олар, мысалы, ірі корпорациялардың иелері, ірі байлар, ірі мемлекет қызметкерлері, жоғары әскери шені бар адамдар, архиепископ, ірі ғалымдар, т. б.
Екінші тап –жоғарғы тап. Оған жататындар: орта деңгейдегі фирма иелері, газет шығарушылар, мемлекет қызметкерлері, жеке практикасы бар дәрігерлер, заңгерлер, колледждің оқытушылары, т. б.
Үшінші тап - жоғарғы орта тап. Мысалы, банк қызметкерлері /қатардағы/, колледждің оқытушысы, орта буын дәрежедегі менеджерлер, орта мектептің оқытушысы.
Төртінші тап – орта таптың орта буыны. Олар: қатардағы банк қызметкері, тіс ауруының дәрігері, бастауыш мектептің оқытушысы, өндірістегі цехтың бастығы. Компанияның қатардағы қызметкері, т. б.
Бесінші тап – орта таптың төменгі буыны. Олар: автомеханик, парикмахер, бармен, мамандығы бар жұмысшы, полиция қызметкері /қатардағы/, ірі жөк тасушы машинаның жөргізушісі, сауда қызметкері, т. б.
Алтыншы тап – төменгі таптың жоғарғысы. Бұларға жататындар көбінесе орта мамандығы бар жұмысшылар, машина жүргізушілер, официант, швейцар, т б. қызмет атқаратын адамдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет